Электр тоғымен емдеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті

Электр тоғымен емдеу

Студенттерге зертханалық-тәжірибе сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқау

Астана 2005

С. Сейфуллин атындағы ″Бекітемін ″

Қазақ мемлекеттік агро- ОӘБ бастығы

техникалық университетінің Әбдіров А. М.

оқу-әдістемелік кеңесінде

қаралып ұсынылды 17 маусым 2005 ж.

Хаттама № 8

″17″ маусым 2005 ж.

Авторлар: А. А. Терлікбаев - ветеринарлық медицина кафедрасының доценті

А. Н. Ахметов - ветеринарлық санитария және мал шаруашылығы

өнімдерін сертификаттау кафедрасының аға оқытушысы

Пікірші: К. К. Мурзағұлов - клиникалық диагностика және фармакология

кафедрасының меңгерушісі, вет. ғылыми докторы

Ветеринарлық медицина кафедрасының (7 маусым 2005 ж., хаттама) отырысында қаралып, ұсынылды.

Факультеттің әдістемелік комиссиясының (13 маусым 2005 ж., 10 хаттама) отырысында қаралып, ұсынылды.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ мелмекеттік агротехникалық университеті.

ВЫПИСКА

Из протокола № 9 заседания методической комиссии

Факультета ветеринарной медицины

От 27 мая 2005 г.

Присутствовали: декан факультета Абдрахманов Т. Ж., председатель методической комиссии факультета Терликбаев А. А., зав. кафедрами Абдрахманов С. К., Джакупов И. Т., Мурзагулов К. К., члены Жумакаева А. Н., Ибраев Б. К., Жумабаев Х. Ж.

Повестка дня:

  1. Рассмотрение методического указания «Электр тоғымен емдеу» - атты студенттреге зертханалық-тәжірибе сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқау. Подготовленные доцентом Терликбаевым А. А., ст. преподавателем Ахметовым А. Н.

Выступили

Тақырыбы: Электрмен емдеу.

Уақыты: ″Электрмен емдеу″ зертханалық-тәжірибе сабағы екі академиялық сағатқа есептелінген.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді электрлік терапия әдістерімен, аспаптарымен олардың құрылымымен, тағайындалуымен таныстыру. Ауыл шаруашылығы жануарларының хирургиялық аурулары кезінде қолданылуын көрсетіп, үйрету.

Сабақтың жабдықтануы

Зертханалық тәжірибе сабағы басталмай тұрып, зертханашылар электрлік емдеуге арналған аппараттарды, қажетті құрал-сайман, дәрі-дәрмектерді, ал дәрігер-ординатор ауру не тәжірибелік жануарларды дайындайды.

  1. Жануарлар: Жауырыналды нерві салданған (паралич) жылқы, созылмалы бурситке шалдыққан сиыр, созылмалы асептикалық периоститпен ауру қойлар т. б.
  2. Аппараттар және қажетті материалдар: АГН-1, АГН-2 аппараттары және олардың қосалқы жабдықтары (екі сым, ауыспалы қосарланған клеммалар, электрод әзірлеуге арналған қорғасын, резеңке бинттер, қосалқы кенотрон, ұзартқыш электр сымы, электродтар (гидрофилді) . УТП-1 немесе УТС-1, УВЧ-2м, ДМП-5, УДЛ-350, АСМ-3, ″Искра-1″, УДЛ-350 т. б. аппараттар.

Диагностикалық зерттеу құралдары мен өзге қажетті құралдар және медикаменттер.

Сабақты жүргізу тәртібі

Электрмен емдеу зертханалық тәжірибе сабағы оқу аудиториясында немесе кафедраның физиобөлмесінде өткізіледі. Оқытушы журналға студенттерді белгілеген соң, осы тақырып бойынша теориялық білімдерін тексереді.

Сосын студенттердің жауабын толықтыра отырып, қысқаша түрде гальванирлеу, ионды гальванирлеу, фарадизация, диатермия, УВЧ, ультрадыбыс, радиобелсенді изотоптардың мәнісі мен қолданылымын түсіндіреді. Содан соң тұрақты және айнымалы тоқтардың физиологиялық әсерін, осы электрмен емдеу әдістерінің тәсілімдерін, жалпы көрсетілімдерін, қарсы көрсетілімдерін айтып, түсіндіреді. Бұдан соң студенттер өздігінен аппаратты жұмыс бабына келтіруге, гидрофилді төсемелер дайындауға, электродтар салып, оларды бекітуге машықтанады.

Оқытушы студенттерді 3-4 адамнан топшаларға бөліп, ауру малдарға электрмен емдеу әдістерін бақылау жүргізе отырып, орындатқызады.

Тұрақты тоқтың физиологиялық әсер ету механизмі

Тұрақты тоқтың физиологиялық әсерінің механизмі ұлпалардың өз бойынан тұрақты тоқ өтуі кезінде алғашқылай физикалық-химиялық өзгерістерге ұшырауына орай қозуы және қызметтілік күйінің өзгеруіне негізделген.

Электр тоғы әсерінен оң зарядталған иондар катодқа, ал теріс зарядталған иондар анодқа бағытталады. Катод асты маңына сутегі иондары, анод асты маңына гидроксилді иондар жинақталады. Коллоидтардың агрегатты күйіне рН өзгеруі күшті әсерін білдіреді, ал коллоидтар жасуша қызметімен тығыз байланыста болады.

Катод маңында жасуша қабаттары беткейінде металды бір валентті иондар жиналуы осы қабаттардың босаңсуын тудырады, өткізгіштігін жоғарылатады, соның салдарынан жасушалық мембраналар арқылы жасушаның жартылай өткізімді беткейлері арқылы әдетте өте алмайтын заттардың өтуін жеңілдетеді. Жасушаға сутегі иондары мен өзге заттардың өтуі ақзат жағдайының өзгеруіне әкеліп соғады, ол физиологиялық тұрғыда қозғыштық жоғарылауымен, ал тиісті қолайлы жағдайларда - қозумен белгіленеді. Анод астында екі валентті иондардың шамадан тыс ұлғаюы нәтижесінде жасуша мембраналарының тығыздалуы, тиісінше қозғыштық төмендеуі орын алады.

Тұрақты тоқтың ұзақ уақыт бойы әрі қарқынды әсер етуі кезінде ұлпа қозғыштығы күрт ауысады. Анодта бастапқы төмендеуден соң қозғыштық қосымша түрде жылдам шамаға қайтарылады да, тек кейіннен ғана қайта төмендейді.

Қозғыштықтың жоғалуы анодта жартылай өткізілуі жасуша беткейлерінің тығыздалуынан болады, осыған орай жасушада зат алмасуы толығымен тоқтайды. Қозғыштықтың жоғалуы бір валентті иондардың катодта көп болуына байланысты өрбиді, олар жасуша мембраналарының өткізгіштігін күрт күшейтеді де, тітіркендірулер әсерінен қозғыштық туындалуы үшін қолайсыз жағдайлар жасайды. Алайда, ұлпалардағы қызметтік ауытқулар тітіркендіргішке ғана емес ұлпаның өзіндегі қызметтілікке де байланысты. Нақты бір агент тірі ұлпаның күйіне байланысты ынталандыра да, күйзелте де алады. Мысалы, катод нақты бір күштегі тоқ әсерінен алдын ала парабиотикалық факторға шалдыққан қызметтіліктегі нерв қозғыштығын жоғарылатады. Анод не катод әсерінен қозғыштықтың өзгеруі тек қана шеткері емес орталық нерв жүйесінде де байқалады (И. Р. Тарханов) .

Нерв жүйесі мен өзге ұлпалардың қозғыштығының, олардың қызметтілігінің өзгеруі өздерінде өтіп жатқан патология процестерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Осылайша, анод астында кальций, магний және ОН-иондарының шоғырлануы жоғарылайды. Бұл ұлпалар мен шеткері нервтердің қозғыштығына әсерін тигізеді. Осының арқасында ұлпа қозғыштығымен белгіленетін патологиялық жағдайлар кезінде, мәселен жіті қабыну процестерінде тұрақты тоқ аноды ұлпалар қозғыштығын төмендетеді де, зақымдалған ошақтағы биологиялық процестерді қалыпты жағына өзгертеді. Нәтижесінде ауырсыну көріністері жоғалып, сауығу басталады.

Катод астында кері көріністер орын алады, атап айтқанда - калий, натрий, сутегі (Н), яғни ұлпа қозғыштығын жоғарылататын иондар шоғырланымы көбейеді, нәтижесінде ұлпа қозғыштығы жоғарылаған жағдайларда тұрақты тоқ катоды патология процесі ағымын асқындыра алады. Ал ұлпа қозғыштығы төмендеген жағдайларда, мәселен созылмалы бәсең ағымды қабыну процестерінде, катод қозғыштықты жоғарыланады, тиісінше - қабыну көріністерін жандандырады. Осы көріністер жинағы нәтижесінде зақымдалған ошақта биологиялық процестер жылдамдап, сауығуға ықпал етіледі (Н. А. Барсуков) .

ГАЛЬВАНИРЛЕУ

Гальванирлеу - әр түрлі ауру процестерін тұрақты тоқпен, яғни бір бағыттағы тоқпен емдеу.

Электр тоғы дегенді қандай да бір ортада электр заряды бар материалды бөлшектердің қозғалысы деп түсінеді. Электрлік зарядталған бөлшектер қозғалысы өтетін ортаны тоқ өткізгіші дейді.

Электр заряды бар материалды бөлшектер ретінде - электрондар не иондарды атайды. Қатты (металлданған) тоқ өткізгішінде электр тоғы еркін электрондар қозғалысы түрінде болады. Сұйық тоқ өткізгіштерінде (электролиттер ерітіндісі) электр тоғы дегеніміз иондардың немесе зарядталған (ионизирленген) молекулалар мен коллоидты бөлшектердің қозғалысы.

Өздеріне тән қандай да бір белгілеріне орай электр тоғын жекелеген түрлерге бөлуге болады. Алдымен, зарядталған бөлшектердің тоқ өткізгіштерімен қозғалу бағытына байланысты тұрақты және айнымалы тоқты айырады. Тоқ өткізгішінде электр зарядтары қозғалысын тудыратын потенциалдар айырмашылығы шамасы бойынша төменгі және жоғары кернеудегі тоқтарды айырады.

Гальванирлеу үшін төменгі кернеудегі тұрақты тоқ пайдаланылады. Гальванирлеу кезінде тұрақты тоқ әсері нәтижесінде жасушалар мен ұлпалардың өмірсүргіштік қызметі жоғарылайды, тамырлар кеңейеді, гиперемия пайда болады. Жергілікті қан және лимфа айналымы күшеюінен барлық қан айналысы өзгереді, ал бұл ұлпалар қоректенуін жақсартады. Капиллярлар қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, бұл қабыну өнімдерінің шапшаң сіңірілуіне ықпалын тигізеді. Инфильтраттар мен тыртықтар сіңірілуі жылдамдайды. Миға бірден және рефлекторлы түрде тұрақты тоқпен әсер ету арқылы ондағы тежелу процестерін күшейтуге болады, сонымен қатар ішкі секреция бездерінің қызметтілігі де күшейеді (И. А. Калашник) .

Жануарды және зақымдалған аймақты дайындау

Жануарлардың жүн жамылғысы астындағы тері беткейі әрдайым шаңмен, эпидермистің мүйізді қабатынан түскен қабыршақтармен, май, тері бездері бөлінділерімен қатты ластанған күйде болады. Осы ластанымдар электр тоғын нашар өткізеді. Сол себептен гальванирлеу қәрекетін өткізер алдында тері беткейі мен жара беткейлерін электродтар салу үшін тиісті түрде дайындау қажет. Осы мақсатпен тері және жара, ойық жара маңы жүн жамылғысын қырады. Сосын қырылған жер терісін жылы сумен сабындап жуады, кептіріп, спирт не эфирмен майсыздандырады. Жара және ойықжара беткейлерін немесе қуыстарын іріңді бөлінділерден, өлі ұлпалардан, бөгде денелерден тазартады. Бұдан соң осы қуыстарды түзу ету және электродтар салу мақсатымен, дәке - мақта тампондарында негізгі гидрофилді төсеме суланатын сұйықтыққа малып, толтырады.

Кедергілікті азайту үшін, электродтар салынған орынды жылы сумен не сабынды сумен ылғалдайды. Тері аурулары, әсіресе іріңді қабынулар болған жағдайда гальванирлеуді жасар алдында белсенді электрод салу орнының өңделуі жасалады: жүнін қырқады, іріңді қуыстарды жарып, жалқаяқ пен өліеттенулерді, домбығуларды алып тастап, беткейін қайталап спирт-ректификатымен сүртеді.

Кішігірім ашық зақымданулар болған жағдайда, электротермиялық күйікті болдырмау үшін, зақымдауларды коллодий қабатымен, бастырмамен, жабысқақ жолақпен, жұқа резеңкемен жабады.

Электродтарды бекіту. Электродтарды түрлі әдістермен бекітеді. Ветеринария тәжірибесінде электродтарды екі тәсілмен бекіту қолданылады: бинттермен және құм салынған қапшықтар көмегімен. Алдымен пішіні мен көлемі бойынша сәйкес келетін электродтар мен гидрофильді төсемелер таңдалынады. Сосын таңдалынған электродтарды түзеп, аппарат сымдарына гальванирлеу үшін жалғайды. Гидрофильді төсемелерді электродтар пішініне сәйкестіріп таңдайды да, біркелкі қалыңдықта екендігін тексереді.

Гидрофильді төсемелер мен электродтарды салу кезінде ақаулықтардың алдын алу үшін түрлі полярлықта болмауын қарастыру қажет. Мұны аяқ буындарын гальванирлеу кезінде ескеру қажет, өйткені олар сырғып бір-біріне жанасуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, электродтардың бір-біріне жақын орнығуына байланысты олардың арасындағы тері де ылғалданып, тоқ шиырымына себеп болуы мүмкін.

Электродтарды бекіту үшін көбіне резеңке бинттер пайдаланылады. Олар электродтарды жақсы ұстап тұрады, жеңіл тазаланады, залалсыздандыру үшін ыңғайлы. Бұл үшін резеңке бинттерін 3%-ды карбол қышқылына 20-30 минутқа салу жеткілікті.

Электродтарды бекіту үшін дәке не мата бинттерін де пайдалануға болады, алайда олар өз бойына гидрофильді төсеме сұйықтығын оңай сіңіреді де, электр тоғына қарсылығын күшейтеді. Сондықтан осындай бинттерді электродтарды бекітуге қолданған кездері дастархан қиқымымен, не жұқа резеңкемен көмкеру қажет.

Белдеме, арқа, сауыр, шоқтық маңдарында электродтарды бекіту үшін түрлі мата қапшықтарын, төтесінен ені 5-7 см етіп тігіліп, ішіне жуылып, отқа қақталған өзен құмын салып қолдануға болады. Олардың үстіне, пайдалану уақытында, мата бүркемелері кигізіледі де болғаннан соң жуылады (Н. А. Барсуков) .

Жануарларды электродтарды жай басу арқылы да бекітуге болады. Мұндай жағдайларда үстінен дастархан кесіндісі, целлофан, резеңке қиқымымен жабылған белсенді электродты алақанмен басады да, аяқталғанша ұстайды.

Электродтарды алдын-ала ылғалданған фанель қапшықтарына салады немесе суланған 3-4 қабат дәкемен орайды. Электродтар иілгіш және улы, күйдіретін иондар бөлмейтін болулары керек. Оларды жапырақтап қорғасын, қалайы, станиолдан қалыңдығы 0, 2-1 мм етіп әзірлейді.

Электродтарды бір-біріне қаратып, тігінен жылжытып, бір беткейге орналастырып салуға болады.

Өз беткейімен денеге біркелкі орналасулары тиіс. Егер анатомиялық жағдайларына орай мүмкін болмаса, араларын ылғалды мақтамен толтырып, электродтарды резеңке бинттермен бекітеді. Электродтарды салған соң жануар денесіне клеммадағы гальванирлеу аппаратының сымдары бекітіледі. Гальванирлеу үшін аппарат дайындалған болуы керек. Бұл үшін сөндіргіш потенциометр мен миллиамперметр шунты тұтқаларының жағдайын тексеру керек: аппараттағы тоқ сөндірілген болуы қажет, потенциометр сырғығышы нөлдік нүктеде тұруы керек, ал миллиамперметр шунты тағайындалған тоққа сәйкес болуы тиіс. Сосын клеммалар полярлығының дұрыстығы тексеріледі, яғни клемма полярлығының тұрақты тоқ полярлығына сәйкестілігі. Белсенді электрод полярлығын емдеу мақсатына байланысты таңдайды. Мәселен, анодқа тыныштандыратын (ауруды азайтатын) әсер, ал катодқа тітіркіндіретін және сіңірткізетін әсер тән.

Аппаратты қосқан кезде жануар тәртібін бақылау керек. Егер жануар тынышсыздану білдірсе, тоқты күшейтуді уақытша, жануар тынышталғанша, доғара тұру керек.

Гальванирлеу кезінде тұрақты тоқты мөлшерлеу

Гальванирлеу кезіндегі ем тиімділігі әсер мөлшеріне, яғни организм ұлпалары арқылы өтетін тұрақты тоқ мөлшеріне байланысты.

Гальванирлік тоқты мөлшерлеу кезінде мынандай жәйттар ескерілуі қажет:

  1. тоқтың тығыздылығы;
  2. тәсілім ұзақтығы;
  3. тәсілім жиілігі мен саны.

Тоқтың тығыздылығы . Тұрақты тоқтың тығыздылығы дегеніміз тоқ күшінің мА/1 см 2 гидрофилді төсеме ауданына қатынасы, яғни тоқ тығыздылығы - 1 см 2 электрод ауданымен өтетін миллиампердегі тоқ күші деген сөз. (Н. А. Барсуков) .

Гальванирлік тоқтың электрленетін ауданның кв. сантиметріне жоғарғы жіберілетін физиотерапевтік тығыздылығы - 0, 5 миллиампер. Әдетте 0, 2-0, 3 миллиампердегі орташа тоқ тығыздылығы қолданылады.

Әр жануарлардың тоқ тығыздығына шыдамдылығы әр түрлі. Мәселен, иттер жылқылар мен ірі қара малдан көрі тоқ тығыздылығына төзімдірек. Сонымен қатар жануарлардың жекелеген тоққа деген сезімділігін де ескеру қажет, бір түр жануарларының өкілдері тұрақты тоқты әркелкі қабылдайды. Кішігірім мөлшерлердің өзіне толық төзімді жануарлар өте сирек кездеседі. Мұндай жануарлар өздері арқылы кіші күштегі тоқты өткізгенде қатты тынышсызданады.

Тоқ тығыздығы кейбір дәрежеде электродтар ауданына да байланысты болады. Үлкен электродтар (600-800 см 2 одан көп) кезінде тоқ тығыздығы азая алады, ал кішігірім электродтарда (20-50 см 2 , одан аз), тұрақты тоқтың ортаңғы тығыздығымен салыстырғанда біршама көп болады.

Төзімді тоқ тығыздығы жануар денесінің әр бөліктерінде әр түрлі, өйткені олар тұрақты тоқ әрекетіне түрлі сезімталдықта. Сондықтан әр дене бөліктерінде мөлшерлеудің өз ерекшеліктер бар. Мәселен, бас, мойын маңдарында аз тоқ тығыздығын тағайындау керек (0, 1-0, 2 миллиампер), ал аяқтар маңына орта дәрежеден көбірек (0, 3-0, 4 миллиампер) денесіне, арқасы, беліне, сауырына қолданылатын тоқ тығыздығы шамамен 0, 3-0, 4 миллиамперге тең (Н. А. Барсуков) . Тұрақты тоқ сонымен қатар уақыт бойынша мөлшерленеді (қарекет ұзақтығы) . Қарекеттің орташа ұзақтығы 25-30 минутқа тең, көрсетіліміне байланысты қарекет ұзақтығы ұзартуға немесе қысқартуға болады. Мәселен, жіті және созылмалы қабыну процестері кезінде қарекет ұзақтылығы 45-60 минутқа дейін ұзарту мүмкін. Шеткері нервтерге, кейде ішкі ағзаларға әсер еткенде қарекет ұзақтылығы 15-20 минутқа дейін қысқартылады.

Гальванирлеу қарекеттері күнделікті түрде өткізіледі. Кейде қарекет қабыну процестері сипатына байланысты ұлғайтылуы не азайтылуы мүмкін. Мысалы, жылдам ем тиімділігіне қол жеткізу үшін (жіті және созылмалы қабыну процестері, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар, ойықжаралар т. б. ), гальванирлеу қарекеттері күніне екі рет тағайындала алады.

Орта есеппен гальванирлеу емдік курсы 10-20 қарекеттен тұрады. Алайда, бұл да ауру сипатына байланысты. Мәселен, жіті қабыну процесстерінде, процестер жылдам өткен кездері, емдік курсы үшін 4-8 қарекет жеткілікті, ал созылмалы қабыну процестерінде, емдеу курсы 30 одан да көп қарекеттерге дейін жеткізілуі мүмкін.

Гальванирлеу үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

Гальванирлеу барлық жұқпайтын аурулар кезінде қолданылады.

Гальванирлеуді әсіресе төмендегі қабыну процестері кезінде жиі қолданады:

  1. Невралгия, неврит, нейромиозит және басқа процестер кезінде. Бұл жағдайларда гальванирлеу шеткері нервтердің өткізгіштігіне ықпал етеді. Ауырсыну синдромы кезінде анод ауырсынуды азайтады.
  2. Жіті және созылмалы қабыну ауруларында, тыртықталу процестері кезінде. Тұрақты тоқ аноды жіті миозит, артрит, тендовагинит, десмойдит, целлюлит, флегмоналардың бастапқы сатыларында, фурункулдар, карбункулдар кездерінде көрсетілімді. Өйткені жіті қабыну процестерінде тұрақты тоқ анодымен әсер еткенде жіті белгілері азайып, кері дамиды.
  3. Жітілеу және созылмалы қабыну процестерінде инфильтраттарды сіңіру, пролифераттар мен тыртықтарды жұмсарту мақсатында тұрақты тоқ катоды қолданылады. Сондықтан тұрақты тоқ катоды созылмалы артриттер мен периартриттер, созылмалы ревматикалық және өзге тектегі миозиттер, жітілеу және созылмалы тендиниттер мен тендовагиниттер, бурситтер, терідегі тыртықты өсінділер, жітілеу және созылмалы лимфоногаиттер, гаймориттер, фронтиттер т. б. тәрізді аурулар кезінде қолданылады.

Гальванирлеу регенеративті процестерді жеделдетеді, сондықтан оны сүйек күстелуінің пайда болуы сатысындағы сүйек сынулары кезінде, остеомиелиттерде, нервтердің жарақаттанулар кездерінде қолдану көрсетілімденеді. Гальванирлеу сонымен қатар орталық нерв жүйесі аурулары кезінде де қолданылады. Бұл жағдайларда орталық нерв жүйесінің қызметтілігі жақсарады, жоғары қозу кезінде тежелу процестері күшейеді (невроздар, ағзалық зақымдалу кездерінде) .

Қарсы көрсеткіштері . Гальванирлеудің тура қарсы көрсетілімдері болмағанымен, кейбір аурулар кезінде тұрақты тоқты пайдаланбаған жөн. Гальванирлеуші тоқты қолдануға басты қарсы көрсеткіштер: қатерлі туындылар, электродтар аралығында қалуы; гальванирлеуші тоққа жеке сезімділік, қан мен қан шығарушы ағзалардың жүйелі аурулары; ұлпалар мен ағзалардағы қайтымсыз дегенеративті өзгерістер болуы т. б.

Ионды гальванирлеу

Тұрақты тоқ арқылы организмге емдік иондарын енгізу ионды гальванирлеу (ионды терапия) не иондыфорез деп аталынады.

Егер гидрофильді төсемені емдік зат ерітіндісімен суласа, теріге салса және тұрақты кернеу келтірсе, физика заңы бойынша біртекті зарядтар кері итеріліп, әр тектілері жабысады, ерітіндідегі иондар қозғалысқа түседі; оң иондар катодқа, терістері анодқа тартылады. Аталмыш емдік заттың иондарын қай полюстен енгізуін шешу үшін, ионда өз белгісі бойынша, яғни оңды плюстен, ал терісті минустен енгізетінін есте ұстау керек. Сонымен қатар, анодтан сутегі иондарын, металл, органикалық котион иондарын енгізетінін, ал катодтан - гидроксил, қышқылдық радикалдарын, органикалық аниондарын енгізетінін де ұлыптау қажет, яғни котион анодтан, ал анион катодтан енгізіледі.

