Қазақ тіліндегі балағат лексикасы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
(көркем әдебиет және газет материалдары негізінде)
Орындаған: 1 курс магистранты Ұзақбайқызы С.
Ғылыми жетекші: Сүлейменова Э. Д.
Норма бақылаушы: Уматова Ж. М.
Қорғауға жіберілді
«___» 2012 ж.
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. д. профессор Мәдиева Г. Б.
Алматы, 2012
РЕФЕРАТ
Курс жұмысының тақырыбы. Қазақ тіліндегі балағат лексикасы (көркем әдебиет және газет материалдары негізінде)
Курс жұмысының көлемі. 40 бет
Курс жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны. 25
Жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны. Жұмыстың алғашқы бөлімінде қазақ тіліндегі балағат және бейтарап лексикасы, олардың құрылымдық сипаты, стилдік қолданысы, стилдік ерекшіеліктері және обсцен лексика, инвектива, эвфемизм, дисфемизм, вулгаризм сөздер туралы қарастырылды. Екінші бөлімінде әдеби нормаға жатпайтын сөздер мен сөз тіркестерінің көркем әдебиеттегі қолданысы нақты мысалдармен көрсетіледі. Жалпы көркем әдебиет тіліндегі маңыздылығы туралы айтылады. Үшінші бөлімде газет материалдары бойынша балағат лексикалары көрсетіліп, олардың қолданысы, ерекшеліктері, түрлері, жасалу жолдары айтылады.
Жұмыстың нысаны. Көркем шығарма, газет материалдары бойынша балағат сөздер.
Курс жұмысында қолданылған тірек сөздер. Лексика, балағат сөздер, инвектива, бейинвектива, обсцен (тыйым) сөздер, қорлау, жағымсыз ақпарат, сөз мәдениеті, ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Курс жұмысының мақсаты. Қазақ тіліндегі балағат лексикасының жасалуын, қолданысын, өзіндік ерекшеліктерін, стиларалық қолданысын, оны құраушы бірліктерді, көркем әдебиет және газет беттеріндегі нақты мысалдармен көрсету.
Курс жұмысының міндеттері. Балағат лексикасына көркем әдебиет пен газет материалдарынан нақты мысалдар жинау, олардың ерекшеліктерін көрсету.
Курс жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер . Зерттеу, жасалу жолдарын талдау, мысалдарды өзара салыстыру, ерекшеліктерін шығару. Нәтижені саралап талдау және сараптама жасау.
Курс жұмысының дереккөздері . Терминологиялық, лингвистикалық, сөздіктер, зерттеу еңбектері, отандық диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, көркем шығармалар, баспасөз материалдары.
Жұмыс нәтижелілігі: Жалпы жұмыс барысында балағат лексикасына талдау жасай келе, келесі мәселелер анықталды:
Газет беттеріндегі балағат лексикасы:
− көркем әдебиет мәтіндеріне қарағанда жиі қолданылмайды;
− көп жағдайда бейресми мәлімдемелерде, сұхбат, пікір білдірулерде, газет беттеріндегі көркем шығармаларда қолданылады;
− көп жағдайда нақты адресаты аталмай, жасырын көпшіліке қаратыла айтылады,
− кекесін, әжуа мағынасында;
− адресаттың кемшіліктерін атап өтуде, салыстыруда кемшіліктерін бетіне басуда;
− саяси тұлғаларға айтылатын қалыптасқан балағаттарда;
− балағат сөздердің көпшілікке бағытталуында;
− саяси қарым-қатынаста қалыптасқан балағат, дөрекі мәндегі метафоралар, фразелогизмдер, бағалауыштық категориялар;
− балағат мәнін жұмсарту мағынасындағы сөздер;
− газет беттеріндегі қалыптасқан балағат сөздер;
− оқырман назарын аудару мақсатындағы газет айдарларындағы балағаттар.
Көркем шығармалардағы балағаттар:
− көптеп қолданылады;
− шығарманың көркемдейді;
− кейіпкердің психологиялық күйін, эмоциясын білдіруде жиі қолданылады;
− Көп жағдайда қаратпа, одағай, қарғыс сөздермен тіркесіп келеді;
− шығарманың шиеленісу сәттерінде көптеп байқалады;
− кейде кекесін, әжуа мәнінде де келеді;
− сатиралық шығармаларда көптеп кездеседі;
− мақал, фразеологизм түрінде жиі кездеседі.
... жалғасыГЛОССАРИЙ
Лексика - (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады.
Балағат лексика адресатты немесе үшінші бір тұлғаны қорлау, намысына тию, кемсіту ниетін көздейді.
Инвектива (лат. invectivus балағат, бейпіл) - бейнорма сөз, дөрекі, тұрпайы, адамның ар-намысын қорлайтын сөз, обсцен (тыйым) лексика, боғауыз сөз. Балағат сөздің кең мағынасы - жаргон, арго, диалект қатарынан алынған бейәдеби сөздер мен тіркестер, кейбір дөрекі балағат сөздер мен тіркестер.
Бейинвективті лексика - экспрессивті, яғни өз мазмұнында теріс бағалауды немесе эмоционалды-экспрессивті мәнді қамтиды, бірақ адресатты қорлау, намысына тию, кемсіту ниетін көздемейді.
Обсцен (тыйым) лексика (лат. Obscenus ұят, әдепсіз) ағыл. Obscene -табуланған (тыйым салынған) айтуға ыңғайсыз, әдепсіз, әдеби емес дөрекі сөз немесе сөз тіркесі, боғауыз сөз.
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі - 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты.
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасында, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді.
Сөз мәдениеті - орыс. культура речи - әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру.
Жағымсыз ақпарат - мораль, салауаттық көзқарас тұрғысынан немесе құқықтық тұрғыдан жеке я заңды тұлғаның бет-бейнесіне, әрекеттеріне қатысты жағымсыз мінездеме қамтылған ақпарат. Егер жағымсыз ақпарат шындыққа сәйкес келмесе, онда мұндай мәлімет өзі қатысты субьектіні қорлау болып табылады.
Қорлау - бұл тұлғаға қатысты ерсі түрде айтылған және тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жағымсыз баға. Бұл орайда жағымсыз бағалауыштық ақпарат әдеби тіл құралдарымен, сондай-ақ тұрпайы лексика ретінде танылатын сөздер арқылы білдірілуі мүмкін.
КІРІСПЕ
Курс жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тілдердің, ең алдымен, мемлекеттік тілдің еліміздің қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, әсіресе, тідің қолданбалы аспектісінің зерттелуін ерекше атап көрсетілуі - тіл білімі саласында әлі де шешуін таппай жатқан мәселелердің бар екендігінің айғағы.
Соңғы жылдары жалпы тіл білімінің, қазақ тіл білімінің қарқынды дамуына байланысты тілдік ұғымдардың, лексикалардың барлық түрлері, жалпы тіл теориясы жиі зерттеліп келеді.
Қазақ тілі лексикасында балағат сөздерді зерттеу аса қажет-ақ. Өйткені қазақ тілінде олардың мазмұндық ерекшеліктері, адамды сипаттаудағы аксиологиялық шекаралары нақты ажыратылмаған. Қазақ тілінде көптеген балағат сөздері бар, тіптім жыл өткен сайын тілімізге қаншама жаргон, өзге тілден кірме балағат сөздер еніп жатыр. Оларды зерттеп, жалпы сөз экологиясын бір жолға қойып, халықтың сөйлеу әдебін реттеу ісі - филологтардың еншісіндегі іс. Балағат сөздерді зерттеп, олардың балағат мәнінің шекараларын ажырату - бүгінде сараптама жасағанда керек-ақ. Заң мен тіл білімі ғылымдарының тоғысындағы жаңа бағыттардың бірі болып табылатын лингвокриминалистика немесе юрислингвистикада даулы мәтіндерге сараптама жасауда балағаттардың мазмұны мен сөйлеу актісіндегі адамның ниетін білдіруі, осының барлығын зерттеу - жаңа бағыт үшін қажет-ақ. Өйткені даулы мәтіндердің басты зерттеу нысаны - осы балағат, дөрекі сөздер болып табылады. Соның негізінде қорлау, жаза, адамның ар-ождан абыройына нұқсан келтіру секілді істер қарастырылады.
Мейлі балағат мағынасы болса да, қарапайым лексика құрамына енсе де балағат сөздерді зерттеу қажет. Өйткені ол да біздің сөйлеуде тұтынатын материалымыз, сөзіміз. Тіптім адамның психологиялық жай-күйі мен бағауыштық ниетін білдіретін бірден-бір лексикалық бірлік балағат сөздер болып табылады. Сондықтан да қазақ тіліндегі барлық балағат сөздерді жинап олардың сөздігін жасау ісін қолға алу керек деп ойлаймыз.
Курс жұмысының мақсаты. Қазақ тіліндегі балағат лексикасының жасалуын, қолданысын, өзіндік ерекшеліктерін, стиларалық қолданысын, оны құраушы бірліктерді, көркем әдебиет және газет беттеріндегі нақты мысалдармен көрсету.
Курс жұмысының міндеттері. Балағат лексикасына көркем әдебиет пен газет материалдарынан нақты мысалдар жинау, олардың ерекшеліктерін көрсету.
Курс жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Зерттеу, салыстыру, жасалу жолдарын талдау, мысалдарды өзара салыстыру, ерекшеліктерін шығару. Нәтижені саралап талдау және сараптама жасау.
Курс жұмысының дереккөздері. Терминологиялық, лингвистикалық, сөздіктер, зерттеу еңбектері, отандық диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, көркемшығармалар, баспасөз материалдары.
Зерттеудің нысаны. Көркем шығарма, газет материалдары бойынша балағат сөздер.
Жұмыс нәтижелілігі. Жалпы жұмыс барысында балағат лесикасына талдау жасай келе, келесі мәселелер анықталды:
Газет беттеріндегі балағат лексикасы:
− көркем әдебиет мәтіндеріне қарағанда жиі қолданылмайды;
− көп жағдайда бейресми мәлімдемелерде, сұхбат, пікір білдірулерде, газет беттеріндегі көркем шығармаларда қолданылады;
− көп жағдайда нақты адресаты аталмай, жасырын көпшіліке қаратыла айтылады,
− кекесін, әжуа мағынасында;
− адресаттың кемшіліктерін атап өтуде, салыстыруда кемшіліктерін бетіне басуда;
− саяси тұлғаларға айтылатын қалыптасқан балағаттарда;
− балағат сөздердің көпшілікке бағытталуында;
− саяси қарым-қатынаста қалыптасқан балағат, дөрекі мәндегі метафоралар, фразелогизмдер, бағалауыштық категориялар;
− балағат мәнін жұмсарту мағынасындағы сөздер;
− газет беттеріндегі қалыптасқан балағат сөздер;
− оқырман назарын аудару мақсатындағы газет айдарларындағы балағаттар.
Көркем шығармалардағы балағаттар:
− көптеп қолданылады;
− шығарманың көркемдейді;
− кейіпкердің психологиялық күйін, эмоциясын білдіруде жиі қолданылады;
− Көп жағдайда қаратпа, одағай, қарғыс сөздермен тіркесіп келеді;
− шығарманың шиеленісу сәттерінде көптеп байқалады;
− кейде кекесін, әжуа мәнінде де келеді;
− сатиралық шығармаларда көптеп кездеседі;
− мақал, фразеологизм түрінде жиі кездеседі.
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАЛАҒАТ ЛЕКСИКАСЫ
1. 1 БАЛАҒАТ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ СТИЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілдегі сөздердің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояу аңғарылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясына, ерекшеліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа бөлінеді. Лингвистикалық әдебиеттерде лексикалық топтар саны әр түрлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды тұрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кітаби, поэтикалық, диалектілік, ресми-іс қағаздар лексикасы, т. б. Сондай-ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және кітаби лексика.
Тілде стиль түрлерінің (ғылыми, ресми-кеңсе, публицистикалық, көркем әдебиет) екеуінде не үшеуінде бірдей қолданылатын сөздер де, немесе барлығында кездесетіндері де бар. Аталмыш стиль түрлері сөз мәдениетінде ерекше айықындалады.
Сөз мәдениеті орыс. культура речи - әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т. б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді. [1, 99]
Қазақ тілінің лексикасында да стилдік жағынан әртүрлі, қолданысы мен мағыналық реңкі сан алуан түрлі сөздер бар. Мұндай сөздердің мол қоры бірігіп сол сөздердің лексикасын құрайды.
Жоғарыда аталып өткен негізгі лексика түрлерінің ішінде ауызекі сөйлеу стилі мен тұрмыстық лексиканың негізін құрайтын бейтарап лексика мен балағат лексикасы болып табылады. Балағат және бейтарап лексикасының табиғатын тану үшін алдымен олардың өзара қарым-қатынасын анықтау керек.
Орыс ғалымдары бейтарап лексикасы туралы: «В оценочно-экспрессивном плане межстиливая лексика вне контекстуального употребления считается стилистически нейтральной, или немаркированной. Однако это не значит, что она вовсе лишена эмоционально-экспрессивных элементов. [2, 122]
Бейтарап және балағат лексикасы да барлық стилде қолданылады. Қызметі мен қолданысы жағынан кейбір стилдерде бәсеңдеу, кейбіреулерінде тұрақты қолданылады.
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі − 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. [1, 64]
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасында, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі өзге функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т. б.
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;
а) ауызекі сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация) ;
ә) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның катаң түрі) ;
б) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стилдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі тілінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола) . Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";
т) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады. [1, 64]
Десе де балағат және бейтарап лексика тек қана аталмыш стильдер мен лексика да ғана қолданылмайды, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стилдерде де қолданылады.
Балағат лексикасының табиғатын тану үшін бейтар лексикага тоқталу жөн-ақ.
Мысалы: Аспан әлемінен жер бетіне келіп жатқан сан миллион сәулелер, космос сәулелері деп аталатын сәулелердіц табиғаты… (Физика) . Бақанастың өз өңірінде өспейді. Өзге қай жерде бар (М. Әуезов) . Ауадан гөрі таза оттекте заттардың тотығу процесі күшті жүреді (Химия) .
Бұл үзіндіден аспан, ауа, жер, су, өзен, тау аттарының ғылыми стильде де, сондай-ақ көркем әдебиет тілінде де қолданыла беретінін көреміз. Олар өзге стильдерде де жұмсалады. Міне, мұндай сөздерді, яғни стиль түрлерінің қай-кайсысында да қолданылатын тілдік құбылыстарды бейтарап немесе стильаралық лексика деп атайды. Мұның кейбір үлгісін әр түрлі еңбектерден, ғылыми әдебиеттерден, оқулықтардан, көркем шығармадан, жоғарыдағы мысалдардан аңғаруға болады. Оны сондай-ақ мына бір жолдардан да байқау қиын емес. Таудан соққан салқын ызғар қатал мінездердің ызғары сияқты (М. Әуезов) . Өзен жағасына келсе Оспан, Смағұл бастаған көп кішілеу балалар мөлдір суда асыр салып… (сонда) . Тау беткейінің горизонт жазықтығымен жасайтын бұрышы (Тригонометрия) . Өзеннің енін анықтау үшін оның бір жақ жағасына… (сонда) . Гидросульфидтер суда әжептәуір жақсы ериді. (Химия) .
Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Орыс тіл білімі сөздігіне жүгінсек бейтарап лексика туралы төмендегідей анықтама аламыз.
«Нейтральная лексика - это слова, лишенные стилистической окраски. Они могут указывать на эмоции, выражать оценку явлений ( радость, любить, хороший, плохой ), но в данном случае выражение эмоций или оценка составляют само значение слова, а не наслаиваются на него. » [2, 145]
Оған ең алдымен жоғарыда аталған аспан, жер, су, ауа, жел, өзен, тау тәрізді табиғат құбылыстары жатады. Осы сөздер көркем әдебиет стилінде де; ғылыми, ресми-кеңсе, публицистикалық стильде де қолданыла береді.
Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лексикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі стильде жұмсалып отырады. Мысалға қасиет деген сөзді алып көрейік. Бұл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицистикалық стильде де қолданылады. Дәл осындай ерекшелік анықтау деген етістіктен де аңғарылады. Ол да ресми-кеңсе және ғылыми стильдің екеуінде бірдей келе береді.
Бейтарап лексикаға жататын, яғни стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында да келе беретін мұндай сөздер қазақ тілінде осылар ғана емес. Олар көп және әр тарап болып келеді. Біз солардың тек кейбіріне тоқталдық.
Сондай-ақ, стиль түрлерінің бәрінде емес, кейбірінде ғана қол-данылатын сөздер де бар. Мысалы, лексиканың белгілі бір тобы өзінің стильдік бояуына байланысты көбінесе сөйлеу стиліне тән болып келеді де, сонда жиірек қолданылады. Ондай сөздер сөйлеу тілі лексикасы деп аталады.
Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жатпайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын, » тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұ-ларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға - қолданылу аясына байланысты. Қөбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән ондай сөздерге қарапайым сөздер, табу, эвфемизм, диалектизмдер, балағат лексикасы, бейәдеби сөздер, тыйым сөздер жатады. Аталмыш сөйлеу тілінің лексикасына енетін сөздерді басқа стильдерде қолданылмайды деп айта алмаймыз. Мысалы сөйлеу тілінің лексикасына жататын балағат лексиканы алатын болсақ, балағат лексика көркем әдебиет стилінде, тіпті бүгінде публицистикалық стилде де көбірек қолданылады. Яғни балағат лексикасы бүгінде стиларалық қасиетке ие болып отыр.
Жалпы балағат лексикасын бірнеше сөз бірліктері құрайды. Олардың қызметі мен жасалу жолы және мағыналық ерекшеліктері бар. Осы қасиеттерін ескере отырып оларды өзара жіктеуге болады. Балағат лексикасын құрайтын сөздердің қазақ тілінде бірнеше атауы бар. Біреулер бейәдеби, балағат, дөрекі сөздер десе, енді қайсібіреулері боқтық сөздер, бейнормативті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz