Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өзектілігі. Х ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Араб және парсы авторлары Қарахандықтардың өздерін әл-хаканийа, Афрасиаб ұрпақтарының әулеті деп атайтындығын жазған. Соңғы зерттеулер бойынша, Қарахан мемлекетін құру, оны нығайтудың алғашқы кезеңінде қарлұқ конфедерациясы құрамындағы чигил және ягма қатарлы белгілі тайпалар үлкен рөл атқарды. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағұлматтар мен деректемелерде сақталмаған деуге болады, осы мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай отыр. Алғашқы Қарахан туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Дегенмен де, Қарахан Орта Азияда Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі мұсылман түркі әулетінен.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен шігілдір мен иағмалардан құрылғанға ұқсайды. Қарахан осы иағма тайпасынан шыққан. Қарлұқ қағанатының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады.
942 жылы ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін қағанмын деп жариялайды деген де ақпарат сақталған. Қарахандар мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінген. Еншілік иелерінің хұқтары зор болатын, олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгертуге дейін дәрежелері болған. Вассалдық жүйесі бағзы бір кездері көппбасқышты болып келетін. ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Ибраһим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді. Бірінші орталығы Бұқара болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мауереннахрды қосыпп алған Батыс хандығы, екіншісі, қамтуына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы,оның астанасы-Баласұғын қаласы болған. Сонымен қатар Қарахан мемлекетіне Ислам дінімен қоса халық ішінде, ең бастысы, көшпенділер арасында тәңірге табынушылы0 сақталып қалды.
Қарахан әулеті басқарған мемлекетте мемлекеттік тіл негізінен қаған тілі болған. Орыс ғалымы В.Григорьев және француз ғалымы Гренар Қашғар тілі, яғни қаған түрікшесі, қарлық тілі екенін дәлелдеген. ХІІ ғасырда қарлық түрікшесі Ферғана, Ташкент, Самарқандқа дейін Қарахандықтардың орналасқан аймағында, ал түркі тілі тобының басқа бір лексикасын құрайтын - оғыз, яғни батыс лексикасы Сырдариядан Хорасанға қарай қалыптасты. Сондықтан халықтың негізгі бөліктері қаған тілінде сойлеген деп тұжырымдауға болады.
Сонымен қарлұқ мемлекетінің Қарахандар әулетіне өту кезеңіндегі қарлұқтардың тайпалық бірлестігінде болған этникалық өзгерістерді, хандар атақтарының шығу түп-тамыры, мемлекеттік тілі мен сол кезеңде болып жатқан саяси оқиғаларды қарастыру арқылы Қарахандар әулеті мемлекеттің негізін қарлықтардың ру-тайпалық конференциясының құрғанын көреміз. Сондықтан Қарахандар әулеті немесе Қарахандар мемлекеті дегеніміз сайып келгенде мемлекеттің іштей дамуының нәтижесі, яғни жаңа дамыған бытыраңқы қала мемлекеттерге ұласуы.
Жазба деректер қарлұқтардың қалалары болғандығы туралы хабарлайды. Худуд әл-аламның деректеріне қарағанда, қарлұқтар жері - барлық түрік жерлерінен бай және халық жиі қоныстанған жер. Онда қалалар мен ауылдар бар. Осы дерек бойынша, қарлұқтар елінде 20-ға жуық қала мен ауыл бар деп есептелінеді. Құлан, Меркі, Атлалиг, Тузун, Балық, Барысхан, Талғар, Тонгу, Пенчул, т.б. Әсіресе, қарлұқтар қағанының қаласы ерекше болған, оны әл-Идриси халқы көп, бекінісі мықты, әскері, қару-жарағы мол қала ретінде сипаттайды. Көптеген қалалар Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан. Қазақстанның оңтүстістігіндегі аса ірі сауда орталықтары: Исфиджаб, Кедер, Отырар, Янгинкент, Тараз, Баласағұн, Талған, және Қойлық қалалары болып табылады.
Тарихнама. Жалпы курстық жұмыстың дерек көзі ретінде қаламтартқандардың бірі Сыздықов С.М. өзінің Қарлық-Қарахан мемлекеті саяси тарихы және мәдени мұралары атты монографиясында Қарахан мемлекетінің даму үрдісі кейін Орталық Азияда, Қазақ,Қырғыз, Түркмен және Өзбек хандары және халықтарының қалыптасуына алып келді.Х ғасырдан бастап Қарахандар әулетінің билікке келуінен бастап, қарлық бірлестігінде этникалық процестердің жаңа кезеңі басталғанын баяндаған. Бірінші жағынан Ислам дінінің қабылдануы, екінші жағынан ХІ ғасырда шығыстан келген миграция толқыны Қарахандар билік жүргізген мемлекет ішіндегі этникалық процестерді одан әрі күрделендіре түсті деп баяндаған [1, 171 б].
Сонымен қатар тағы бір қаламтартушылардың бірі Берденова К.Ә Қазақстан тарихы оқу құралында Ортағасырлық авторлардың айтуынша, Қараханидтердің алғашқы территориясы ретінде Орталық Тянь-Шаньның Оңтүстік шығысы және Қашғардың солтүстік бөлігі саналады. Мемлекет пен әкімшілік құрылымы отырықшы және көшпелі облыстардың ерекшеліктерін байқататын. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтар негізінен Саманидтер кезінде өмір сүрген құрылымдарды сақтап қалды. Жетісу мен Мәуереннахрдың көгалды жерлерінде әлі де ауыл және қала әкімдері билік етті. Ал далалық аймақтардағы мал шаруашылығына негізделген жерлерде басқару жүйесі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделгенмен, көшпелі қауымдастықтардағы әкімшілік билік олардағы ру-тайпа басшылары арқылы шешіліп отырды, көбінесе оны ильчи-баши (иль-халық, ел, мемлекет)негізінен өздерінің вассалдары бар бай әрі ақ сүйек бектер шығып, олардың өкілеттілігі өте үлкен болды деп баяндаған. [2, 81.б]
Қарахан мемлекеті жайында Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының Қазақ мемлекеттілігінің тарихы ежелгі және ортағасырлық кезең атты монографиялық зерттеуінде Қолөнер кәсібі жайында археологиялық зерттеулер Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс аудандарында қыш өндірісінің дамығандығын баяндайды. Қала мәдениетін дамытуда ислам маңызды рөл атқарды. ІХ ғасырдың бас кезінде яғни 960 жылы Исламды мемлекеттік дін де жариялаған. Бірінші кезекте ислам діні қалаларда таратылғанын, ал жазба деректерінде Қарахан мемлекетінле түрлі мешіттер болғандығын да айтып кеткен [3].
В.В.Бартольд қарахандықтардың тегін іздеуде үш тайпаны қарлұқ, яғма, шігіл атаумен шектеледі. Осылардан белгілі болғаны - шігілдер мен яғмалар, түркештер тайпаларының бірі, тухсилер, орхон түркілерінің қалдықтары қарлұқтар одағының құрамына кірді және бұл тайпалардың одағы тарихта IX ғасырдан бері бірге деп есептелінеді. Сонымен Қарахан мемлекеті қарлұқ, шігіл мен яғма тайпаларынан құралды деп баяндаған [4].
Қарахандар шежіресіне көп көңіл бөлген Ә.Марғұлан: Тағы да бір шындық, Қарахан тұқымдары туыс жағынан қарлықпен байланысты екенін тарих беттері ашып айтады. Қытай жазушыларының көрсетуі бойынша, олардың шежіресі Түрік қағанаты кезінен басталады, өйткені бірінші Қарахан ( Хэли хан VI ғасырдың орта кезінде жасап) Бесбалықты орда етіп көтерушілердің бірі болған, деп жазған.
Осындағы бірінші Қарахан Хэли өзін Ышбара хан (Шаболо хан Хэлу) деп атаған Халлығ болатын. Ол Он оқ елін біріктіріп, VII ғасырдың ортасында Қытайдың империялық саясатына ымырасыз күрес жүргізген атақты хан еді. Міне осы Хэлу Халлығ аттары мен шеғу, жабғу атақтарынан оның Қарлық елінен шыққан адам екенін байқауға болады деп жазған.
Дереккөзі. ІХ-ХІІ ғасырларда ислам дінінің кең тарауына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен пайдаланылды. Осы тілде ғылыми және әдеби шығармалар жазылды. Х ғасырда аса ірі ғалым Әбу Насыр әл-Фараби ат-Түрки ғұмыр кешті. Ол Фарабтан шыққан, әкесі түріктердің әскер басшысы болған. Әл-Фараби тамаша білім алып, ежелгі грек философтарының еңбектерін зерттеді және түсіндірді. Ол 150-ге жуық еңбек жазды, олардың арасында Аристотельдің Метафизикасына түсініктемелер, Оргонон, Инабатты қала тұрғындарының көзқарастары туралы , музыка, математика және астрономия жайындағы тракттаттар бар. Бұларда Әл-Фараби танымының мәні туралы, адам қоғамының табиғаты туралы мәселелерді зерделеді және өз ғылыми көзқарасын баяндап жазды [1].
ХІ ғасырда Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының тұрмысын зерттеуде Махмұд Қашқаридің Диуани лұғат ат - Түрік еңбегінің маңызы зор. Махмұд Қашқари Бағдадта тұрды, Орта Азияға және Иранға көп саяхат жасады. М.Қашқаридың еңбегі тек лингвистикалық сипатта ғана емес, ІХ-ХІ ғасырдағы түрік халықтарының орналасуы мен тайпалық құрамы туралы бай мәліметтер қалдырған [4.149 б].
ХІ ғасырда ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұн Құтты білік атты өсиет жазды және бұл еңбегін Қарахан билеушісі Боғра ханға сыйға тартты. Ж.Баласағұн география, тарих және философия саласындағы оқымысты адам болған. Оның жырлары өсиет - танымдық сипатқа ие және Қарахан қағанатындағы мемлекеттік басқару істері туралы саяхат, қоғам өмірі, тіл ерекшеліктері, Қарахандық түркілер идеологиясы туралы материалға бай. [4, 149.б]
Қарахан заманында Иасы қаласында сопылық бағытта белгілі ақын әрі ойшыл Қожа Ахмет Яссауи ғұмыр кешкен. Ол Исламды дәріптеген және алғашқы түріктік насихаттық орасан зор маңызы бар сопылық ілім - Иасауи танымының негізін қалады. Күллі түрік әлемінде Қожа Ахмет Яссауи өзінің Диуан - и - хикмет (данышпандық туралы кітап) өлең жинағымен белгілі. Жинақ түрік тілінде жазылған. Диуан - и - Хикметте ислам көзқарасының негіздері туралы, исламды уағыздаушылардың өмірі туралы, Алла мен мінәжаттық қарым-қатынас жасап, жетістікке жетудің жолы туралы баяндалады. ХІV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи моласының басына жиһангер Әмір Темір бұйрығымен сағана (мавзолей) тұрғызылған. Ол осы күнге дейін Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының тәуіп ететін орны болып табылады [5].
Мақсаты. Қарахан мемлекетінің құрылуымен қатар саяси- тарихи жағдайын саралап, жүйелеп қарастыру.
Міндеттері:
Қарахан мемлекетінің құрылуы ,этникалық құрамын көрсету;
Қарахан мемлекетінің Мәуереннахрды жаулап алуын айқындау;
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету;
Мемлекеттің шаруашылығы және кәсіпшілік түрлерін зерделеу;
Зерттеу әдістері:
- аналитикалық (әдістемелік әдебиеттерді талдау, жүйелеу, жалпылау, т.б.);
- суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Курстық жұмысында негізгі деректер мен құжаттарыдан, оқуықтардан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан, әлеуметтік желісінен алынды.

Қарахан мемлекетінің құрылуы, этникалық-саяси тарихы.
Қарахан мемлекетінің құрылуы ,этникалық құрамы.

Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуында Жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады. Алғашқы кезде бұл мемлекетке Шығыс Түркістанның бір бөлігі, Испиджаб (Сайрам) өңіріне дейінгі Жетісу жерлері қарады. Шын мәнінде, бұл бұрынғы Қарлұқ мемлекетінің аймағы еді. Мемлекеттің этникалық құрамы да бұрынғыша қалып, мұнда Яғма, Қарлұқ, Шігіл, Дулат, Қаңлы тәрізді түркітілдес тайпалар шешуші рөл атқарды. М.Қашқари ХІ ғасырда Яғма, Тұхси және Шігіл тайпаларын Іле өзені аңғарына орналастырады. Яғни бұлар Қарлұқтардан билікті басып алу үшін батысқа қарай жылжыған. Карахан әулетінің негізін салушы - - - - Сарұқ Боғра хан. Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде, 942 ж біріңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті құрылды. Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады. Ал В.Бартольд Қарахандардың билікке келулерін 940 жылдан бастайды. ІХ ғасырда Қарахандар әулетінің басында тұрған Білге-Күл-Қадырханның ұрпағы еді. Мұның өзі Қарахан мемлекетінің Қарлұқ қағанатына этносаяси тұрғыдан мұрагер болып табылатынын аңғартады. Дей тұрсақ та, төңкерістің аты төңкеріс. Енді мемлекеттегі үкіметті билеушілер, негізінен алғанда, Қарлұқтардан емес, Яғма мен Шығыл тайпаларынан шыққандардан тағайындалатын болды деп баяндаған. 955 ж -Мұса хан билігі орнады. Ал енді мемлекетті алғаш билеуші Сатұқ-Боғра (Бура) хан неге Қарахан деп аталды және оның ізбасарлары неге Қарахандар әулетіне жатты? деген сауалға тоқталар болсақ, түркі қағандарының Ашына әулетіне жатпайтындар билікке аса ықпалды жергілікті тайпалар одағы Қаратүргештердің ізбасарлары болуға күш салды. Сондықтан Жетісуда кейіннен билікке келген Қидандар да бірде Қарақидандар аталса, бірде Қарақытайлар аталып кетті [6].
Қарахан мемлекетін нығайта түскен рухани фактор - басқарушы әулеттің 955 жылы Ислам дінін қабылдауы болды. Көп кешікпей-ақ, олардың ізін ала арада бес жылдан соң Ислам дінін осындағы 200 000 киіз үй (түтін) қабылдады. Осылайша Ислам бұл мемлекетте, шын мәнінде, ресми дінге және мемлекеттік идеологияға айналды [7. 398 б].
1089ж селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті. Алайда біртұтас Қарахан мемлекеті 1032 жылға дейін ғана өмір сүре алды деген деректер де бар. Оның Сатұқ-Боғра ханнан кейінгі алты билеушілерінің есімдері тарихи деректерден жақсы белгілі. Атап айтар болсақ, олар - Байтас - Мұса - Боғра хан, Әли абу - Хасан, Ахмед (Тоған), Мансұр, Тоған хан, Жүсіп Қадыр хан. Мемлекеттік мәселені шешуге келгенде өзара текетірестерге ұрынған билеушілер қырғи-қабақ қатынастарға ұрынып, ақыры 1042 жылы екіге - Шығыс Қарахан және Батыс Қарахан мемлекеттеріне бөлініп тынды. ХІ ғасыр ортасынан бастап, тақ үшін күрестің өршіп кетуі шығыстықтардың бұл мәселемен айналысуларына қатты қолбайлау болды. Тек 1074 жылы Хасан Табғаш Боғра хан (кейбір деректерде - Харун Боғра хан) таққа отырған соң ғана Шығыс Қарахан мемлекетіндегі алауыздық тоқтатылды. Бұл ханның тұсында мемлекетте мәдениетті, рухани өмірді жандандыруға байланысты ірі жұмыстар жасалды. Осы жылы Шығыс Қарахан мемлекеті аймағына шығыстан Қарақытайлар (Қарақидандар) баса-көктеп кірді. Бұлар Манчьжурия өңірінен шығып, Елюй Даши деген ханзаданың басшылығымен шығыста манчьжуртілдестердің Ляо мемлекеті деп аталатын қуатты империясын құрған тайпалар бірлестіктері еді. Алғаш 1128 жылы Ахмед Арыслан Қара хан оларды жеңіліске ұшыратты. Алайда жергілікті Қаңлылар мен Қыпшақтардан әскер жасақтаған Қарақытайлар 1130 жылы Жетісудың көп бөлігін және Баласағұнды басып алып, шын мәнінде, Шығыс Қарахан мемлекетінің дербес өмір сүруіне нүкте қойды. Қарақытайлар мұнымен де шектеле қойған жоқ, олар Батыс Қараханға да қайта-қайта жорықтар ұйымдастырып, ақыры 1141 жылы Батыс Қарахан мемлекетін де жаулап алды. Алайда мұнда ескеретін бір нәрсе, өздері түркітілдестерге жатпайтын аз санды моңғол тайпалары болғандықтан, Қарақытайлар Қарахан мемлекеттерінің үлкен аймақтарына биліктер жүргізе алмады. Сондықтан да олар билеушілерді бұрынғыша, Қарахандар әулетінен қойды. Дегенмен де бұл әулет енді жатжерліктер қолындағы қуыршақ хандардың рөлін атқарды. Осылайша ежелгі қазақ тарихы елде ауызбірлік болмаған жерде саяси биліктен айырылып, жатжерліктерге жем болуға жол ашылатынын тағы да дәлелдеп берді [7].
Қарахан әулеті басқарған мемлекетте мемлекеттік тіл негізінен қаған тілі болған. Орыс ғалымы В.Григорьев және француз ғалымы Гренар Қашғар тілі, яғни қаған түрікшесі, қарлық тілі екенін дәлелдеген. ХІІ ғасырда қарлық түрікшесі Ферғана, Ташкент, Самарқандқа дейін Қарахандықтардың орналасқан аймағында, ал түркі тілі тобының басқа бір лексикасын құрайтын- оғыз, яғни батыс лексикасы Сырдариядан Хорасанға қарай қалыптасты. Сондықтан қалықтың негізгі бөліктері қаған тілінде сойлеген деп тұжырымдауға болады [ 8].
Сонымен қатар Қарахан мемлекетінде бар-жоғы 10 диуан болды,олар; уәзір, қазынашы, шет ел істері жөніндегі мустафи, гвардияшы, поштаны және жергілікті билеушілерді астарын бақылау бастықтары, қазынаның кірісі мен шығысын және басқа да қаржылық істер, базар қатынастары, қолөнер өнімінің сапасы және әдет-ғұрып, діни дәстүрдің сақталуы, діни мекемелер мүлкін басқару басқармасының шенеуніктері, судьялары бақылаушылар мемлекеттік гвардия бастығының кеңсесі қатарлы маңызды нысаналар еді. Орда канцеляриясы және жергілікті өкімет орындарының өкілдері басты әскери лауазымдарға ие болды. Ж.Баласұғын Қарахан әскері бөлімшелерінің атауларын келтіреді: черик (әскери, солдат), жз - жүз, минг-мың. Қарахан билік иерархиясындағы елеулі сатылардың бірі су басылар, исфакса қатарлы әскери лауазымдар болды. Ұрыс майданында жауынгерлерді басқаратын кіші офицерлер Ж.Баласұғын дастанында чабуш, ал атты әскери басқарушы-хаил басшы деп аталады. Мушриф кеңсесінің тармақталып кеткен кең жүйесі болды. Аталмыш жүйе қағанат халқынан салық және басқадай алымдарды дер кезінде әрі толық жинап алу мақсатында құрылды. Салық жинаушыны және қазынашыны М.Қашқари имга деп атады. Пошта кеңсесі үкіметтің үкімдерін түрлі құжаттар мен басқа да ақпаратты тиісті жеріне жеткізу ісіне жауапты болған. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери - лендік жүйе болды. Хандар өздерінің тусқандары мен жақындарына ауданның, аймақтың немесе қаланың халқының бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтар алуға құқық берді. Мұндай тартулар иқта деп аталады, ал оны ұстаушы араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталады [9].
Парсы деректемелерде Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан аумағында Иқтаның таралуы жөнінде жанама мәліметтер ғана сақталған. Иқта институты Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысының шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарды. ХІІ ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде Қарахан мемлекеті құлағаннан кейін жаулап алушылардың (қидандар) мұнда қалыптасқан институтты қабылдамай тастауы айта қаларлықтай жай. Олардың гурхандары әмірлерге ихтаны иеленуге жол бермеді, бірақ оны өздері тарту етіп былай деді: Ихтаны алғанда зорлық зомбылық көрсетеді [10].
Деректемелерге сәйкес, ихталардың мазмұны мен ихтадарлардың құқықтарын тәртіптеу дәлме-дәл тиянақталды. Низам әл-Мүлік былай деп жазды: Ихтасы бар мухта, мұны біліпп қойсын, халыққа қатысты оларға заңды түрдегі, өздеріне таппсырылған салықты ізгі ниетпен жинаудан басқа ештеңеге де бұйрық берілмеген;олар мұны жинаған кезде, халықтың жан басына мал-мүлкіне, әйелдер мен балаларына қауіп келмесін олардың заттары мен иеліктері қауіпсіз болсын, муқтаның оларда ешқандай жұмысы болмасын. Демек иқта институты ихтадарға шаруаларды заңды түрде рәсімдеп бекітуді көздемеген, дегенмен көптеген иқтадарлар өздеріне (иқтаны ) шартты түрде ұстауды мәңгілік бекітіп алуға тырысқан. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жайылым жерлерге мұқтаждық мал өсірушілерді тым шалғай жерлерге көшіп- қонып жүруге мәжбүр етті. Ибн әл-Асир былай деп атап көрсетті: Жетісу түріктерінің кейбір топтары жазда Бұлғар Еділ бойын жайлап, қыста Баласағұн өлкесін қыстайды. Мұндай ұзақ жерге көшу, тегінде екіталай болса да көшіп-қону жолдары өте ұзақ болған [11].
ХІ-ХІІ ғасырларта түркі тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен айналыса бастады. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен байланысы ұлғайда. Отырықшылануды негізіне халықтық бір бөлігінен малынан айырылуы, көшпелі шонжарлардың мал табындарын өз қолдарына шоғындыруы туғызды. Отырықшыланғандар тары және басқа дәнді дақылдар өсірді [9]. Бұрынғы көшпелі отырықшы бола отырып, мал шаруашылығынан қол үзбеді; олар ішінара ірі қара мен ұсақ мал өсірді. Отырықшыланғандардың көшпелі қала халқын толықтырды.
Осы кезде Исппиджаб пен Баласағұнның аралығындағы өңірлерде, Мақмұт Қашқаридың хабарлағанындай, әдетте қалаларда тұратын соғдылықтардың түріктену үрдісі күрт күшейді. Түріктермен араласа отырып, соғдылықтар түркі тіліне көшіп, түріктерше киінетін болды.Деректемелер қалаларда түріктер санынның барған сайын көбеюі негізінде этникалық өзара ықпалды ғана емес, сонымен бірге қарахандардың егіншілікті өркендетуге, өздерінің мемлекетінде егінші мен қолөнершінің жағдайын нығайтуға бағыт ұстанғанын көрсетеді [5].

Мәуараннахрды жаулап алуы.

Бір кездегі Саманилердің қуатты державасы X ғасырдың екінші жартысында өз ішінднгі әлеуметтік қайшылықтар мен феодалдық тотардың өзара қырқысқан жанжалдармен титықтап,құлдырау қаліне жетті. Диқан ақсүйектері мен мұсылман дінбасылары орталық үкіметтке қарсы шықты да оларды түрік ұланының (ғұлямдар) қол басшылары да қолдай бастады [11].
Саманилер держевасының бір кездегі күш-қуаты Нух ибн Мансұр (977-999) билеген тұста феодалдық қырқыстардан ерекше қатты әлсіреді. 990 жылы Саманилер әмірлерінің бүліктерін және олпардың билігі әлсіреумен пайдаланған Хасан (Харун ) Боғра-хан Исиджабты басып алды. Қарқан әскері мұнда ешқандай дерлік қарсылыққа кездеспеді ал әскердің қалаға келуін жергілікті шонжарлар құптаған ниетпен қарсы алды. Екі жыл өткен соң Қарақандар Саманилердің астанасы- Бұқараны алды. Алайда көп кешікпей Хасон Боғра-хан Бұқараны, сондай-ақ өзі алған Самарқанды тастап, Жетісуға кетуге мәжбүр болды. Қарахан армиясының Мәуереннахрдан шегінуіне, бәрінен де гөрі Жент ауданында тұрған және Нух ибн Мансұрға көмектескен тайпалар тарапынан шабуыл жасалу қатері себеп болған еді [12].
Мәуереннахрға жасалған сәтсіз жорық Қарахандардың басқыншылық желікпесін баса қоймады. Нақ сол 992 жылы Хасанның баласы Жүсіп Қадыр-хан Хотанды басып алды. Бірақ Қарахандардың негізгі әскери-саяси ұмтылыстарды Мәуереннахрды көздеді. 996жылы Әли Арсланның баласы Насыр Саманилерге жаңа жорық жасады. Қарахандарға қарсы тұратын күші болмаған Нұх ибн Мансұр өзінің газневилік вассалды Себұқ- тегін Қарахандармен бітім жасасты: бұл бітімге сәйкес бүкіл сырдария аңғары Қарахандар билігінде қалды, ал Әмудариядан оңтүстікке таман жатқан жерлер Газнавилерге көшті. Самани мен жақын жатқан Қатуан даласы деп танылды [12].
Х ғасырдың аяғында Самани мемлекетінің ұзаққа созылған драмасының соңғы көрінісі болды. 999жылы Қарахан билеушісі Насыр ибн Әли Мәуереннахрха бет алды. Халық бұқарасы Самани билеушісінің тағдырына селқос қарады, сондықтан ол Саманилердің астанасы Бұқараны оп-оңай басып алды. Нұқ ибн Мансұрдың баласы Абд әл - Мәлік және Самани әулетінің басқа да мүшелері Үзкентте тұтқынға қамалды. Қарахандарға қарсы күресті Саманилердің соңғы билеушісі Әбд әл - Мәліктің інісі Әбу Ибраһим Исмаил одан әрі жүргізді. Өзінің ата - бабаларының тағын қайтаруға тырысқан әрекеттерінде ол Газневи әміршілерінен көмек сұрады [13].
Мәуереннахр үшін болған күреске бастапқыда Саманилерді қолдаған оғыз тайалары да араласты. Салжұқ тайпаларының отаны Сырдарияның орта ағысы өңірі болатын. Осында Сығанақ ауданы мен Қаратаудың баурайын мекендеген оғыздардан тұратын олардың негізгі тобы қалыптасты. Салжұқ топтарының көсемдері мен оғыз жабғуларының арасындағы жайылым үшін болған қақтығыс Хғасырдың орта шенінде Салжұқтарды Сырдарияның орта ағысынан кетуге мәжбүр етті. Салжұқ тайпаларының бір бөлігі 80-жылдарының аяғында Жентті алды да, Сырдарияның төменгі бойына қоныстанды. Енді бір бөлігі Самарқан мен Бқхара маңындағы далада қоныс тепті [14].
Әбу Ибраһим Исмаил мен Салжұқ жасақтарының біріккен күштері Қарахандарды жеңген 1004 жылғы Самарқан түбіндегі шайқаста жеңіске жеткеніне қарамастан, Саманилер Мәуереннахрдағы өз билігін сақтап қала алмады. Салжұқ қолбасшылары мен соңғы Саманилер арасындағы одақ уақытша жасалған болып шықты. Салжұқ көсемдерінің біреулері Қарахандарға қарсы күресе бергілері келсе, басқалары олармен жақындасудың жолын іздестірді [14].
1005 жылы Әбу Ибраһим қаза тапқаннан кейін Насыр екі рет 1006-1008 жылдары Хорасанды басы алмақшы болды. Ғазнауиліктермне жүргізілген күресте Қарахандықтар оғыз тайпаларымен одақ құрды. 1008жылы Қарахандықтар мен оғыздардың бірлескен күші мен ғазнауиліктер арасында шайқас болды. Бұл жолы ғзнауиліктер жеңіске жетті. Осы оқиғадан кейін Қарахандықтар Әмударияның сыртындағы территорияны басып алу ниетінен бір жола бас тартты да, Әмудария Қарахандықтар мен ғазнауиліктер арасындағы табиғи шекара болып қала берді.
Мауереннаһр жайындағы тағы бір деректердің бірі сол кездегі Ясауи ілімінің қалыптасуына ықпал еткен негізгі факторлардың бірі болған , яғни ХІ ғ. аяғы - ХІІ ғасырдағы Түркістан өлкесіндегі саяси - әлеуметтік ахуал. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл өзіндік бір аласапыран, қым - қуыт кезең болған еді. Бүкіл мұсылман әлемін біріктірген Халифат ыдырап, Орталық Азия, Мәуереннаһр аймағының өз ішінде билік жолындағы талас-тартыс, бір әулетті келесі әулет ауыстырып жатқан саяси тұрақсыздық жағдайы орын алды. Атап айтқанда, алғаш Халифаттың ыдырауы тұсында Хорасан мен МәуереннаҺрдағы билікті қолына алған Саманилерді (олардың билігіне Қазақстанның оңтүстік аймақтары да қараған болатын), кейінірек Қарахандар алмастырды. ХІ ғ. басында Сыр бойынан үдере көшкен селжүктер, Мәуереннаһр жерінде тұрақтай алмай, ары қарай Хорасан жеріне өтіп, осындағы билеуші әулет - Ғазнауилермен болған күресте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы
Алғашқы түркі мемлекеттері
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Пәндер