Әлеуметтік шиеленістер


СӨЖ
Орындаған: Хамилов А. А.
Мамандығы: ВТиПО-19-2к
Тексерген: Жампетова А. О.
Алматы-2020
Әлеуметтік шиеленістер
1. Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.
2. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар.
3. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.
«Жанжал» (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда «қақтығыс» дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э. Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал «қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары» немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді. Философияда жанжал - бір-бірін жоққа шығару немесе қарама-қайшылықты шешу сәтіне қол жеткізе отырып, ондағы қарама-қарсылықтардың соңғы дамуының сатысы мен формасын бейнелейтін категория; ал бихеовиоризмде - организмнің сыйспайтын жауабын шақыратын стимулдар әрекетінің нәтижесі; ал психологиялық талдауда - тұлғаның құрама элементтері арасындағы қарама-қайшылық (мысалы, Ид, Эго және Супер-Эго арасында) .
«Жанжал» сөзінің әлемнің әр түрлі елдерінде ірге табуы кездейсоқ нәрсе емес. Әлемдік тәжірибелер мен тарих көрсеткендей ешқандай ел (өркениет), әлеуметтік қауымдастық немесе әлеуметтік топ өзінің дамуында жанжал күйіне соқтықпай өтті деу мүмкін емес. Тұлғалық деңгейде де ешқашан жанжалға түспеген адам табылмайды, өйткені адамдар жасы, ақыл-ой қабілеттері, мүдделері, қабілеттіліктері бойынша әр түрлі. Гераклиттің пікірінше, тек адамдар ғана емес құдайлар да, ғарышта қарама-қайшылықта өмір сүреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Өйткені әрбір өркениетте көптеген қоғамдық партиялар, топтар, әлеуметтік институттар мен элитарлар қызмет етеді. Олардың кез келген әрекеті адамдар мүдделерінің қандай да бір дәрежесін жанап өтеді. Жанжал біреулерге қуаныш, екіншілерге түсінбестікті, үшіншілеріне - қайғы алып келеді.
Жанжалдың қарама-қарсы жағы - бұл достық, әріптестік, өзара көмек, келісім, бірлік және бейбітшілік. Сондықтан барлық адамдар мәселенің жанжалсыз шешілу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Халықтың басым көпшілігіне адам өміріне тәни зиян келтіріп қана қоймай, сондай-ақ оның өміріне қол сұғатын жанжалдармен шақырылған кез келген мүдде, кез келген жүйке зорлығы жағымсыз. Мұндай жағдайда саясат таптар, ұлттар мен мемлекет арасындағы қатынастарға байланысты қызмет ретінде адамдар арасындағы қатынасты реттеуге және заңның негізінде мүмкіндігінше аз шығындармен пайда болған қарама-қайшылықтарды шешуге шақырады. Бірақ саясат жанжал жасаушыларды татуластырумен жиі айналыспайды. А. Г. Здравомысловтың пікірінше, ол көп жағдайда жанжалға итермелеуші құрал болып табылады. «Саясат» - дейді ол, - билікпен кездеседі. Билікке барлығы емес, бірақ көбісі, әсіресе әлеуметтік белсенді адамдар ұмтылады. Алайда қоғамда билік позициялары саны шектеулі. Егер де бұл билік позициялары монархиялық саяси құрылымдардағыдай мұрагерлік нормалармен анықталмаса, онда қайсы бір билік позицияларын иемденуге біршама мүмкіндіктері барлар міндетті түрде жанжалға түседі. Мұндай түрдегі позиция үшін күрес барлық қоғамда дерлік таралған. Оның сипаты қоғамда, қазіргі сәтте өмір сүретін саяси режимге байланысты . Сондықтан, бізге жақса да, жақпаса да, саясат адамның қызмет ету саласы ретінде (себеп салдарға байланысты) жанжалдарды тудырып, шешеді.
Сонымен шынайы өмірде жанжалдан қаша алмайтынымызға көнуге тура келеді. Олай болса, егер жанжалды оқиғаларды шешуге мүмкіндік болса, оның зиянкестігін мейлінше азайту керек. Ол үшін жанжалды және оны реттеу әдістерін зерттеу қажет. Онымен «конфликтология» ғылымы айналысады. Конфликтология адамдар пікірі арасындағы қатынастарды емес (бұл идея мен теория жанжалды болар еді) пікірлер мен ұсыныстар қақтығысында болатын адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекеттестіктерін қарастыратынын білген жөн.
Ерте заманнан бері осыған орай айтылған қызықты идеялар аз емес. Ежелгі Қытайдың ұлы философы Конфуций б. э. д. VІ ғасырдың өзінде-ақ жанжал біріншіден адамның ұқсас болмауы мен тәуелсізідігінен туады деп атап өтті. Ол былай деген: «бай мен кедейге өзара қатынасты қолдау қиын, бірақ оған ұмтылу керек: өзіне қатал қатынас, жоғарыларға және үлкендерге сыйластық, қарапайым адамдарға игі ниеттілік пайдалы». Осыған байланысты ол «айтыс-тартыс жүргізілмес» үшін әдет-ғұрыптарды жақсарту, кемістіктерді жою, ұрыстардан қашу қажет екенін атап көрсетті.
Конфуцийдің замандасы, ежелгі грек ғалымы Гераклит жанжал - қоғам өмірінің маңызды жағдайы, онсыз қоғам дами алмайды, ол барлық нәрсенің негізі деп есептеген. Оның ойымен ежелгі ғалым-материалистер де келісті. Мысалы, Эпикур жанжалдың салдары адамдарды бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүруге көндіреді дейді.
Жанжал мәселесі б. э. д. V - ІV ғасырларда өмір сүрген Платон мен Аристотель сияқты ежелгі атақты ғалымдарды да толғандырған. Олар: адам өзінің табиғаты бойынша - қоғамдық тірі организм және адамда қалыптасқан қоғамдық бастама оған басқа адамдармен серіктестік болуына мүмкіндік береді деп санаған. Сонымен бірге олар адамдардың өшпенділікке, қастандыққа, зорлыққа бейім екенін естен шығарған жоқ. Аристотельдің пікірінше, тартыстың себептері - әлеуметтік теңсіздік және бөлімдерге бөліну, біреулерді тым жоғары көтеру немесе біреулерді кемсіту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz