Тас қалау жұмыстарының сапасын бақылау


«Тас қалау жұмыстарының сапасын бақылау.
. Тас қалауындың жіктестіру ережелері
Тас қалауын әр қайсысы жеке тастардан тұратын қатарлармен жүргізеді. Шектес тастардың аралығындағы бойлай және көлденең бағыттардағы ерітіндімен толтырылған саңылауларды жіктер деп атайды. Қалау жіктері көлденең және тік болады. Параллепипед пішінді тастардың қырлары төсем, бүйір және үшкір қырлары деп аталады . Тастар қалауға көбінесе жалпағынан, ерітіндіге төсемімен және сирегірек бүйірі немесе үшкірмен төселеді. Сыртқа бүйірмен төселген қалауқатарын бүйір, ал үшкірінен төселгенді үшкір қатары деп атайды. Қалаудың сыртқы (қасбет бойынша) және ішкі қатарлары сыртқы және ішкі шек қатары, ал олардың аралығы - шойма деп аталады.
Ерітіндімен бір бүтінге қосылған, жеке тастардан құралған тас қалауы оған әсер ететін күштерге сенімді қарсы тұратын тұтас сілем болу керек. Жеке тастар қалау сілемінде бір - біріне жылжымау үшін оларды тас қалауын жіктестіру ережелері деп аталатын белгілі шарттарды сақтап қалау керек.
Жіктестірудің бірінші ережесі тастарды күш әсері бағытына перпендикуляр жалпақ қабаттармен (қатарлармен) төсеуден тұрады. Мұндай ереже тастардың қысуға жақсы және созылу мен иіліске нашар қасиеттерінен шығады. Осыған байланысты тастарды сілімде тек олар қысылатын етіп орналастыру керек. Иіліс немесе созылудан қашу үшін үстіңгі тас астыңғыға әр жерлерімен емес барлық төсемімен, яғни жазықтығымен сүйену керек. Осы себеп бойынша қалау сілемі жазық қабаттарға (қатарларға) бөлінеді. Қабаттарды қалауға әсер ететін күш оларға перпендикуляр бағытта орналастырылады. Ондай болмаған жағдайда қалаудың ең әлсіз жері - қабаттар аралығындағы ерітінді жіктері бойынша тжылжу пайда болады . Күштің бағыты тіктен 15 - 170 артық ауытқуғаболмайды. Жылжу күші осы шекте тастар қабатының аралығындағы үйкелу күштерімен сөндіріледі.
Көп жағдайларда қалауға күштер тік беріледі, сондықтан ол көлденең қабаттармен орындалады. Аркалар мен күмбездерде қысым қисығының жанамасы бойынша әр қимада әсер ететін күштер пайда болады, осыған бола олардың қалауы жазықтармен тарамдалып бөлінеді.
Жіктестірудің екінші ережесі қалауды үш өзара перпендикуляр жазықтарға бөлуді қажет етеді. Сонда тастар тік бұрышты параллелепипед пішінін алады . Осындай жеке бөліктерге бөлгенде қалау сілімінде мынадай жіктер пайда болады: қабаттың төсемі бойынша - көлденең және бойлай - тік. Егер қалау бөлуін көлбеу жазықтықтармен жасаса, онда күш әсерімен шектес тастарды ысыруға тырысатын және де жеңіл сынатын үшкір бұрышты тастар пайда болады.
Жіктестірудің үшінші ережесі қалау бүтіндігін қамтамасыз ету үшін жіктер байлауын сақтауды қамтамасыз етеді. Егер жіктері байлаусыз орындалған қалау сілемін тесіп өтетін үш жазықтармен бөлсе, онда қалау бір - бірімен қимасымен бір тасқа байланыспаған жеке діңгектерден тұрады . Тастарды түсетін күшке бірлесіп жұмыс істеуге мәжбүр ету үшін жоғары жатқан тастарды астыңғысына жылжыту керек, яғни астыңғы қабаттың тік жіктерін жоғарғы қабаттың тастарымен асыра жабу керек. Мұндай тәсілді қалаудың шектес қатарларының жіктерін байлау деп атайды.
. Жіктерді байлау жүйелері
Жіктерді байлаудың көптеген жүйелері бар. Кірпіштерді әр түрлі жүйелермен қалау және байлау арқылы қалауға, әр түрлі сыртқы кескін беруге, жұмыс тәсілдерінің қайталанғыштығына жету және сонымен жұмысты тездетуге, белгілі әсерлерге жоғары төзімділікті қалау арқылы алуға болады. Жіктер байлауы неше қатардан кейін жасалуына байланысты бір қатарлы және көп қатарлы жүйелерге бөлінеді.
Бір қатарлы (тізбекті) жүйемен байлау дәстүрлі әдіс болып саналады. Оның мәні мынада: бір қатардың барлық жіктері бойлай тік жіктердегі келесі қатардың кірпішін (12) кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңдердікі - (14) кірпішке асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарлармен алмасып отырады. Барлық қатарлардың бүйір қырлары қалау қасбетінде үздіксіз тізбек түрінде сурет жасап бір тікте орналасады .
Көп қатарлы жүйемен жіктер байлау кірпіш және тастың өлшеміне сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты кірпіштен қалағанда бойлай тік жіктер әр бүйір қатардан кейін бір үшкір қатармен асыра жабылып отырылады . Мұндай қалауды бес қатарлы деп атайды. Көп қатарлы жүйенің кемшілігі - қалаудың бес қатарына дейінгі биіктікте бойлай жіктер байлаудың болмайтындығы, бірақта бұл оның беріктігін және тұрақтылығын төмендетпейді. Бір қатарлы қалаумен салыстырғанда көп қатарлы толық өлшемді емес кірпішті аз қажет қылады, сондықтан мұндай қалау материал шығыны бойынша өте үнемді. Үш қатарлы жүйемен жіктер байлау негізінде кірпіш бағаналар (діңгектер) қалағанда қолданылады. Сонымен мұнда биіктігі бойынша үш қатарда сыртқы тік жіктері тура келуіне рұқсат етіледі. Үш қатарлы жүйемен байлау жіктерді тізбекті және көп қатарлы байлау негіздерін үйлестіру арқасында толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен қанағаттануға болады.
Бірінші үшкір және екінші бүйір қатарларын жіктерді тізбекті жүйемен байлау бойынша төсейді, бірақ олар кірпіштің (14) жылжытылмайды; үшінші бүйір қатары қасбет бойынша (12) кірпішке жылжытылады. Төртінші қатар тағы да алдыңғы қатар туралы (12) кірпішке жылжытылған бүйір қатардан төселеді. Сонымен барлық тік жіктерді жабу үш қатардан кейін жасалады. Үш қатарлы қалау техникалық сипаттамалары бойынша тізбекті және көп қабатты жүйелерден толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен пайдалы ерекшеленіп олардың арасында аралық орынға ие.
Кірпіш қалауында барлық жіктердң ерітіндімен толық толтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылылық сақтау қасиеттерін көтереді.
Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының өң бетіндегі жіктерді 10 - 15 мм тереңдікке ерітіндімен толтырмайды. Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен берік жабысуына мүмкіндік береді.
Сылақталмайтын қабырғалардың өң бетіндегі жіктер бетпен бірдей толтырылады. Сыртқы жіктердің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz