Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ ФИЛОСОФИЯ

Тақырыбы:М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары.

Орындаған:Кеңесбек Ақнұр
Топ:ТХ-21-12
Тексерген:Бижанова М.

Алматы 2022ж

Жоспар:
1. М. Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
2. Онтология ұғымы
3. Философтың негізгі міндеті
4. Пайдаланылған әдебиеттер

М. Хайдеггердің онтологиясының негізгі ұғымдары
Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.

Ол заманауи мода болған ұғымдардан - шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.

Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер Дүние неге жоқ емес, бар? деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі.
Болмыс- болушының болуы." Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория есептеледі.
Болмыс және уақыт кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау - міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.
Хайдеггер болмысты тануды нақты болушыны (нәрсе) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі.Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады.
Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым, толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Хайдаггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Əлеуметтік болмыс
Мартин Хайдеггер өмірбаяны
Болмыс ілімнің онтологиясы
Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі
Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
М. Хайдагер онтологиясының негізгі ұғымдары
Заттар болмысы
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары жайлы
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары туралы
Пәндер