Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері


Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері.
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 791 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5945 болып енгізілді.
Бас мейірбике (басшының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары)
Лауазымдық міндеттері.
Орта және кіші медициналық қызметкерлердің еңбектерін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Орта медициналық қызметкердің дәрігер тағайындауларын орындауын ұйымдастырады және бақылайды. Жұмыс кестесін құруды және орындауды, емдеу-қорғау тәртібінің ережелерін, инфекциялық бақылауды, тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің қызметтік және лауазымдық міндеттерін әзірлеуді, таңу материалдарын, медикаменттерді, соның ішінде улы, наркотикалық, психотроптық заттарды уақытында босатуды, бөлуді және сақтауды жүзеге асырады, олардың шығыстарын есепке алады. Аурухана бөлімшелерінің санитариялық-гигиеналық жағдайын, үй-жайдың (әсіресе, инфекциялық) уақытында және сапалы залалсыздандырылуын бақылайды. Мейірбикелік қызметкердің медициналық құжаттаманы сапалы жүргізуін, бақылауды жүзеге асырады. Орта және кіші қызметкердің біліктілігін арттырудың болашақтағы және ағымдық жоспарларын әзірлейді, мейірбикенің (мейіриенің), акушерлердің кәсіптік қызметтерін бағалайды, оларды біліктілік санатын алу үшін аттестациялауға ұсынады. Халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіруге, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға байланысты ұсыныстарды жасайды. Есеп берудің ұсынылуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық және ұйымдастыру негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын. Біліктілікке қойылатын талаптар: "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімнің болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе: "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білімі болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе: "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің (академиялық бакалавриат) білімі болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе: "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және еңбек өтілінің талаптарынсыз магистр дәрежесінің болуы білімі болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы.
Кеңейтілген практика мейіргері
Лауазымдық міндеттері.
Мейіргерлік қарап-тексеруді жүзеге асырады, мейіргерлік диагноз қояды, пациент үшін мейіргерлік араласу жоспарын құрады, техникалық және кәсіптік білім деңгейіндегі мейіргерлердің мейіргерлік шараларын жүзеге асыруын бақылайды, жалпы практикадағы, терапиядағы, хирургиядағы, акушериядағы және гинекологиядағы, психиатриядағы, гериатриядағы, оңалтудағы, паллиативті күтімдегі және алғашқы медициналық-санитариялық және стационарлық деңгейлердегі денсаулық сақтау жүйесінің басқа да мамандандырылған салаларында тағайындалатын мейіргерлік араласу жоспарын бағалайды. Өз құзыреті шегінде анағұрлым кең тараған инфекциялық емес аурулары және тиісті респираторлық вирустық инфекциясы бар пациенттерді жеке қабылдауды жүзеге асырады. Пациентті/отбасын жалпы күтім процедураларына және ауруды басқаруға үйретеді және оны ұйымдастырады, жүзеге асырады, мониторинг жүргізеді және тиімділігін бақылайды. Жүкті әйелдерді бала туғаннан кейінгі әйелдерді, бір жасқа дейінгі балаларды, диспансерлік науқастар мен қарияларды үйде бақылауды жүзеге асырады. Денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы бойынша қызметті ұйымдастырады, техникалық және кәсіптік білім деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруын бақылайды, іс-шаралардың тиімділігін және нәтижелілігін бағалайды. Дәрілік заттардың, қанға арналған дәрі-дәрмектердің және қан алмастырғыштардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді. Мейіргерлердің дәргерлік тағайындауларды тиісті түрде орындауларын ұйымдастырады. Емдеу-алдын алу мекемелеріндегі мейіргерлік есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде төтенше жағдайларда, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Қауіпсіз ауруханалық ортаны және инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық этиканы, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Дәлелді мейіргерлік нұсқаулықтарды және хаттамаларды әзірлеуге қатысады. Мейіргерлердің, дәрігерлердің және денсаулық сақтау саласының басқа да қызметкерлерінің кәсіпаралық жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Мейіргер ісіндегі сапаны жақсарту бойынша ұйымдастыру саясатын және қызметті әзірлеуге қатысады. Электронды денсаулық сақтау жағдайында мейіргерлік құжаттамалардың ұйымдастырылуын бақылайды. Мыналарды: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі керек. Біліктілікке қойылатын талаптар: еңбек өтіліне қойылатын талаптарды есепке алмай "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің, "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білімінің болуы.
Аға мейірбике/мейірбике (аға фельдшер, аға акушер)
Лауазымдық міндеттері.
Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді, бөлімшедегі мүлік пен медициналық заттардың сақталуын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың уақытында жөнделуін, бөлімшедегі науқастардың тамақтануын ұйымдастырады, қатты әсер ететін, улы, наркотикалық, психотроптық медикаменттер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды, бөлімше қызметкерлерінің еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, асептика мен антисептика ережелерін сақтауын, орта медицина қызметкерлерінің дәрігер тағайындауын уақытында және нақты орындауын, жаңа түскен науқастарды санитариялық өңдеуді, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды, үй-жайдағы санитариялық-гигиеналық жағдайды жүзеге асырады. Емдеу-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі көмекті, сонымен бірге жүкті әйелдерге және нәрестелерге көрсетеді, дәрігерге хирургиялық манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жүктілер мен босанатындарға диспансеризациялау мен патронаж жүргізуді ұйымдастырады. Зертханалық зерттеуді, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды. "Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-диагностикалық ұйымды ұйымдастыру құрылымын, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын. Біліктілікке қойылатын талаптар. Бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің, мамандығы бойынша маман сертификатының немесе орта білімнен кейінгі ("Мейірбике ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат) немесе еңбек өтіліне талап қойылмайтын жоғары медициналық ("Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат) және орта біліктілік деңгейінің маман сертификатының болуы.
Учаскелік мейіргер / жалпы практика мейіргері
Лауазымдық міндеттері.
Кеңейтілген практика мейіргерінің не болмаса дәрігердің сырттай бақылауымен амбулаториялық қабылдауды жүргізеді және мейіргерлік күтімді жүзеге асырады, науқастың мейіргерлік көмекке (мейіргерлік диагноз) мұқтаждығын бағалайды, тексеру, емдеу, науқасты күту жоспарын құрады, емдеу жағдайының және тиімділігінің динамикасын бағалайды, динамика деректерін ауру тарихына тіркейді, пациенттерді күнделікті қарауды жүргізеді, науқастардың жағдайын бақылайды және деректерді кеңейтілген практика мейіргеріне және/немесе дәрігерге тапсырады. Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне науқастарды диспансерлеуді және үйде бақылауды ұйымдастыруға байланысты мәселелерде көмектеседі, өз құзыреті шегінде науқасты күтуді емдеу-профилактикалық ұйымдарда және үйде (патронаж) жүзеге асырады. Азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде төтенше жағдайларда, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, бөлімшедегі дәрілік заттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәрігердің тағайындауларын орындауды қамтамасыз етеді. Дәрігерге диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Науқастарға күтім жасауды, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияға түсіреді. Қарапайым физиотерапиялық процедураларды орындайды. Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтына қатысты мәселелерде көмектеседі, науқастар мен оның туыстарының арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, техникасын және санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтайды. "; Мыналарды: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі керек. Біліктілікке қойылатын талаптар: "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерия ісі", "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскендер үшін "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білімі немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маман сертификаты.
Мейіргер (мамандандырылған)
Лауазымдық міндеттері.
Кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің сырттай бақылауымен мейіргерлік күтімді жүзеге асырады, пациенттің мейіргерлік көмекке мұқтаждығын бағалайды, емдеу жағдайының, тиімділігінің динамикасын бағалайды, пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізеді және деректерді кеңейтілген практика мейіргеріне және/немесе дәрігерге тапсырады. Алғашқы медициналық көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативтік медициналық көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, медициналық аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Дәрігер тағайындауларын дұрыс орындауды қамтамасыз етеді. Дәрігерге диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Әртүрлі жастағы және әртүрлі патологиясы бар науқастарға күтім жасаудың бүкіл кешенді шараларын, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге, операциялық араласуға дайындайды, электрокардиограмма жасайды. Физиотерапиялық процедураларды орындайды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға арналған талаптарды ресімдейді, олардың пайдаланылуы мен сақталуын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарға арнайы күтім жасауды жүзеге асырады. Жараларды таңу және күту жұмыстарын орындайды. Дәрігерге және кеңейтілген практика мейіргеріне аурулардың профилактикасына және салауатты өмір салтына қатысты мәселелерде көмектеседі, халыққа салауатты өмір салтын насихаттайды және санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жұмысын жүргізеді. Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтайды. Мыналарды: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі керек. Біліктілікке қойылатын талаптар: "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерия ісі", тиісінше мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскендер үшін "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білімі немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маман сертификаты.
Емдәм мейірбикесі
Лауазымдық міндеттері.
Денсаулық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz