Ежелгі Грекиядағы философия мен саяси ойлар

Ежелгі Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б.э.д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала - мемлекеттер - полистер ретінде пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық формацияға көшу процесі қоғамда өте қатал таптық қайшылықтарға толы болды. Екі антогонистік тап қалыптасты. Бір жағынан бай аристократтар болса, екінші жағынан кедейленген қала тұрғындары және ерікті адамдар мен құлдар болды.
Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін саралағанда, біз оның үш кезеңін қарастырамыз:
Алғашқы кезең - (б.э.д IX - VI ғғ.) ол көне грек мемлекеттерінің қа- лыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады.
Екінші кезең - (б.э.д. V - IV ғғ.) грек философиясының өркендеуі мен саяси- құқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді.
Үшінші кезең - эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдырауы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.
Көне Грекия философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Саяси ілімдер тарихы Демокрит (б.э.д. 460 - 370 жж.) өзінің саяси ойларында алғаш рет адам мен адамзат және қоғамның дамуы әлемдік даму үдерісінің табиғи жалғасы деп қарастырды Осы тұрғыдан алып қарағанда полис, қоғам және заңнамалар қолдан жасалған, ол табиғаттан алынбаған. Сондықтан да олардың пайда болу үдерісінің өзі қажеттіліктен туылған, яғни кездейсоқ процесс емес деп көрсетеді. Осыдан да болар Демокрит үшін табиғи және қолдан жасалған дүниенің байланысы саясат пен этикалық нормалардағы өлшеммен анықталады. Сондықтан да ол адам табиғатына қарсы келетін дүниенің барлығын әділетсіз деп қабылдайды
Сократ (б.э.д. 469 - 399 жж.) адамзат тарихында өш- пес рухани із қалдырған танымал ойшыл. Өз заманында лайықты бағасын алып, данагөй атанған. Сократтың пікірінше мемлекет басқару ісін практикада істі білетін іскер адамдар айналысуы керек. Ал теориялық деңгейде мемлекетті басқарудың адамгершілік мәнін ашу керек деп түсінді. Билікті ұдайы сынағаны үшін Сократ бірнеше рет қудаланды. 399 жылы қарсыластары оны дінсіз, заңды бұзушы ретінде өлім жазасына кескен болатын. Сонда Сократтың жақтаушылары оны түрме қызметшісіне пара беріп шығарып алмақ әрекет етеді. Сол кезде Сократ Мен өзім жұрттан заңдылықты талап етемін, енді қалайша өзім заңсыз әрекетке бармақпын деп өлім жазасына мойын ұсынады. Кейінірек Сократтың ілімдері Платон мен Аристотель сияқты заманының ғұламаларына үлкен серпіліс әкелді. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, еш уақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажетақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. Сен алдымен өзіндіөзің таны.Оның екінші қағидасы: Менің білетінім -- менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді. Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.
Платон (б.э.д. 427 - 347 жж.) - антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге келді. Жас кезінде ол ( б.з.д. 407-399 жж) Сократтың шәкірті және тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен бірге Афиныдан кетеді. Алдымен мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz