Үш тілді білім беру - заман талабы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Үш тілді білім беру - заман талабы
Данабай Оңталап Асқарұлы
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Қазақстан Республикасы, Атырау қ.
Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы,
маңыздысы - мемлекет тіл, қазақ тілі.
Н.Ә. Назарбаев
Аннотация. Мақалада қазақ елінің Тұңғыш Президенті - Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы, Ұлт көшбасшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үш тұғырлы тіл саясаты бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызды екені айтылады. Еліміздің әр азаматы әлемнің кез келген мемлекетінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу керек. Білім беру реформасының басты нәтижесі осы болуы тиіс. Сапалы білім беру қызметіне қол жеткізе отырып, болашақ іргесін мықты ете аламыз. Әрине, ол үш тілді игеру арқылы жүзеге асады екені хақ.
Негізгі сөздер: үш тілділік, Елбасы, көптілділік, үштұғырлы тіл, ғылым, шығармашылық, әдіс, білім
Еліміздің болашақ бағдарының оң әрі табысты болуы үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев Бәсекелестік қабілет, Үш тілде білім беру, Компьютерлік сауаттылық, Шет тілдерін білу, Мәдени ашықтық сияқты факторларға ерекше көңіл бөлуді ұсынады. ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу - бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде әр қазақтың кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр. Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің халықтық қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой-санамыз, сапалы дүниелерімізбен үлес қосу - жаһандану кезеңінінің табалдырығында тұрған біздер үшін аса маңызды іс. Елбасының сөзімен айтқанда, Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет.
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, ана деген ардақты атпен ана тілі деп атаймыз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Егемендігіміздің арқасында еңсесін тіктеп, күретамырын тереңнен бойлаған төл тіл.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл
әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде,
осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда.
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - шынайы өмірде оқушылардың ағылшын
тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын
тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді.Орта мектепте ағылшын тілін
оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер
енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология
бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады. Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын
тигізуде. Білім алушылардың жан - жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде
жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен.
Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін
көптеген әдістер пайда болды.
Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта
отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің
оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы
инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының
толығымен жаңаруына себепші болуда. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз
ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік
пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың,
танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде
танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде
интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды.
Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен
оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары
жүйесін негіздеп,олардың педагогикалық,психологиялық шарттарын жасау арқылы
айқындалды.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:
- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;
- ұлттық мектеп бітірушілерді жалпы қазақстандық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үштілділік-заман талабы
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
ҮШТІЛДІЛІК - БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру- Мәңгілік Ел идеясының негізі
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі
Пәндер