Халық педагогикасындағы ақыл - ой тәрбиесі

1.Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып отырған. Қазақ этнопедагогикасындағы негізгі құрал - халық білімі - табиғат, әлеуметтік үдерістерді, құбылыстарды бақылау арқылы алынған ғылыми емес мәліметтер. Бақылау негізінде жасалған қорытындылар халықтың күнделікті іс- әрекетінде қолданылып, ұрпаққа механикалық түрде беріліп, салт-дәстүрлер арқылы бекіл отырды.
Халық білімдерінің 3 бөлігі:
-әлем туралы түсініктер;
- дағдылар;
- практикалық іс-әрекет.
Халықтық білімдердің дамуына географиялық жағдайлар үлкен ықпал етті. Халық білімдері жүйесіз, құбылыстардың себеп-салдарларын көрсетпейді. Оларды зерттеу төмендегідей мәдениет сапаларын анықтауға мүмкіндік берді:
-халық емшілігі;
- халық күнтізбесі;
- халықтың ауа райы туралы болжамдары;
- тәрбие туралы түсініктері.
Этнопедагогикалық білім - нақты бір этностың педагогикалық мәдениетіндегі халықтың танымына және тәрбиесіне әсер ететін, жеке тұлғаның сапасынан көрінетін білімдер. Қазақ халқының дүние жөніндегі ой-толғаныстарынан, тәжірибесінен туындаған білімдерді жас ұрпақ еңбек үдерісінде алып, қиындықты жеңу тәжірибесін жинақтады. Бұл білімдер халықтың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті.
Рационалдық білімдер - табиғат, шаруашылық, технология жөніндегі білімдер, дағдылар. Иррационалдық білімдер - діни түсініктер, сенімдер, қарғыс және баталар, халықтың астрономиясы және ауа райын болжау, уақытты есептеу және санау жүйесі, арбау, мифтер. Этнопедагогикалық білімдерді атқаратын қызметіне қарай топтастыруға болады. Алғашқыда бала наным-сенімдер, ережелер, талаптар арқылы тәрбиеленеді. Содан соң салт-дәстүрлер, аңыздар әдет-ғұрыптар, халық фольклоры тәрбиелей бастайды. Олардың мазмұнында жастарға берілетін тәжірибе, оны беру жолдары, қоғамның тәрбиеге қоятын талаптары бар. Мазмұн өзгеріп, оған жаңа білімдер қосылып отырды. Соңғы кезде ұлттық білім ұғымы қолданылуда. Ол ұлттық құбылыстардан туындайды. Олай болса, ұлттық білімдерді этнографиялық, этнопедагогикалық, лингвистикалық деп бөлуге болады. Мысалы: бесік - этнографиялық ұғым. Бесіктің бала тәрбиесіне ықпалын этнопедагогика зерттейді. Қазақтардың халықтық білімі іс-әрекетінен, өмірінен туындағандықтан ерекшеліктері бар. Халықтық білімдерді жас ұрпаққа әлеуметтік, саяси, идеологиялық, экономикалық өзгерістерді есепке ала отырып беру керек. Халықтық тәрбиенің объективті сипаты бар, себебі ол отбасында, руда беріледі. Ал тәрбие субъектілері - ата-аналар, әжелер, аталар, апалар, тума-туыстар, көршілер, ақсақалдар, билер болды. Сонымен этнопедагогикалық білімдер де педагогикалық білімдерге ұқсас. Себебі оны да жеке адамдар жасаған. К.Ж. Қожахметова халықтық білімдерден балаға тәрбие беретін, танымын тереңдететін білімдерді іріктеген. Олар:
1.Болмыс және дүние туралы талқыланбайтын ұлттық түсініктер. Олар ұлттардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қарастырып, оған бағыт беріп отырады. Қазақ халқының түсінігіндегі өмір мұратына жетуге көмектесетін бірінші кезектегі, ең басты сапа - ақылдылық. Бұл - жан-жақты жетілген, білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. Мұндай адам әр кез ойлап сөйлейді, мәселені жан-жақты қарайды, оны ақыл таразысына салып, яғни Жеті рет өлшеп, бір рет пішеді. Ақылды адам - қиялы бай, жүйрік, ақыл- парасатты, тәртіпті. Ақылды кісіні халқымыз ежелден ерекше қастерлеген. Қазақ мақал-мәтелдерінде де кісіліктің осы жағына ерекше мән берген (Ақылдының айналасы - гүлстан, Ақылды кісі азбайды, Ақылдының сөзі қысқа, Ақылды айттырмай біледі, т.б).
Қазақтар менталитетінде білімге зор ықылас бар. VII ғасырда өмір сүрген мұсылман әлемі халифтерінің бірі Әзірет Әліні (Әли ибн Әбу Талиб) жерлестері білім қақпасы деп атаған. Оған 10 ғалым: Бұл дүниеде байлық артық па, білім артық па? деген сұрақ берген. Бұл сұраққа 10 түрлі жауап бергенде ғана хазіретті халиф деп тану жөнінде шешім қабылдаған. Хазірет шартты орындаған. Оның кейбір жауаптары:
1.Білім сенің амандығыңды сақтайды;
2. Білім досты көбейтеді, байлық жауды көбейтеді;
3. Білімді көбірек іздегенде көбейеді;
4. Білімді қолданғаннан оның саны азаймайды; байлықты орынсыз шашу кедейлік пен мұқтаждыққа әкеледі. Олай болса білім байлықтан артық.
5. Көп іздесең, білім көп жиналады.
Мұны көзсіздікке ұрынбай-ақ, сөз мәйегі мақалмен Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар, Күш - білімде, Білімдінің қағазда аты қалар, ұстаның істеген заты қалар, Ғылым таппай мақтанба, өнер таппай баптанба, Білгенің - бір тоғыз, білмегенің - тоқсан тоғыз, Көргеннен көрмегенің көп, білгеннен білмегенің көп, Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса, кішіден сұра, Оқы да біл, ойна да күл, ойна, бірақ жұмысыңды да ойла, Сауысқанның тамағы шоқумен табылар, өнер-білім бәрі де оқуменен табылар, Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ деп қысқа тұжырымдайды.
Ұзақ ғасырлар бойы дамып, тарихи қалыптасқан халықтық тәрбие жүйесінде баланы ақыл-ой жағынан дамыту ерекше орын алады. Халқымыз: Бай болып, барша мұратына жетудегі - адам үшін қажет ең басты сапа - ақыл деп түсінген. Ақыл азбайды, білім тозбайды, Ақылды көпшіл келеді, надан кекшіл келеді, Ақымақтың ақылы білегінде, ақылдының ақылы жүрегінде деп, ақылдың адам үшін баға жетпес қазына екендігін атап көрсетеді. Сондай- ақ Шайнап берген ас болмас, Көп ойлансаң дана боласың, көп ойнасаң бала боласың дей отырып, баланың ақыл-ойын дамыту оның ойына күш түсіруге, ойлана білуге байланысты деп дұрыс түсінген.
Баланың ақыл-ойын жетілдіруді мақсат ете отырып, халқымыз көптеген тәрбиелік дүниелер қолданды. Оларды екіге бөлуге болады. Оның бірінші тобына жататындар - өмір мұратына жетудегі ең басты адамдық сапа - адалдық екендігін көрсетуге арналған шығармалар, яғни мұнда баланың түсінігіне, ойлау, қабылдау ерекшеліктеріне ыңғайлай отырып, өмір жақсылығын көрудегі ақылдылықтың мәні ашылады. Ондай шығармаларға Аяз би, Қырық өтірік сияқты ертегілер жатады.
Тылсым дүниенің адам жанының небір құпия сырларын түсіне отырып, өмірдің ең биік шыңына көтеретін, бес хандықтың басын қосып біріктірер күш (Аяз би, Кедей қызы мен хан баласы, Ақылды етікші), өмірдегі ең қиын түйіндерді шешетін (Қара үйрек), алабөтен сұм ажалдарға қарсы тұратын (Жарты төстік), еліңді, жеріңді қорғауда (Керқұла атты Кендебай), ең алдымен саған көмекке келетін, тікелей көмектесетін - ақыл. Ел қорғаған азаматтар мен әйелдердің (Құртқа, Кенжекей, Ақжүніс) бақыты осы ақылмен байланысты.
Қазақ халқы айтыс өнерін құрметтеген. Өнерлі азаматтарға жиын- тойларда төрден орын берген. Ақыл-ой тәрбиесін беруде айтыс ерекше рөл атқарды. Өлең-жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, жиналған жұртты күлдіру - жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүріне айналды. Айтыс түрлері - жұмбақ айтыс, сұрақ- жауап, қайым айтыс. Балалар мен жастардың адамгершілік эстетикалық тәрбиесін дамытып, жетілдіруде қазақ халқында айтыс өнерінің орны айрықша. Оның қай түрін алып қарасақ та, сезімтал тапқырлықпен қиыннан қиыстырған шеберлікпен қатар, халықтың ой-арманы мен ар-намысын қастерлеген аталық ақыл-өсиет сезіледі, халқына , оның өнеріне деген сүйіспеншілік сезімі аңғарылады, әншілік, күйшілік дарындылығы байқалады, ел арасындағы саяси-әлеуметтік жағдайлар, халықтың күнделікті тұрмысы, әйел теңдігі, табиғат көріністері, заманның ащы шындығы, балалардың қаhармандық ерліктері, кейбір бай-сұлтандардың жауыздық-зұлымдықтары, т.б әлеуметтік мәселелері сөз болады. Әсемдік нақышына келтіріп бейнелейтін теңеулер, ұшқыр ойлар, шешендік нақыл сөздер жиі кездеседі.
Айтыс өлеңдері мазмұнына, тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлінеді (қайымдасу айтысы (қыз бен жігіт), түре айтыс, сүре айтыс, хат айтыс, жұмбақ айтыс, мысал айтыс, т.б.). Олардың ақындар алдында қоятын талабы да әр түрлі. Мысалы, жұмбақ айтыс ақындардан ақындықпен қатар білімді, тапқырлықты талап етеді, айтыстың бұл түріне айтысып отырған ақындар бірін-бірі сөзден жеңе алмағанда көшеді. Сөйтіп ақылдылық, тапқырлық деңгейлерін сынасады. Жұмбақ - адам баласы санасының даму үдерісінде әр алуан өмір құбылыстарын түсініп білуге, ойды жетілдіру, талпындыру, әсіресе жастардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz