Дератизация. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардағы маңызы, рөлі, міндеттері. Кеміргіштердің санын төмендету бойынша іс-шаралар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министірлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина АкадемиясыАҚ
" Гигиена және эпидемиология " кафедрасы

Эссе

Тақырыбы: Дератизация.Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардағы маңызы, рөлі, міндеттері.Кеміргіштердің санын төмендету бойынша іс-шаралар.

Орындаған: Асан Р.
Тобы: В-ЖМҚБ-07-16
Қабылдаған: Серикпаева Т.Т

Шымкент 2020 ж.
Дератизация - кеміргіштерді жою. Rat -- кеміргіш des - теріс. Дератизация кең мағынада - эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті және экономикалық зиянкестік келтіретін кеміргіштерді жою.
Кеміргіштердің эпидемиологиялық және экономикалық маңызы. Кеміргіштердің індерінде қансору арқылы жұқпалы ауруларды таратушы бүрге, кене, масалар кеңінен таралған. Сарышұнақ, сұртышқандар шөлді аймақтарда оба ауруының табиғи ошағын сақтаушы және жылдан жылға ауруды таратушы болып келеді. Қара тышқандар кемелерде мекендеп оба ауруын порттан портқа таратады. Су тышқандары туляремия ауруының таратушысы, дала тышқандары Қырым геморрагиялық қызбасының таратушысы болып табылады. Сонымен қатар, кеміргіштер риккетсиоз, сальмонеллез, кенелік энцефалит, Ку қызбасы, түйнеме ауруларының таралуына қатысады. Дала тышқандары өніп келе жатқан бидайды, өсіп тұрған жеміс-жидектерді, қоймалардағы астықты жеп, ормандағы ағаштарды кеміріп, үйдегі заттарды бүлдіріп үлкен экономикалық зиян келтіреді. Кеміргіштердің 2800 жуық түрлері белгілі, жерде немесе суда тіршілік етеді, барлық континенттерде кездеседі, өте қомағай, тез көбееді және қоршаған ортаға тез бейімделеді. Адамның құрылыстарында қара, сұр және үй тышқандары мекендейді. Кеміргіштер аш болса 2-3 тәулікте, сусыз 2 тәулікте, аш және сусыз болса 25 сағатта өледі.
Кеміргіштерді алдын алу және жою шаралары. Алдын алу шараларының мақсаты кеміргіштерге баспана бермеу, тағамдарға жолатпау. Кеміргіштерге қарсы шаралар жүргізу, жою санитарлық және техникалық шаралардан құралады.
Санитарлық шаралар - тұрғын мекендердің аймағын және айналасын таза ұстау, қора, қойма, базар, тамақ өндірісінде, жануарлардың заттарын өңдеу мекемелерінде санитарлық жағдайды жақсарту, қадағалауды күшейту.
Кеміргіштерді суға жолатпау үшін су колонкаларын, канализация құдықтарын қатты жабу, қалдықтарды уақтылы шығару, қоқыс жинайтын темір жәшіктердің биіктігін 70см төмен жасамау керек. Асхана, азық-түлік дүкендерінде, ет, балық заводтарында тамақ өнімдеріне кеміргіштерді жолатпау. Қоймаларда қатарлар аралығы, қабырғадан қашықтығы 70см кем болмауы керек, еденнен 15 см биік решеткада сақталуы керек.
Техникалық шаралар: тұрғын үйлерге, өндірістік мекемелерге кеміргіштер кірмеуі үшін еденде тесіктер болмау керек, фундаменті 85см кем болмауы керек, желдетуге арналған тесіктерді торлау қажет.
Агротехникалық шаралар: егістік жерлерді тиімді жоспарлау, кепкен шөптерді құрту, бос жерлерді жырту, жайылым жерлерді жақсарту, астықты уақтылы және түгел жинап алу, астықты қоймаларда дұрыс сақтау.
Кеміргіштерді жою механикалық, химиялық және биологиялық әдістермен жасалады.
Механикалық әдісте кемірігіштерді арнайы құралдармен аулайды немесе улы жемді пайдаланады. Бұл құралдардың ішінде кеміргіштер өледі немесе аулап кейінен өлтіреді. Механикалық әдісті ашық ауада және бөлмеде қолдануға болады, адамға, малдарға зиянсыз, тиімділігін дәл анықтауға болады. Бұл әдісті кеміргіштерді жою үшін және олардың санын, түрін, таралуын анықтау үшін және бактериологиялық зерттеулер жасау үшін қолданады. Кемшілігі: аулау құралдарын қойып және оны үнемі бақылап тұру қажет, аулау құралдары шектеліп шығарылады, сондықтан химиялық әдіспен бірігіп жасау тиімді.
Кеміргіштерді жою үшін қақпан немесе бастырғыш қолданылады, онда пружина кеміргішті басып қалады, кейіннен оны тазалау керек. Пружеңкелі қақпанды тақтайға немесе қатты қалың тақтайға орнатады, ортасына 2 спиралды пружеңкені қояды, пружеңкенің ішкі жағын тақтайға бекітеді, сыртқы жағы төртбұрышты темірді басып тұрады, ортасындағы ілмекке улы жемді іледі. Үлкен қақпанның көлемі 20х10см, кіші қақпан - 12х6см. Универсалды қақпандар кеміргішті де, тышқанды да аулайды. Пластиналы қақпанда ілмектің орнына пластина орнатылған, бетіне май жағып қояды, өте сезімтал. Сеткалы, тірідей аулағыштың ұзындығы -- 7см, ені-10см, биіктігі-18см. Тақтайға тор орнатылады, бір жағындағы жылжымалы есік пружеңке арқылы ілмекпен қосылған, ілмек есіктен 5-7см қашықта қойылған. Кеміргіш сетка ішіне кіріп ілмектегі еліктіргішке (приманкаға) ұмтылғанда қақпан жабылып қалады. Тишлеев тышқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстанның кейбір облыстарындағы мал қораларында кезігетін кеміргіштердің түрлері
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Дератизациялық шаралар және родентицидтер
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Пәндер