Тұрақты тоқпен енгізілетін, жиі пайдаланымдағы емдік заттарыдың полярлығы мен концентрациясы

Катодтан енгізіледі(-):

Катодтан енгізіледі

(-)

%-ерітінді концентрациясы: %-ерітінді концентрациясы
Анодтан енгізіледі (): Анодтан енгізіледі ()
%-ерітінді концентрациясы: %-ерітінді концентрациясы
Катодтан енгізіледі(-):

Йод

Бром

Хлор

Натрий салицилаты

натрий хлориді

пенициллин

%-ерітінді концентрациясы:

2-10

2-5

2-5

4-6

3-5

1 мл физиологиялық ерітіндіге 500 ӨБ

Анодтан енгізіледі ():

Новокаин

Стрептомицин

Адреналин

Гидрохлориді

хлортетрациклин гидрохлориді

Этазол

Кальций

Магний

Литий

Цинк

%-ерітінді концентрациясы:

1 мл физиология-лық ерітіндіге 5000 ӨБ

0, 1

12000 ӨБ/мл

2-3

2-4

2-5

3-4

1-3

Теріні тітіркендеруге қабілеті күшті әсердегі заттарды әлсіз концентрацияда тағайындайды.

Ионды гальванирлеуді өзге дәрі енгізу түр әдістерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:

а) патологиялық процесс беткейде орналасқан жағдайда жергілікті әсер білдіреді;

ә) бізге қажетті ғана иондарды енгізеді;

б) емдік иондар мен тұрақты тоқты қиылыстырып қолдану;

в) иондарды организмнен баяу шығарады;

Бұл әдістің жалғыз кемістігі енгізілген затты дәл ескеру мүмкін еместігінде.

Иондытерапия көрсетілімі диапозоны гальванирлеуден едәуір көп, өйткені иондытерапия кезінде фармакологиялық зат әсерін де ескеру қажет, мысалы, тоқтың сіңірткіш қасиетін иондытерапияда жітілеу және созылмалы қабыну процестерінде пайдаланады (тендовагинит, тендинит, бурсит, фибринозды периостит, жарақаттық миозит т. б. ) .

Новокаин электрліфорезі (иондытерапия) жіті қабыну процестері кезінде (флегмоналардың бастапқы сатылары, инфицирленген жаралар, оқтан болған жаралар, жіті іріңді қабынулар, экземалар т. б. ) сонымен қатар ауырсыну синдромы кезінде ауырсынуды тыйдырушы ретінде қолданылады (миозит, неврит, т. б. ) .

Кальций электрліфорезі жіті қабыну процестерінде (жара, флегмона, пододерматит, артрит т. б. жазылуының жіті сатыларында) . Сүйек сынықтарының жазылу барысында да қолдану ұсынылады. Салицилаттар, гипосульфит, сульфиттер электрліфорезі буынның, бұлшық еттердің, өзге ағзалардың ревматикалық процестерінде ұсынылады. Цинк пен мыс иондарын баяу жазылатын жаралар мен ойықжаралар кезінде пайдалану ұсынылады. Стрихнин электрліфорезін салдану кездерінде қолданады.

Сульфаниламидті, антибиотикті препараттарының электрліфорезін жергілікті іріңді-инфециялық аурулар кезінде қолданады (инфицирленген жаралар, флегмоналар, күбірткі, пододерматиттер, артриттер, тендовагиниттер, абсцестің бастапқы сатылары) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістері
Электр тоғынан болатын жарақаттар
“Аса жоғары жиілікті және жоғары жиілікті токтардың медицинада пайдаланылуы”
Физиотерапиялық емшаралардың түрлері
Адам ағзасына электрофизикалық факторлармен әсер ету
Электр тогы. Ток күші
Дербес компьютердің жұмыс істеу қауіпсіздігі мен ережелері
Медицина қорғаныс құралдары
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Сәтсіз жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz