Тұлға таным субъектісі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мамандық«6В03107- ПСИХОЛОГИЯ»

« №1 модуль «PРRA 2402»

2 ОПС «Түйсіну, қабылдау және зейін психологиясы»

пәні бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер

І-блок. Тұлға таным субъектісі ретінде

1-модуль.

Танымдық психологиялық зерттеулердің ерекшеліктері

1-дәріс. Танымдық процестер психологиясына кіріспе.

Сезімдік танымдық сатылардың негізін құрайтын түйсіну мен қабылдау психикалық процестерін оқып-үйрену аса маңызды мәселелердің бірі. Түйсіну актілері арқылы адамның қоршаған ортамен байланысы орнайды, «сыртқы әлем энергиясы сана актісіне өтеді».

Түйсіну бейнелері реттеуші, танымдық және эмоциялық функцияларды орындайды. Бейнелер - ол сигнал, өзінің биологиялық және әлеуметтік мәні бар, тітіркендіргіштің жақындағанын немесе одан кеткеніне байланысты туындайтын реакцияларды, сигналдардың (стимул) траекториясын, күшін, қозғалыс жылдамдығын, кеңістікті локализациясын анықтайды.

Бейнелердің онтологиялық тұтастығы обьективті болмыстың заттылығымен, психофизиологиялық тұрғыдан сыртқы дистантты анализаторларды танымдық комплекстерге біріктіретін қозғалыстың өзара әрекетімен, физиологиялық (организм деңгейінде) және психологиялық (жеке адам деңгейінде) белсенділікпен, танымға бағыттылықпен, детерминацияланған.

Психиканың негізгі функциялары: мінез-құлық пен іс-әрекетті бейнелеу және регуляциялау болып табылады. Психиканың көрінуінің негізгі формалары мен олардың өзара байланысы: процесстер, тұлғаның қасиеттері мен күйлері. Танымдық психикалық процестердің процестердің негізгі түрлері: түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сөз

Философия оны ғылыми және гносеологиялық тұрғыдан басым талдайды. XIX ғасырдағы сезім органдарының классикалық физиологиясы көптеген ғылыми және фундаменталды мәліметтер мен заңдылықтарды ашты. Қазір түйсінудің рефлекторлық теориялық концепциясы жайлы ілімі дамыды.

Кейде оны түйсінудің рецепторлық концепциясы деп атайды және И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ілімдеріне сүйеніп, рефлекторлық концепциясына қарсы қояды.

Түйсінудің рецепторлық концепциясы И. Мюллердің «сезім органдарының арнайы энергиясы» деген принципіне қатысты туындады. Ол өзінің «Адам физиологиясы курсы» деген еңбегінде бұл принципті былай тұжырымдайды: «Сыртқы принциптермен шақырылған түйсінулерді ала алмаймыз, ол себептерсіз-ақ сезгіш нервтермен шақырылады.

Бір ғана сыртқы себеп - олардың табиғатына байланысты әр түрлі сезім органдарында әр түрлі түйсіну туғызады. Әрбір сезгіш нервке тән түйсіну көптеген ішкі, сыртқы әсерлермен де шақырылуы мүмкін. Түйсіну санаға сыртқы дененің күйі, сапасы ретінде беріледі, әр түрлі сезгіш нервтер үшін әр түрлі болып келеді».

Міне, осы тезистерден И. Мюллер гносеологиялық қорытынды жасайды: «түйсіну әсер ететін заттардың сапасы жайлы білімдерді бермейді, себебі ол сол сезгіш нервтерге ғана сәйкес келеді. Организмнің ортаға бейімделуін қамти отырып, сезім органдары өз функциясын адал орындайды, егер де ол оның обьективті қасиеттерін шын бейнелесе».

Сөйтіп «сезім органдарының айырықша энергиясы» «арнайы энергиялардың органы» принципі деп қайта ұғынылады. Мюллер бойынша, түйсіну тітіркендіргіштің табиғатына емес, тітіркену процесі өтетін органға немесе нервке байланысты және оның арнайы энергиясы болып табылады. Мюллердің принциптерін талдау, сынау жайлы талдаулар толық семинар сабағында қаралады.

Түйсіну түрлерінің ішінде иіс пен дәм айыру түйсінулері адамның таным процесінде де, психикалық әрекеттерінде де ерекше елеулі орын алмайды. Иіскеу түйсінуі басқа түйсінулердей толық зерттелмеген, сондықтан оларды жіктеп, түрлерін ажырату да қиын. Заттардың өзгеше тән иістері болатындықтан, иісті сол заттардың иістеріне ұқсатып ажыратады.

Дәм айыру түйсінуі иіс түйсінуі сияқты заттардың химиялық қасиеттердің әсерінен пайда болады. Егер иіскеу газ тәрізді заттардың әсерінен пайда болса, дәм айыру еріген заттардың әсерінен пайда болады. Дәм айру түйсінуі түрлі тітіркендіргіштердің тілдің бетіндегі және таңдай мен өңештегі дәм түйіршіктеріне әсер етіп, оларды қоздырудың нәтижесінен туады.

Ал есіту түйсінулері адамның таным процесінде, оның барлық психикалық іс-әрекетінде үлкен орын алады. Есіту түйсіну дыбыс толқындарының рецепторға әсер етуінен пайда болады.

Егер бір дәрежелі дыбыс жеке-жеке дыбыстарға теңелмесе, онда ол сапалы үн болып естіледі. Қосылушы дыбыстардың тебелісі біріне-бірі жақын болса, олардың үндесуі де үйлесімді болады. Үйдесудің үйлесімдігі қаншалықты жақын болса, оны консонанс дейді. Ал үйлесілімділігі қаншама алыс болса, оны диссонанс дейді.

Көру түйсінуінің әлемді танудағы рөлі аса зор. Көру заттардың нағыз шынайы бейнесін нақты бейнелейді. Мұнда сезімдік жетілу басым. Көру түйсінуі көзге жарықтың әсер етуінен туындайды. Жарық толқындарының ұзындығы. Тербеліс саны неғұрлым көп болса, соғұрлым толқындардың ұзындығы аз болады және керісінше.

Жарық толқындарының ұзындығы түстер тонын шарттандырады. Жарық толқындары әртүрлі ажыратылады, тербелістерінің амплитудасы болады, яғни олардың энергиясы, ол түстің жарықтығын анықтайды. Жарық толқындарының формалары болады, ол жарықтың қанықтығын шарттандырады.

Жарықтардың жұтылуы екі түрлі болады: таңдамалы және таңдамалы емес жұтылулар. Өзіне түскен сәуленің санына қарай олардың жұтылуына сандық қатынасы жұтылу коэффициенті деп аталады. Егер де түскен жарықты мүлдем бейнелемесе, онда жазықтық қара түсті береді.

Ал жазықтықтың барлық жағы түскен сәулемен толық бейнеленсе, ақ түсті береді. Түстер жазықтығы әртүрлі ұзындықтағы толқындарды бейнелейді. Сондықтан да әрбір түстер жызықтығы өзінің бейнелеу спектріне ие.

Сыртқы ортаның әртүрлі әсерлері адам миына әсер етіп, онда әртүрлі психикалық функциялар ретінде бейнеленеді. Таным процесінде түйсіну - психикалық функциялардың бастапқы және ең төменгі сатысында тұрады.

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар адамға әсер етеді, санада бейнелерді қалыптастырады.

Адам дүниені, заттарды санасында бейнелеу арқылы таниды.

Түйсіну қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің санамызда бейнеленудің нәтижесін беретін психикалық іс-әрекет болып табылады. Түйсіну барлық таным процестерінің қайнар көзі деп айтуға болады.

Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтарына, сипаттамасы мен заңдылықтарына келетін болсақ екі негізгі нәрсені ескеру қажет:

тітіркендіргіштердің физикалық сипаттамасы, яғни түйсінуді тудыратын адамның сезім мүшелеріне әсер етуші сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың сипаттамасы;

түйсінулер пайда болатын сезім мүшелерінің сипаттамасы.

Тітіркендіргіштерді, қабылдайтын мүшелерді саңылау, яғни рецептор дейді. Рецепторлардың негізгі үш түрін ажыратуға болады. Олар:

экстероцепторлар, сыртқы тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайлайтын сезім мүшелерінің ең сыртқы бетінде, я соған таяу жерлерде тұрған саңылаулар;

интероцепторлар организмнің ішкі мүшелерінен шығатын тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайланған сезім мүшелердің бетінде болатын саңылаулар. Бұларды органикалық түйсінулер деп те атайды;

проприоцепторлар дене мүшелерінің қозғалысын, денені тендікке ұстауды қабылдайтын мүшелердің астарында жатқан саңылаулар.

Қабылдаудың сезімдік бейнелері елестер туралы сипаттама. Елестер және ес процесі. Елестердің ассоциациялары. Сана құрылымындағы елестер. Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер және бейнелі елестер. Елестердің түйсінумен, қабылдаумен байланысы. Елестерді ойлаумен байланысы. Елестердің қасиеттері. Уақыт және елестету.

Қабылдау және елес.

Бұрынғы тәжірибеге адамның жағдайын Хольт өз зерттеулерінде қарастырды. Ол ұйқы шақыратын кездегі адамның түрлі елестерді елестетуі туралы айтты.

Бір адам төсекте жатыр, бөлме қараңғы ештеңе көрінбейді, бірақ ол көзін жұмып жатып көп нәрселерді көре алады. Оның көз алдына түрлі геомет - қ фигуралардың әлсіз көрінетін обьектілердің біресе жанып, біресе сөніп бара жатқандығы елестейді.

Осы көргендері кенет өзгеріп, анық бейне көре бастайды, ол жануардың басы секілді көрінеді. Ол осыдан соң оны қоршаған әлемнен бөлек, қараңғы әлем ішіне кіреді.

Сіз психологсыз; мынау өңдеуге арналған материал, бұл сенсорлық изаляция экспериментінің нәтижесі ме?

Егер сіз осы адамдардың бірі болсаңыз, бұл жай ғана ұйықтар алдындағы адамның суреттелуі дейтін едіңіз.

Алайда ме ойлаймын біздің ешқайсымыз бұл жағдайды бастан өткізген жоқпыз.

Зерттеушілердің көбі жұмыс барысында гипиогогикалық оброздарды түсіндіре алмады.

Мен бұл тақырыпқа сенсорлық изоляцияның таным процестерге әсерін зерттегенде жолықтым.

Бұл зерттеуді әріптесім Голберген екеуіміз жасадық. Бұл жұмыс негізінен "голлюциназия " туралы эксперименттік шарттарға байланысты жасаған. Ол қазіргі кезде "сенсорлық ашығу" деген атпен белгілі екенін көріп таң қалдық.

Мен өз пікірімді дәлелдеу үшін қызықты фактілердің ішінен бейнелі құбылыстарды таңдауым керек болды. Мен осы жерден бейнеден кейінгі, қаб - нан кейінгі жағдай, күнделікті көрудің иллюзиясымен елестету алып тастау керек болды.

Елестердің түрлері. Түйсіну мен қабылдау негізінде туындайтын елестер. Эйдетизм. Теориялық ойлау және елестер. Қимыл елестері. Қиял және елестер. Эйдетикалық бейнелер. Бейнеден кейінгі елестер. Галлюцинация және иллюзиялар.

Сезімдік танымдық сатылардың негізін құрайтын түйсіну мен қабылдау психикалық процестерін оқып-үйрену аса маңызды мәселелердің бірі. Түйсіну актілері арқылы адамның қоршаған ортамен байланысы орнайды, «сыртқы әлем энергиясы сана актісіне өтеді».

Түйсіну бейнелері реттеуші, танымдық және эмоциялық функцияларды орындайды. Бейнелер - ол сигнал, өзінің биологиялық және әлеуметтік мәні бар, тітіркендіргіштің жақындағанын немесе одан кеткеніне байланысты туындайтын реакцияларды, сигналдардың (стимул) траекториясын, күшін, қозғалыс жылдамдығын, кеңістікті локализациясын анықтайды.

Бейнелердің онтологиялық тұтастығы обьективті болмыстың заттылығымен, психофизиологиялық тұрғыдан сыртқы дистантты анализаторларды танымдық комплекстерге біріктіретін қозғалыстың өзара әрекетімен, физиологиялық (организм деңгейінде) және психологиялық (жеке адам деңгейінде) белсенділікпен, танымға бағыттылықпен, детерминацияланған.

2-дәріс. Түйсіну-психикалық процесс ретінде

Түйсіну тітіркендіргіш әрекетінің басталуымен бірдей туындамайды және бірдей жоғалмайды, түйсінудің инерциясы осы салдар мен латентті кезеңде пайда болады.

Түйсінуде бірізділік бар, бірізділік бейнелер екеу: жағымды бірізді бейне - алғашқы тітіркенуге тән, әрекет етуші тітіркендіргіш сапасы сияқты тітіркендіргіштің іздерін, сақтайды; жағымсыз бірізді бейне - әрекет етуші тітіркендіргішке қарсы түйсіну сапасының пайда болуы. Мысалы: жарық-қараңғы, ауыр-жеңіл. Сезгіштіктің екі түрі болады: абсолютті сезгіштік және айыру сезгіштігі.

Түйсінулердің классификациясына тоқталамыз. Түйсіну рецепторға сәйкес физикалық тітіркендіргіштердің әрекеті нәтижесінде пайда болады, онда түйсінудің алғашқы классификациясы рецепторға, сол берілген сапаға немесе «модалдылыққа» байланысты болады.

Түйсінудің негізгі түрлері - тері, тиісу мен қысым, иіс, температура, ауру, сипау, дәм, көру, есту, жағдай мен қозғалыс (статикалық және кинестикалық) және органикалық түйсінулер (ашығу, шөлдеу, жыныстық, ауыру, ішкі органдар түйсінулері) . Түйсінудің әртүрлі модалдылығы эволюция процесінде құрылады.

Қазір сезгіштіктің интермодалды түрлері әлі толық зерттелінген жоқ. Мысалы, вибрациялық сезгіштік (тактилді-моторлы сфераны есту сферасымен байланыстырады, генетикалық жоспарда (Ч. Дарвин) сипау түйсінуінен есту түйсінуіне өтпелі формасы болып табылады.

Вибрациялық сезім - қозғалған денеге байланысты шақырылған ауа тербелісіне деген сезгіштік. Оның физиологиялық негізі әлі ашылған жоқ. Кейбір зерттеулер оны терімен емес сүйекпен қарастырады (М. фон Фрей), басқалары оны тактилді-тері түйсінуімен түсіндіреді (В. М. Бехтерев, Л. С. Минор) .

Вибрациялық сезім тактилді және есту сезгіштігінің арасындағы аралық, өтпелі форма, ол есту мен көру зақымданғанда қатты жұмыс жасайды.

Тітіркендіргіштердің қасиеті бойынша механикалық сезгіштікке сипап сезу түйсінуі қосылады, кинестетикалық, оған жақыны акустикалық (қатты дененің тербелісімен шарттанған), химиялық оған иіс пен дәм түйсінуін жатқызады, термикалық және оптикалық сезгіштіктер деп бөлінеді. Рецепторлар орналасуы бойынша үшке бөлінеді: интерорецептор, проприорецептор, экстерорецепторлар.

Соған сәйкес интеро-, пропио-, экстерорецептивті сезгіштік деп бөлінеді. Генетикалық жоспарда эксперимент жолымен алынған тағы басқа түрлері бар (Г. Хэд) : протопатикалық сезгіштік - неғұрлым көбірек жабайы және аффективті болған сайын, соғұрлым аз дифференциалданады және локализацияланады; эпикритикалық сезгіштік - жұқа дифференциалданған, обьективтіленген және рационалды, осы екінші сезгіштік біріншіні қадағалайды (протопатикалық сезгіштік таламуста, эпикритикалық ми қабықтарында болады) .

Сезгіштік проблемасы алғашында психофизиологияда жасалды. Кейін ғана психологиялық сипат алды. Адам психологиясы сезім органдарын емес адамның сезгіштігін зерттейді. Түйсінудің нақты процесі индивидтің индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты - қабылдау, әсерлену, яғни темперамент қасиеттерінен байланысты.

Эволюциялық және генетикалық ықпалдарды зерттей отырып, түйсінудің функционалды дамуын да зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Яғни, сыртқы факторлардың әсерінен туындаған түйсіну табалдырықтарына байланысты эксперименттік зерттеулер, соның ішінде сезім органдарын бұрмалайтын жасанды шартты кіргізіп, түйсінуді өзгерту жайлы тәжірибелер (М. Страттон тәжірибелері, И. Келердің кейінгі жұмыстары) .

Осы жағдайда өткен түйсінудің қайта жасалуы түйсінуді дұрыстауға итермелейді, яғни қоршаған әлем заттарымен практикалық байланыс тәжірибелеріне адекваттылықты орнату жайлы сөз болып отыр. Түйсінулердің өзара әрекеті жайлы зерттеулерге 1930 жылдан бастап назар аударылды (С. В. Кравков) .

Түйсінудің ескі теориясын жеңуде сезім органдарының өзара әрекеті жайлы жағдайлар эксперимент жүзінде бекітілді. Түйсінудің табиғатын материалистік бағытта түсіну оның эффекторлық процестердің туындауымен байланысты болды (праксикалық рецепторлар) .

Түйсінуде жауап реакция болмаса, психикалық құбылыс ретінде бола алмайды, мысалы қимылсыз қол астереогностикалы болып табылады. Түйсінудің рецепторлы теориясының эмпирикалық негізін бұзудағы (И. Мюллер, Гельмгольц, психофизиктер) тағы бір бағыт - И. М. Сеченов және И. П. Павловтың идеялары.

Енді қысқаша түйсінудің пайда болу мәселелеріне тоқталайық. Организмнің қоршаған ортамен өзара әрекет процесінде сыртқы өзара әрекетте ішкі қатынастар мен организм күйінің даму процестері де өтеді, өзінің биологиялық заңдылығы бойынша «проталлаксикалық» өзгерістеріне (А. Н. Северцов) байланысты органдардың екіншілей функционалды «коадаптациясымен» байланысты болады.

Ал біріншілейге экстра сезгіштікті, яғни организмнің ортамен өзара әрекетін жатқызамыз. Сондықтан да сыртқы обьективті болмысты бейнелейтін психиканың элементар формасы түйсіну деп, психиканың пайда болуы жайлы нақты мәселені қарастырамыз, «түйсіну қабілеті» немесе сезгіштік, оның пайда болуы жайлы зерттейміз.

Сезгіштікті психиканың элементар формасы деген критерийін қарағанда оның субьективті емес обьективті критерийін табу керек. Р. Иеркстің концепсиясына ораламыз, зоопсихологияда сезгіштіктің обьективті критерийінің екі типін көрсетеді. Олар жануар мінез-құлқында жатқан функционалды критерийлер.

Қозғалғыштық сезгіштіктің критерийі бола алмайды. Кейбір зерттеушілер қозғалыс жануардың тәжірибесімен байланысты дейді (Ж. Бон), егер де жануар өз қозғалысында есті (жады) көрсе, онда ол қозғалыстар сезгіштікпен байланысты.

Бірақ бұл гипотеза көптеген қиындықтар туғызады. Ол мнемикалық функциямен байланысты (Э. Геринг, Р. Семон) . Сондықтан да тітіркендіргіш пен сезгіштік процестерін айыра білу керек. Бірақ бұл айырмашылықты зерттеу, дәлелдеу физиология үшін өте қиын.

Яғни түйсіну органдары мен тітіркендіру беретін органдарды ажырата білу керек, олар түйсіну органдарына жатпайды. Физиологияда екі термин пайда болды - сезгіштік ұғымы (sensibilitas) және тітіркендіргіш (irribilitas) ұғымы (А. фон Галлер) . Сөйтіп кейбір авторлар үшін тітіркендіргіш пен сезгіштіктің айырмасы жайлы пікір субьективті болып табылады.

Психика (түйсіну) тіршіліктің күрделену өнімі, ол заңды дамиды, организм обьективті болмысты қарапайым түйсінулер түрінде бейнелеуге қабілетті болуы керек.

Тітіркендіргіштің жаңа формасы жоғарғы ұйымдасқан тіршілік иелеріне тән, онда биологиялық жағымды рөл атқарады, тіршілікті ұстап тұруға бағытталған организмнің іс-әрекетімен жанамаланады. Ол сезгіштік функциясы болып табылады, яғни түйсіну қабілеті, организмді ортада бағдарлайды.

Сезгіштікті дамудың жоғарғы сатысында қарастырғанда мына бір негізгі жағдайды ескеру керек. Организмнің ортамен өзара байланысында тікелей ассимилятивті процестерді анықтайды, организмнің ішкі ортасы және оның сыртқы ортасы деген жағдайды бөліп көрсетеді.

Сондықтан да дамудың жоғарғы сатысында көптеген қатынастар ішкі және сыртқы орталарды байланыстырады, организм тіршілігінің жанамалаушы негізгі процестері (ассимиляция) сезгіштік құбылысымен байланысты болған сайын көп қырлы және дифференциалды сипатқа ие бола түседі.

Түйсіну объективті әлемнің жеке қасиеттерін бейнелейтін процесс ретінде, сыртқы орта ретінде, рецепторларға (сезім мүшелері) тікелей әсер етуден туындайтын меншікті организм ретінде, сыртқы ортаға бейімделу үшін іс-әрекет пен мінез-құлықты регуляцяилаушы ретінде. Түйсінулердің функциялары:сигналды, бейнелеуші, регулятивті Л. М. Веккердің информациялық теориясы. Түйсінудің кеңістікті-уақыт сипаттамасы. Түйсіну парциалды метрикалық инвариант ретінде.

3-дәріс. Сенсорлық процестердің психофизикасы

мен психофизиологиясы

Анализатор анатомиялық құрылымдардың күрделі комплексі ретінде. Рецептор, өткізгіш жолдар, анализатордың ми кабығы бөліктері. Рефлекторлық доға мен рефлекторлық сакина ұғымдары. Пенфилд бойынша түйсінулердің ми локализацяисы. Абсолютті және салыстырмалы табалдырық. Табалдырық пен сезгіштіктің арақатынасы. Психофизика және табалдырық проблемасы. Психофизика заңдары ( (Вебера-Фехнера, Стивенса) . Адаптация және сенсибилизация. Синестезия. Контраст құбылысы. Субсенсорлық құбылыс.

Психофизиканың пәні мен міндетін тұжырымдау. Түйсіну табалдырықтары мен сезгіштікті өлшеу. Субсенсорлы диапазон. Сигналдарды табу теориясы. Сигналдарды табу теориясында табалдырық ұғымын сынау. Көру қабылдауындағы Фурье-анализ.

Фурье-анализдің зерттеу пәні-қабылдау феномендері, осы теорияның негізгі ұғымдары-психофизикалық оператор, Фурье қатарлары, сызықтық операторлар, беруші функциялар.

Психофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы. Стимуляция жайлы түсінік. Бір өлшемді шкалалау. Көп өлшемді шкалалау әдісі. Қабылдауды зерттеуге көп өлшемді шкалалауды қолдану. Субсенсорлық диапозон. Табалдырықты өлшеу әдістері. Бугер-Вевер заңы. Фехнер постулаты. Фехнер заңының қорытындысы. С. Стивенстің психофизикасы.

Стивенстің Фехнер концепциясын сынауы (түйсінуді тура өлшеу мүмкін еместігі жайлы) . Тура шкалалау әдісі. Стивенс заңының қорытындысы. Сигналдарды табу теориясы.

Түйсінудің негізгі қасиеттері - сапасы, интенсивтілігі, ұзақтығы және кеңістікті локализациясы, түйсінудің абсолютті және салыстырмалы табалдырықтары (бұлардың мазмұны семинарда талданады) . Түйсінудің қасиетіне оның салдар және латентті кезең сияқты қасиеттерін айтуға болады.

Психофизика элементтері - түйсінудің сыртқы тітіркендіргішке тәуелділігін анықтайды. Оның негізін Э. Вебер және Г. Фехнер салды (Психофизика элементтері, 1859) .

Психофизиканың негізгі мәселесі - табалдырық жайлы мәселе. Абсолютті түйсіну және айыру табалдырықтары деп бөлінеді. Психофизика бойынша барлық тітіркендіргіш түйсіну туғызбайды. Әлсіз тітіркендіргіштен түйсіну тумайды.

Түйсіну туу үшін тітіркендіргіштің сол минималды интенсивтілігі болу керек, тітіркендіргіштің сол минималды интенсивтілігі төменгі абсолютті табалдырық деп атайды. Төменгі табалдырық сезгіштіктің сандық сипаттамасын береді: рецептор сезгіштігі табалдырықтың шамасына кері пропорционал:

Е=1/Р

Е - сезгіштік, Р - тітіркендіргіштің табалдырық шамасы. Жоғарғы абсолютті табалдырық-сол сападағы түйсінуге мүмкін деген максималды интенсивтілік.

Түйсінулердің айырмашылығын көрсету үшін екі тітіркендіргіштің интенсивтіліктерінің арасында белгілі бір қатынасты талап етеді. Ол Вебер заңдылығы деп аталады.

Негізгі тітіркендіргіштерге қатысты қосымша тітіркендіргіштердің қатынасы үнемі тұрақты:

Е=Р/∆ р; ∆ р/Р=К

Мұнда: Е - айыру сезгіштігінің көрсеткіші, Р - алғашқы фактор, тітіркендіргіш, ал ∆ р - алғашқы сезгіштікке қосылған шама, К - рецепторға қатысты тұрақты шама.

Бірақ Вебер заңдылығы барлық айыру түйсінулердің бәріне бірдей жарай бермейді. Фехнер өзгергіш шамалардың екі қатарын жасады: тітіркендіргіштер шамасы және оларға сәйкес түйсінулер шамасы. Түйсінулер арифметикалық прогрессиямен, тітіркендіргіштер геометриялық прогрессиямен өседі.

Түйсіну интенсивтілігінің тітіркендіргіш интенсивтілігіне тәуелділігі Вебер-Фехнер психофизикалық заңдылығы деп аталады. Бұл заңды сезім органдарының қолдануға жарамайды. Г. Гельмгольц (кейін П. П. Лазарев бекітті), Вебер-Фехнердің алғашқы тұжырымдамасын өзгертті, яғни тітіркендіргіш құбылыстарын басқару, бірақ сезгіштіктің көп қырлы қасиетін толық аша алмайды.

Сезгіштіктің ылғи да өзгеріп отыратындығы көп айтылады (А. И. Богословский, К. Х. Кекчеев) . Б. М. Теплов өте ұзақ емес жаттығулар барысында биіктіктің айыру табалдырығының тез төмендегенін анықтады. Психология бойынша тек тітіркендіргішпен ғана емес, затпен, органмен ғана емес, адаммен қатысты зерттеулер негізгі болып саналады.

Табалдырықтарды анықтау үшін психофизикада бірнеше әдістер жасалған:

Г. Э. Мюллер (1860) :

а) ішкі бағдарлану әдісі (Фехнер бойынша орташа қате әдісі) ;

ә) шекара әдісі (Вундт бойынша минималды өзгерістер әдісі) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама
Таным түрлерi
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Философия тарихындағы адамның негізгі бейнелері
Есiнiң дұрыстығы мен дұрыс еместiгi
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Тұлғаның психикалық дамуы
Қарама қайшылық педогогикалық процестің қозғаушы күші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz