Көтеш ақын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Көтеш ақын
Өз заманында арқалы ақындардың бірі болған Көтеш(1745-1818) - қазіргі Павлодар обылысын,Баянауыл аймағында туып өскен. Сүйегі арғыннан, арғын ішіндегі Сүйіндіктен тарайтын Сексен ауылынан. Болашақ ақын бала кезінен - ақ атағы шығып, ауызға іліне бастайды. Оның алғаш көзге түсуі - Абылай хан алдында.Алғаш рет он жеті жасында, алауыздық желігімен Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлең арқылы шығады.Жарлы шаңырақта туған және өмір бойы жоқшылықтан құтыла алмаған Көтеш шығармаларындағы басты сарын - кедейшілік тақсыретін жыр ету,тұрмыста ұшырасатын әділетсіздіктерді әшкерлеу болды.Ақын туындыларынан ұшығы көрінетін тағдырға наразылық,кедейлікке налу сарындары - өз кезі үшін жаңалықты құбылыс еді.Өнерін саудаға салмаған Көтеш қартайған шағында ен далада кісі қолынан өледі.Бір деректердің айтуынша, ақын ажалы жолбарыс ұрылардан келеді, ал енді бір деректер қазаға ақын сынын кек тұтқан әлдебір сараң бай себеп болды деп көрсетеді. Енді Көтештің шығармаларының зерттелуіне келетін болсақ Көтеш өлеңдерін жиыстырған Мәшһүр - Жүсіптің айтуынша, бірде Абылай құныкер болып, қарашыларымен арасында үлкен дау шығады. Сонда ешкімге белгісіз бала жігіт Көтеш сөзге көлденеңнен араласып, өз руы атынан ханнан өлген кісісі үшін құн төлеуді, ал тұтқында отырған адамын босатуды талап етіп былдай дейді:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің!?
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне ақ орданың қол келтірдің!
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?
Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын - балаң!
Арғыннан тараған бес Мейрамнан ру намысын жоқтап, үш мыңдай адам атқа қонған екен. Абылай ұрысуға шыдамайды, өлген кісісінің құнын, оған қоса көп айып төлейді. Сөз себептен, салдардан барып туындайды. Он жеті жасар Көтештің араға киіп кетіп, Абылайдың айыбын бетіне басып айтуы жүрек жұтқандық әрекеті. Нағыз ақынның ары әділет қысым көре бастағанда шындық туын көтеріп шыға келеді. Көтештің ақындық алғашқы адымы, кім білсін, осы бетпе-беттен басталған шығар. Болады ертең жесір қатын-балаң! деуінде үлкен сілкіністің ізі бар. Қайқы қылышқа тоқтамаған ханның жүзін қайратты сөз қайтаратын кездері болған. Бұл қақтығыс та соның бірі болмасына кім кепіл.
Ханнан бақыт таярда,
Қараша жұртпен қас болар,
Байдан бақыт таярда,
Дәулетіне мас болар, -
деп, замандасы Шал ақын Көтешті кемелдендіріп, толықтыра түседі. Көтештің өмір сүрген дәуірін анықтауға себі тиерлік осы оқиғаның қай жылдары болғанын дөп басып айта қою қиын. Сөз жоқ айтылмыш дау Абылайдың ресми түрде үш алашқа әмірші деп жарияланып, билігі де, әскери қуаты да күшейген кезден (1771ж.) көп бұрын шыққан. Мәшһүр-Жүсіп баяндаған оқиғадағы бізге қажетті тағы бір дерек - бұл кезде Қаз дауысты Қазыбектің жоқтығы. Ханға қарсы аттанғандарды бастаушы оның ұлы Бекболат би болады. Ал Қазыбектің 1763 жылдар шамасында 97 жасында дүниеден өткені белгілі. Яғни айтылмыш оқиға 60-ншы жылдардың екінші жартысында болғандығы аңғарылады. Сонымен, жоғарыдағы деректерге сүйеніп Көтеш ақын 1745 жылдар шамасында туған деп айта аламыз. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Көтеш 73 жасында дүние салыпты. Енді бір деректерде басқа сан айтылады, бірақ олардан да ақынның қартайыңқыраған кезінде өлгендігі көрінеді. Халық жадында Көтеш жайында сақталған әңгімелердің бір алуаны - оның қазасы төңірегінде. Көтеш өлең айтып, ел аралап жүрген кезінде жапан түзде төрт ұрыға кез болады. Ұрылар аударып атын алып, енді өзін өлтіргелі жатқанда қарт ақынның:
Жолыңды айт, ей, төрт жігіт, ел болғайсың,
Төртеуің көк байталға тең болғайсың,
Кінәсі жоқ Көтешті тонап алып,
Айдабол мен Күлікке жем болғайсың , -
деген бір ауыз өлең айтуға шамасы келіпті. Кейін сексен елі Көтешке іздеу салады. Іздеушілер бір ауылда балалардың осы өлеңді айтып жүргенін естіп, сол арқылы айыпкерлерді табады. Көтештің руы ақындарының өлімі үшін құн даулап алыпты. Енді бір әңгіменің айтуынша, Көтеш айтысқа түсіп жүрген кезінде бір руды, оның басты адамдарын қатты сөгіп жамандаған екен. Кейін сол жаққа бара қалғанда, сол елдің байларының бірі ақынды ұстатып алып, өлімші қылып сабап, байлатып қойыпты. Көтештің қазасы осы жолы болған екен. Ақынның байлаулы тұрғанда айтқан өлеңі былай басталады екен:
Алдымнан алты пұшық анталады,
Тілге келмей біреуі балталады.
Осы аурудан сірә жан қалмас білем,
Балтасы тиген жері қанталады.. дейді.
Елінен шыққан іздеушілер Көтешті кімдер өлтіргенін осы өлең бойынша табады. Құн даулап, ердің өз басы жүз жылқы, өнері жүз жылқы деп екі жүз жылқы алыпты.
Сонымен, Көтештің өлімі хақындағы әңгімелер бір - ақ нәрсеге саяды, ол - ақынның кісі қолынан өлуі.
Көтеш - импровизатор. Халқымыздың әдеби мұралары жайында құнды еңбектер қалдырған А.Е.Алекторов өзінің бір мақаласында импровизаторлар жайында айта келіп, олардың ақындық қуатына, өлең шығарғыштық қабілетіне таңырқайды. Қазақ ақындары кез келген тақырыпқа, ешқандай алдын ала дайындықсыз, табан аузында өлең шығарып айта береді дейді ол. Ал профессор Е.Ысмайылов: Әр түрлі тақырыпқа бөгелместен, қолма - қол өлең-жыр айту - жүйрік ақынның бір белгісі. Қазақ ақындарының ежелгі салтында жылдам, бөгетсіз, тыңнан өлең шығарып айта білмегенді күшті ақын деп танымайтын, - деп жазады. Осы тұрғыдан алғанда,Көтеш - таза қазақ түсінігіндегі ақын және күшті ақын. Көтештің бізге жеткен өлеңдері түгелдей экспромтпен (дайын,әзір) айтылған шығармалар.
Көтеш - кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айтыс өнері
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жөніндегі сипаты
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
Доспамбет жыраудың толғаулары
Бұның сөз үлгісі, шығармасы - толғау
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz