Оқу-дала практикасы


Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті,
«Жаратылыстану» факультеті, «Биология, ауыл шаруашылық мамандықтары, география және туризм» кафедрасы, 5B060700-Биология мамандығы Био 16-3 тобының студенті Унгаров Шынгысханның оқу-дала практикасы бойынша
Есебі
Оқу-дала практикасы студенттердің теориялық дайындығын оның білім беру ұйымдарындағы практикалық қызметімен ұштастыратын оқу-тәрбие процесінің бөлігі ретінде қарастырылады. Оқу-дала практикасының мақсаты: болашақ мамандарды, яғни биология мамандығы бойынша кәсіби дайындықтарын, теориялық білімдерін тереңдетуіне, практика жүзінде бекітуіне және олардың жеке тұлғалық шығармашылық ұстамынын қалыптастыра отырып, өз мамандығына сүйіспеншілігін арттыру. Теориялық курста омыртқасыз жануарлардың табиғи ортада таралуын студенттерге көрсетіп болмайды. Бұл жағдайларды оқу барысында табиғаттың өзінде көру мүмкіндігі болмағандықтан, студенттер оқу курсында алған теориялық білімін оқу-дала практикасында байытады.
Оқу-дала практикасының міндеттері:
-студенттердің теориялық алған білімдерін практика жүзінде қолдануға үйрету;
-омыртқасыз жануарлардың, өсімдіктердің таралуы мен экологиясын анықтау;
-қоршаған ортаға зиян келтірмей коллекция жинаудың, омыртқасыз жануарларға ұзақ бақылау жасаудың, өсімдіктерден гербарий жасаудың және табиғаттағы серуендерді өткізудің дағдыларын алу;
-омыртқасыз жануарлардың биотобының негізгі типтеріндегі мекен етуімен, жануарлардың негізгі типтерінің биологиялық ерекшеліктері мен өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері мен олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен танысу;
21. 05. 2018 ж. Бұл күн біздің оқу-дала практикамыздың алғашқы күні. Бұл күні оқу орнымыздағы «Биология, ауыл шаруашылық мамандықтары, география және туризм» кафедрасында оқу-дала практикамыздың ашылу конференциясы өтті. Конференция барысында оқу-дала практикамыздың басты мақсаттары мен міндеттерімен, практика барысында орындауға тиісті тапсырмалармен таныстық. Жазғы оқу-дала практикамыздың жетекшісі болып Қожамжарова Б. тағайындалды.
Ашылу конференциясы барысында оқу-дала практикамызда зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін баратын Тараз қаласы маңайындағы саябақтар мен Талас өзені, Тектұрмас елді мекені жайлы, ондағы флора мен фаунаның сан түрлілігі жөнінде қысқаша мәліметтер алдық. Сондай-ақ, бір жылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің, шала бұталардың, бұталардың алуан түрлілігімен танысып, алдағы уақытта олардан гербарий жасау үшін өзімізге қажетті түрлері жөнінде мағлұматтар алдық. Тараз қаласындағы саябақтардағы көпжылдық қарағай, қайың, көктерек, самырсын қарағай және тіршілігі бір жылға ғана созылатын шегіргүл, гүлкекіре секілді өсімдіктердің бұтақтарының алуантүрлілігімен танысып, омыртқасыз жануарлардың іс-әрекеттерін, тіршілік әрекетін, қоректекуін ұзақ бақылап, зерттеу жұмыстарын жасадық. Оларды туыстық жақындығына қарай жүйелеу әдістерімен таныстық. Аталған орындарда кездесетін омыртқасыз жануарлар туралы, олардың дамуы мен таралуы туралы мағлұмат алдық. Қоршаған ортаға зиян келтірмей коллекция жинаудың өзімізге беймәлім әдістерімен таныстық.
22. 05. 2018 ж. Оқу-дала практикамыздың бұл күні Б. Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында өтті.
Оқу-дала практикамыздың бұл күнге белгіленген жоспарына сәйкес, біз аталған саябақта кездесетін өсімдіктерді зерттеп, олардың ерекшеліктері мен саябақта таралуына аса мән бердік. «Өсімдіктер систематикасы» оқулығын қолдана отырып, өсімдіктердің туыстық жақындығына қарай жүйелеуге мүмкіндік алдық. Өсімдіктер систематикасы - осы кезде өскен және қазбадан табылған өсімдіктерді туыстық жақындығына қарай систематикалық топтарға бөлетін ботаника ғылымының бір саласы. Өсімдіктер систематикасысының алдына қоятын мақсатына сай флористикалық немесе классификациялық, систематикалық, филогенетикалық зерттеу салалары бар. Классификациялық өсімдіктер систематикасы әр түрлі өсімдік организмдерін ұқсастық және ерекшеліктеріне қарай таксон деп аталатын топтарға жіктейді. Классификациялық зерттеулерінің негізіне «түр» таксоны алынады. Бір-бірімен туыстық тегі жақын түрлер туысқа, ал бұлар тұқымдасқа біріктіріледі. Мысалы, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер (бидай, қара бидай, атқонақ, бетеге, қоңырбас т, б, ) бір тұқымдасқа топталынады. Бір-бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын ірі топқа, ал қатарлар бұдан ірі топ - класс және бұның өзі бөлімге біріктіріледі.
23. 05. 2018 ж. Бұл күні біз Тұрар Рысқұлов атындағы мәдени демалыс саябағына бардық. Аталған мәдени демалыс саябағында біз ең алдымен саябақ аумағында өсетін барлық өсімдіктерді тауып оларға қысқаша мәлімет беріп, тоқталып өттік. Содан соң олардың құрылыс ерекшеліктері мен саябақ аумағын таралуына назар аудардық. «Өсімдіктер систематикасы» оқулығын қолдана отырып, өсімдіктердің туыстық жақындығына қарай жүйеледік.
Содан соң саябақ аумағындағы барлық өсімдіктерді жоғары және төменгі сатылы өсімдіктер деп үлкен 2 үлкен топқа бөлдік. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (лат. Embryophyta) - күрделі дифференциалданған көпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сабақ және жапырақтан тұрады. Осыған байланысты оларды жапырақ сабакты өсімдіктер деп атайды.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен көбейеді - жынысты - және жыныссыз. Жыныс мүшелерінің: аталығы - антеридий - аналығы - архегоний -әрқашан көпжасушалы. Қазіргі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге:ринифиттер сарыбауырлылар плаун тәрізділер псилотәрізділер қырықбуындар папоротниктер жалаңаш жабықтұқымдылар жатады.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер - дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар және клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады.
24. 05. 18 ж. Оқу-дала практикамыздың бұл күні біз Тектұрмас елді мекеніне аттандық. Қала шетінде орналасқандықтан қала орталығындағы саябақтардан бұл елді мекен өзінің өсімдіктер мен омыртқасыздар әлемінің көптүрлігімен ерекшеленді.
Мұнда өсімдіктердің бірнеше түрі мен омыртқасыздардың бірнеше түрін өзіміздің жұмысымызға қарай жинай алдық. Бұл елді мекенде омыртқасыздар жәндіктердің ең көп таралған түрі-қатты қанаттылар немесе қоңыздар отрядының өкілдерін кездестірдік. Сондай-ақ, омыртқасыз жәндіктердің тағы бір кең таралған түрі-құмырсқалар илеуін кездестірдік.
Қатты қанаттылар немесе қоңыздар отрядының өкілдері мен басқа да кездестірген омыртқасыз жануарлардан қоршаған ортаға зиян келттірмей коллекция жинап үлгердік.
Сондай-ақ, Тектұрмас елді мекенінде кездесетін өсімдіктерді туыстық жақындығына қарай жүйелеп, олардан гербарий жасауға мүмкіндік алдық. Гербарий жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар алдын - ала даярланып алынды. Өсімдіктерді жинауға керекті құрал-жабдықтар төмендегідей: ботаникалық папка (пресс), өсімдікті қазып алуға арналған күрек немесе қалақша, қағаз, компас, 9-10 дәрежелі қол лупасы, этикеткалар, қойын дәптер, карандаш, пакет қажет. Өсімдіктерді өсіп тұрған жерінен қазып алуға кішкене күрек немесе қалақша пайдаланылады. Ол мықты, әрі жерді жақсы қазатын, алып жүруге өте ыңғайлы, әрі жеңіл болуы тиіс. Бұл тамыры тереңдегі өсімдіктердің жер астындағы мүшелеррін зақымдамай алу үшін қажетті құрал. Өсімдіктерді жинағанда өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің (сабақ, жапырақ, тамыр, гүл) түгел болуын қарастыру керек. Қазып алынған өсімдіктердің жапырағына, сабағына, тамырына жабысқа топырақтан және тағы басқада керексіз зақымдалған бөліктерін жақсылап тазалайды да, қағаз парағына саламыз.
Тектұрмас елді мекенінен жиналған өсімдік гербарийлері
25. 05. 18 ж. Оқу-дала практикамыздың бұл күні біз топ жетекшісімен бірге Талас өзенінің маңындағы флорасы мен фаунасын зерттеуге аттандық. Практикамыздағы танысып, зерттеу үшін баратын соңғы орын осы жер болды. Сол себепті, барынша мұқият болып, өсімдіктер мен омыртқасыз жануарларды зерттеуге тырыстық. Сәйкесінше, оларды жүйлелеп өзіміздің оқу-дала практикамызда бастаған коллекция және гербариймізді толтыруға тырыстық.
Өзен маңында кездесетін шегіртке, дәуіт, көбелек секілді омыртқасыздардың түрлерінің құрылыс ерекшеліктеріне назар аудардық.
Кез-келген су маңайында жәндіктердің бір түрі-инеліктерді кездестіруге болады. Инеліктер (Odonata) - жәндіктер класының бір отряды. Олар жыртқыш жәндіктер . Қазба қалдықтары тас көмір кезеңінен сақталған. Жер шарында кең тараған. Қанаттарының құрылысына қарай Инеліктер: теңқанаттылары (Zygoptera), әр түрлі қанаттылар (Anisoptera) және Anisozygoptera (тек Жапония және Үндістанда ғана кездеседі) отряд тармақтарына бөлінеді. Инеліктердің 4500-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда 7 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ұзындығы 14 - 120 мм. Құрсақ бөлімі жіңішке әрі ұзын. Аузы кеміруге бейімделген. Өте үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін алып жатады. Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Қанаттары торланып жүйкеленген.
Басқа жәндіктерден ерекшелігі: арқа - құрсақ қанатының бұлшық еттері жақсы дамыған, тыныштық күйде қанаттарын денесіне жинамай, жайып жібереді. Инеліктер - дара жыныстылар, шала түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын суға немесе су өсімдіктерінің сабағына салады. Дернәсілдері су астындағы заттарға жабысып тіршілік етеді. Қорегін (ұсақ су жәндіктерін, т. б. ) астыңғы ерні арқылы ұстайды. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы жазғытұрым бірнеше рет түлеп, маусым айында ересек Инеліктерге айналады. Ересек инеліктер тұщы су қоймаларының маңында жиі кездеседі. Шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды. Инеліктер - пайда келтіретін энтомофагтар. Дернәсілдері - балықтың, су құстарының қорегі. Олар шала түрленіп дамиды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz