Саясат - бүкіләлемдік құбылыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Саясат - бүкіләлемдік құбылыс. Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекет те, халық та жоқ.
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз - дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың , жеке адамдардың іс-әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихи дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Осы тұрғыдан алғанда ең әуелі назар аударатын нәрсе - осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылыққа толы, сөйте тұра - біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200-дей мемлекет, 2000 - нан астам этникалық топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі, ділі және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттіңғ экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр. Соған сәкес өмір салты, мақсат-мүдделері де алуан түрлі. Мұның бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлілігін, демократиялық нышандардың деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды.
Осындай сан алуандылыққа қарамастан бүгінгі әлем, адамзат қоғамы біртұтас дейтін себебіміз не? Біріншіден, дүние жүзінің түпкір-түкпіріндегі барлық адамдарға ортақ адами қасиеттер бар. Кез келген адам бақытты өмір сүріп, өз қабілетінше еңбек еткісі, бала сүйіп, қызығын көргісі келеді, қадір-қасиетін сақтап, қоғамдағы өзіндік орнын табуға ұмтылады. Соған орай әрбір адам жалпы адамзаттық құндылықтарға мойын ұсынып, өз бойына сіңіруге талаптанады. Демек, барлық адамдарға ортақ арман-мүдде, іс-әрекет, құндылық қасиеттер оларды жақындастырады. Екіншіден, дүние жүзіндегі барлық адамдардың, барлық халықтар мен мемлекеттердің өмір тіршілігіне қауып төндіретін қару-жарақ әлі жойылған жоқ. Бұл да елдердің ортақ мүддесін қалыптастырады. Үшіншіден, осы заманғы ғылыми-техникалық революция бүкіл әлемді біртұтас қамтып, бір арнаға тоғыстыруда. Өндіргіш күштердің интеграциясы, дүниежүзілік біртұтас нарықтың қалыптасу үрдістері екпінді түрде жүріп жатыр. Төртіншіден, дүние жүзі халықтарының, мемлекеттердің арасындағы өзара қарым-қатынас, алыс-беріс байланыс аса жоғары сапалы қарқынға ие болды. Әлемдік байланыс біртұтастыққа ие болады. Ешқандай да халық немесе мемлекет басқалардан тысқары, олармен байланыссыз, өзара әсерсіз өмір сүріп, ілгері дами алмайтын жағдай қалыптасты. Әр елдің тағдыры әлемдік қауымдастық тағдырымен ұштасты. Ең бастысы елдер мен халықтар өзара байланысты, өзара тәуелді екендіктерін терең сезінетін ахуал орнақты. Осы ахуал бүгінгі замандағы жаңаша саяси ойлаудың өзегі болып табылады. Бесіншіден, біздің дәуірімізде дүние жүзіндегі барлық халықтар мен елдердің тағдырына тікелей қатысы бар адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік (глобальды) проблемалар пайда болды.
Бүкіл әлемдік проблемаларды төрт топқа бөлеміз:
:: әлеуметтік-саяси сипаттағы проблемалар: яролық соғыстың өртін өшіріп, қарулану процесін ауыздықтау, мемлекетаралық, ұлтаралық және аймақтық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, халықтар арасында өзара сенім мен сыйласым дәстүрін орнықтырып, қауіпсіздік жүйесін нығайту, ақпараттық ағымдарды игілікті пайдалану;
:: әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалар: артта қалуды, кедейшілікті жою, энергетикалық, шикізаттық, ішіп-жемдік, демографиялық дағдарыстарды реттеп, олардан шығу жолдарын бірлесіп іздеу;
:: әлеуметтік-экологиялық проблемалар; қоршаған ортаны, табиғатты күтімге алып, ұқыпты пайдалану;
:: адам проблемасы. әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға өміршеңдік сипат беру, надандықтың жолын кесіп, рухани дамуға жол ашу, қасіретті аурулармен тізе қосып күресу.
Бүгінгі таңда дүниенің өзара жауласқан, антогоистік саяси - экономикалық екі жүйеге бөлінуі ыдырады. Екі полюстік текетірес көп полюсті қарым - қатынасқа негізделген адамзат - қоғамының қауымдастығына ығысып орын берді. Әлемдік маңызы бар саяси мәселелерді шешуге барлық мемлекеттер өз үлестерін қосатын болды. Жер шарының бір түкпірінде бой көрсеткен шиеленіс болса, оған бүкіл дүние жүзі елең етіп, жауапкершілікпен қарайтын болды. Бұл ретте халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен арнаулы мекемелерінің (ЮНЕСКО , МАГАТЭ, т.б.) атқарып отырған игілікті әрі ықпалды іс - әрекеттерін ерекше атаған жөн.
Қазіргі заманғы әлемдік саяси үрдістердегі ағымдар:
:: Нарықтық қатынастардың әлемді тұтас қамтып, қанат жаюда;
:: Мемлекеттердің басым көпшілігінде демократиялық қатынастар орнауда;
:: Авторитарлық - тоталитарлық саяси режимдердің ыдырауы;
:: Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өскелең сипат алуы;
:: Халық бұқарасының саяси оянуы және ұлттық сана-сезімнің арта түсуі;
:: Қалың көпшіліктің саяси үрдіске қатысуға ұмтылуы;
:: Жалпы адамзаттық құндылықтардың алдыға шығып, қоғам дамуының, оның қауымдастық есебіндегі бір тұтастығының өзегіне айналуы.
Халықаралық қатынас дегеніміз - әлемдік қауымдастықтықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жүйеленген жиынтығы. Әлемдік қауымдастықтың субъектілеріне халықтар, мемлекеттер, қоғамдық күштер, қозғалыстар мен ұйымдар жатады.
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды.

Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.
Осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
:: Біріншіден, ол бүкіләлемдік сипатқа ие, яғни аймақтық ауқыммен немесе нақты бір салалармен шектелмейді;
:: Екіншіден , оған кешендік, жүйелік сипат тән.
Осы заманғы халықаралық қатынастардың, соған орай халықаралық саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
:: Демократияландыру - мемлекеттердің ішкі саясатында және өзара қарым - қатынастарда демократия принциптерін басшылыққа алу;
:: Демилитарландыру - халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру, елдер мен халықтар арасындағы өзара сенім мен сыйласым орнатып, қарусыздану процесін пәрменді жүргізу;
:: Деидеологияландыру - халықаралық қарым - қатынастарды реттеуге идеологиялық тіресуден, қасаңдықтан бас тартып, жалпы адамзат мүддесін жоғары ұстау;
:: Гуманиландыру - халықаралық қатынастарға ізгілік, адамгершілік, имандылық сипат беру, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саясат адамға қызмет ететінін, адамның бостандығы мен құқығы ең жоғары құндылық екенін үнемі басшылыққа алу.
Халықаралық саяси қарым - қатынас әр мемлекеттің сыртқы саясатынан нақты көрініс табады.
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
Сыртқы саясат - мемлекеттің халықаралық қарым-қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым-қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі - ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл - ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды. Ұлттық мүдде сыртқы саясаттың бағыт - бағдарларынан көрініс табады.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт - бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі - бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. Сондай-ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау - қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады.
Дегенмен де осы заманғы мемлекеттердің сыртқы саяси іс - әрекеттерінің негізіне жататын ортақ принциптер бар екеніне назар аударған жөн:
:: Бейбіт қатар өмір сүру - бұл принцип мемлекетаралық қарым - қатынастарда жалпыдемократиялық нормаларды басшылыққа алуға негізделген: күш қолданбау, басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, дербестігін, территориялық тұтастығын, адам бостандығы мен құқығын құрметтеу, екі жақты тиімді қарым - қатынас жасау, т.б.;
:: Мүдделер тепе - теңдігі - мемлекеттердің мәселелерді бірігіп шешуге ұмтылысы, екі жақты тиімді қарым - қатынастар орнатуға құлшынысы;
:: Жалпы адамзаттық мүдделердің маңыздылығын, жоғарылығын мойындау, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мүддені үйлестіре білу;
:: Халықаралық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуге ат салысу;
:: Мемлекетаралық қарым - қатынастарда идеологиялық шеңберде тұйықталуды аластау.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 -- 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде.
Яндекс.ДиректПраздник MAZDA! 5 лет с нами!Содействие в подборе финансовых услугорганизаций

Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирма тауардың бәсеке қабілеттілігін арттыру
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
Фирма тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат
Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі
Отандық ғалымдардың кедейлік мәселесін зерттеуі
Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде
Экономикалық ғаламдану
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Пәндер