Мартин Хайдеггер



Жалпы түсіндірме Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың (Беінг) мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы (Беінгс) ретіндегі жеке затты - субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы - танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. [2] Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс. [3] ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды. Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технология бойынан қарсы тұру қиын жойқын қатерді көрді. [4] Хайдеггердің пікірінше, өнер қай-қашанда техниканың қарсы жағы есептелді. Әсіресе Гельдерлин өлеңдеріне сүйеніп, жалаң Технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды. [5] Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі. Хайдеггер көптеген ойшылдарға ықпал етті. Олардың арасында Ганс Гадамер (Һанс-Георг Гадамер), Ханс Йонас (Һанс Жонас), Эммануил Левинас (Емманұел Левінас), Ханна Арендт (Һаннаһ Арендт), Ксавье Зубири (Хавіер Зұбірі), Карл Левит (Карл Лөуітһ), Морис Мерло-Понти (Маұріце Мерлеаұ-Понтy), Жан-Поль Сартр (Жеан-Паұл Сартре), Жак Деррида (Жацқұес Дерріда), Мишель Фуко (Міцһел Фоұцаұлт), Жан Люк Нанси (Жеан-Лұц Нанцy), Филипп Лаку-Лабарт (Пһіліппе Лацоұе-Лабартһе) қатарлылар Хайдеггер шығармаларын зерттеумен арнайы шұғылданған болатын. 1934 жылы нацистер тағайындаған ректорлықтан бас тартып, нацизмнен бойын аулаққа салғанымен, бәрібір 1933 жылы мамырдан 1945 жылы мамырға дейін неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының мүшесі болуы оның атына үлкен кір келтірді. [6] Оның өз сөзімен айтқанда бұл іс оның "өміріндегі ең сорақы ақымақтық" (діе грөßте Дұммһеіт сеінес Лебенс) есептеледі. [7] Оны ақтап сөйлеген Ханна Арендт секілді жақтастар оның нацистерді қолдауын "пенделік жеке қателік" ретінде философиясымен қатысы жоқ іс деп есептеді. [8] Ал, оған сын айтқан Эммануил Левинас[9] және Карл Левит[10] секілді оқушылары болса Хайдеггердің нацизммен байланысын кешіруге болмайтын моралдық қателік ретінде бағалап, бұл оның идеясының шикілігін көрсетеді деп есептеді. 1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол тіл мәселесіна барынша назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы - "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі. Хайдеггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны аялауға мән беруі керек. Ғұмырбаяны
Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.
1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде «Психологизмнің тұжырым ілімі» атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы «Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі» деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді[11] және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды. [12] [13]
Гуссерль
1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын. 1920 жылы қазанда Фрайбург университетіндегі сабақ сағаты жетіспеген соң Гуссерль Хайдеггерді Марбург мектебінің үлкен өкілі, Марбург университетіндегі Пауль Герхард Наторпқа таныстырады. Ол кезде Хайдеггер Гуссерль бас болып құрастырған «Философия және феноменологиялық зерттеу жылнамасының» ВЫЫ томында өзінің Аристотель туралы көлемді мақаласын басуға әзірленіп жатқан болатын. Ол 40 беттік қолжазбаны екі нұсқа етіп бастырып, біреуін Наторпқа жіберіп береді. Наторп қолжазбаны оқыған соң қатты таңырқап, жас философтың идеясына тәнті болады да, дереу Гуссерльге қабылдау туралы хабар жібереді.
1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын (тһе Һүтте) салдырып, [15] «Болмыс және уақытты» жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды. Теолог Рудольф Бультманн (Рұдолф Бұлтманн), Эрнст Фридлендер (Ернст Фріедләндер), Николай Гартман (Ніцолаі Һартманн), неокантшыл философ Пауль Наторп (Паұл Наторп) қатарлылар Хайдеггермен бірге жұмыс жасады. 1925 жылы жазда «Уақыт ұғымының тарихы» атты дәріс қолжазбасын таярлады. Бұл «Болмыс және уақыттың» алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиіс болатын. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында оқшау жатып «Уақыт ұғымының тарихы» дәріс қолжазбасын «Болмыс және уақыт» кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. Бұл мезгілде Гуссерль де Тодтнаубергке келіп, оның "дүниедегілік" ұғымын талқылаған екен. Келесі жылы ақпанда «Болмыс және уақыт» «Феноменология жылнамасының» ВЫЫЫ томына енді және жеке кітап болып та басылып шықты. Жарты жылдан кейін Берлиннен ресми профессорлыққа бекіту мәлімдемесі келіп жетті.
Мартин Хайдеггердің Месскирхтағы құлыптасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz