Қазақстандағы автокөлік құрастыруы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

2020

Қазақстандағы автокөлік құрастыруы

Клычбаев Сабит

Мазмұны

Кіріспе3

Тарихы4

Маманадану және кезеңдері4

Қазақстанда құрастырылатын машиналар5

Kia, Chevrolet5

Skoda, Lada, Hyundai, Jac6

Peugeot7

Қорытынды8

Пайдаланылған әдебиеттер9

Кіріспе

Қазір зауыт Қазақстанның мұнай жөне газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жендеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жүмыскерлер қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру үлесі небөрі 3%-ды ғана құрайды. Сендер Қазақстанның түрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес екендігін түсінесіңдер. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр. Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық өлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті - ел ішіндегі көптеген әндірістердің дамуына жағдай туғызу (72-сурет) . Өзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік), Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады. Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады. 3. Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл - шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады.

Тарихы

Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп өкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), , аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені калыптаса бастады. 1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта калып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды. Бірақ кешеннін, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады. 1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады. Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер мен бөлшектер шығару жөне технологиялық түрлері бар. Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасайтын - тракторлар, станок жасайтын - станоктар, аспаптар жасау - аспаптар шығарады. Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт - тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды. Машина жасау зауыттары, кеп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды бөлшектер бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы - аккумуляторлар шығарады. Машина жасау зауыттарының үшінші бір түрі - технологиялық мамандану .

Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады . Бірінші кезең - құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі - бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу , ал үшіншісі - бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру . Егер зауыт ендірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл - технологиялық мамандану болып саналады. Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі белшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлык түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі. Сонымен, машина жасау кешені салааралык емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда алты автозауыт 9 әлемдік брендтің 50-ге жуық түрін құрастырады. Жеңіл санаттағы көліктерді - Қостанайдағы «Сарыарқа автопром» АҚ, Өскемендегі «Азия-авто» АҚ пен «Астана моторс» құрамына кіретін Қостанайдағы автоқұрастыру зауыты құрастырады. Соңғы жылдары көшелерде жүйіткіген жеңіл көліктің көпшілігі Made in Kazakhstan. Алайда көпшілік оны біле бермеуі мүмкін. Сонымен Қазақстанда қандай жеңіл көліктер құрастырылады?

KIA

Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі - «Азия-авто» KIA-ның 9 түрін құрастырады. Оның ішінде Picanto, Cerato, Cadenza, Optima, Stinger, Rio, Soul, Sorento, Sportаge секілді үлгілері бар. Соңғы үшеуі джип санатты. Бағалары 4, 7 теңгеден бастап, 17 млн теңгеге дейін. Ең арзаны - KIA Picanto-ның құны 4, 7 млн-нан басталады.

Chevrolet

«Азия-авто» Chevrolet-тің Captiva, Aveo, Tracker-ді, Сарыарқа автопром Niva-ны құрастырады. Қазақстандық Chevrolet-тердің бағасы 4, 9 млн теңгеден басталады. Бағасы мен деңгейі орташа болғандықтан халық арасында сұранысқа ие. Әсіресе Қазақстанның солтүстік бөлігінде Chevrolet-ті көп кездестіруге болады. Танымал автожурналист Джереми Кларксон бұл Chevrolet-ті ең нашар көліктер қатарына жатқызса да, оған біздің елде сұраныс жоқ емес.

Skoda

Бұл көлік моделінің Қазақстанда төрт түрі - Octavia, Rаpid, Superb, Kodiaq құрастырылады. Skoda Қазақстанда 1998 жылдан бастап сатыла бастады. Ал оны елімізде құрастыруға 2006 жылдың шілдесінде рұқсат берілді. Ал 2008 жылдың тамызында алғашқы Шкодалар зауыттан шыға бастады. «Азия-авто» компаниясы Skoda-ның жоғарыдағы үш түрін құрастырады. Орташа бағасы 5-9 млн теңге аралығында. Қазақстанға келген алғашқы көліктердің бірі болғандық ба, Шкода автосүйер қауым арасында өткен шақпен байланыстырылады.

Lada

«Азия-автоға» тиеселі тағы бір марка - Lada. Қазақстандықтардың көпшілігі авто сөзін Camry-ден кейін осы Lada-мен байланыстырады десек қателеспейміз. Қазақстандағы автокөліктер астанасы Өскемен қаласындағы зауытта жасалады. Мұнда Granta, Kalina, Largus, Vesta, Xray жалпы 7 түрі шығарылады. Ладалардың бағасы 2, 5 млн теңгеден басталады. Бағасы арзан болған соң соңғы 5 жылда Қазақстанда сатылым жағынан көш бастап келеді.

Hyundai

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үй нарығының даму жағдайы (Маңғыстау облысы материалында)
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстандық құнды қағаздардың салада қолданылмауы, соның ішінде кепілдік құнды қағаздардың болмауы
Қазақстан Республикасында тұрғын үй саласы нысандары құрылысының жобалық шешімдерінің тиімділігін бағалау
Жүктерді тасымалдау техгологиясы
Ұнды ыдыссыз тасымалдау
Жылжымалы құрамды таңдау
Қабырғалы панельдерді тасымалдау
Көліктегі сервистік қызметті жетілдіру
Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz