Өт-тас ауруы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Өт-тас ауруы.

Тапсырған: Бектұрған Б. А.

Тобы: ЖМ17-004-02

Тексерген: Бердибаев Д. К.

Алматы, 2020-2021 оқу жылы

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Этиологиясы және патогенезі
  2. Классификациясы
  3. Клиникалық көрінісі
  4. Диагностикасы
  5. Асқынулары және емі
  1. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Өттас ауруы ( сhоlеlіthiasis ) - өт көпіршігінде тастың болуымен немесе сирек бауыр және өт жолдарында пайда болуымен сипатталады . Бұл ауру кең таралған . Өт тасы ауруы 50 жастан бастап қартайғанға шейін, әсіресе әйелдерде, көбіне бала тапқандарда кездеседі . Еркектер өт тасы ауруымен әйелдерге қарағанда шамамен 6 еседей сирек ауырады . Сонымен қатар өт қуығындағы тас бұл аурудың клиникалық көрінісін бермеуі мүмкін . Мұндай тастарды " Тыныш ", " тым - тырыс ", өт тасы деп атайды . Өт қабының жедел қабынуы -85-90% -да өт қабында тастың болуына байланысты, созылмалы түрінде жиі қайталанатын ауру.

Тарихта бірінші болып өт қабын алу операциясын Американың хирургі Карл Лангенбух 1882 жылы жасаған. Бірінші лапороскопиялық холецистэктомия операциясын 1985 ж. немістің хирургі Эрик Мюхе жасаған.

Тастар химиялық құрамы бойынша бөлінеді:

  • Холестеринді
  • Пигментті
  • Извест (әкті)
  • Аралас (холестерин +пигмент+известь)

Өт қөпіршігінде таза холестеринді тас, ақ және сары түсті тас кездеседі, Пигментті тас билирубин және әктен тұрады . Олар әртүрлі формалы, көбіне өте майда және көп болады, қара - жасыл түсті, тығыз, бірақ сынғыш келеді . Таза әкті тас өте сирек кездесетін көмір қышқылды кальцийден тұрады . Жиі аралас холестерин - әк пигментті тас табылады . Олар суда батады және жанбайды . Өт көпіршігіндегі тастар болғандықтан кілегейлі қабатында қабыну пайда болуына әкеледі . Қабыну кезінде тастың ұзақ уақыт болуынан атрофия және өт көпіршігінің склерозын шақыруы мүмкін.

Этиологиясы және патогенезі:

Көптеген жылдар бойы ӨТА-ның негізгі себептері ретінде инфекция, организмде холестерин деңгейінің жоғарылауы, өт сұйығының өт қуығында тоқырлануы сияқты көзқарастар орын алып келді. Өт жолдарында тастардың құралуында негізгі орын алған заттар қатарына липидтер мен фосфолипидтер, холестерин, пигменттер, өт қышқылдары т. б. жатады. Бүгінгі таңда тастардың пайда болуы өт сұйығындағы жоғарыда аталған құрамалардың физика-химиялық қасиеттерінің бұзылуымен тікелей байланысты екені дәлелденіп отыр. Қалыпты жағдайда холестерин мен өт қышқылдары арасындағы белгілі тепе-теңдіктің арқасында холестерин тұрақты сұйық қалыпта болады. Оларлың өзаралық қатынасы холат-холестериндік немесе литогендік индекс деп аталады. Ол қалыпты жағдайда 1:20, 1:30-ға тең. Егер әр түрлі себептердің әсерінен осы көрсеткіш бұзылса, яғни өт сұйығында холстерин деңгейі ұлғайып, өт қышқылдарының көлемі азайған немесе керісінше жағдай болса, өт сұйығының литогендік қасиеті жоғарылайды. Осы себептен, өт қуығында холестерин кристалданып, тас түзілу құбылысы басталады. Холат-холестериндік индекстің көрсетілген шамадан бұзылып, холестерин деңгейінің жоғарылап кетуі келесі себептерге байланысты:

  1. Бауырдың әр түрлі ауруларынан оның функциясының бұзылуы;
  2. Күнделікті қолданатын тағам құрамында холестериннің көп болуы;
  3. Өт сұйығы құрамында өт қышқылдары мен фосфолипидтердің азаюы;
  4. Өт қуығындағы инфекция;
  5. Аталған себептердің қосарлануы.

Өт қабына инфекция үш жолмен тарайды:

1. Гематогенді

Порта системасынан әуелі бауырға, сонан соң өтпен бірге өт жолдары арқылы;

2. Лимфогенді

Бауырдан өт қабына лимфа жүйесі арқылы;

3. Энтерогенді

Ұлтабардан кері қарай Фатер бүршігінің тесігі арқылы жалпы өт өзегіне және өт қабына.

Классификациясы :

ӨТА-ның жіктелуі:

I. Асқынбаған түрі

1. Клиникалық көрінісіне дейінгі сатысы.

2. Клиникалық сатысы.

II. Асқынған түрі

  1. Созылмалы холецистит.
  2. Жедел обтурациялық холецистит.

Клиникалық көрінісі:

Аурулардың шағымы созылмалы холициститке өте ұқсас болып келеді . Бірақ та өттас ауруында ауырсыну сипаты ерекшеленеді: ереже бойынша олар көрінкi және басқа ауруларға қарағанда доминантты болып келеді . Бұл ұстамалар өт шаншуы деп аталады . Бұлар тас көпіршік жолдарының томпаюынан және өт шығару жолдарынан пайда болады . Диетаның бұзылуы, қобалжу әсер ету факторы болуы мүмкін . Әдепкі кезде науқас көбіне айқын емес ауырлыққа және іштің жоғарғы бөлігіндегі, әсіресе қарын аймағының сыздап ауыратынын айтып шағынады . Іштің қатты ауыратыны алдын - ала білінбей, ешқандай белгілерсіз, кенеттен пайда болуы мүмкін . Науқас күшті, ащы тамақ ішкеннен кейін немесе қатты ашуланғаннан кейін іштің қатты ауыратынын айтып шағынады . Кенеттен оң жақтағы қабырға асты, одан жауырынға және оң жақтағы иық үстіге өтетін ауыр ауырсынулар байқалады . Ішектің рефлекторлы сипаттамасының өтпеуі байқалады . Температураның көтерілуі сирек болады . Онымен қатар лоқсу және жиі құсу, іштің ауырғаны төске, жүрекке шабуы да мүмкін . Мұндайда тамыр біршама баяулау соғады . Мұндай аурудың ұстауы бір минутке ғана созылуы мүмкін . Осылай ұстап ауырғанда көбінесе дене қызуы көтеріледі, тек өт жолындағы тас қысылғанда, инфекция болмағанда ғана дененің қозуы көтерілмейді . Бірқатар жағдайларда біршама үлкейген ет қуығын сипап көруге мүмкіндік туады Ауырсыну ұстаманың ұзақтығы - бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін болды . Ұстама өз - өзімен тоқталады немесе спазмолитиктерді ендіргеннен кейін. Басқа жағдайда инфекция тез қосылады және өткір холицистит туындайды . Айтқан ауысынулардан басқа жеңілдік әкелмейтін жүрек айнуы, кейде құсу туындайды . Өт шаншуының әртүрлі болуы мүмкін : көпіршікті ағымның тастары қайтадан өт көпіршігіне қайтуы мүмкін . Көпіршік ағымның туындау ұзақтығына және инфицирдің жоқ болмауына байланысты сулы өт көпіршігін туындатады . Егер тас жалпы өт ағымына түсіп және оны тығындаса, онда механикалық сары ауру дамиды : өт пигментімен жойылған, кал ашық болып келеді, зәрде осы пигменттердің жоқ болуынан зәр қараяды, аққуызбен байланыспаған, қанда билирубиннің құрамы жоғарылайды . Холицистография және ультрадыбыс зерттеулурі бойынша өт көпіршігінде Конкрименттердің көлеңкесін көруге болады . Мұндайд бір мину дене қыз болмаған біршама Ауырсын дейін бол ендірген

Белгілері:

Ортнер-Греков белгісі - оң жақ қабырға тұсын алақан қырымен жайлап соқса ауырсыну күшейе түседі.

Мерфи белгісі- оң жақ қабырға тұсынан ішті саусақпен қаттырақ басып көргенде науқастың терең дем ала алмайтыны белгілі болады.

Курвуазье белгісі - пальпация жасағанда өт қабының үлкейіп ауырсынып тұруы.

Мюсси-Георгиевский белгісі - оң жақ бұғана сүйектің үстін қолмен басқанда өт қабы аймағы ауырсынады.

Образцов белгісі - іштің өт қабы орналасқан тұсын саусақпен басса, ауырғаны байқалады.

Кер белгісі - Кер нүктесін басқанда ауру сезімі туады немесе күшейеді.

Боас белгісі - бармақпен IX-XII қабырғаларының омыртқаға қосылатын аралықтарын басқанда ауру сезімі анықталады.

Диагностикасы:

  • Анамнез
  • Биохимиялық зерттеулер: билирубин - 20, 5 ммоль/л, холестерин 3-5, 2 ммоль/л
  • Лейкоцитоз- формуласының солға ығысуы
  • УДЗ -90%
  • Холецистография
  • ЭРХПГ
  • ЭКГ, ЭХО КГ

Қандағы билирубин мөлшерін анықтау. Қандағы билирубиннің қалыпты мөлшері 1, 7-20, 5 мкмоль/л аралықтарында жатады. Бауыр мен өт жолдарының сырқаттарында егер олар өт сұйығының қалыпты ағу жолдарында бөгет туғызса, яғни механикалық сарғаю пайда болса, бұл көрсеткіш жоғарылайды.

Қандағы холестерин мөлшерін анықтау. ӨТА-да қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 3-7, 8 ммоль/л тең.

Қанда белок мөлшерін анықтау. Ұзақ мерзімге созылған ӨТАнда немесе оның механикалық сарғаюмен асқынған түрінде қандағы белок мөлшері төмендеуі мүмкін (диспротеинемия) . Қалыпты мөлшері 65-85 г/л тең.

Зәрде өт пигменттерін анықтау . Қалыпты жағдайда зәрде өт пигменттері болмайды. Егер зәрді зерттеу барысында өт пигменттері анықталатын болса, ол механикалық сарғаюдың бір дәлелі ретінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өттас ауруы
Өт тас ауруы
«Микрохирургия және видеоэндохирургия туралы түсінік»
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Дәрілік шөптер және минерал тектес заттар
Зоб ауруынан емделу, айығу туралы мағлұмат
Өт- тас ауруы. Созылмалы тасты холецистит
Өт қабының және өт шығару жолдарының гистологиясы
Бүйректер патофизиологиясы
Гиперхолестеринемия және оның себептері. Өт - mac ауруының пайда болу механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz