Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер
Мұнайлы ауданы №2 орта мектептің
11-сынып оқушысы Алшын Әсемнің
Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын
бейнелейтін фразеологизмдер
атты ғылыми жұмысына
ПІКІР
Алшын Әсем ғылыми жұмысының негізгі мақсаты-табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдердің тілдік табиғатын анықтау, проза тілінде қолданылу ерекшелігін талдау.
Халықтың ұрпақтан-ұрпақта ғасырлар бойы сақталып беріліп келе жатқан ұлттық мұрасы көркем әдебиеті арқылы көрінеді. Әдеби шығармаларда жиі кездесетін, өзінің ықшамлдылығымен, бейнелілігімен және дәлдігімен ерекшеленетін, тіліміздің сұлу айшықтарын көрсететін тілді бірліктердің бірі - фразеологизмдер.
Фразеологизмдерді зерттеу, соның ішінде проза тілінде қолданылу ерекшелігін қарастыру мәселесіне байланысты біршама ғылыми еңбектер бар. Қазақ халқының рухани өмірінен сыр шертетін, ұлттық ерекшелігін, өзіндік болмысын өз туындыларында көрсете білген ақын-жазушылар шығармаларын зерттеп, талдау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Кіріспеде жұмыстың негізгі қағидалары мен мақсаттары анықталып, жұмыс нысанының өзектілігі көрсетіліп, ғылыми сипаты баяндалады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде табиғат құбылыстарын беруде қолданылатын
авторлық қолданыстағы фразеологизмдер жайы сөз болса, ал келесі бөлімдерде жауын-шашынға, жел, боран, дауыл, құйынға байланысты фразеологизмдерге тоқталған.
Зерттеуші Алшын Әсем өз тақырыбын меңгерген, жұмыстың мақсаты мен міндеті айқындалған. Автордың жұмысы ғылыми тұрғыда зерттеліп, талапқа сай орындалған. Сондықтан жұмыстың ғылыми құндылығы бар деп бағалауға болады деп есептеймін.

Алшын Әсемнің ғылыми жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың негізгі қағидалары мен мақсаттары баяндалып, жұмыс нысанының өзектілігі көрсетіледі. Оның теориялық және тәжірибелік маңызы, ғылыми сипаты баяндалады.
Халықтың ұрпақтан-ұрпақта ғасырлар бойы сақталып беріліп келе жатқан ұлттық мұрасы көркем әдебиеті арқылы көрінеді. Әдеби шығармаларда жиі кездесетін, өзінің ықшамлдылығымен, бейнелілігімен және дәлдігімен ерекшеленетін, тіліміздің сұлу айшықтарын көрсететін тілді бірліктердің бірі - фразеологизмдер. Фразеологизмдердің тілге ерекше ажар, өткірлік сипат, эмоциялық-экспрессивтік реңк беретінін ескерсек, стильдік мәні айрықша құрал деп есептеуімізге әбден болады. Тұрақты сөз тіркестері тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін танытып, сан мыңдаған түсінікті бір ауыз сөзге жинақтайтын тілдік айшықтың құнарлысы, мәйегі дей келе оны жан-жақты зерттеген.
Зерттеу материалы ретінде әдеби шығармалады жүйелеп талдайды.
Жұмыстың бірінші бөлімінде табиғат құбылыстарын беруде қолданылатын авторлық қолданыстағы фразеологизмдерді жайлы жүйелі мағлұмат береді. Екінші бөлімде жауын-шашынға, жел, құйын-боранға байланысты фразеологизмдерді тілге тиек етеді. Ал қорытынды бөлімінде негізгі тарауларда сөз болған зерттеу нәтижелері жинақталып, қысқаша түйін жасалған.
Зерттеуші - Алшын Әсем өз тақырыбын меңгерген, жұмыстың мақсаты мен міндеті айқындалған. Автордың жұмысы ғылыми тұрғыда зерттеліп, талапқа сай орындалған. Сондықтан жұмысты жоғары бағалауға негіз бар деп есептеймін.
Пікір беруші:
№2 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жетекші: Нурмаганбетова К.С.
АБСТРАКТ
Ғылыми жобаның өзектілігі. Халықтың ұрпақтан-ұрпақта ғасырлар бойы сақталып беріліп келе жатқан ұлттық мұрасы көркем әдебиеті арқылы көрінеді. Әдеби шығармаларда жиі кездесетін, өзінің ықшамлдылығымен, бейнелілігімен және дәлдігімен ерекшеленетін, тіліміздің сұлу айшықтарын көрсететін тілді бірліктердің бірі - фразеологизмдер.

Ғылыми жобаның мақсаты. Ғылыми жобаның негізгі мақсаты - табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдердің тілдік табиғатын анықтау, проза тілінде қолданылу ерекшелігін талдау.
Ғылыми жобаның міндеттері:
Проза тілінде табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктерін айқындау;
Авторлық қолданыстағы фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктерін таныту;
Табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдерді түрік тілінде кездесетін фразеологизмдермен салыстыру;
Ғылыми жобаның дереккөздері. О. Бөкей, С. Мұратбеков, Ә. Нүрпейісов, Б.Майлин, С. Сейфуллин, Ш. Мұртаза, Қ. Жұмаділов, М. Әуезов секілді жазушылардың көп томдық шығармалар жинақтары.
Ғылыми жобаның теориялық және әдіснамалық материалдары. Тақырыпты жан-жақты зерттеуде жалпы тіл білімі, соның ішінде отандық зерттеушілердің лексикология мен фразеологияға байланысты жазылған І.Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Г. Смағұлова, Р.Авакова, және тағы басқа ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми зерттеу барысында салыстырмалы, лингвистикалық сипаттама әдісі, сипаттау, стилистикалық-семантикалық талдау әдісі, фразеологизмдердің қызметін анықтау барысында анализ-синтез тәсілдері қолданылды.
Ғылыми жобаның ғылыми жаңалығы.
зерттеу нысанына алынған жазушылар шығармаларындағы табиғат құбылысын бейнелейтін тұрақты тіркестер, мүмкіндігінше, жан-жақты талданды;
проза тіліндегі табиғат құбылысын бейнелейтін фразеологизмдердің стильдік қызметі айқындалды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Табиғат құбылыстарын беруде қолданылатын авторлық қолданыстағы фразеологизмдер 5
2 Жауын-шашынға байланысты фразеологизмдер 8
3 Жел, боран, дауыл, құйынға байланысты фразеологизмдер 13
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиет тізімі 19
Шартты қысқартулар тізімі 20
КІРІСПЕ
Фразеологизмдердің қайсысын алмасаң да барлығы халықтың сөйлеу тілі негізінде пайда болатыны анық. Сол себепті де олар өмірдің барлық саласын жан-жақты қамтып, халықтың дүниетанымына, халықтың табиғатына ерекше әсер етіп, мазмұндық жағынан бай келеді. Адамның өмірді танып білуін, дүниеге деген көзқарасын, ақыл-парасатын, ой түсінгін білдіруде фразеологизмдердің алатын орны маңызды. Тілдің өзіне тән мәдениетін, сөздің құдіретін, тілдің мазмұны мен маңызын көрсеттеін асыл қазына - фразеологизмдер. Фразеологизмдердің тілге ерекше ажар, өткірлік сипат, эмоциялық-экспрессивтік реңк беретінін ескерсек, стильдік мәні айрықша құрал деп есептеуімізге әбден болады. Тұрақты сөз тіркестері тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін танытып, сан мыңдаған түсінікті бір ауыз сөзге жинақтайтын тілдік айшықтың құнарлысы, мәйегі.

О. Бөкей, С. Мұратбеков, Ә. Нұрпейісов, Б.Майлин, С. Сейфуллин, Ш. Мұртаза, Қ. Жұмаділов, М. Әуезов шығармаларындағы табиғат құбылысын бейнелейтін фразеологизмдер.
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты - табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдердің тілдік табиғатын анықтау, проза тілінде қолданылу ерекшелігін талдау.

Тақырыпты жан-жақты зерттеуде жалпы тіл білімі, соның ішінде отандық зерттеушілердің лексикология мен фразеологияға байланысты жазылған І.Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Г. Смағұлова, Р.Авакова, және тағы басқа ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектері басшылыққа алынды.
Ғылыми зерттеу барысында салыстырмалы, лингвистикалық сипаттама әдісі, сипаттау, стилистикалық-семантикалық талдау әдісі, фразеологизмдердің қызметін анықтау барысында анализ-синтез тәсілдері қолданылды.

1. ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АВТОРЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Жалпы проза тіліндегі фразеологизмдерді стильдік тұрғыда қарастыру үшін жазушылар шығармаларындағы фразеологиялық оралымдардың қолдану ерекшелігіне назар аударғанымыз жөн. Кез келген автор фразеологизмдерді белгілі бір мақсатпен даяр қалпында немесе өзгертіп қолданып, негізгі идеяны ашу үшін қызмет атқарады.
Ғалым Г.Н. Смағұлова авторлық қолданыстағы мағыналас фразеологизмдер туралы:
1) Егер сөйлем ішінде бірнеше мағыналас фразеологизмдер келсе, онда олар амплификациялық қатар түзеді. Екі-үш қатарлы мағыналас фразеологизмдер келетін болса, онда кез-келген бір қатары авторлық фразеологизм болады.
2) Фразеологизмдер құрамындағы лексикалық вариант үлгілері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы: түкірігі жерге түспеуқақырығы жерге түспеу.
3) Мағынас фразеологизмдер қатарындағы авторлық қолданыстардың жасалуында сыртқы дыбыс үйлесімділігі байқалады.
4) Автор қолданысындағы фразеологизмдердің мағынасынан ұлттық ойлау ерекшеліктерін байқауға болады. Сондықтан олар кейін фразеологиялық қорға қосылуы мүмкін [1,138].
Жазушының өзіндік стильдік ерекшелігін танытатын фразеологизмдер - авторлық қолданыстағы фразеологизмдер. Оларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Фразеологизм құрамындағы сөздердің орын ауысуы, инверсияға ұшырауы.
Мысалы: Еңкейген күннің сәулесімен жалтырап жатқан айдынына қарасаң, кеудедегі жүрегің тыпыр-тыпыр еткендей болады (Ш.М. Табылған теңіз.152б.). Келтірілген мысалдан күн еңкейді фразеологизмі еңкейген күн деп ауысып келіп отыр.
2. Кейде қаламгер өз ыңғайына қарай фразеологизмнің құрамына жаңа сөз қосуы мүмкін. Мысалы: Байып бара жатқан күннен өзенге өрт тарағандай болды (Ш.М. Табылған теңіз. 153б.). Бұл мысалда күн байыды деген фразеологизм инверсияға ұшырап қана қоймай құрамына бара жатқан деген жаңа сөз қосқан.
3. Автор фразеологизм құрамындағы кейбір элементтерді түсіріп қолдануы да мүмкін.
4. Бір сөйлем ішінде бірнеше фразеологизмдердің қолданылуы. Мысалы: Бетіндегі боз қырауды алақанымен бір сипап тастап, сары табан қарды сықыр-сықыр басып келе жатқанын көрді де, бұл шапанын жамылып, көрші үйге кетіп қалды (Ә.Н. 823 б.).
Фразеологизмдік оралымдарды белгілі бір мақсатпен проза тілінде өзгертіп қолдану, олардың бейнелілігін, әсерлілігін арттырып, өзге мағыналы тіркестердің жасалуына әсер етеді. Фразеологизмдерді жаңаша мәнде қолдану тікелей қаламгердің шеберлігіне байланысты.
Жазушы фразеологизмдерді белгілі бір мақсатта қолданылады. Бұл туралы проза тілінде жазушылардың фразеологизмдерді қолданудың себептерін Х.Қожахметова былай көрсетеді:
1. Кейіпкер мінезін көрсетуде, ашуда қолданылатын фразеологизмдер;
2. Кейіпкерлердің психологиялық күйлерін сипаттауда қолданылатын фразеологизмдер;
3.Әзіл- ысқақ қызметінде жұмсалатын фразеологизмдер;
4. Кейіпкер портретін беруде қолданылатын фразеологизмдер;
5. Фразеологиялық тіркестердің қоғамдық-саяси сипатта жұмсалуы;
6.Фразеологиялық тіркестердің кейіпкер сөзінде қолданылуы [2,85];
Проза тілінде кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, психологиялық жай күйін беруде фразеологизмдер жиі қолданылады. М. Әуезовтің Қаралы сұлу шығармасында Қарагөздің ішкі сезімі табиғатпен қатар алынып, салыстырылып бейнеленген. Іште - ыстық сезім, қарсы соққан салқын леп... (М.Ә. Қаралы сұлу. 160).
Табиғатқа жан бітіре, одан образ жасау, оған адамға тән қимыл-әрекетті, адамға тән қадыр-қасиетті байланыстыра суреттеу жазушылар тілінің ерекшелігі. Ондай қаламгерлердің бірі - Оралхан Бөкей. [3,150].
Мысал келтірсек: Алдымен төпеп тұрып қар жауады да, артынан жел соғады ұлып (О. Б. 1-т. 372б.). Күн нұры қар шиыршықтарымен сүйісіп, қылмыңдап, көз қарықтырар әдемі бір қылықпен ойнайды. Аспан шайдай ашық еді... (О. Б. 1-т. 269 б.). Сонау қарашадан басталған суық жел бір аптадай атына қайта мініп, жұқалау жауған қарды сай-сай, бұта-қарағанның түбіне айдап тастаған (О. Б. 1-т. 180 б.).
Ұлу жануарға; сүйісу, ойнау атына міну адамдарға тән іс-әрекеттер.
Келтірілген мысалдардан ыстық, суық, жылы секілді ұғымдар адам санасына әсер ету үшін кейіптенген түрде, эмоционалдық реңк тудыру мақсатында барынша жандаған қалыпта қолданылып тұр.
Тілімізде көрінетін фразеологизмдердің бір тобы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер. Олардың тілімізде атқаратын қызметі ерекше. Жансыз дүниеге жан бітіру арқылы табиғат құбылыстарынан жанды образ жасау тілімізде осы фразеологизмдер арқылы көрінеді. Мысалы: Жел гулеп соғып, ұйтқып ойнаған боран атты кісінің өзін алып ұратындай үдей түсті. Аяғың тайып құлап түссең бас салып сабалап, ақ түтегімен көміп тастардай ашулы (О. Б. 1-т. 117 б.).
Қорыта келгенде, көркем сөз шеберлерінің бейнелі сөз тіркестерінің алуан түрін қолданатындығын жиі кездестіреміз. Сондай тіліміздегі асыл қазынамыз болып келе жатқан тұрақты сөз тіркестерінің астарына терең бойлайтын болсақ, халықымыздың арғы-бергі замандардан бері келе жатқан өмірінің барлық қыр-сырын көруімізге болады. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын түгелдей дерлік тіліміздегі тұрақты тіркестердің бойынан аңғарамыз. Халқымыздың ұлттық менталдық ерекшелігін бойына сіңірген мәдени байлығымыздың бірі болып табылатын тұрақты сөз тіркестері ұлтымыздың тіліндегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы мен тілімізге ғана тән өзіндік тілдік материалдар арқылы оның бүкіл заттық, рухани мәдени өмірінен хабар береді. Тұрақты сөз тіркестерінің тууына - адамдардың күнделікті тіршілігінде көріп жүрген дүниедегі заттар, айналасындағы құбылыстар мен көріністер, түрлі жағымды-жағымсыз т.б. сол секілді көптеген факторлар ықпал етіп, негіз болады. Ендеше, тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасып, дамуына ұлт болмысымен байланыста қараудың маңызы зор.
2. ЖАУЫН-ШАШЫНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестердің мағыналық түрлерінің бірі - табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер. Кез келген айналадағы сан түрлі құбылыстар адамға тікелей қатысты болғандықтан, сол құбылыстарға деген адам санасында заттық ұғым пайда болатындығы да белгілі. Қазақ кез келген қимыл-әрекетті болсын, жанды заттарға тән мінез бен қимыл-қозғалысты болсын суреттеп, бейнелеуде, түрін түстегенде тілдік бейнелі образ жасайтын тіркестер мен сөз орамдарын орынды пайдалана білген. Сол секілді, табиғат құбылыстарының бірі болып табылатын жауын-шашын, нөсер түрлерін суреттегенде бейнелі түрде экспрессивті-эмоционалды қасиетке ие сөз тіркестерін ұтымды пайдалана білген. Жауын-шашынның жауу қалпы мен қозғалысына қарай, сипатына қарай түрліше атаған. Жауын-шашын түрлері сонымен қатар ақ жауын, нөсер, өткінші жауын, қар арлас мұздақ жауын секілді түрлерінің болуымен ерекшеленеді. Осы секілді табиғи құбылыстармен байланыстырып күнделікті өмірде тұрақты сөз тіркестерін жиі қолданған. Жауын-шашынның түрлеріне қатысты көркем әдеби тілде де, ауызекі сөйлеу тілінде де бейнелі фразеологизмдер жиі ұшырасады.
Ақ жауын. Ақ ұғымы қай уақытта болмасын тазалықтың, пәктіктің белгісі болған. Қазақ халқының ұғымында ақ түске байланысты ақ отау, ақ неке, ақ бесік, ақ бата секілді ұлттың танымын, дүниеге деген көзқарасын ашық түрде көрсететін ұғымдар көп. Табиғатта, қоршаған ортада болып жатқан табиғи құбылыстардың өзіндік белгілерін ескере отырып, оның түр - түсіне, өзіндік ерекшелігіне қарай тілімізде жауын-шашынға, желге, боранға, тұманға байланысты фразеологизмдер кездеседі.
Мысалы: Көк тіреген таулардың ақ қар, көк мұз жамылған шыңдары көрінбей кетті. (Ш.Мұртаза, Ай мен Айша,107 бет.)
Осындағы ақ қар, көк мұз - қыстың аязды кезі туралы айтылып тұр. Сонымен қатар тілімізде ақ жауын - ұзаққа созылатын, өте майда болып жауатын жаңбырдың түрі; ақ тұман немесе ақ сүт тұман - ақ бұлттай ұйыған тұман секілді фразеологизмдер бар [4,169].
Қара нөсер. Нөсер дегеніміз аз уақытта қатты екпінмен жауып өтетін жаңбыр. Жыл мезгілдеріне қарай өз ішінде ақ нөсер, қара нөсер, көк нөсер секілді түрлері бар. Соның ішінде Қазақ әдеби тілінің сөздігінде қара нөсер дегеніміз қар аралас қатты, толассыз жауған жауынның түрі деп берілген [5, 292].
Мысалы: Шамасы, сірә, мына аспанның да қары, жауыны, қара нөсерімен бірге осындай ала бұлтты ызғырық шағы да болатыны ғой (Ә.Н. 602-б.).
Күн жауды ~ әуе жауды. Жаңбыр жауды деген мағынаны білдіреді.
Тілімізде синонимдес сөздердің бірінің орнына бірін қолдану арқылы жұмсалған вариант фразеологизмдер бар. Оларға: күн жуды - әуе жауды, аспан шайдай ашық - әуе шайдай ашық, ауа айналып жерге түсердей - аспан айналып жерге түсердей - әуе айналып жерге түсердей секілді тұрақты тіркестерді атаумызға болады.
Мысалы: Үшінші күні таңертең оянғанымызда, аспан тұтасып бұлттанып күн жауып тұр екен (С.М. Т.2. 121-б.). Сонан табандатып тоғыз күн күн жауды (Ә.Н. 170-б.).
Жауынның екпініне, көлеміне қарай тілімізде аспан тесіліп кеткендей, шүмектеп құйды, Құдайдың күнінің к...і түсті деген секілді фразеологизмдер кезедседі. Яғни толассыз, қатты жауған жауында айтамыз.
Күн жайлатты фразеологизмін кейде қарапайым тілде жадылау, жайшы деп те атайды. І.Кеңесбаевтің айтуынша ескі наным-сенімге байланысты ертеде қуаңшылық, жұт болғанда адамдар жауын жаудыру үшін сиқыр пайдаланған, яғни күн жайлату дегеніміз қолдан жауын жаудыру [6, 291]. Ал, Р.Сыздықтың айтуынша бұл көнерген сөз. Арбау, дуалау деген ұғымда қолданылады, сиқыршы адамның сиқырмен жаңбыр, жел, дауыл шақыруы [7, 46].
Табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдердің ішінде қарға байланысты біршама тұрақты тіркестер кездеседі.
Сіреу қар. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде сіреу қар дегеніміз ұзақ уақыт жатып қатқан, тізеден келетін қар [8, 576] . Сіреу деген сөздің өзі сірес, яғни қату деген мәнде жұмсалады.
Мысалы: Кеше ғана сіреу боп қатқан қар жемтір-жемтірі шығып, өзенге, тау басына қашып барады (О.Б. Т.4. 257-б.).
Қыстың алғашқы айларында аңшылардың аңшылыққа, саятшылыққа шығуын қансонар деп атайды. Абай атамыз Қансонарда бүркітші шығады аңға дегендей ең алғашқы ұлпа қар жауып, жер бетінде бірде-бір із болмағанда аңды ұстау да оңайға түседі. Әдеби тілімізде қолданылып жүрген сонар қар тұрақты тіркесі осы бір дүниеге байланысты. Сонар қар дегеніміз алғаш жауған мамық, ұлпа қар. Осы фразеологизмге мағыналас көбік қар деген фразеологизм кездеседі.
Мысалы: Түнде жел тұрған ба, таяуда жауған көбік қардың бет жағы борап, қайсы бір жерлердің мұзы жалаңаштанып ырсиып қапты (Ә.Н. 11-б.).
Күртік қар. Жауған қардың беті уақыт өте келе қатайып, жүргенде күтірлеп отыратын қар [9,127].
Кесте 1
Жауын-шашынға байланысты фразеологизмдерді мағыналық топтарға бөлу
Жіктелімі
(Ә. Қайдар)
Фразеологиялық
Тіркес
Мағынасы
(І. Кеңесбаев)
Мысалы
Жауын-шашынға байланысты фразеологизмдер
(жаңбыр)
Ақ жауын
Майда болып жауатын, ұзаққа созылатын ақ боз жауын
[6,23].
Мезгілдің көк жасындай ақ жауын сіркіреп тұр (Б.О. Т.4. 319-б.).
Боз жаңбыр
Ақырын, бір қалыппен, үзбей жауатын ақ жаңбыр [8,402]
Үзбей бір қалыппен салбырап жауған боз жаңбыр үстін сулады (Ә.Н.) [6,120].
Қара жаңбыр
Нөсерлі толассыз жауатын жауын [6,322].
Қара жаңбыр төпеп құйып, базардағы киімі жұқаларды еріксіз қалаға айдады (С.М.) [6,322].
Күн жауды
Су тамшылары жерге жаңбыр болып жауды деген мағынада [6,291].
- Айттым ғой, күн жауады деп (Б.О. Т.4. 161-б.).
Күн жайлатты көне.
Сиқырды пайдалану арқылы жауын жаудыру [6,291].
...Күн жайлатып бір амал таба көр деп, Қозыкеш сол жерде үйретіпті (ҚКБС) [6,291].
Сірке жауын
Майда болып жауатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz