Дубляж және дыбыстандыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
“Кино және телевизия” факультеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: “Эйн Рэндтің өмірі мен өнегесі”

Жетекші:
Белбаева Гүлзия
Дипломант: Туслан
Сұлу.
Мамандығы:
Дубляждың режиссері
Курс: Y-ші

Рецензент:
––––––––––
“––” ––––––––––– –––––

Кафедра меңгерушісі
Манабай Д.

Алматы, 2007ж
МАЗМҰНЫ

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) Кино өнерінің негізгі элементі дыбыс
ә) Дубляж және дыбыстандыру
б) Аударма және үйлестіру (укладка)
III Қорытынды

Кіріспе
XX ғасырдың басында Қазақстанда не бары он үш кино залдары болды. Ең
алғаш 1910 жылы дыбыссыз фильмдер көрсетілген. Сол уақыттағы көрсетілген
көрініс-фильмдері, мелодрамма, драмалар, комедиялардың көркемдік мазмұны
жағынан кино танушылардың зерттеуінше төмен болды. Қазақстанда тұңғыш
деректі фильм 1920 жылдардың ортасына қарай түсіріле бастады. Онда түрлі
мейрамдар мен қалаларда өткен мерекелерді түсірді.
1925 жылы Мәскеудің “Культкино” студиясы “Қазақстан бесжылдығы” атты
толыкметражды деректі фильмді экранға шығарды, режиссері Толчан Я. 1928
жылы Д.Фурмановтың “Бүліншілік” романы бойынша бірінші көркем фильм
түсірілді. Сценарийін жазған Б.Блейман мен С.Тимошенко, режиссері
С.Тимошенко, операторы Л.Патлис болды. 20-жылдың аяғы мен 30-жылдың басында
“Востоккино” Қазақстан өміріне арналған онға тарта деректі лента шығарды,
оның ішінде “Жайлау” және “Түрксіб” фильмдері бар.
Режиссері А.С.Туриннің 1929 жылы түсірілген “Түрксіб” фильімі деректі
кино саласындағы белгілі туындылардың бірі болды. Фильмнің идеясының
негізіне алынған өмірлік деректердің маңыздылығын бейнелеудің жаңа түрі-
шындықты көркем нақышпен жеткізу болып табылады. Бұл фильм кеңес елінде
ғана емес шетел көрермендерінің арасынан жоғары орын алған. 1930 жылы екі
фильм түсірілді, бұл киноленталар өмірде болған шындықты бейнелеуімен қатар
тарихи құндылығымен де қымбат. Онда көрнеті мемлекет қайраткері, РКФСР
Халық комиссирлары кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың бейнесі
сақталған. Осы жылдардың ақпараттық кино шежіресінде Қазақстанның
онжылдығына арналған “Дала әні” режиссері А.Г.Лемберг. 1932 жылы қазақ
даласында таптық сананың ояна бастауын бейнелейтін “Жұт” фильмі режиссері
М.С.Каростин. Дала қойнында тұнып жатқан қазба байлықтарды меңгерудегі
ғалымдардың еңбегін туралы 1933 жылы “Қаратау қазынасы” фильмі режиссері
А.П.Дубровский. Бұл кинофильмдер қазақ кино өнерінің көрнекті шығармалары
болуымен қатар, қазақ халқының эстетикалық көзқарасының өсуін, әлемдік кино
мәдениетін танудағы даму сатысын көрсетеді. Осы жерде негізгі тақырыптың
бірі- кино өнерінің негізгі элементі дыбыс, ол қазақ киноөнеріне қашан,
қалай келгені жайында айта кетейін. Дыбысты кино-экрандағы көрністер әр
түрлі үнмен толықтырылып отыратын кинофильм. Дыбысты фильмді ойлап шығару
көрермендердің киноға деген қызушылығын арттырып, мазмұны мен оқиғаны терең
түсіну мүмкіндігін туғызды. Дыбысты киноның дамуы- дыбыс жазумен, оны қайта
шығару техникасының жетілу дәрежесіне тікелей байланысты. Дыбысты киноны
ойлап шығаруда орыс ғалымдары мен өнер тапқыштары елеулі еңбек етті.
А.Г.Столетов 1888 жылы фотоэлектрлік құбылыстың негізгі заңдарын ашты. Міне
осы негізгі бөлімнің “кино өнерінің негізгі элементі дыбыс” атты тақырыпта
дыбыстың қыр-сырына тереңірек тоқталып өтем. “Дубляж және дыбыстандыру”
атты бөлімде дубляж бен дыбыстануды калай түсінеміз, осы екі ұғым бізге
кімдер арқылы келді, қазіргі кездегі дубляждың бас маманы кім екенніне
тоқталып кетем.
Дыбыстандыру- қазіргі уақытта дыбыстандыру басым болып келеді. Өйткені
көрерменге көбіне экран арқылы дубляж жасалған фильмдерді емес,
дыбыстандырылған фильмдерді ұсынады. Дыбыстандыру дегеніміз мысалы;
фильмдерде екі немесе үш актермен дыбыстандырады. Онда әр актерге бірнеше
кейіпкерлердің дауысын салуға тура келеді. Ал дубляжда әр кейіпкерге жеке-
жеке актер бөлінеді

Дубляж - Француз тілінен алғанда “аударма” дегенді білдіреді. Яғни
кинофильмнің дыбысын екінші бір тілге аударып жаңадан жасау. Дубляжда
сөздің естілуі, актердің ауыз қимылының үйлесуі, еріннің ашылып – жабылуы
және де сөз мағынасы түп нұсқадан алшақ кетпеуі тиіс. Дубляж жасаушылар;
дубляж режиссері, дыбыс операторы, монтаждаушы, аудармашы, мәтінді
үйлестіруші. Топ мүшелері фильмді көріп алады да, таспаны екіден он
метірге дейін шамада бірнеше бөлікке бөліп монтаждайды. Одан кейін
аудармашы мен үйлестіруші бірлесе отырып, әр бөлшектегі сөздерді аударылған
мәтінмен салыстырып, актердің ауыз қимылы мен сөйлемнің ұзын қысқасына
қарай ыңғайлайды. Осылайша аяғына дейін фильмнің сөзі түгел мөлшерленіп
болғаннан кейін мәтін аудармасы актерге беріліп, жаттықтыру жұмысы
жүргізіледі. Актерлерді жаттықтырып болғаннан кейін, олардың дауыстарын
іріктеп алып, жарамды деп бекітеміз. Дубляж және дыбыстандыру туралы осы
бөлімде толығырақ баяндап өттім.
Үшінші соңғы бөлім аударма және үйлестіру. Бұл бөлімде өзім режиссер
ретінде дыбыстандырған, режиссері; Кармен Арндт, сценарий авторы; Михаил
Зенон “Эйн Рэндтің өмірі мен өнегесі” атты фильмнің қазақша, орысша мәтінін
көрсеттім. Бұнда жай ғана мәтін емес , сондай-ақ қалай үйлестіргені де
жазылған.

Кино өнерінің негізгі элементі дыбыс
Дыбысты кино-экрандағы көрністер әр түрлі үнмен толықтырып отыратын
кинофильм. Оны ойлап шығару киноның көрермендерге әсерлілігін арттырды.
Шығарма мазмұны мен оқиғаны терең түсіну мүмкіндігін туғызды. Дыбысты
киноның дамуы-дыбыс жазумен,оны қайта шығару техникасының жетілу дәрежесіне
тікелей байланысты. Дыбысты кино ойлап шығаруда орыс ғалымдары мен өнер
тапқыштары елеулі еңбек етті. 1888 жылы А.Г.Столетов фотоэлектрлік
құбылыстың негізгі заңдарын ашты. Ал А.Ф.Виксцемский 1889 жылы
фотографиялык әдіспен жазуды ойлап тапты. И.Л.Поляков 1900 жылы
фотоэлементті пайдаланып, дыбысты қайта шығару әдісін ұсынды. 1926 жылы
дыбыстық кино жүйесінде алғаш рет П.Г.Тагер бастаған Мәскеулік өнер
тапқыштар мен А.Ф.Шарин бастаған Ленинградтык өнер тапқыштар тобы жасады.
1926 жылы 5 қазанда Ленинградта бірінші рет дыбысты кино көрсетілді. Ал
1930 жылы “Бесжылдық” дыбысты кинофильмі экранға шығарылды, режиссері
А.Роом. Дыбысты кино техникасы біздің елімізде де дамыды. Киноға түсіретін,
кинопленканы өңдейтін, кино көрсетілетін аппаратуралар жеткізілді. Қазіргі
кезде ені 70мм, 35мм, 16мм, 8мм, кинопленкаларда дыбысты кино жасалынады.
Дыбыс-кең мағынасында газ сұйық немесе қатты күйдегі серпінді орта
бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы болып табылады.
Адам 16гц-тен 20 000гц-ке дейінгі жиліктегі дыбыстарды ғана естиді. Жиілігі
16гц-тен төмен болатын дыбыс инфра-дыбыс деп, ал 20 000гц-тен жоғары
болатын дыбыс ультра-дыбыс деп аталады. Дыбыстың негізгі сипаттамалары
дыбысты жиіліктік дыбыс анализі деп аталатын қарапайым гармониялық
тербелістерге жіктеу нәтижесінде алынатын спектр дыбыстың маңызды
сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең
аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті жиілік
құраушыларының жиынтығы болса сызықтықты спектр деп аталады.

Техникада дыбысты қабылдау үшін көбіне электро-акустикалық
түрлендіргіштер пайдаланады. Ауада-микрофон, суда-гидрофон, жерде-геофон.
Дыбыстық толқындардың таралуы ең алдымен дыбыс жылдамдылығымен сипатталады.
Дыбыс және дыбыстық нәрселер драматургияның жеке сахнасында ғана емес,
сонымен бірге бүкіл фильмнің басынан аяқталғанына дейін жүреді.
Драматургиядағы ең негізі және қызықты дыбыстың функциясы-ол дыбыстық
лейтмотив, лейтема, лейтоброз.
Дыбыс ол лейтбейненің функциясында бүкіл фильм бойынша өзінің сюжеттік
линиялары арқылы түсіріледі.
Дыбыстың лейтмотиві – кейіпкердің эмоциялық функциясын көрсетеді.
Дыбыстық бейне арқылы киноның қандай жанр екенін анықтауға болады. Кинодағы
дыбыс арқылы кейіпкердің қалай ойнағын білуге болады. Дыбыс пен шулар
фильмнің негізі болып табылады.
Фильмдегі пауза – ол нағыз дыбыстың бейнесі болып саналады. Дыбыс
фильмнің монтажын жасау кезінде дыбыс өзіне үлкен функциясының бөлігін алып
бейнелейді.
Қазіргі кинода дыбыстың қасиеті сыртқы монтажы мен әртүрлі кадрларын
қосып, оны жиі пайдаланады. Әрекеттің бір орыннан басқа орынға өтуі және
бір такырыптан екінші тақырыпқа өтуі – ол дыбыс арқылы жасалады. Кейбір
кезде жай эпизодтардың қосылғаны керек болса, сол кезде оған дыбыс ғана
көмектеседі.
Дыбыстарды, музыка және шуларды кинода техника арқылы ғана байқауға
болады. Бейне мен дыбыстың байланысы паралельдік монтаж болып саналады.
Дыбыстың канвасы сюжеттік паралельдің бейнесінде әр түрлі варианттарда
пайдаланылады, ал диалог пен шулар бір дыбыстық жолмен бірге қосылады.
Дыбыстың ішіне шуларды жатқызумызға болады. Бұнда табиғи және жасанды болып
бөлінеді. Актердің сөйлеуі мен шулары музыкамен көп формада сәйкес келеді.
Музыка кейіпкердің көңіл-күйін көрсетсе, шулар эпизодта нақты жағдайын
көрсетеді. Кейбір музыкалық аспаптарда дыбыстық шулар кездеседі, ол нақты
дыбыс шығару мен эмоцияларды жинақтау. Қазіргі уақытта шулар, музыканы
жасау үшін электрондық шумофон мен электроаспаптар қолданылады.
Дыбыс жазғыш аппаратына - тоқтала кетейік. Дыбыстың тербелістерді
грампластинкаға, ферромагниттік лентаға, кинопленкаға тағы басқа
материалдарды жазуға арналған аппарат. Дыбыс тасығышты жылжытып тұратын
механизммен жазу элементі, дыбыс жазудың негізгі бөлігі болып табылады.
Оның құрылысы дыбыс жазу тәсіліне яғни механикалық, фотографиялық,
магниттік дыбыс жазу жолдары әртүрлі болады.
Дыбыс жазу – Дыбысты қайта шығару мақсатында дыбыстық тербелісті дыбыс
тасығышқа жазып алу. Дыбыс жазу процесінде дыбыстық тербелістер әдетте
микрафон арқылы электірлік тербеліске түрленеді. Электр тербелістері
күшейтілгеннен соң, дыбыс тасығышта фонограмма тудыратын жазу елементіне
беріледі. Дыбыс жазу граммафон пластикалары өндірісінде радио арқылы хабар
беруде, дыбысты кинода, өлшеуіш приборларда пайдаланады.
Дыбыс жұтқыш материалдар – бөлме ішінде дыбысты азайту үшін
қоланылатын материал. Оның акустикалық қасиеттері физикалық сипатына,
көлеміне және орналастыру тәсіліне байланысты. Қатты- пензолит тақта, көбік
шыны тағы басқа. Жұмсақ – минирал және өсімдік мақталар, ағаш, талшық
материалдар, киіз тағы басқа материалдар жатады. Ең соңғы үшінші түрі
понельді деп аталады. Дыбыс жұтқыш материалдары дыбыс толқындарынан барлық
диапазонында бірдей жақсы нәтиже бере бермейтіндіктен, олар резонанстық
қабаттама және пирамидалық конструкциялар түрінде жасалады. Қабаттама
конструкция бірнеше қабатты матадан, металлдардан, фанерден тағы
басқалардан жасалады. Ал пирамидалық конструкция үй қабырғасына
перпендикуляр орнатылған тор түрінде болаттан жасалады.
Дыбыс тасығыш - Өзіне жазылған дыбысты ұзақ мерзімге сақтайтын диск
(грамафон пластикасы), лента (кино пленка, магниттік лента) немесе сым.
Дыбыстық кинода бейне кескінделген кадрлар мен фотографиялық фонограмма
қатар орналасады. Жазылып алынған фонограмманы өшіріп тастауға және
магниттік пленкаларды көп рет қолдануға болады.
Дыбыс алғыш - адаптар (ағылшын тілінен алғанда – adapter ыңғайлаймын
деген мағынаны білдіреді) механикалық әдіспен жазылып алынған дыбысты
электр – акустикалық тәсілмен қайта шығаратын прибор. Ол граммофон
пластикасының дыбыс жолы арқылы жүретін ине тербелісін электрлік тербеліске
түрлендіреді. Электірлік тербеліс төменгі жиілік күшейткішінде күшейтіліп,
дауыс зорайтқыш көмегімен дыбысқа айналады. Дыбыс алғыштың электромагниттік
және электродинамикалық түрлері бар. Жоғарыда айтып кеткендей Қазақ
кинематографиясында дыбысты киноның алғашқы туындысы – 1938 жылы шығарылған
“Амангелді” фильмі болды.
Міне сондықтанда бұл тақырыптың өз мамандығыма тікелей байланысы
болғандықтан тоқталып өттім. Яғни кинематографтың шыңдауына байланысты
дыбыстандыру екі түрде өтетін болды. Олар шынайы және жасанды. Шынай
түрдегі дыбыстарды өмірден алып жазсақ, ал жасанды дыбысты режиссер өз
қимылынан шығарып тапқырлығымен кино реквизиттерін пайдаланып жүреді.
Қазіргі уақытта түсіріліп жатқан киноға бұл дыбыстар аздық етіп
кинематографтар микширования арқылы компьютерлік дыбыстарды қолдануда.

Дубляж және дыбыстандыру
Өнер адамзат баласының рухани байлығы. Осы рухани байлық қазақтың
әдеби көркем сөзін экран арқылы бар болмысын нақышына келтіре жеткізу,
халықтың тұнып тұрған рухын, асқақ сезімін сол қалпында жеткізу дубляж
режиссерінің үлесіндегі іс екені даусыз.
Дыбыстандыру – қазіргі уақытта дыбыстандыру мен дубляж қатар жүр деуге
болады. Өйткені көрерменге экран арқылы дубляж жасалған және
дыбыстандырылған фильмдерді ұсынады. Дыбыстандыру дегеніміз мысалы;
фильмдерде екі немесе үш актермен дыбыстандырады. Онда әр актерге бірнеше
кейіпкерлердің дауысын салуға тура келеді. Ал дубляжда әр кейіпкерге жеке-
жеке актер бөлінеді.
Дубляж - Француз тілінен алғанда “аударма” дегенді білдіреді. Яғни
кинофильмнің дыбысын екінші бір тілге аударып жаңадан жасау. Дубляжда
сөздің естілуі, актердің ауыз қимылының үйлесуі, еріннің ашылып – жабылуы
және де сөз мағынасы түп нұсқадан алшақ кетпеуі шарт. Дубляж жасаушылар;
дубляж режиссері, дыбыс операторы, монтаждаушы, аудармашы, мәтінді
үйлестіруші фильмді көріп алады. Содан соң таспаны екіден он метірге дейін
шамада бірнеше бөлікке бөліп монтаждайды. Одан кейін аудармашы мен
үйлестіруші бірлесе отырып, әр бөлшектегі сөздерді аударылған мәтінмен
салыстырып, актердің ауыз қимылы мен сөйлемнің ұзын қысқасына қарай
ыңғайлайды. Осылайша аяғына дейін фильмнің сөзі түгел мөлшерленіп болғаннан
кейін мәтін аудармасы актерге беріліп, жаттықтыру жұмысы жүргізіледі. Әр
бөлшектегі сөзге актер әбден машықтанып алған соң дыбыс жазады. Дубляж
режиссері дыбыстандыру барысында актердің әр көріністегі сөздерін еркін,
шынайы сөйлеуін мұқият қадағалайды.
Дубляж режиссерінің “дубляж” жасау кезінде атқаратын қызметтері.
Фонация кезінде киноның жанырын, түрін және стилін анықтауға көмектеседі.
Ол актердің фонациясын байқап отырып, оның дикциясын және тембрін қадағалау
керек. Бұл жерде фонацияға келсек, фонация табиғи түрде адамның физикалық
психологиясының, ерекшелігімен байланысты. Фонацияның жалпы сипаты
дауыстағы сөйлеушінің табиғатпен берілген ерекшелігімен қарлығады және оның
психологиялық күйімен сәйкес келеді. Актердің интонациясында байқайды.
Интонация дауыс ырғағының жоғарлауы мен төмендеуі. Интонацияның сөйлеу
кезіндегі атқаратын қызметі мол. Дубляж режиссері өзінің жұмысы кезінде
жазбаша және ауызша немесе магниттік лентаға жазылған сөзді қолданады.
Дубляж режиссері өз ана тілінің қадір-қасиетінің тарихын жетік білетін,
сөздік қоры мол ізденіс үстінде жүретін маман иесі болуы тиіс. Режиссердің
ең басты құралы аударма болса, одан кейінгі кезеңде актерлармен жұмыс істеу
процесі. Актерлармен жұмыс істеу барысында дубляж режиссері олардың дауыс
ырғағына, сахна тілінің жетік екендігіне көз жеткізу керек. Сондай-ақ экран
ішіндегі кейіпкердің дауысына, экран сыртындағы актердің дауысы сай келуін
қадағалап отыруы тиіс. Актер режиссер берген мәтіннен ауытқып кетпей тура
жазуын да қадағалайтын дубляж режиссері. Жоғарыда айтып өткендей
режиссердің басты қаруы аударма болғандықтан оныда баяндап өткенді жөн
көрдім.
Аударма – деген бір тілдегі ойды ауызша және жазбаша екінші тілге
беру. Аударманың шығуы алғашқы дәуірмен яғни тілдің шығуымен байланысты.
Қарым-қатынастың құралы ретінде әртүрлі тіл пайда болғанда бір тілде
сөлейтіндердің екінші тілді түсіну үшін қажеттілігіне сәйкес пайдаланған.
Ал енді кино аудармасына келсек, экраннан көшіріліп алынған мәтін
аудармашыға беріледі, аудармашы мәтінді фильмнің сюжетіне қарай, орыс
тіліндегі мазмұнын сақтай отыра, драматургиялық желісін әлсіретпей,
көркемдік жағын жоғалтып алмай, қазақ тілінде жатық шығуын талап етеді.
Кино аударманың басқа аудармадан өз ерекшілігі бар. Көркем шығармадағы
аударманың мүмкіндігі мол болса, ал фильм аудармасында дәл осындай еркіндік
жоқ. Өйткені фильмдер диалогтан, яғни ауызекі сөзден тұрады. Кино
аударманың көптеген ерекшеліктері бар; Бірінші ерекшелігі – пауза, ол бір
сөйлемді бірнешеге бөліп кідіріп барып сөйлеу. Екінші ерекшелігі – ерін
қимылын сақтау, еріннің ашылуы мен жабылуына лайықты сөз табу керек. Үшінші
ерекшелігі – сөз мөлшері, бірнеше буыннан тұрады, мысалы; бір сөйлем он бір
сөзден құрылса, оның аудармасын он жеті сөзден құруға болмайды. Халқымыздың
мәдениетін, тұнып тұрған рухын, асқақ сезімін нақышына келтіріп, сол
қалпында жеткізу дубляж режиссерінің міндеті.
1940-шы жылдан бері күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып келе жатқан
“дубляж” саласында көптеген режиссерлер, актерлар, дыбыс режиссерлері тағы
да басқа маман иелері өз үлестерін қосуда. Міне солардың бірі қазақ
дубляжының кіндік шешесі Әбусейітова Майра Бекжұманқызы. Осы жылдан бастап
Майра Бекжұманқызы дубляж саласында елу жылдай еткен еңбегінің, төккен
терінің арқасында қазақ дубляжының керегесі кең, терезесін тең еткен өз
мамандығының қас шебері болды. Қырық жыл бойы дубляждың басы-қасында болып,
ыстық-суығын көрген бірден-бір адам болған. Кісілігі кемел, білімді,
қазақтың ескі сөзіне аса жетік, арғы-бергі тарихтан хабары мол, абзал жан.
Майра Әбусейітованың дубляж өнеріне келуі сонау соғыс жылдарынан
басталады. Мәскеу және Ленинград біріккен Орталық киностудиясы Алматыға
көшіп келді. Осы студияның жанынан актерлар даярлайтын киномектеп ашылып,
оған қазақтың талантты жастары қабылданды. Олар Қ.Әбусейітов,
М.Әбусейітова, К.Ахметова, А.Қарсақбаев, М.Мұхамеджановтар болды.
С.Эйзенштейн, В.Пудовкин, Г.Рошаль, Васильевтардан дәріс алды. Солардың
ішінен ерекше талантымен дараланып көзге көріне бастаған Қуат және Майра
Әбусейітовтар болды. Осы Майра апайдың шеберханасынан шыққан дубляж
әртістері; М.Бақтыгереев, Ә.Кенжеков, А.Исмайлов, М.Құланбаев, Ә.Кенжеев,
Н.Жантөрин, Е.Сегізбаев, Т.Жаманқұлов, О,Қалмырзаев, Т.Мейрамов,
З.Шәріпова, Б.Римова, Ф.Шарипова, Ғ.Әбдінәбиева, Н.Мышпаева, Г.Белбаева,
Л.Каденова, Т.Тасыбекова және басқалардың көркем дауыстарының иісі қазақтың
жүрегінің төрінен орын алып, жадында жатталып қалғаны белгілі.
Экранда әрдайым ұстамдылық пен сабырлық керек. Әр сөздің қадір –
қасиетін бағалаған халқымыз үшін қазақ дубляжы сөйлеу мәдениетін танудың
актерлік мектепті меңгерудің бір саласы. Фильмнің сәтті шығуына әртістің
дауысының талғамын таңдайтын дубляж режиссері. Майра Әбусейітова өз кәсібін
жетік меңгеріп осы салада терең ізденіп, өзін және өзгені кәсіби дамыту
арқылы мамандықтың жоғарғы сатысына көтерілуіне септігін тигізгені даусыз.
Белбаева Гүлзия Мұстафақызы өз жұмысының білікті маманы. Негізгі
мамандыгы актриса болса да, режиссерлік саланы жеттік меңген. Казір ОАО
“Хабар” агентігіде “дубляж режиссері” болып жұмыс істейді. Т. Жүргенов
атындағы Ұлттық Өнер Академиясының “Дубляж режиссері” тобының ұстазы.
Белбаева Гүлзия 1974 жылы “Қазақфильмде” киноға түсумен қатар, фильмді
дыбыстандыру жұмысына да қатысты. 1975 жылы ана тілімізде сәтті сөйлеткен
фильмдердің ішінде “Дочки матери”, “Помни имя свое”, ал 1976 жылы “От зори,
до зори”, “Ключи от рая”, 1977 жылы “Цветы для Оли”, “Три солнца”, сонымен
қатар “Қайсар”, “Қайрат”, “Сұлтан-бейбарыс”, “Абай” тағы басқа фильмдерді
дыбыстандыруға қатысқан. 1989 жылы өзінің режиссерлік жұмысын Ш.Айманов
атындағы “Қазақфильм” кино студиясында бастаған. Гүлзия апайдың ең тұңғыш
дубляж жасаған фильмдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эйн Рэндтің өмірі мен өнегесі
Қазақ кинематогрфиясының және кинодраматургиясы
Мультипликациялық фильмдер және оның ерекшеліктері
Мультипликациялық фильмдердегі иронияны аудару
Онлайн көрсетілімдерді дамыту
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
DALA animation (Тарихи-мәдени туризмді дамытуда анимациялық бағдарлама)
Аударма теориясының негізгі ұғымдары
Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері
Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Пәндер