Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Бизнес Университеті

Похожее изображение

РЕФЕРАТ

Орындаған: Исмаилова Элионора

Қабылдаған: Кенжебекова Эльмира Полатовна

Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өткен партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын.

«Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы 2014 жылғы 13 қараша 10:18 2429 Бөлісіңіз: АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өткен партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын. ҚазАқпарат осы бағдарламаның толық мәтінін таратады. «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы КІРІСПЕ Бағдарламалық құжаттар - «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы - 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақ­стан халқына Жолдауларында Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­денті - Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев егемендік, еркіндік пен демо­кра­­тияға негізделген мемлекет пен қо­ғам құрылысының маңызды тарихи кезеңі­нің табысты аяқталғанын атап өтіп, Қазақ­станның 2050 жылға дейінгі одан әрі дамуының стратегиялық бағытын айқындап берді.

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес рес­пуб­ликамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиім­ділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде. «Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамның сыбайлас жем­қор­лыққа деген жиреніш сезімін табан­ды түрде қалыптастыра отырып, онымен мақсатты күрес жүргізіп келеді. Партияның Сайлауалды тұғырнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арнаулы бөлім бар. «Нұр Отан» 2008 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі партиялық бағдарламаны бел­сен­ді жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қара­мастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді ашық тал­қы­лаудың негізгі міндеттері өз шешімін тапты.

ІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Бағдарламаның мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Аталған мақсатқа жету келесі мәселе­лердің шешілуін талап етеді: - жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәде­ниетті, білім мен тәрбиені қалып­тастыру; - сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту; - мемлекеттік органдар қызметі, квазимемлекеттік сектор мен монополия субъектілеріне партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту; - жергілікті өзін-өзі басқару өкілетті­лігін кеңейту; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң­наманы жетілдіру.

ІІІ. БАҒДАРЛАМА ҚАҒИДАТТАРЫ Партияның саяси Доктринасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршаның және әр адамның міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетті­лігіміз бен демократиямызды жегідей жейді. Сондықтан да, біз сыбайлас жем­қорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыздық ахуалын қалыптастырудың жүйелік жағ­дайын жасаймыз» деп белгіленген.

1. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ МЕН МОНИТОРИНГІ Бағдарлама екі кезең бойынша жүзеге асырылатын болады: 1. Бірінші кезең: 2015 - 2020 жылдар; 2. Екінші кезең: 2021 - 2025 жылдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қалыптастыруда қоғамды жұмылдыру қағидаты
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесі
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Кадрлық резервті қалыптастыру және оны пайдалану механизмі
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Кадрлық резервті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz