Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы


№ 6 Лекция тақырыбы. Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Лекцияның оқыту нәтижелері: Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасымен танысады. Статистикалық мәліметтерді қолданып талдаудың статистикалық және топтық әдісін игереді
Лекция мазмұны:
6. 1Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым
6. 2 Сандық зерттеулерде статистиканы пайдалану
6. 3 Талдаудың топтық әдісі
1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп, түзетулер енгізілгеннен кейін, ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алынған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтау статистикалық зерттеудің екінші статусы болып есептеледі және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты - статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.
Бастапқы алынған мәліметтерді жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделі және жауапты жұмыс болып саналады. Себебі қаншама бай, толық және қызықты материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзінің мағынасын жоғалтады. Іс жүзінде құнсызданады және одна нәтижелі талдау қорытындылары жасаланбайды.
Сондықтан, статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дүрыс жинақтап өңдеудің әлеуметтік- экономикалық маңызы өте жоғары. Сол үшін алдын-ала мәліметтерді жинақтаудың жоспары жасалады. Онда, негізінен, жинақтау кезінде кімдердің қандай жұмыс атқаратындығы және оны қашан, қай уақытта орындау қажеттігі толық қарастырылады. Сонымен бірге жиналған мәліметтерді өңдеу тәсілдері анықталып, кестелердің үлгілері жасалынады. Осыған орай, жиналған мәліметтер өзінің белгілеріне қарай топ-топқа, жік-жікке бөлінеді. Сондай-ақ қандай көрсеткіштердің көрсетілетіндігі, қалай есептелінетіндігі әрбір топ бойынша алдын-ала жоспарланады.
Статистикалық жинақтаудың түрлері . Статистикалық жинақтау ақпаратты өңдеудің тереңдігі бойынша жай күрделі ақпаратты өңдеудің саны бойынша орталықсыздандырылған орталықтандырылған орындалу техникасы бойынша машина мен жинақтау қолмен өңдеу.
Жай жинақтау дегеніміз - жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Бүл - жинақтаудың ең жеңіл түрі және ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептеледі. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын анықтау үшін барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студентгердің санын есепке алып, қосамыз.
Күрделі жинақтау
деп алдын- ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз.
Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санин мамандықтары бойынша анықтау керек бокса, хорда әрбір жоғары оқу орындарындары оқитын студентгерді мамандықтарына қарай қосу арқылы есептейміз және т. с. с.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы - орталықтандырылған, бұнда барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы баланың түрі, адамның өлуі, некелесу және ажырасу туралы есептеулерді алуга болады. Екінші жолы - орталықсыздандырылған, мұнда алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мысалы, аудандық, қалалық статистика органдары өз аумақтарындағы кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, шаруашылықтар және тағы басқа ұйымдар бойынша бастапқы мәліметтерді жинақтайды, ал қорытынды көрсеткіштері облыстық статистика басқармасына тапсырылады. Ал облыстық статистика органдары өздерінің әрбір аудан, қала бойынша жиналған мәліметтерінің қорытынды көрсеткіштерін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне тапсырады.
Мәліметтер екі түрлі тәсілмен - қолмен және электрондық құралдармен жинақталады. Материалдарды шифрмен белгілеу, оларды жинақтап, бөлу және оны қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады.
Электрондық есептеу құралдарын қолдану тәсілі электронды есептеу құралдары мен компьютер арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде статистика органдарында электронды есептеу машиналары мен компьютерлер түгелге жуық қолданылуына байланысты қолмен жинақтау тәсілі сирек қолданылады.
Сонымен, жалпы алғанда, статистикалық жинақтау деп бақылау нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жнынтық бірліктерін өздеріне тән белгілері бойынша топқа бөліп, қорытынды көрсеткіштерді есептеуді айтады. Демек, мәліметтерді жинақтау жүмыстары көптеген аса күрделі есептеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде женалған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады. Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір- бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады.
Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Топтау әдісі статистикалық талдаудың алғашкы статусы ретінде зерттеу жүмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмектеседі.
Топтау әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі: 1) жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу; 2) қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу; 3) қоғамдық статистикалық топтал бір үлгідегі (типтік) құрылымдық талдаулық
Бір үлгідегі топтаудың мақсаты біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау болып табылады. Бір үлгідегі топтал төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі: 1) алдын-ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тән сапалық белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою; 2) топтал белгілеріне сайтт топтарды анықтау; 3) жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.
Жоғарыда берілген кестеден республикамыздағы халықтың қоғамдық тобының қалай өзгергенін және оның экономикалық маңызының зор екендігін көруге болады. Бір үлгідегі топтау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады. Мысалы, оған экономика салаларын материалдық және материалдық емес өріске, халықты білім дәрежесіне, ауыл шаруашылығын өндірістік бағытына қарай бөлу және тағы да басқа сапалық көрсеткіштер жатады.
Сонымен бір үлгідегі (типтік) топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуді және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.
Құрылымдық топтау. Статистикалық топтаудың екінші бір негізгі мақсаты - қоғамдық құбылыстардың ішкі құрамын анықтау. Атап айтқанда, біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру.
Біртектес, біртипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтал деп айтады. Бұл топтал әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестердің құрамын зерттеу кезінде кеңінен қолданады. Мысалы, құрылымдық топталды колдуна отырып, халықтың жас мөлшерін және жыныстық құрамын, білімін, ұлтын немесе жұмысшылардың мамандық дәрежесін, жұмыс стажын және т. б. көрсеткіштерін анықтауға болады.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден қала халқының үлес салмағының артқандығын, ал керісінше ауылдық жердегі халық санының азайғандығын байқауға болады. Көпшілік жағдайларда экономикалық және әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай топқа бөлу кездерінде құрылымдық топтау әдісі қолданылады. Мұндай топқа бөлінуді аумақтық-кұрылымды топтау деп атайды.
Құрылымдық топтауды жүргізудің тәртібі төмендегідей: 1) топтаудың белгілерін анықтау; 2) топтау белгілеріне сайтт деңгей аралықтарын анықтау; 3) жиналған көрсеткіштерді топтарға және оның құрамдас бөліктеріне бөлу. Құрылымдық топтау статистикалық бақылау нәтижесінде женалған біртектес жиынтық бірліктерін қорытындылаудың аса маңызды түрі болып сана лады.
Талдаудың топтау әдісі.
Әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер әрқашанда бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді. Сондықтан жиынтық бірліктерінің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне тигізетін әсерлерін, себептері мен нәтижелілігін зерттеу статистикалық көрсеткіштерді топталдың осы түрінің негізгі мақсаты болып есептеледі. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстың өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесін жоғарылату себептік белгіге жататын болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.
Талдаудың топтау әдісін
жүргізудің өзіне тән төмендегідей тәртібі бар: 1) себептік (факторлық) белгі бойынша топтар құрылады; 2) әрбір топтарды сипаттайтын себептік (факторлық) және нәтижелілік белгілердің орташа шамалары есептеледі; 3) себептік (факторлық) және нәтижелілік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.
Егер жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп, ал екі немесе одна да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса, онда оны күрделі топтау деп атайды. Күрделі топтау кезінде зерттелетін жиынтық бірліктері бір ғана белгіге сайтт негізгі топқа бөлінеді. Содан соң әрбір топ басқа белгілері бойынша келесі шағын топтарға жіктеледі.
Жай топтаумен салыстырғанда күрделі топтаудың өзіне тән талдау ерекшеліктері бар. Мұнда қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы көптеген мәліметтердің өзара байланыстылығы, құрылым жүйесі терең зерттеледі және күрделі қорытынды жасауға көмектеседі. Сол себепті әлеуметтік-экономикалық құбылыстар көрсеткіштерін өндеуде жай топтауға қарағанда күрделі топтау жиі қолданылады және статистикалық қорытынды талдау жасауда шешуші рөл атқарады.
Жинақтау жүргізудің кезеңдері
I. Мәліметтерді алдын ала бақылау, яғни бастапқы деректерді тексеру II. Берілген белгілері бойынша деректерді топтастыру, туынды көрсеткіштерді анықтау
III. Ақпараттарды қолайлы түрде қабылдау үшін женақтау нәтижелерін ресімдеу (статистикалық кистелерді, графиктерді құрастыру)
Деректерді топтастыру ( женақтаудың негізгі операциясы ) Таңдап алынған өлшемдеріне сәйкес бірдей жалпы белгілері мен ұқсас өлшемдері бар бірліктер жиынтықтарын өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай анықталған топтарға біріктіру. Топтау нәтижелері топтау кестелерінде ресімделеді
Топтау кестесі талдау логикасымен өзара байланысты бір немесе бірнеше белгісі бойынша зерттелетін жиынтықтың сандық сипатын көрсететін макеті.
Статистикалық кестелірдің топтары ( құрылымы на байланысты жататындар ) Жай немесе тізбекті топтық комбинациондық
Кестені құрастыру ережелері :
1. Кестенің ағымдағы нөмірі мен нақты орны мен уақыты көрсетілген атауы болуы тиіс
2. Кестеде артық желілер болмау керек, желілер бағандардың тақырыптарын, сандық деректерді анық бөліп көрсету керек.
3. Бағандардың тақырыптарында көрсеткіштердің атаулары, олардың өлшем бірліктері болуы тиіс 4. Қорытынды жол кистенің соңында орналасуы керек 5. Сандық деректер бір дәрежесімен жазылуға тиіс
6. Кестеде бос жасушалары болмау керек, егер деректер жоқ бокса, хорда «-» белгісін қояды, егер деректер белгісіз бокса, хорда «мәліметтер жоқ (МЖ) » деген жазу койылады, немесе («0») ноль саны қолданылуы мүмкін.
Статистикалық топтау әдісі
қарастыратын күрделі де, негізгі мәселелердің бірі алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша топтау белгілерін анықтау, яғни қанша топқа бөлу керек екендігін шешу және олардың көрсеткіштерін әрбір топ бойынша жеке қарастыру болып табылады. Сондықтан, топтал әдісін жүргізбес бұрын жалпы жиынтық бірліктерін сандық және сапалық белгілері бойынша ретке келтіріп, зерттелетін көрсеткіштердің мәні мен мақсатына және оның негізіне басым көңіл бөлінуі қажет. Себебі, топтал бөліктері неғұрлым көп болатын бокса, хорда женалған мәліметтер де соғұрлым дұрыс бөлінеді.
Бірақ, әрбір топтағы жиынтық көрсеткіштері ұсақталып кетеді де, оларды статистикалық кисте арқылы көрсету, талдау, қорытынды жасау кездерінде біршама қиыншылықтар кездесу мүмкін. Олай болса, топтау дәлдігіне аздап нұқсан келетініне қарамастан, қайткенде де үлкен топтар құруымызға тура келеді. Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Мұның барлығы топтау көрсеткіштерінің сандық және сапалық белгілеріне қатысты.
Статистикалық топтаудың түрлері Мәліметтерді жүйелеудің міндеттері бойынша Құбылыстардың әлеуметтік- экономикалық типтерін зерттеу Бір үлгідегі (типтік) Құбылыстар құрылымын және құрылымдық жылжуларды талдау,
- Құрылымдық топтауды ұйымдастыру әдістері бойынша Жекелеген белгілер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді анықтау
- Талдау тобы белгілерінің саны бойынша
-Жай Күрделі Комбинациялық
-Көп өлшемді пайдаланылатын ақпарат бойынша
-Атрибутивтік белгілер бойынша
-Сандық белгілер бойынша
-Топтық
-Интервалдық
Бір үлгідегі (типтік) топтастыру
Анықталған ережелерге сәйкес әр текті жиынтықтарды, әлеуметтік-экономикалық түрлеріне, жекелеген класстарға сапалы біртекті топтарға бөлуі негізінде жатыр. Бұндай топтастыру әр түрлі әлеуметтік - экономикалық жүйелерді анықтауға және оларды сипаттауға мүмкіндік береді. Жиынтықтың бірліктерінің анықталған белгі бойынша бөліну белгісі топтастыру белігісі немесе топтастыру негізі деп аталады. Белгі негіз жағдайы, орны немесе уақытына байланысты өзгеріс топтастыру белгісі Атрибутивтік белгі жиынтық бірлігінің қандай да бір қасиетін немесе жағдайын сипаттайды (меншік саны, салалық бағыныштылығы, аймақтық орналастырылуы, жынысы, ұлты, білім деңгейі және т. б. ) . Қасиеттер саны шектелген. Белгіде осы қасиеттің болуына байланысты топтар анықталады Сандық белгі өлшеу, есептеу нәтижесінде табылады және сандық түрінде көрсетіледі (тауарайналымының көлемі, қызметкерлер саны, еңбектік стаж, өндірістік немесе сауда алаңдары және т. б. ) . Белгінің басқа мәнге, құбылыстың басқа түріне ауысуына байланысты топтар анықталады
Құрылымдық топтастыру
- Топтарды бөлудің негізі - қандай да бір өзгермелі белгі бойынша жиынтықтың құрылым сипаттары Құрылымдық топтарды жүргізудің тәртібі төмендегідей: 1) топтаудың белгілерін анықтау; 2) топтау белгілеріне сайтт деңгей аралықтарын анықтау; 3) жиналған көрсеткіштерді топтарға және оның құрамдас бөліктеріне бөлу. Құрылымдық топтау статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған біртектес жиынтық бірліктерін қорытындылаудың аса маңызды түрі болып сана лады.
Факторлық топтастыру Құбылыстың бөлек белгілері арасындағы байланыс пен тәуелділікті зерттеу үшін негізі ретінде факторлық белгілер алынады. Айрылған топтарда нәтижелі белгілер көрсетіледі
Талдауда топтастырудың мысалы Өнімнің сапасы және жабдықтаушылармен сауда кәсіпорындар арасындағы келесімнің ұзақтығы жабдықтаушылар мен сауда кәсіпорындар арасындағы байланыстың ұзақтығы, жылдар Жабдықтаушылар саны, Қалыпсыз ақаұлы өнім, % Абсолюттік шама, Қорытындыға
Комбинациялық топтастырудың мысалы
Үшінші курс студенттерін үлестіру Оқу саны бойынша студеттер топтары Мамандықтар бойынша студенттер топтары Студенттер саны Соның ішінде қыздарұлдар Күндізгі бөлім Менеджмент Есеп және аудит Қорытынды Кешкі бөлім Менеджмент Есеп және аудит Экономика Қорытынды Барлығы
Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Мұның барлығы топтал көрсеткіштерінің сандық және сапалық белгілеріне қатысты. Егер топтал негізі сапалық белгілеріне қарай берілген бокса, хорда топтар саны сол белгілердің санина сәйкес келеді. Мысалы, халықтың жыныстық құрамы екі топқа - еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы - сол жерде қанша ұлт тұратын бокса, сонша топқа бөлінеді, т. с. с. Кейбір жағдайларда сапалық белгілер өздерінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшелінетін бокса, хорда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай тортық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі. Мысалы, экономика салаларының материалдық өндіріс және материалдық өндіріс емес өріске (сфераға) бөлінуін алуға болады.
Егер топтау негізінде сандық белгілер алынатын болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне (көлеміне) және олардың өзгермелілігіне байланысты болады. Сонымен, сипатталатын белгілер өздерінің өзгермелі сандық мәндеріне сәйкес бүтін және деңгей аралықты топтарға бөлінеді. Топтау кезіңде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін санды өзгермелі топтарға жатқызылады. Ал хордағы бөлініп алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі немесе отбасындағы баланың саны және т. б. Мұндай топтарды жүргізу жеңіл болады және сандық көрсеткіштері анық көрсетіледі.
Егер топтау белгілері бүтін санмен емес, деңгей аралықты санмен берілетін болса, онда оны деңгей аралықты топтау деп айтады. Деңгей аралықты топтауды жүргізбес бұрын, ең алдымен тортың саны мен деңгей аралығының шамасын анықтап алуымыз қажет. Мұны шешу үшін алға қойылған топтаудың мәні мен мақсатына, зерттеу затының (объектісінің) көлеміне, сандық көрсеткіштердің мөлшеріне қарауымыз керек. Статистикалық топтау кезінде әрбір топтың деңгей аралығының шамасы тұрақты, бірдей немесе тұрақсыз әр түрлі өзгермелі сандармен берілуі мүмкін. Егер топтау белгісінің сандық шамасьнда онша көп ауытқу болмаса, онда тұрақты деңгей аралықты топтау әдісін қолдануға болады.
Тұрақсыз деңгей аралықты шама үдемелі немесе кему бағытында болуы мүмкін, ал тұрақты деңгей аралықты шамада, шектік сандық көрсеткіштер барлық топтар үшін бірдей болады. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен және ең кіші сандық мәнінің шамасын анықтап алу қажет. Онда оның тұрақты шамасы мына формула бойынша анықталады: Xmax - Xmin, n i = мұнда i - деңгей аралығының тұрақты шамасы, Xmax және Xmin топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мәндерінің шамасы, n - топтың саны.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz