АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГ - ДЕФЕКТОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

аға оқытушы Ешенкулова Э. Б.

105-61 тобының студенті Алиханова С. Ф.

SILKWAY халықаралық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

e-mail: elvira. 1979@inbox. ru

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГ-ДЕФЕКТОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация: Бұл мақалада жалпы арнайы білім беру мекемелеріндегі педагог-дефектолог тұлғаның рөлі қарастырылған

Аннотация: В данной статье рассматривается о профессиональной деятельности и личности педагога-дефектолога в специальной образовательной системе

Abstract: This article deals with the professional activities and personality of the teacher-defectologist in a special educational system

Дефектология ғылымының арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі. Кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі дефектологтың негізгі мәселесі болып табылады.

Бұл мәселемен кезінде Филичева Т. Б., Г. В. Чиркина, В. А. Ястребова, Т. В. Туманова, Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова және басқа да көптеген ғалымдар айналысқан.

Бұл мәселе жеткілікті дәрежеде анықталған, зерттелген. Бұл тақырыптағы әдебиеттерді талдай келе балаларды коррекциялық-дамыту бойынша бірнеше түсіндірілетін мәселелер анықталды.

С. А. Миронова өзінің «Мектеп жасына дейінгі балаларды коррекциялық сабақтарда дамыту» кітабының «Балаларды әңгіме құрастыруға оқыту» бөлімінде дефектологтың кәсіби қызметі бойынша жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, атап көрсеткен.

«Мектепке дейінгі жастағы балалардағы сөйлеу бұзылыстары» атты кітапта (құрастырушы Р. А. Белова-Давид) . Е. Г. Корицкая және Т. А. Шимкович «Формирование развернутой описательно-повествовательной речи у детей с третьим уровнем общего речевого недоразвития» бөлімінде балалардағы кең қамтылған өз бетінше орындалатын суреттеп-баяндай сөйлеуді қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың мақсатын ашып, бұл жұмыстың екі бағытын көрсетеді [1] .

«Жалпы білім беретін мектептердегі балалардың сөйлеу кемістіктерінің коррекциясы» кітабында А. В. Ястребова жалпы тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу байланысын түзете-дамыта оқыту әдістерін жасап шығарды, толыққанды сөйлеу әрекетін қалыптастыратын тәсілдерді, ондағы арнайы педагог - логопедтің ролін анықтады. Дамуындағы аномальді балаларды арнаулы мектептерге жібереді. Аномальді балалар - физикалақ немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:

1. Тұқым қуалаушылық;

2. Жаңа дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы ортадан химиялық, механикалық, температуралық әсерлердің ықпал етуі;

3. Тамақтанудың нашарлығы;

4. Организмге суық тиюдің әсері.

Жүре пайда болған кемістік - бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы ауру-лармен науқастануы, мысалы, эпидемиялық менингит, полиомиелит, қызылша, скарлатина т. б. аурулар.

«Аномальді балалар» - термині бұл арнаулы мектептерде оқылатын балаларға арналған.

Аномальді балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады.

Әр категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:

1. Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер.

2. Соқыр және нашар көретіндерге раналған мектептер.

3. Қосалқы мектептер (ақыл-есі нашар дамыған балаларға арналған мектеп-тер) .

4. Логопед пунктері ( тіл кемістігі бар балаларға арналған) .

5. Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістігі бар балаларға арналған) .

6. Барлық топтағы балалар үшін балабақшалар.

7. Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.

Біздің елімізде аномальді балаларды тербиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құралған, арнаулы мектептердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар жұмыс істеп қана қоймайды, сонымен қатар орталау және орта білім беретін сыныптарда жұмыс істейді [2] .

Психикалық дамудың негізі - бұл уақытша нерв байланыстарының құрылуы. Ал бұл үшін баланың бас миы сыртан келген тітіркендіргіштнрді анализдеп, синтездеп алуы керек, сонымен қатар тұрақты уақытша нерв байланыстарын құру қажет. Ал, егер де түрлі ауыр жағдайларға байланысты адамның бас миында ауытқулар болса, онда баланың дұрыс психикалық дамуы бұзылады. Бұл жағдайда баланың миы анализ, синтез процестерін атқара алмайды. Бас миының бұзылуының нәтижесінде екінші сигнал системасының бірігіп жұмыс атқаруы бұзылыды.

Кемістігі бар балаларды оқыту және дамытудағы педагог-дефектологтың ролі

Мұғалім-дефектологтың алдына қазіргі уақытта мынадай міндет жүктеліп отыр:

  1. Оқушыға білім беру.
  2. Дамуында ауытқуы бар балалардың диагностика мәселелерін жетік

меңгеру

  1. Жалпы білім беретін пәндер арқылы оқу дағдыларын еңбек пәнімен байланыстырып қолдану.
  2. Жағымды мінез-құлық қалыптастыру: айналадағы адамдарға қайырымды болуға, махаббат, еңбек, сүюге, әлеуметтік бейімделуге үйрету.

Бұл міндеттерді негізге ала отырып, психологиялық, педагогикалық түзеу жұмыстары мынадай принциптер сүйенеді:

  • баланы жан-жақты, жеке тұлға ретінде зерттеу;
  • шаршағандығын ескеру;
  • оқу дағдыларын ойын түрінде ұйымдастыру және ойын арқылы тапсырмаларды орындау, кеңістікті бағдарлама және т. б. ;
  • мектеп өміріне, тәрбие сағаттарына қатыстыруды;
  • оқытуды арнайы әдістемелер арқылы ұйымдастыру;
  • оқушының жылдық психодиагностикасының деңгейін бақылау.

Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәні әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуі, оқушылармен қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайын сабақта, сабақтын тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес әр түрлі жағдайларда қооданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді [3] .

Қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлға-ның өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиет сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Жас нәрестінің сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімін өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтын мен азаматшалар тәрбиелеу керек.

Дефектологияның негізгі принциптері.

Педагогикалық ғылым ретінде дефектология педагогиканың негізгі категорияларымен қаруланған.

Кемістігі бар балаларды тәрбиелеу - дефектологияның негізгі түсініктерінің бірі.

Кемістігі бар баланы тәрбиелеудің мақсаты мен мүдделері педагогиканың негізгі принциптерімен айқындалады: белсенді, қиғамдық пайдалы өмірге дайындау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру. Бұл мақсаттар кемістіктің құрылымы және дәрежесіне сәйкес әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылады. Комістіктің сипатына қарай оның салдарын түзеуге арнайы шарттар жасалынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы білім беру
Арнайы педагогика туралы
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Арнайы сыныптардағы мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық - педагогикалық мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz