Қазақ тілінің сарфы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе. …. . …3

II Негізгі бөлім . . . 3

2. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы . . . 4

2. 2Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары . . . 5

2. 3 Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі . . . 7

2. 4 Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер . . . 8

2. 5 Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері . . . 9

2. 6 Қазақ алфавитінің шығу тарихы . . . 11

2. 7Сауат ашу кезеңіндегі дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің зерттелу тарихы . . . 12

2. 8 Бастауыш сынып оқулықтарының жазылу тарихы . . . 13

III Үлес қосқандар ғалымдар . . . 14

3. 1 Техникалық құралдардың шығу тарихы . . . 14

3. 2 Қазан революциясынан кейінгі оқу-ағарту ісі . . . 16

3. 3 Шәкәрім Құдайбердіұлы . . . 18

3. 4 Ыбырай Алтынсарин - кемеңгер әдіскері . . . 19

3. 5А. Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . . . 20

3. 6 М. Жұмабаев - танымал педагог . . . 21

3. 7 Жүсіпбек Аймауытов әдіскер-кординатор . . . 23

3. 8 Ш. Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі . . . 25

VI Қорытынды . . . 26

V Қолданылған әдебиеттер . . . 27

I Кіріспе

Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Октябрь ревалюциясына дейінгі дәуірден бастау алды. Қазакстаңда педагогика тарихы, сонымен қатар қазақ тілін окыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімеп байланысты. Ы. Алтынсаринұлы орыс халкы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындап өседі. Олмектептегі оку процесінің ғылыми негізіндс күрылуын, халыктың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсайды.

1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар болды. Онан кейін осы жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі" деген атпен жинақ шыкты.

1936 жылы орта мектептін У-УІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтың"Грамматика талдауыш", 1939 жылы "Үлкендерге хаттанытудың методикасы", 1941 жылы "Қазак тілі мен методикасы", 1942 жылы "Грамматикалық таблицалар", - 1944_жылы "Жаттығу емле және тіл дамыту", 1946 жылы "Қазактілі методикасы".

Қазак тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болған. 1938 жылы "Грамматика' оқыту жөнінде" деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

1940 жылы Ғали Бегалиевтың "Бастауыш мектепте қазақ тілінің методткасы", онан кейін 1950 жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" деген кітабы жарық көрді.

1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері"

Қазак тілі оқулықтары мен программаларын жақсару жөнінде, методикалық еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжрибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазакқ тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым (сол кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқаков болды. Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жүмысын дұрыс жолға қою міндеттелінеді. Озат мұғалімдерді, методистерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесі мен айналысуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылық жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде акқ қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра енбектер жарық көрді.

II Негізгі бөлім

2. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы.

Бұл салада Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім Иманбек Ұйыкбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі ретінде танылды. И. Үйықбаевтың 1957 жылы "Орта мектепте қазақ тілін оқыту міселелері", "Қазақ тілінде сөз таптарын оқытушыға көмекші материалдар", ал, 1962 жылы "Қазақ тілі методикасынын очерктері"деген еңбектері басылып шықты.

1965 жылдан бастап казак тілін окыту методикасынын даму тарихына үлес қосушылардың бірі - Бибігүл Кәтенбаева. Б. Кәтенбаеваның "сөз кұрамын оқыту" (1968), "4 -сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалык нұсқау" (1982-84), "Еліктеуіш сөздер (1975) ", "ГУ-ІХ сыныптарды тіл ұстарту" (1978), "Қазақ тілінен IV-V сыныптарға үлестірмелі карточкалар"(1978), "Қазақ тілінен 5- сыныпқа арналған дидактикалық материал" (1976, 1980, 1983), "Қазақ тілі окулығы" (5-сыныпқа арналған, 1982 1983, 1986), "Грамматикалык таблицалар" (1972, 74, 77, 79 83) (4, 5, 6-кластарға арналған) "Москва -бақыт астанасы"(1982), "Қаскырды жеңген бала" (1983) оку диафильмдері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алды.

Бұл салада Айтбай Айғабыловтың "Лексиканы окытудың кейбір мәселелері" (1980), 6-класқа арналған "Қазақ тілі" оқулығы (1982, 1984), "6-класс қазақ тілі оқулығының методикалык нұсқауы" (1983), "Морфологияға байланысты грамматикалық таблица" (1984), "Қазақ тілінің программасы" (1983, 1984), М. Әуезовтың "Қараш-қараш" әнгімесіне байланысты жасалған оқу диафильмі (1984) сияқты еңбектері жарық көрді. Қазақ тіліндегі кұрмалас сөйлемдер синтаксисі біршама зерттелінді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялык жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның "Жай сөйлем синтаксисін оқытудын методикасы" (1957), "Қазақ тілі методикасының негіздері" (1969), "Қүрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы" (1964), (Қазақ тілі методикасы" (1974), (Құрмалас сөйлемдер таблицасы" (1985) тағы да баска еңбектерін атауға болады. Қазақ тілінің фонетика бөлімі жан-жақты зерттелінді. Бүл салада Мүлипа Дүйсебаевна "Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері" (1973), "Орфоэпиялық сөздік" (1982), А. Исабаевтің " Фонетиканы оқыту" (1965), "Қазақ тілі дыбыс методикасының негіздері" (1973) деген еңбектерін мұғалімдер кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қазақ тілін окыту әдістемесінің өзіндік зерттеу әдістері бар. Зерттеу әдістері теориялық әдістемені жасауға қолданылады. Зерттеу әдістері тексеру объктісіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Анықтау экспеременді.

Бақылау экспеременді.

Оқыту эксперементі.

Әдістемелік кұралдарды үйрету әдісі.

Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі.

Анкета жүргізу әдісі.

Интервью жүргізу әдісі.

2. 2 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары.
Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М. Ералиева, С. Дүйсебаев, П. Жаманқұлова, Р. Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған. 1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ. Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С. Жиенбаев, С. Кеңесбаев, Л. И. Воскресенская, З. Т. Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады.

Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А. Садуақасов, С. Жиенбаев т. б. шұғылданды.
«Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.
1955 жылы институтта «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р. Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі», Ғ. Бегалиевтың «Сауатты оқыту әдістемесі», «Суретті сөздік», «Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту», Ф. Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К. Бозжанованың «Сыныптан тыс оқу кітабы», Ж. Қаржаспаев, К. Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә. Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р. Әміровтың К. Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады.

Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші - берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет.
Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т. Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде, - дидактикалық материалдардың мәні зор, - дейді. Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.
І. К. Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген. Қ. Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.
Мұғалімнің сұрыптап алған материалдары бойынша оқушылар тілдік фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар мен дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды. Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл - көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады.

Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн. Ж. Адамбаева материалдың өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен .

Тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.
Т. Сабыровтың көрсеткен келесі бір әдісі хабарлау - қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық элементтердің сақталмайтындғы байқалады.

2. 3 Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.

1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды.
1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды.

Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.
1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін және қоныс аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді.

2. 4 Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

XIX-XX ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана (императорлық Қазан университетінде, Қазан мал-дәрігерлік институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен A. Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал Ә. Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академиясын, А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж. Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін, М. Ғабдолғазизов Каир университетін, 0. Тұрмағанбетов Бомбей университетін, X. Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді.
Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дінмухамед Сұлтанғазин (1867-1918) өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол 1890 жылы Томск университетінің медицина факультетін, ал 1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін, 1897 жылы заң факультетін бітіріп шықты. 1908 жылы Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім Жағыпарқызы (1880- 1941), одан кейін Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887-1937) бітірді. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы Ұлт-азаттық қозғалысынын күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді.

1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8, 1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3, 6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.

2. 5 Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері

Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз . Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді . Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы, не жеке сөзді, не буынды, не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу - адамның ой - пікірін, сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар, оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған . Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, тағы да басқаларын пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір - бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.

Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (еміле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі . Графика дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы . Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавитпен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым - қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді.

2. 6 Жазудың түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терминтанудың тарихы тереңде
Қазақ тілі мен оның терминологиялық қорын дамытудағы білімпаздар съезінің алатын орны
Қазақ зиялыллары
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының дамуына қосқан үлесі
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
Ақпарат құрылымының өлшемдері
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Алаш жылнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz