Гистерон препараты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Акушерлік, гинекология және көбею биотехнологиясы кафедрасы

НҰСҚАУЛЫҚ

Гистерон препараты

Орындаған: Орналиева А.

Тобы: ВМ-307

Қабылдаған: Хизат С.

Алматы, 2017 жыл

Ветбиофармкеңеспен бекітілген

«20» қараша, 2011 жыл

№ 60 хаттама

Гистерон ветеринарлық препаратын қолдану туралы

НҰСҚАУЛЫҚ

C:\Users\Admin\Desktop\IMG_2834.PNG

  1. Негізгі көрсеткіштеріГистерон (Histeronum) . Гистерон ақшыл сары түстен сарғыш қоңыр түске дейінгі сұйық дәрілік зат. Препараттың 1, 0 см3мөлшері 30 мг норфлоксацин, 10 мг тинидазол, көмекші дәрілік заттар мен еріткіш заттан тұрады. Дәрілік зат 50; 100; 200; 400; 450; 500 см3шыны бөтелкелерде және 500; 1000; 1500; 2000 см3пластик ыдыстарда босатылады. Дәрілік препарат Б тізімі бойынша құрғақ, көлеңкелі жерде, 5°С-тан 25°С-қа дейінгі температура аралығында сақталады. Сақталу мерзімі барлық сақтау шарттарын ұстанған жағдайда шығарылған күннен бастап 2 жылға дейін.
  2. Фармакологиялық және тинидазол үйлесімді әсер етіп, дәрілік препараттың микробқа қарсы әсерін арттырып, микроорганизмдердің резистенттілігінің төмендеуіне жағдай жасайды. Препараттың грам теріс (E. coli, Klebsiella, Salmonella, Proteus, Campylobacter, Paeudomonas Aerogenosa) және грам оң бактериялар (Staphulococcus epidermidis, Staphylococcus aureus, Clostridium), микоплазма, хламидиялар мен уреаплазмаларға қарсы белсенділігі жоғары. Препаратқа саңырауқұлақтар мен вирустар төзімді. Препаратты ұзақ уақыт қолданған жағдайда ақырындап микроорганизмдердің препаратқа төзімділігі дамиды. Норфлоксацин - фторхинол қатарына жататын синтетикалық химиотерапевтік бактерияларға қарсы препарат. Фермент ДНҚ-гиразаны тежеп, ДНҚ-ның репликациясы мен бактериялардың қасиетін қамтамасыз етеін нәруыздардың синтезін бұзады. Тинидазол бактерия клеткасының ДНҚ-мен байланысып, нуклеин қышқылының синтезін бұзған соң, микрорганизмдерді өлімге ұшыратады. Препаратты артық мөлшерде қолданған жағдайда жатыр қабырғасынан басқа да мүшелер мен ұлпаларға өтіп кетеді. Дәрі ағзадан жатыр жиырылған кезде экссудат күйінде шығарылады.
  3. Қолданылу тәртібіПрепарат сиыр жатырының қабынулары кезінде, кесерь операциясынан және шууы түспей қалғанда операциялардан кейін қолданылады. Сиырларға туғаннан кейінгі эндометрит кезінде жатыр қуысына пипеткамен немесе Жане шприці арқылы 100 мл мөлшерде, клиникалық белгілері жойылғанға дейін 48-72 сағат уақыт аралығымен енгізеді. Кесерь операциясынан кейін, мал өздігінен туа алмаған жағдайда және шууы түспей қалғанда емдік мақсатта 75-100 мл мөлшерде енгізеді. Көрсетілген мөлшерде препарат жағымсыз әсер етпейді. Кейбір жағдайда сезімталдығы жоғары жануарларда аллергиялық реакциялар (дерматит, қышыма, ісік) тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, белгіленген аллергияларға қарсы дәрі-дәрмектерді (димедрол, кальций хлориді ерітіндісін) тағайындайды. Препаратты жатыр жарықтарында қолдануға болмайды. Тетрациклин, хлорамфеникол препараттың микробтарға қарсы әсерін төмендетеді. Малды етке препаратты соңғы қолданғаннан кейін кем дегенде 5 күннен соң өткізу керек. Ал дереу сойылған малдың етін терісі бағалы аңдардың азығы ретінде өткізеді. Сондай-ақ препарат енгізілген сиырдың сүтін соңғы қолданғаннан кейін 5 күн өткен соң ғана қолдануға рұқсат етіледі.
  4. Қауіпсіздік шараларыПрепаратпен жұмыс жасағанда жеке гигиена мен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Дәрілік затпен жұмыс жасау уақытында тамақ, су ішуге, темекі тартуға рұқсат етілмейді.
  5. Рекламацияға ұсыну тәртібіПрепаратты қолдану барысында асқынулар мен кері әсерлер туған жағдайда оны қолдануды дереу тоқтатып, тұтынушы сол аймақтағы Мемлекеттік ветеринарлық мекемеге сілтеме жасайды. Осы мекеменің ветеринарлық қызметкерлерімен дәріні қолдану ережелері қайта қаралып, оның нұсқаулыққа сәйкес дайындалғандығы тексеріледі. Егер мал организміне препараттың кері әсері туа қалған жағдайда мамандар сол мөлшерде зертханалық тексеру үшін қажет сынама алып, «Белорусь Мемлекекеттік ветеринарлық орталығына» ережелерді растау үшін хаттама жіберіледі.
  6. Өндірушінің толық атауыЖШС «Белэкотехника», РБ, Минск облысы, Пуховический ауданы, Свислочь қаласы. Препаратты қолдану туралы нұсқаулықты құрастырғандар Я. Г. Губаревич «ВГАВМ» акушерлік, гинекология және көбею биотехнологиясы кафедрасының доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты Пилейко В. В., ЖШС «Белэкотехника»-ның меңгерушісі Юркевич В. А.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы катаралді эндометритті балау
Негізгі химиялық топтар
«дәрілік өсімдіктер»
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
Өндірістік ферменттерде микроорганизм продуцентін өсіру
Ферменттермен жұмыс істеу әдістемесі
Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы
Биологиялық күрес тәсілінде қолданылатын биопрепараттар тобы
Бауыр циррозы
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz