ГАЖ - дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. ГАЖ-дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы
2. ГАЖ-дың шешетін тапсырмалары
3. Геодезиядағы ГАЖ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.
Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.
Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) деректерді көрнекі көрсетудің және оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел шешудің басты элементі.
ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің, мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді.
Терра қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы ЖШС ГАЖ құру, табиғатты қорғауды жобалау, орман шаруашылығы, экология, табиғатты пайдалану, геологиялық барлау, топография мен картография, мұнай-газ кешені үшін жобалау салаларындағы түрлі мәселелерді шешу үшін деректерді жинақтау және жүйелендіру тәжірибесі мол.
Терра қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы ЖШС өз жұмыстарында географиялық ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланады және осы салада келесі қызметтер көрсетеді:
* географиялық ақпараттық жүйелерді жеке деңгейден корпоративтік деңгейге дейін дайындау;
* ArcGIS бағдарламалық өнімдерінің негізінде модульдер мен қосымшалар дайындау (деректерді басқару, талдау, модельдеу);
* сандық картография, географиялық деректер қорын құру;
* кеңістіктік деректерді географиялық өңдеу және талдау;
* дайындалған географиялық ақпараттық жүйелерді, модульдер мен қосымшаларды техникалық қолдау;
* тапсырыс берушінің қызметкерлерін орындалатын жобаның шеңберінде ГАЖ-ды пайдалануға үйрету.
ГАЖ құру үшін базалық ақпарат ретінде кеңістіктік анықтықтары әртүрлі суреттер түсіретін ең заманауи ғарыштық аппараттардан алынған Жерді қашықтан зондылау деректері пайдаланылады.
Компания қызметінің болашағы зор бағыттарының бірі географиялық порталдар дайындау. Географиялық портал жасаудың негізгі мақсаты - географиялық ақпаратқа WEB-сервистер арқылы қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну. Компания пайдаланатын географиялық ақпараттық технологиялар географиялық порталдардың қызметтік және пайдаланушылық мүмкіндіктерін үнемі арттырып отыруды қамтамасыз етеді.
Терра қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы ЖШС ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарлары, орманды орналастыру материалдары, шоқ қарағай ормандарын, сексеуіл тоғайларын қалпына келтірумен байланысты шаралардың жұмыс жоспарлары сияқты тақырыптары әртүрлі корпоративтік географиялық ақпараттық жүйелер құру тәжірибесі мол. Компанияның біліктілігі жоғары мамандары мен ГАЖ саласындағы жұмыс тәжірибесі сапасы жоғары географиялық ақпараттық шешімдерді қамтамасыз етеді және кез-келген күрделі географиялық ақпараттық жобаларды жүзеге асыруға, тапсырыс берушінің кез-келген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

1. ГАЖ-дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы

Әртүрлі өндіріс саласында істейтіндер ГАЖ-дың мүмкіншілігін пайдалана отырып көптеген мәселелерді шешеді:
1. Ағаш дайындаушылар территорияда өсетін ағаштардың қанша түрлері бар екендігін;
2.Жедел жәрдем қызметкерлері, шақырушыға ең қысқа жолды немесе маршрутты табады;
3. Социология және демография мәселелерін;
4. Сатушылар, тауардың кайсысы қай уақытта өтетінін, қандай тауарларға ізденіс көптігін;
5. Полиция жұмысында мүліктер, бандиттерге, тонаушылар туралы деректер қорьн жинап оны іздеуде.
6. Соғыскерлер, соғыс және әскерлердің жылдам қозғалу жоспарларын; ,
7. Ғылымда (биология, геология, география, экология т.б.) табиғи феномендерді модельдеуге т.с.с.
Демек өндірістің, ғылымның және қоғамның барлық саласында қолданатьн қуатты технология деуге болады.
Мұны кітап басып шығару технологиясы, телефонды ойлап табу, арбаны машинаға айырбастау ғаламдық, компьютерді ойлап табумен салыстыруға болады.
Қазіргі кезде картаны цифрлы түрге алмастыру және цифрды картографиялық тақырыптық қабаттар тұрғызу, өзара қатынасын табу-геоақпараттық технологияның үлкен жетістігі.
Қазіргі кездегі геоақпараттық жүйелер тақырыптық қабаттағы деректерді автоматты түрде сарапқа салып нәтижелі шешім қабылдай алатын дәрежеге жетті. Сондықган ГАЖ карталарымен жұмыс істеу, географиялық деректер туралы, тіпті деректерді жинау әдісі жөне оны сақтау көзкарасын мүлдем өзгертті.

2. ГАЖ-дың шешетін тапсырмалары

Толық функциялық ГАЖ бес мәселені -- енгізу, манипуляциялау, баскару, сауал және сараптау мен бейнелеуді шешеді.
Енгізу. ГАЖ-да дұрыс жұмыс жасау үшін деректерді басқа түрдегі кажетті және оңтайлы цифрлы форматқа өзгерту қажет. Мәліметтерді карта түрінен цифрлы түрге өзгертуді цифрлау оцифрловка дейді. Қазіргі кезде жоғарыда аталған үрдісті іске асыру үшін дигитайзерлер (цифрлаушы) және сканерлер қолданады. ГАЖ-дарда, растрлық бейнені автоматты түрден векторлық түрге ауыстыратын векторизанторлар қойылған, мысалы МарEdit.
Манипуляциялау. Нақты жоба жасаған кезде алға қойылған мақсатты шешу үшін, кейбір кездерде ақпаратқа толықтыруларды енгізу кажеттілігі туады. Мысалы енгізілген геологиялық мәлімет (карта) 1:200000 масштабта, ал магниттік карта 1:100000 масштабта. Екі ақпарды біріктіріп өңдеу үшін, бір масштабта және бір картографиялық проекцияда болған жөн. ГАЖ технологиясын кеңістікте таралған ақпараттармен жұмыс істеу үшін әртүрлі амалдар қолданады. Бұл әрекеттердің барлығы алға қойылған мақсатты шешуге бағытталған.
Баскару. Шағын жобаларда географиялық мәліметтерді қарапайым файлдарда сақтауға болады. Бірақ геодеректер көбейген сайын және оны пайдаланушылар қатары өскен сайын, оларды сақтау құрылымын анықгауда деректер қорын басқару жүйесін қолдану қажет. Геоақпараттық жүйеде әрине деректер қорын реляциялық (кестелік) жүйе ретінде көрсету өте ыңғайлы болар еді, себебі деректерді кесте түрінде сақтау қолайлы. Яғни, кестелерді бірімен-бірін байланыстыру үшін жалпы өріс тағайындалады. Бұл қарапайым және икемді амал көптеген ГАЖ технологиясында қолданылады.
Сұраныс және сараптау. Қолыңызда ГАЖ технологиясы және географиялық деректеріңіз болса, онда төменгідей қарапайым сұрақтарға жауап бере аласыз. Мынау не? Егер бұл нысан болса, олар бірінен бірі қандай қашықтықта орналасқан? Бұл қай ауданға жатады? Бұлардан баскада күрделі сұрақтар мен сараптамалаларға жауап беруге болады (Үй салуға орын барма? Жаңа жол салынса, ол көліктердің жүру кабілеттілігіне және экология мәселесіне калай әсер етеді?).
ГАЖ-ды пайдаланып әртүрлі жағдайларды ойын-шарт ретінде көрсетуге болады, мысалы "қалай болады, егерде...". Қазіргі кездегі ГАЖ-да қуатты әрі қолайлы сараптау жүйелері бар, әсіресе, бір-біріне жақьндық жүйесі және бірінің үстіне бірін кабаттастыру жүйелері ерекше бөлек тұрады. Нысандардың өзара жақындық қатынасын анықтайтын жүйені -- буферлеу дейді. Мысалы, көлдің жағасынан 100 м кашықтықтағы үйлердің санын анықтау немесе ауыл төңірегінде 500 м қашықтықта канша бұлақ бар, орталықтан 10 км ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстарына сипаттама және оның картасын құрастыру
Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Ашық жүйелер концепциясының ГАЖ инструментальдық пакеттерінде қолданылуы
Геоақпараттық өнім түрлері Қазақстанда кең тараған геоақпараттық өнімдердің қолдану аясы мен мүмкіншіліктері
Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер
Экологиялық жағдайы
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Пәндер