Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ
ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ "ПЕДАГОГИКА "
КАФЕДРА "АҒЫЛШЫН ФИЛОЛОГИЯСЫ"

ДОКЛАД

Пән атауы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері.

Орындаған: Көмек Жансая
Тобы: ИЯ 17-2
Тексерген:Дуйсова Акканым

Актау 2019
Жоспар:
Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының психологиясы.
Қазіргі заманғы қазақстандық білім берудегі сыбайлас жемқорлық проблемалары.
Сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты диагностикалау және алдын алу әдістері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының Қазақстан-2050 Стратегиясында, 100 нақты қадам Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.Аталған баяндаманы әзірлеу үрдісі, құрылымы және мазмұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан тұрақты. Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығына сәйкестендірілген. Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады
1.Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының психологиясы. Сыбайлас жемқорлық проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық, әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлас жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі түсінігі әртүрлі.Сыбайлас жемқорлық проблемасын психологиялық тілде сипаттау үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет:
Сыбайлас жемқорлық әрекет - бұл лауазымды адамның қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған әрекеті;
Сыбайлас жемқорлық қысымы - лауазымды адамға бұл жеке пайда
табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту
арасында таңдау жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және
психологиялық факторлары жиынтығы;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық - бұл сыбайлас жемқорлық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет;
Сыбайлас жемқорлыққа бейімделу - сыбайлас жемқорлық қысым жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік;
Сыбайлас жемқорлығы дендеген адам - сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип.
Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас жемқорлық қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі.
Әлеуметтік тұрғыдан сыбайлас - бұл жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды бұзу, бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір қоғамдастықта оларды жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған норма ретінде ресми түрде айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті қатынастарда тұрмстық сыбайлас жемқорлық кең таралған болса, ресми айтылған және нақты қолданыстағы мінез-құлық нормалары арасындағы қарама-қайшылық айқын. Салдарында, мемлекеттік қызметшілер мен олардың қызметтердің тұтынушылары ретінде азаматтардың мүдделер қақтығысы орын алады. Осылайша, әрекеттердің қосарлы стандарты психологиясы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактор болып табылады. Бұл ретте қоғамық қатынастарға қатысушылардың екі жағы да (мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар) сыбайлас жемқорлық қысымын сезінеді.Сонымен қатар ешқандай сыртқы жағдайлар, егер олар сыбайлас жемқорлық тұлғасының ішкі қасиеттерімен келіспесе құқыққа қарсы әрекеттердің себептерін айқындай алмайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және оның әрбір элементі қажетті өзара байланыс пен өзара тәуелділікте қаншалықты болғанын түсіну үшін қазіргі заманғы сыбайлас жемқордың бейіні мен оның психологиялық портретін қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар арасында жүргізілген психологиялық зерттеу психологиялық бейінді және олардың аз ғана адамдар тобымен араласуға ұмтылысы, жақын қарым-қатынастар орнату кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына қатысты аяушылықтың жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді. Олар, әдетте өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза болмайды деп ойлайды.Атап айтқанда, қазіргі сыбайлас жемқорлықтың ашықтық және арсыздық сияқты сипаттамасы анықталып отыр. Жасырын, қауіпсіз парақорлық үздіксіз дамитынын атап өту керек, өйткені жемқорлар жасампаздығының жоғарылығы күмән тудырмайды. Шетелдік зерттеулердің деректеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық бойынша айла-шарғыларда зияткерлігі жоғары және мәселелерді стандартты түрде емес шешетін шығармашыл адамдардың мейлінше жолы болады. Нәтижесінде кейбір сыбайлас жемқорлық схемалары мен сыбайлас жемқорлық әрекетін ұйымдастыру тәсілдері әккілікпен және жетілгендігімен таң қалдырады. Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті: өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың төмен деңгейі, өзін-өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы (адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған ортаға жабу бейімділігі),әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам).
2. Қазіргі заманғы қазақстандық білім берудегі сыбайлас жемқорлық проблемалары.Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас жемқорлық қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ: басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пара сұрау (бопсалаушы) не сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Нақ осы тұста мүдделер, қалаушылық перспективаларды (жеңіл баю, әлеуметтік мәртебені арттыру және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен біліктігін (иеленген лауазым, мүмкіндік және т.б.) барабар бағалау негізінде пайда болады. Қазіргі заманғы жемқор - жоғары білімді, жақсы отбасы иесі, жақсы қызметкер (олардың көпшілігінің қызметтік тізімі мінсіз болады әрі айрықша іскерлік қасиеттермен және жұмыс қабілетінің жоғары деңгейімен, дүниетанымының, психикасының орнықтылығымен, көбіне жоғары материалдық жағдайымен ерекшеленеді) екенін ескере отырып, ол ең алдымен өзін-өзі көрсетуге ұмтылған тұлға. Бұл ретте, өзін басқалардан ерекше етіп көрсету (барынша жоғары әлеуметтік жағдайға ұмтылу, қамқоршы, керек байланыстар жүйесі, жеке оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың қайтарушылығын күту және т.б.) ол үшін аса маңызды. Әрекеттің қозғаушы себебі ретінде көрінетін әрекет уәжі сыбайлас жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті уәжін әлеуметтік-психоло-гиялық зерделеу қызықты нәтиже берді, ол екі жетекші уәжді көрсетті: материалдық игілікке ұмтылудан тұратын жеткілікті түрде анық уәж және сыбайлас жемқорлықты қауіпті және еліктіргіш ойын ретінде көрсететін таптаурын уәжі. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің мейлінше жиі кездесетін уәждері оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың қайтарушылығын күту, қамқоршылық жүйесі, қауіпті ойын. Ю. М. Антонянның пікірінше сыбайлас жемқорлық әрекетіндегі ойын уәждері пайдакүнемдік уәжбен сипатталады және бір-біріне себеп бола бастайды. Уәждеменің осы екі негіздерінің болуы, олардың бір бірін өзара күшейтуі сыбайлас жемқорлықтың таралушылығын және бұл әрекет өмір салты бола отырып, көп жылдар бойы іске асырылатын түсіндіреді.Америкалық психологтар, адамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға формальды топтарда табиғи қажеттіліктерге қанағаттанбаушылық итермелейді, олар осы орайда баюды көксеу, қоршаған адамдармен бәсекелесу, туа бітті агрессивтік және өштес және т.б. мінездерді атайды. С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында жағдайды өзгертуге бағыттайтын белсенді қатынасын (ұмтылысын) қамтиды. Демек, қажеттілік адам өз белсенділігін көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді Серпінді білім және тіршілік иесінің танып-білу процесі: қиял мен әрекетті ұйымдастыратын және бағыттайтын белсенділігінің бастапқы нысаны қажеттілік болып табылады. Егер қажеттілік адамның дамуының қозғаушы күшінің негізі болып табылады, осының арқасында өмір мақсаттылыққа ие болады және не қажеттілікті қанағаттандыруға қол жеткізіледі не қоршаған ортамен кезеңсіз кезігу орын алады. Қажеттіліктер өзгеріссіз қалғанымен адамның жалпы мәдениетінің, оның нақтылық және өзіне қатысты білімінің өсуіне қарай жетіліп отырады.
3. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты диагностикалық және алдын алу әдістері.
Ұстаным деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден, қабылдаулардан немесе бағалаулардан көрінетін ұстанымның қателігі оның айрықша көріністеріне жатады. Нақ осы ұстаным адамның психикалық әрекетінде орталық сипатта болады және тұлғаның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, қажеттіліктің оны қанағаттандыратын жағдаймен кездесуі кезінде айқын көрінеді. Оған қоса жемқорлық байланыстарының жүйелік дәрежесі сыбайлас жемқордың ұстанымына (сыбайлас жемқорлық билік қатынастарының ажырамас бөлігі ретінде) тікелей барабар болады.Е. П. Ильин пікірінше, ұзақ уақыттық уәждемелі ұстаным рөлінде көрінетін қажеттіліктің немесе қызығушылықтың орнықты түрде үстемболуы өмірдің өзекті желісін қалыптастыруы мүмкін. Осыған байланысты, ол адамның осы жағдайда дайындығы мен әрекеті мен іс-қимылының нақты тәсілдерін айқындайтын уәждемелі ұстанымға тән қасиеттерді тұлға бағыттылығының бірі ретінде санау жеткіліксіз. Ол іс қимыл мен әрекеттің және кез келген қызметтің бағыттаушы. Ұстаным орнықты түрде үстем болуға тиіс, көбіне тұлғааралық және тұлғалық-қоғамдық қатынастармен байланысты әлеуметтік ұстанымдар осындай болады. Сыбайлас жемқорлыққа жатпайтын әрекет, ең алдымен жеңіл баюдың психологиялық күтушілігін, өзекті қажеттіліктері мен уәждерінің проекциясын сыбайлас жемқор өзіне иеленетін ішкі бейне құрылады.
Осыдан бастап өмірлік салдары бойынша аса қауіпті және генез үшін түбегейлі процесс - шынайылықты бұрмалап байыптау басталады: сыбайлас жемқор өз әрекеті үшін тартымды саналатын басты қайнар көзді көре бастайды.
Ұстаным сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға жоғары дайындықты, бірақ әлі айқын ниетсіз өзіндік психологиялық доминантқа айналады.Саналы психологиялық әрекет ретінде жүзеге асырылатын керекті байланыс деп аталатын сыбайлас жемқорлар арасында өзара қатынастар аса маңызды рөл атқарады. Олардың өзара қарым-қатынастары процесінде қалыптасатын сыбайлас жемқорлардың нақты байланыстарының артында сыбайлас жемқордың күтуінің, өзара мүдделерінің, жеке мүдделерінің күрделі жүйесін, тұлға аралық ұстанымнан көрінетін әртүрлі рөлдік және мәртебелік жағдайларды көруге болады. Сыбайлас жемқорлар өзара қатынастарға түсе отырып, сыбайлас жемқорлық әрекетін жасайды және көбіне олардың әрекетінің нақты мазмұны болады. Бұл құбылыстар бізге бәлкім теріс аударылған түрде көрініс беріп, өзін басқа жағынан көрсетеді, нәтижесінде өзара қатынастар мен өзара іс-қимылдардың сипаты өзгереді.Ұстанымның дамуы білімді иелену және жүйелеу жолымен, сондай-ақ орнықты, дәйекті және мақсатты сипатта болатын ішкі дайын болушылықтың қалыптасуы арқылы қол жеткізіледі. Егер ұстанымдар әрекет стратегиясын айқындаса,уәждер әрбір нақты жағдайда тактиканы айқындайды.
Бұл тұста уәж осы тұлғаға сыбайлас жемқорлық әрекетін жасау мүмкіндігін беретін мақсаттар мен бағдарламалардың вербалдануы ретінде көрінеді. Нақты уәждеме әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан бастапқы барабар мақсаттың (жеңіл табыс) болуын болжайды.Адамда қоғам белгілейтін жалпы қағидалар мен әрекет нормаларына тәуелді болу жоғала бастайды. Әрекеттің сыртқы ынтадан босануы іске асады. Сонымен бір мезетте өзі үшін қоғамға қарсы әрекет жасау мәнін жоғалтудан көрінетін тұлғаның дербестік деңгейі өсе түседі. Адам, оның қоршаған ортаға ұнайтыны-ұнамайтынына қарамастан сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға барады. Ұстанымның бұзылуы, яғни бағыттылықтың жойылуы байқалады. Қалыптасқан әрекет стилінен бас тартуды қаламайтын сыбайлас жемқор көбіне ақталуға мәжбүр болады. Мәселен, нақты уәждермен қатар қорғаныс уәждемесі пайда болады, яғни бұрынғы тұлғаны шеттетіп, бүлдірген басқа тұлға туады. Сонымен бір мезетте психологиялық қолайлылық сезімін сақтайтын қорғаныс тетігі іске қосылады. Олар үшін теріске шығару мен өтемақы, сыбайлас жемқорлық қылмысықұрбандарының өздері де осындай қылмыстар жасағаны туралы сенім сияқты психологиялық қорғаныс түрлері тән болады.
Қорғау тетіктерінің пайда болуы сыбайлас жемқордың әрекеті уәждемесінің сапалы жағынан өзгергенін көрсетеді. Сандық қатынас жағынан бұл К. Морган бойынша орталық уәждеме жағдайының пайда болуынан көрінеді, ол мынадай қасиеттермен сипатталады:
1) ол бір рет пайда болса сенсорлық қоздырғыштар тарапынан қолдаусыз әрі қарай созыла береді
2) салдар тобының ұлғаюынан көрінетін жалпы белсенділікпен ілесе жүреді;
3) ұмтылыстардың кей түріне ден қоюға, екінші түріне көңіл бөлмеуге бейімділік, бұл әрекетті бұзуға жоғары дайындығынан көрінеді.
Орталық уәждемелі жай-күй негіз болып табылады, онда сыбайлас жемқорлық әрекетке дайын болушылық өркен жаяды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеті жетекші уәж болып қалыптасады. Оған қоса тұлғаның дербестігі қанат жаяды. Бұл сыбайлас жемқордың қолайлы ортамен араласуына ықпал етіп, әлеуметтік бақылау мүмкіндігін азайтады және сыбайлас жемқорлық әрекетінің одан әрі күшеюіне және осы дертпен шалдыға түсуіне ықпал етеді.

Қорытынды
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Сыбайлас жемқорлықтың тарихи негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі
Сыбайлас жемкорлык турлері
Пәндер