Ішкі жұқпалы емес аурулар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

4. 2. Ішкі жұқпалы емес аурулар

4. 2. 1. Жалпы алдын алу негіздері

Диспансеризация - жоғары өнімді дене бітімі мықты және зат алмасу үрдісі жоғары сапалы мал өсіруге арналған сақтандыру және емдеу жұрыстарының жоспарланған жүйесі. Бұл жүйе бойынша дені сау малға клиникалық-биохимиялық зерттеулер жүргізіледі және зат алмасу үрдістері бұзылғанда емдеу жұмыстары ұйымдыстырылады.

Диспансеризацияны өткізу мақсаты - малдың денсаулығын сақтау, өнімділігін жоғарылату және жоғары өнімді табындар (стада) құрау.

Диспансеризация негізгі және кезекті болып екі түрге бөлінеді.

Негізгі диспансенизацияны жылына бір рет қаңтар-ақпан айларында, ал кезекті диспансеризацияны квартал сайын өткізеді.

Диспансернизация өткізу мерзімін ветеринар мамандар өндіріс қажеттілігіне байланысты жоспарлайды.

Негізгі диспансеризацияға енетін шаралар:

а) мал шаруашылығы және малдәрігерлік көрсеткіштердің анализі;

б) барлық сиырлар мен тайшаларға дәрігерлік бақылау өткізу;

в) бақылау топтарындағы малдарды клиникалық зерттеу;

г) бақылау топтарындағы малдардың қанын, зәрін, сүтін зерттеу;

д) рациондар мен малды азықтандыру жағдайының зоотехникалық анализі;

е) мәліметтер анализін өткізу, қортындысын шығару және ұсыныстар жасау;

ж) емдеу және алдын алу шаралары.

Кезекті диспансеризация өткізгенде жүргізілетін шаралар:

а) барлық сиырлар мен тайшаларға дәрігерлік бақылау өткізу;

б) анализға қан алған малдардың клиникалық зерттелуі;

в) бақылау топтарындағы малдардың қанын, зәрін, сүтін немесе тек зәрі мен сүтін зерттеу;

г) рациондар мен малды асыру жағдайының зоотехникалық анализі;

д) мәліметтер анализін өткізу, қорытындысын шығару және ұсыныстар жасау;

е) емдеу және алдын алу шаралары.

Шаруашылық мал дәрігері малдың тұқымына, өнімділігіне және азықтандыру мен бағу жағдайына байланысты бақылау фермаларын, қораларын белгілейді.

Бақылау топтары:

а) алғашқы үш ай сауылатын сиырлар;

б) 6-7 ай сауылған сиырлар;

в) буаз суалған сиырлар;

г) бұзаулауға 2-3 ай қалған тайыншалар.

Осындай іріктеулер жүргізу малдардың клиникалық-биохимиялық статусының тек азықтандыру мен бағуға ғана байланысты болмай, буаздық мерзімі мен сауылу стадиясына да байланысты болатынын көрсетеді.

Ірі фермалар мен кешендерде толық клиникалық тексеру жүргізіледі, сонымен бірге бақылаудағы сиырлар мен тайыншалардың 15-20%-ының зәрін тексереді, 5%-ының қанын зерттейді, ал сүтін зәрде кетон денелерінің жоғары концентрациясы байқалса ғана зерттейді.

Мал топтарының басқа түрлері мен жасына байланысты диспансеризация ерекшеліктері.

Тұқымдық өгіздердің диспансеризациясын өткізгенде малдардың толық клиникалық зерттеуін жүргізеді, осыған байланысты олардың аяқтарына, тұяқтың алдыңғы жағының еңкею бұрышына, формасына, тұяқ қабырғасына және астына назарын аударады, қосымша малды жүргізіп бақылайды.

Ұма, үрпек, тері жәнке, шырышты қабықтар пальпациясы мен тексеруін өткізеді. Үрпек сыртынан пальпациялау арқылы жыныс мүшесін зерттейді, керекті жағдайларда өткізгішті анестезия жүргізіп, жыныс мүшесін сыртқы шығарып көреді. 7-10 бас есейген және жас өгіздердің қаны мен зәрін зерттейді.

Бордақылау кешендерінде ірі қараның диспансеризациясын өткізгенде бақылау топтарына 3, 6-11, және 11-16 айлық жас малдар кіреді. Әр топтардағы барлық малдарды тексеріп, 15-20 малдың толық клиникалық зерттеуін жүргізеді, қан мен зәрді 10-15 өгізден алады.

Шошқалар асырайтын шаруашылықтарда тексеру өткізгенде мегежіндерді келесі топтарға бөледі: 1-топ - буаз болу мерзімінің бірінші жартысындағы мегежіндер; 2-топ - буаз болу мерзімінің екінші жартысындағы мегежіндер; 3-топ - емілетін мегежіндер; 4-топ - тұқымдық қабандар.

Шошқа асырау көрсеткіштеріне сараптау жүргізгенде бір шошқадан туылған торайлардың орташа санын, жыл ішінде бір шошқадан туылған торайлар санын, олардың орташа салмағын және басқа көрсеткіштерін есепке алады. Шошқаларға жем беру анализін өткізгенде олардың амин қышқылдары және метионин мен мезин, витаминдермен қамтамасыз етілуіне ерекше мән береді.

Бақылау сұрақтары.

1. Диспансеризация жүргізудің мақсаты мен маңызы неде?

2. Шаруашылықтың түрлеріне байлынысты диспансеризацияны жүргізудің үлгілері

қандай?

3. Диспансеризация қандай сатылардаң тұрады?

4. Диспансеризация кезінде шешілетін негізгі мәселелер қандай?

5. Бақылау тобы дегеніміз не және олар қалай жүргізеді?

6. Малшаруашылығының жалпы анализін қалай жүргізеді?

7. Табындағы малдардың клиникалық статысын қалай анықтайды?

8. Лабораторияда қандай құжаттарды зерттеу керек және олардың қандай көрсеткіштеріне

көңіл аударады?

9. Диспансеризацияның нәтижесіне қорытынды жасағанда қандай көрсеткіштерге

сүйенеді?

10. Шаруашылыққа ұсыныс жасаудың негізіне не алынады?

Әдебиеттер:

1. Анохин Б. М., Данилевский В. М., Замарин Л. Г. и др. Внутренние незаразные болезни

сельскохозяйственных животных. Под редакцией Данилевского В. М. М.,

«Агропромиздат», 1991 г.

2. Данилевский В. М, Кондрахин И. П., Коробов А. В. и др. Практикум по внутренним

незаразным болезням животных. Под редакцией Данилевского В. М., Кондрахина И. П.

М. «Колос» 1992 г.

3. М. А Молдағүлов, Ө. К. Есходжаев, К. Н. Қожанов және басқалары. Малдың жұқпалы

емес ішкі аурулары. Жалпы редакциясын қараған М. А. Молдағүлов. 1-ші басылымы.

Алматы, 1992 ж.

4. К. Н. Қожанов, А. З. Дюсембаева, С. О. Балтыбеков және басқалары. Малдың ішкі

жұқпалы емес ауруларының практикумы. Семей қаласы, 2000 ж.

4. 2. 2. Жалпы емдер негіздері. Малдәрігерлік емдеу құралдары: механикалық, физикалық және биологиялық

Малдәрігерлік емдеудің механикалық және физикалық құралдарына: массаж, суық және жылу, моцион, ультракүлгін сәулелер, гальванизация, электрофорез, индуктотерапия, ультра жоғары жиілік терапия, бұдан басқа халық емдері: күйдіру, инемен емдеу, электропунктура жатады.

Химиялық және биологиялық әсерлі құралдарға дәрі-дәрмектер, әсіресе микробиологиялық екшелеу негізінде алынған дәрілер, витаминдер, ферменттер, гормональдық заттар, поли- және гамма- глобулиндер, простогландиндер, интерферондар және т. б.

Малдәрігерлік емдеу тәсілдері:

1. этиотроптық (себепті) ;

2. патогенетикалық (дамуына байланысты) ;

3. нерв-трофикалық функцияларды басқарушы;

4. орынбасушы (толықтырушы) ;

5. симптоматикалық (сыртқы белгілеріне қарай) .

Этиотроптық емдеу (себепті) тәсілі негізінде аурудың басқа себебін жоюға, яғни инфекциялық ауру қоздырғыштарын, шартты патогендік, іріңді т. б. патогендік микрофлораларды жоюға организмдегі уларды бейтарапсыздандыруға бағытталады. Этиотроптық терапияға ерекшелінген (спецификалық) гипериммундық сары сулар, бактериофагтар, сульфаниламидтық препараттар, антигельминттер және т. б.

Патогенетикалық терапия (дамуына байланысты емдеу) организмде патологиялық үрдісті жоюға қорғаныш күштерін жоғарылатып жинақтау арқылы бағытталады. Бұл емдеу түріне: табиғи және жасанды сәулелер, сулы процедуралар (емдік әдістер), жылыту, қыздыру (компрестер, түршіктіргіш заттар, горчичниктер, шыны ыдыстар, массаж - ысқылау, электропунктура), дәрі-дәрмектер, бұдан басқа кейбір емдік әсерлер жинағының тәсілдері (таз қарынмен асқазанды жуу, клизмалар, таз қарынды тесу, катетер енгізу, қан жіберу) енеді.

Патогенетикалық терапияның ішінде ерекше орын алатын түрі - үдеткіш терапия. Үдеткіш терапия негізінде организмге стерильденген (тазартылған) түрде парентеральдық (ауыздан бергенен басқа) тәсілмен енгізілген заттарға бағытталған серотерапия (сары сумен емдеу), гемотерапия (қанмен емдеу), цитотоксинотерапия (жасушадағы уға қарсы емдеу), ұлпалық терапия, поли- және гамма-глобулиндер көмегімен емдеу жатыр.

Нерв-трофикалық кызметті реттегіш терапия артықшылығымен орталық нерв жүйесіне әсерін тигізетін және вегетативтік нерв жүйесіне әсерін тигізетін болып шартты түрде 2-ге бөлінеді.

Бірінші түрге жататын заттарға: ұйқы жүйесіне, нейропледикалық және седативтік (аминазин, стресснил, пропазин) дәрілер кірсе, екінші түріне новокаиндық блокадалар, яғни новокаиндық жансыздандыру жатады. Бұл аталған соңғы әсердің негізі - ауруға шалдыққан мүшеден бағытталған қоздыру және ауру импульстарын орталық нерв жүйесіне (бас миға) өткізбеу.

Орынбасушы (толықтырушы) терапия әдісі организмдегі жетіспейтін құрамдас заттарды (ингредиенттер) толықтыру арқылы мүшелердің жұмыс жүйесін тәртіпке келтіруге бағытталады. Аталған тәсілді организмде витаминдердің (витаминотерапия), гормондардың (гормонотерапия), ауыстырылмайтын амин қышқылдарының (аминотерапия), ферменттердің (ферменттік терапия), минералдық заттардың жетіспеушілігі туғанда, сонымен қатар организм көп мөлшерде қан жоғалтқанда, судан арылғанында да қолданады.

Симптоматикалық (сыртқы белгісі бойынша қолданылатын) терапия аурудың негізгі сыртқы белгісін (жөтел, іш өту және т. б. ) жоюға бағытталады.

Диетотерапия - ағзаолептикалық және зертханалық дәрежде ақуыз, көміртегі, витамин және минералдық заттармен толықтырылған жоғары сапалы жем-шөпті қолдану.

4. 2. 3. Табиғи күштер мен аурулардан сақтандыру және емдеу

Физиотерапия (physicus - табиғи, therapia - емдеу) - табиғи факторларды малды емдеуге пайдалану.

Жарықпен емдеу (фототерапия) - малдың организміне жарықтың энергиясымен (көрінетін жарық) әсер ететін ем әдісі. Жарық - өте күшті белгі беретін қоздырғыш. Жарық сәулелері көздердің тор қабықтары арқылы интерорецепторлар байланыстарының жәрдемімен ми қабына үздіксіз әсер етіп, сол арқылы ағзалардың қызметтеріне рефлекторлы түрде ықпалын тигізеді және белгілі бір мөлшерде зат алмасу үрдісін арттырып не төмендетіп тұрады. Жарық организмге терінің, кілегей қабықтарының экстерорецепторлары арқылы да биологиялық әсерін тигізеді.

Оптикалық жарық энергиясын алу үшін қыздыру лампаларын, мысалы, көк түсті Минин лампасын, соллюкс және жылытқыш люминисценттік лампаларын қолданады. Жарық энергиясын тері ауырғанда (экзема), сом жаралары шыққанда, азықтандырудың салдарынан дамитын төмен және орта дәрежеде қан азайғанда қолданады.

Ірі малдың пневмониясын бір мезгілде соллюкс және сынап - кварц лампаларымен ПРК-2 (ДРТ-400) қосарландырып емдегеннен болымды нәтиже алынған.

Инфрақызыл сәулелер шығаратын генераторларды түрлі қабынуларда, плевритте, пневмонияда, былжыр экземада, дерматиттерде және басқа да ауруларда қолданады.

Ультракүлгін сәулелер. Биологиялық әсер етуіне байланысты ультракүлгін сәулелерді 3 спектрге бөледі. А спектрі - толқындар ұзындығы 400-ден 320 нм-ге дейін. В спектрі - толқындар ұзындығы 320-дан 280 нм-ге дейін ақуыздардың, көміртектердің, витаминдердің, минералды заттардың алмасуларын қалыптастыратындай әсер етеді. С спектрі - толқындар ұзындығы 280-нен 180 нм-ге дейін, бактерияларды жойғыштық қасиеті бар. Бұл спектрмен организмге әсер еткенде торшалардағы ақуыздар құрылысы өзгеріп, коагуляциялануы (ұюы) және денатурациялануы (табиғатының өзгеруі) мүмкін.

Ультракүлгін радиациясының қуатты көздері ретінде қолданылатын сынапты-кварц лампалары:

1. 1000 ВТ ПРК-7 мойынды лампа;

2. 385ВТ ПРК-2 (ДРТ-400) мойынды стационарлық және тасымалы лампасы;

3. 100 ВТ ПРК-4 тасымалы сынапты-кварц лампасы;

4. 15 және 30 ВТ (ЭУВ) эритемдік увиолды лампасы;

5. 15 және 30 ВТ (БУВ) бактерияларды жоятын увиолды лампа;

6. 350 ВТ (РВ-500) сынаптыөвольфрамды күн лампасы.

Гальвани тогымен емдеу - бұл тұрақты бағыты мен тұрақты күші бар электр тогымен емдеу әдісі. Малдың ұлпасы арқылы гальвани тогы өткенде ол терінің рецепторлық аппаратына электролизбен, электроосмоспен (катофорез және анофорез) және аздаған жылумен әсер етеді. Ол зат алмасуды, жүйке жасушаларының қайта өсіп жетілуін (регенерация) жақсартып, ауырсыну сезімдерін төмендетеді, электрондар тұрған жерде рефлекторлы белсенді қан кернеуін (гиперемия) туғызады. Гальвани тогы бездердің сөл бөлуін күшейтеді, бірақ сөлдің химиялық құрамын өзгертпейді.

Гальванизацияны невриттерде, параличтерде, жұлынның жарақаттануында, әсіресе оның түбіршегі зақымданғанда, плевра мен құрсақ қуысының жабысып қалуында, гаймориттер мен фронтиттерде қолданады.

Электрофорез - (ионмен және гальвани тогымен емдеу) бұл дәрілік заттарды ион түрінде жарақаттанбаған тері, кілегей қабық немесе жарақаттанған жер арқылы гальвани тогымен енгізу әдісі.

Фарадизация. Фарадей тоғымен емдеу - бұл тербеліс жиілігі секундына 20-60 периодты, ток күші 25-50 мА, бірыңғай жатық ет талшықтарының өздеріне немесе қозғалғыш жүйке арқылы әсер өтеді.

Фарадизацияны ЭСМ-2 және ЭСМ-3 бұлшық ет талшықтарының электростимуляторлары арқылы өткізеді.

Фарадизация парездерді, салдануды, бұлшық еттердің атрофиясын, таз қарынның, ішектің атониясын емдеуде тиімді. Оны іріңді-шірікті үрдістерді емдеуге қолдануға болмайды.

Диатермия - күші 3А және кернеуі 200-250 жоғары жиілікті (секундына 0, 5-2 млн периодты) электр тогының әсері арқылы ұлпаларды қыздырып емдеу.

Диатермиялық іс-әрекетті бронхиттерде, плевриттерде, тромбофлебиттерде, асқазан-ішек ауруларында, жіті нефриттерде және невроздарда, ішкі ағзадардың жабысып ауруында, әсіресе бүйрек тұсында, жиектегі жүйке жүйесі зақымдағанда екі күнде бір рет жүргізеді.

Микротолқынмен (АЖТ) емдеу - ұзындығы 1 мм-ден 1 м-ге дейін аса жоғары жиілікті (300 мың МГЦ) электромагниттік тербелістерге негізделген табиғи емдік әдіс.

Аса жоғары жиілікті электромагнит өрісі (регионарлық) қан-лимфа айналымын, ұлпалардың қоректенуін қуаттандырады, олардың қабынуға қарсы әсерін, сенсибилизациялық жағдайдан босануын және ауырсынуын жоғалтуға әсерін тигізеді.

Клиникалық тәжірибеде “Луч - 58” тұрақты және жылжымалы “Луч - 2” аппараттары қолданылады.

Ультрақысқа толқынмен (ультражоғары жиілікті - УЖЖ) емдеу - ультражоғары жиілікті электромагнит өрісінің (жиілік ауытқуы 30-дан 300 мГц-қа дейін, толқынының ұзындығы 1 м-ден 10 м-ге дейін) электродтар аралығына орналасқан кеңістіктегі ауру мал ұлпасына әсер етуі арқылы емдеу.

УЖЖ емдеу өкпенің крупозды қабынуында, тырыспалы шаншуда, парездер мен салдануда, жіті және жартылай жіті асептикалық гаймориттерде қолданылады, ал іріңді септикалық үрдістерде бұл емді қолдануға болмайды.

Ультрадыбыспен емдеу - жиілігі 20 мыңнан 1 млрд Гц-қа дейін және одан да жоғары тербелістегі ультрадыбысты қолдану арқылы жүргізілетін емдеудің табиғи емдік әдісі. Бұл тербелістерді адамның құлағы қабылдамағандықтан, оны естілмейтін дыбыстарға жатқызады.

Ультрадыбыс невриттерді, невралгияны, өкпе ауруларын, фурункулезді т. б. емдеу үшін қолданылады.

Жылуды емдік-сақтандыру жүйесінде қолдану. Малдың асқазаны мен таз қарынын жуу - олар азықтармен толып кеткенде, атония мен улануда қолданылатын пайдалы іс-әрекетті ем. Азықтық заттарды механикалық жолмен шығарудан басқа асқазанның рецептивтік өрісін ыстықпен тітіркендіреді, ағза нәрсізденгенде судың мөлшерін толықтырады.

Жылқының асқазанын суық немесе жылы сумен резеңкеден жасалған трубкамен, воронка арқылы және шприцпен жуады.

Күйіс қайтаратын малдың таз қарнын үлкен және кіші диаметрлі зондпен жуады. Резеңкеден жасалған жуан зондтың ұзындығы 2, 5 м және ішкі қуысының диаметрі 40 мм, оның төменгі (қарын жағындағы) ұшында екі сопақша тесігі болады. Таз қарынды алдымен 1-2 шелек жылы (400С) 1%-дық орташа тұздар ерітіндісімен немесе сумен жуады. Бірнеше минут өткен соң ерітіндіні қарын жынымен қоса зонд арқылы сыртқа шығарып тастап, қайтадан 3-4 шелек жылылығы 100С сол ерітіндіні құяды. Сонан соң таз қарынды уқалайды, сол кезде қарыннан жағымсыз иісі бар жын қатты ағады. Күйіс қайтаратын малдың таз қарнын атонияда және улануда жуады.

Шошқаның асқазанын кез келген жағдайда жууға болады.

Мұндай іс-әрекеттер үшін зонд және темірден жасалған Х әрпіне ұқсас ортасында қуысы бар зевник қажет. Зонд орнына резеңкеден жасалған диаметрі өңеш қуысына тең келетін түтікті пайдаланады. Зондтың орташа ұзындығы 100 см, ішкі қуысының диаметрі 1, 5 см, қабаттың қалыңдығы 2 мм және жанында 2-3 тесігі болады. Ірі шошқаларды бекітіп ұстау үшін жоғарғы жақ сүйекке жуасытушы ілгек салады. Шошқаны оң жақ бүйіріне жатқызып, зевникті аузына салып бекітіп ұстап, зондты зевниктің тесігінен өткізген соң, сұқ саусақ арқылы түтікті қатты таңдай арқылы әрі қарй өңешке бағыттайды. Зондты өткізген мезгілде түтік кеңірдекке немесе жұтқыншаққа оралып қалмауын қадағалаған жөн. Зондты шамадан тыс толып кеткен асқазанға салған кезде онан сұйық жын сыртқа қарай қатты аға бастайды.

Клизмалар (клистир) немесе әр түрлі сұйықтарды анальды тесік арқылы тоқ ішекке құйғанда, ол жергілікті механикалық әсер етуден бөлек асқазан-ішектен басқа да бөлімдердің қимылына және сөл бөлу қызметіне рефлекторлы түрде әсер етеді (С. С. Полтырев бойынша висцеро-висцеральды рефлекс) .

Су тоқ ішектегі нәжісті сұйылтады. Суық клизма ішек бұлшық еттерін жиырылтады, ал жылы оларды босаңсытады және артерия қанын келтіреді.

Майер (металдан жасалған), Целищев және Меликсетян (резинадан жасалған) дармтампонаторлар (ішек тампонаторлары) арқылы жылқыларға 20 л, ал әдеттегі түтіктерден 5-10 л-ге дейін, майда малдарға 0, 3-тен 2 л-ге дейін (дармтампонаторсыз) су құяды. Клизмалар үшін судың температурасы 20-дан 400С-қа дейін болуы мүмкін.

Клизмалар тазалаушы, жылу реттеуші, дәрі-дәрмекті, қоректендіруші клизмалар және микроклизмалар болып бөлінеді.

Балшықтарды емге қолдану. Пелоидтер (грекше рelos - лай, балшық) - бұл күрделі биологиялық және геологиялық үрдістер әсерінен пайда болған табиғи заттар. Емдеу мақсаты үшін ванна және апликация түрінде қолданылады.

Балшық пен торфтың мал организміне биологиялық әсері мынадай:

а) әр түрлі температурадағы коллоидты пластикалық масса термиялық әсер етеді;

б) балшық құрамындағы кальций, темір, алюминий және кремний қышқылы тұздары теріге және кілегей қабықтарға тырыстырғыш әсер етеді;

в) кейбір балшықтардың радиоактивті әсері болады.

Парафинмен емдеу - организмге жылумен әсер ететін емдік әдіс. Емдеу мақсаты үшін балқу температурасы 40-480С жылдам балқитын және сирек баяу балқитын 52-56қС температурадағы парафин қолданады. Бұл әдістің тиімділігі - 800С дейін қыздырылған парафин денені күйдірмейді, ол төменгі жылу өткізгіштікке ие. Оның бірінші қабаты 60-700С температурадағы терімен жанасып, оған белгілі бір жылу мөлшерін береді және өзі жұқа қабыршаққа айналып, жабылған жерін әрі қарай артық қызып кетуден сақтайды. Парафин ұзақ уақыт қалыпты температураны ұстағандықтан, ұлпалардың қоректенуіне қолайлы жағдай туады.

Парафиннің басқа бір әсері - компрессиялық. Оның суып, қатаюына байланысты дененің жабылған жері бірқалыпты және күшті қысым көреді. Тері парафиннен былғанбайды: тері мен оның аралығындағы кеңістікте лимфа айналымын жақсартатын тер бөлінеді.

Уқалау (массаж) - өте кең түрде тараған емдік іс-әрекет. Оның әсерінен лимфа қозғалысы едәуір жылдамдайды, ұлпалардың қоректенуі мен қан айналымы және де жүйке жүйелерінің ет талшықтарының, буындардың, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жағдайлары жақсарады, асқазан мен ішектің сөл бөлуі, өкпеде газ алмасу, зат алмасу мен жасушаларда осмос және диффузия үрдістері жоғарылайды. Қалау рецепторларға әсер ететін гистаминтәріздес заттардың пайда болуын қуаттандырады, вегетативті ораталық арқылы жоғары жүйке жүйесіне тітіркенуді қабылдайды және оны өткізеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Новокаин блокадасын ем ретінде қандай мақсатпен қолданады? Новакаинге ұқсас

қандай дәрілерді білесіз?

2. Черкасовтың зондың қандай ауруларды емдеу үшін қолдануға болады? Техникасын

көрсетіп, айтып беріңіз?

3. Жылқылардан асқазан сөлін алу үшін қандай зонд қолданылады? Техникасын

көрсетіңіз?

4. Шошқалардың ауруларында қандай зондтарды қолдануға болады? Техникасын

көрсетіңіз?

5. Меликсетян зондың қандай ауруларды емдеуге қолданады? Техникасын көрсетіңіз?

6. Сумен және жылумен емдеу олардың қандай қасиеттеріне негізделген?

7. Суды емдік ретінде пайдалану әдістері қандай?

8. Жылумен емдеуді және оның әдістерін айтып беріңіздер?

9. Саз балшықпен емдеу туралы не білесіз?

10. Парафинмен және озокеритпен емдеу туралы айтып беріңіз?

11. Электр тоғымен емдеудің түрлері қандай?

12. Гальванизация дегеніміз не?

13. Электрофорез дегеніміз не?

14. Фарадизация дегеніміз не?

15. Дарсонвализация дегеніміз не?

16. Диаметрия дегеніміз не?

17. Ультражоғарғы жиілектегі тоқпен емдеу қалай жүргізіледі?

18. Жарық сәулелерінің биологиялық әсерлері қандай? (көзге көрінетін, инфрақызыл,

ультракүлгін сәулелерінің) .

19. Ультракүлігін сәулесінің досасын қалай анықтауға болады?

Әдебиеттер:

1. Анохин Б. М., Данилевский В. М., Замарин Л. Г. и др. Внутренние незаразные болезни

сельскохозяйственных животных. Под редакцией Данилевского В. М. М.,

«Агропромиздат», 1991 г.

2. Данилевский В. М, Кондрахин И. П., Коробов А. В. и др. Практикум по внутренним

незаразным болезням животных. Под редакцией Данилевского В. М., Кондрахина И. П.

М. «Колос» 1992 г.

3. М. А Молдағүлов, Ө. К. Есходжаев, К. Н. Қожанов және басқалары. Малдың жұқпалы

емес ішкі аурулары. Жалпы редакциясын қараған М. А. Молдағүлов. 1-ші басылымы.

Алматы, 1992 ж.

4. К. Н. Қожанов, А. З. Дюсембаева, С. О. Балтыбеков және басқалары. Малдың ішкі

жұқпалы емес ауруларының практикумы. Семей қаласы, 2000 ж.

5. Белов А. Д, Беляков И. М, Лукьяновский. Физиотерапия и физиопрофилактика болезней

животных. М «Колос» 1983 г.

4. 2. 4. Жүрек-қантамыр аурулар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Емдік шаралар
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Клиникалық белгілері және патогенезі
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Құстардың инфекциялық ларингиті
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Диспансеризация туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz