Философия мен дүниеге көзқарас: тәсілдердің көптүрлілігі мен адам өміріндегі рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған: Амалбаев Елдос Сембекұлы

Эссе

  • Философия және дүниеге көзқарас.
  • Философиямен айналысудың тәсілдерінің көптүрлілігі.
  • Философия және фәлсафа.
  • Философия және адам өмірі мен қоғамдағы философ.

Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің, бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың-сан сұрақтар өзі-өзіне қояды. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниеге көзқарасты құрайтын рухани құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге көзқарастық проблемаларды шешуде философияның атқарар рөлі орасан зор. Міне, сондықтан да философия дегеніміз не деген сұраққа дұрыс жауап беру үшін дүниеге көзқарас дегеннің не екенін аңықтап алу керек. Дүниеге көзқарас - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл-күй мен мақсат-мүдденің, үміт пен ниеттің т. б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас үғымдарының жиынтығы деп айтуға болады.

Дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы болып табылады. Ал осы дүниеге көзқарастың өзегі білім болғандықтан, білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, жүйелілігі мен дәлелділігіне қарай ол күнделікті-практикалық және теориялық болып бөлінеді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниеге көзқарастық ой-пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда да үлкен рөл атқарып келеді. Күнделікті практикалық дүниеге көзқарас біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын адамдар да білімі, ақыл-ойы мен рухани мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі болып келеді. Оның құрамында сананың қарапайым, тұрпайы, тоғышар формаларынан бастап, ғалымдардың, өнер иелері мен саяси қайраткерлердің т. б. озат ой-пікірлері болады. Дүниеге көзқарастың теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен, ғылыми негізделіп, дәлелденген болып табылады.

Философияның тәсілдері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Ең негізгісі диалектикалық және метафизикалық. Философия ғылымының негізгі тәсілдері:

Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады. Диалектика - заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі.

Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады. Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т. б. Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.

Софистика - айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.

Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:

• материализм;

• идеализм

• эмпиризм

• рациионализм

Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.

Идеалистік әдістің мәні - керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.

Эмпиризм - көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.

Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні мен дүниеге көзқарас: негізгі мәселелер және адам проблемасы
Философия және оның адам мен қоғам өміріндегі рөлі
Философия және оның қоғам мен адам өміріндегі рөлі
Философия: адам мен қоғам өміріндегі рөлі, пәні және әдістері
Философия: дүниеге көзқарас және ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция мен Орта ғасыр философиясы
Философия пәні және оның қызметі: дүниеге көзқарас, тарихы және негізгі бағыттары
Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі мен маңызы
Болмыс: дүниеге көзқарас және методологиялық мәселе
Философияның пәні мен әдістері: дүниеге көзқарас, тарихи даму және функциялары
Дүниеге көзқарас түрлері, ежелгі Қытай философиясы, философиядағы адам мәселесі, гносеология, эпистемология және диалектика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz