Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі
Мамандығы:
Орындаған:
Тексерген:

Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі
Жоспар:
КІРІСПЕ.
Қазақстанды зерттеуде орыс ғалымдарының атқарған рөлі
Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының Қазақстан туралы еңбектері
а)Иван Мушкетов Васильевич
b)Тарас Шевченко
d) Николай Алексеевич Северцов
Қазақ зерттеушілері
a)Мәшһұр Жүсіп Көпейұлы
b)Шоқан Уәлиханов
Қорытынды

КІРІСПЕ
Қазақтар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақфольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.
Қазақстанды XVIII ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасынжасаудың бастамашысы болды.
1768 -- 1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П.С Паллас (1741 -- 1811) басқарды. Ол экспедицияның жұмысына белгілі ғалымдар, саяхатшылар И.П. Фальк және И.Г. Георги қатысты. Экспедиция бағыты Солтүстік-батыс, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның жерлерін басып өтетін болып белгіленді.
Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалган саяхат атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді. Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.
Зерттеуші ғалым И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың, сондай-ақ олардың тұрмыстық әдет-ғұрыптарының, тұрғын үйлерінің, киім-кешектерінің және басқа да назар аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы атты жан-жақты да байсалды жазылған жұмысын әзірлеп, жария етті. Ол кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы аса құнды деректер келтірілген.[1]
1. Қазақстанды зерттеуде орыс ғалымдарының атқарған рөлі
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері -- ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет жасады. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке -- Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы Отечественные записки журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799 -- 1879) Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол Қазақ тарихының Геродоты деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Семенов-Тян-Шанский(1827 -- 1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым Ресей. Толық географиялық сипаттамасы атты көп томдық серияның Қырғыз өлкесі және Түркістан өлкесі деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI -- XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу, Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер деген еңбектер жазды. Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде Торғай облысы. Тарихи очерк атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп,кітап етіп шығарды. XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский Сібір қырғыздарының аймағы атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар, Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды.[1]
2. Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының Қазақстан туралы еңбектері
Ресейдің зерттеушілері Қазақстандағы жұмыстарын өлкені отарлаудың мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізді. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов (1689 -- 1737) Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер атты еңбек жазып қалдырды.
Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерлерін егжей-тегжейлі сипаттады: табиғат жағдайларын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтарменсауда-экономикалық байланыстар орнатуының мүмкіндіктерін және мұның пайдалы екенін дәлелдеп шықты.
В.Н. Татищев (1686 -- 1750) Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы әрі белгілі географ болды. Ол Орынбор өлкесінде өзінен бұрынғы ізашар ғалымдар бастаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде өлкедегі орыс емес халықтардың, соның ішінде қазақтардың да тарихын, тұрмыс-тіршілігін және мәдениетін сипаттап жазды.
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков (1712 -- 1777) кызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында Орынбор өлкесінің Колумбы деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де карайтын.
Рычков Орынбордың тарихы және Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы деген құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар.
Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жаткан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П.И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты окиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазақ халкының тілі мен мәдениетін терең білді, қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинастырды.
1759 жылы белгілі тарихшы және Сібірді зерттеуші Г.Ф. Миллердің (1705 -- 1783) Сібір патшалығының тарихы атты еңбегі жарық көрді. Онда ол Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихы мен этнографиясыныңсипаттамасын береді.
XVIII ғасырдың аяқ кезінде және бір орыс офицері И.Г. Андреевтің Қыргыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы (1795) еңбегі жарық көрді. Автор Сібір шекаралық шептерде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді.
Ол өзінің кітабында Орта жүз қазақтарының тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары жан-жақты суреттеледі, сондай-ақ қазақтардыңЕртістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.
Өскемен бекінісінде қызмет еткен орыс офицері генерал-майор А.Д. Скалон алғашқылардың бірі болып бірегей орыс-қазақ сөздігін жасады. Мұның өзі жергілікті халықты орыс мәдениетіне тартудың алғашқы қадамдары және орыстардың қазақ тілін үйренуге деген талпынысының бірі болды.

Мушкетов Иван Васильевич (1850 жылы 9 қаңтар, Ресей, қазіргі Волгоград облысы Алексеевская станциясы - 1902 жылы 10 қаңтар, Санкт-Петербург) - орыс геологы және географы, Түркістан өлкесіналғаш зерттеушілердің бірі. Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1872). 1874 жылы Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға ат салысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық құрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 ж. Г.Д.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі. деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 ж. Верныйға келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық "Түркістан" деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геологиялық және орографиялық толық сипаттамасы берілді. Мушкетов әр жылдары Оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық "Физикалық геология" атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған

Тарас Григорьевич Шевченконың Қазақстанда болуы

Тарас Григорьевич Шевченко
Украинаның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Григорьевич Шевченко 1847 жылдан 1857 жылға дейін Қазақстанның Кіші жүзі аумағында айдауда болды. Оның жер аударылуына ақынның бостандықты аңсаған өлеңдері себеп болған еді. Ол өзінің өлеңдеріне украин халқының бостандық пен тәуелсіздік алуға деген асқақ арманын арқау етті. 1847 жылы ол саяси айыбы үшін 33 жасында дербес Орынбор корпусына солдат етіп жіберіледі. Украинаның ұлы ақыны, талантты суретшісі Қазақстанға жер аударылып Ресей империясының солдатына айналады. Ол солдаттық борышын Орынбор, Ор бекініс-қамалдарында, Маңғыстау түбегіндегі Новопетровск бекініс-қамалында өтеді. Т. Шевченко мен жергілікті қазақтардың арасында достық жылы қарым-қатынас орнады.
Патша үкіметі оның қазақтар туралы жазуына тыйым салды. Солай бола тұрса да Т. Шевченко Түрмеден қашқан (Варнак) атты повесть жазды. Онда қазақтардың аянышты ауыр халі суреттелді. Кейінірек Т. Шевченко Егіздер повесінде бұл тақырыпты тереңдете түсті.
Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірі Т. Шевченконың салған суреттерінде шыншылдықпен бейнеленді. Бақташы бала, Салт атты қырғыз, Келі түйген келіншек, Боранда, Қайыршылар деген туындылары дала кедейлерінің өміріне арналды. Суретшінің бейнелеу өнері саласында қалдырған мүрасы 450-ге тарта суретті қамтиды, ал соның шамамен 350-ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне арналған. Ұлы ақын жергілікті халық арасында зор сый-құрметке бөленді. Қазақтар ақын Тараз деп құрметпен атады. Жергілікті қазақтардың өмірімен жақын танысқан ол қазақ және украин халықтарының тарихи тағдырлас мақсат-мүддесі ортақ екенін айқын көре білді.
Николай Алексеевич Северцов
(1827-1885) өзінің ғылыми өмірінің денін орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге бағыштады. Ғалым 57 жасының 23 жылын осы өлкелерде саяхатта өткізді. Ол мұнда жеті экспедиция ұйымдастырды, олардың 4-і Қазақстанның оңтүстігі мен батыс облыстарының аумағын қамтыды. Н.А.Северцов өз зерттеулерінің негізінде Тянь-Шань тау жүйелерінің, Арал төңірегіндегі Қызылқұмның, төменгі Сырдарияның және басқа аудандардың тұңғыш рет толық географиялық және геологиялық карталарын жасап, олардың табиғат жағдайларын ғылыми тұрғыдан талдады.
Мерзімі жағынан Сeверцовтың Қазақстанды зерттеуге кірісуі П.П Семеновтың Тянь-Шаньға экспедициясымен қатарлас келеді. Бірақ Семенов зерттеуді таулы аймақтардан бастаса, ал Северцов Арал төңірегіне және Сырдария өзенінің төменгі сағасына сапар шекті.
Н.А Северцов экспедициясы (1857-1859) жасақтаған Россия Ғылым академиясы оған "осы өлкеде зоологиялық және геологиялық зерттеулер жүргізуді" тапсырды.
Өз жұмысын Орынбор қаласында бастаған Сверцов онан кейғн Мұғалжарды, Үстірт қыратын, Арал теңізінің солтүстік жағалауын байқап қарады, Сырдария өзенімен сапарға шығып, Перовск портына дейін жетті. Ол солтүстік Қызылқұмды аралаған сапарынан кейін экспедиция жұмысын тәмәмдады. сверцов пен Борщев осы аудандардың жаратылысы, геологиясы, климаты және зоологиясы жөнінен сол уақытқа дейін беймәлім болып келген толып жатқан жаңа ғылыми деректер жинады.
Қоқан хандығының Россиға өщпенділігінің өршуіне байланысты Северцов жұмыс істеуі қиындады. Сырдария өзенімен сапар шегіп жүрген Северцовты қоқандықтар тұтқынға 1 айға жуық отырып шықты.
1860 жылы Н.А.Северцов Оралдағы қазақ әскерлерін орналастыру жөніндегі комитеттің мүшелігіне сайланып, "Оралдағы қазақ жерінің жаратылыстану-тарихи жағдайларын зерттеу" ісіне кіріседі. Ғалым тексеру бағдарламасына зоологиялық бақылаулар жүргізіп, коллекциялар жинаумен катар топырақты, өсімдіктерді, климатты зерттеуді, сондай-ақ геологиялық және этнографиялық барлауларда жүргізді.
Үш жыл бойы (1860-1862) экспедициялық жұмыс кезінде ғалым құстардың жіне сүтпен қоректенушілердің мол коллекциясын жинаған. Бұған қоса ол Орал балықтарының мыңға жуық данасын әкелген. Ол Гурьев қаласында Карелиннің коллекциясын қолына түсіріп, оны Ғылым Академиясына тапсырған.
1864 жылы Северцов Тянь-Шань экспедициясына аттанады. Ол Тянь-Шаньның батыс және солтүстік сілемдерін зерттейді. Солтүстік Тянь-Шаньның көз тартарлық ғажайып көрінісіне қайран қалып сүйсінген. Іле және Қырғыз Алатауын тамашалап, коллекция жинау ісін онан әрі жалғастырады сонымен қатар геологиялық бақылауларын тексеріп анықтайды. Ол өз сапарын Верный қаласынан бастап Шымкент, Әулиеата, Жамбыл қалаларының төңіректерінде, Мерке селосында өткізеді, Талас өзенінің алабына бақылау жүргізеді. Бұл араларда ол өзендердің геологиялық жаратылысын, табиғи ерекшеліктерін, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін зерттеді және Қаратау тауларына да сапар шекті.
Н.А.Северцовтың Орта Азияға жүргізген басқа да зерттеулерінің Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан танып-білуге тікелей қатысы бар.Айталық, Түркістан ғылыми экспедициясы жұмыс істеген кезде ғалым Тянь-Шаньның геологиялық-географиялық және жаратылыстану-тарихи жағдайларын зерттеп, оларды таудың қазақстандық бөлігімен жалпы ортақтырса, сабақтастыра қарастырды. Н.А.Северцов Амудария экспедициясы Арал-Каспий алабы мен Қызылқұмды зерттеу жолында Қаратау тауларында, Іле Алатауында, Түрген, Үшмерке және басқа өзендердің алқаптарында зерттеу жұмыстарын жүргізді, ал Амудария өзеніне бет алған сапарында ол Сырдария өзені мен Арал теңіз туралы өз бақылауларын толықтырды.
1879 жылы Северцов Жетісуға тағы бір рет, бұл жолы ақтық рет сапар шекті. Ғалымның шығармасын зерттеуші золотницкаяның деректері бойынша, "экспедицияның жүрер маршрутын да, атқаратын жұмысының бағытында ешкім білмеген" бұл сапарын саяхатшы өз қаражатымен ұйымдастырған. Экспедициясының міндеттері мен маршрутын автордың күнделіктегі жазбаларына қарап, қалпына келтірген Р.Н Золотницская былай деп жазады:"Тянь-Шаньда жүргізген зерттеулерінің қорытындыларын тиянақтап, ертеден ойында жүрген сүбелі еңбегін жасау үшін Сверцовқа кейбір жағдайларды тағы да анықтап, көзге түскен бірен-саран олқылықтардың орнын толтыру қажет болды.
Ілгеріректе жиналған деректер атап айтқанда Жетісу жөніндегі мағлұматтар өзіне-өзі талап қойғыш Николай Алексеевичке жетімсіз сияқты болса керек. Сондықтан ғалым бірлі - жарым қосымша зерттеулерсіз қол жеткен нәтижелерді терең тұжырымдау мүмкін емес деп есептегенге ұқсайды". Орта Азия тауларының биіктік белдеулерге бөлінуін толық сипаттапжазу үшін Северцовқа өзінің бұрынғы жүрген маршруттарынан солтүстік-шығысқа қарай жатқан аудандар туралы мағлұматтарды толықтыру қажет болды.
Бұған қоса ол өзі ертеректе қадағалап белглеген құс жолдарын айқындай түсуді мақсат етті.
Н.А.Сверцовтың басты еңбектері Қазақстан мен Орта Азияның табиғат жағдайларын танып білуде зор рөл атқарды. Негізінен оның зоологиялық-географиялық еңбектерінің шешуші маңызға ие болғаны баршамызға мәлім. Ал жалпы алғанда зерттеудің кешенді әдісін қолданған ғалым жануарлар дүниесінің өсіп-өнуіне және таралуына ықпал ететін физикалық-географиялық жағдайларды зерттеуге де назар аударды.
Н.А.Северцов Жем өзенінің бойынан біренеше жерден мұнай көздерін тапты. Ол мұнай шыққан жерлерді мұқият зерттеп, Жем өзенінің ең жоғарғы сағысына дейін барды. Ғалым Мұнайлы, Қаращұңғыл және Қондыарал мұнай көздерін ең тәуір кен орындары деп есптеді.
Мұнайдың пайда болу мәселесінде Н.А. Северцов жаңсақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Академик Әлкей Марғұлан
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Әлкей Марғұлан
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Кирилов Әбілқайыр ханның кепілгер тұтқындары
Пәндер