Қазақ мәдениетінің даму жолында өшпес із қалдырған тұлғалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ мәдениетінің көптеген сыр мен қиындыққа толы өркендеу және қиыршықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар..Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. М.Әуезов заманымыздың заңғар шыңы десек, оның бейнесін жасау ұлт өмірімен, ұлттық ой- санамен үндесіп жатыр

Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.О.Әуезов тағдыры - талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі. Заманмен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі.
Ол талай жер теңселтіп, ел сенделткен әлеуметтік сілкіністердің, қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып, тарих қойнауына аттанғалы отырған жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келді..
Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдеді. Ол аласапыран кезеңдерде халқымыздың талай рет үзіліп қала жаздаған мәдени-рухани арқауына, ұлттық сана сезіміне дәнекер болып, кешегі күннен бүгінгі күнге аман жетуіне себепкер болды..Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды.
Ғасырдан ғасырға, заманнан заманға ұласып келе жатқан Абай жолы романы - қазақтың мәдениеті мен дәстүрін ашық айқын көрсететін әдеби мұраларымыздың бірі. М. Әуезов мағынасы терең шығармаларымен өшпес із қалдырды, оның өміршең туындылары ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетіп, өнегелі сөзбен үн қатқандай. Жазушының қазақ әдебиетіне жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік туындысының бірі - Абай жолы роман-эпопеясы. Осы дүлдүл қаламгердің тұңғиығының бізге есігін ашқанына, міне, 150 жыл толып отыр.

М. Әуезов - қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа, қазақ әдебиетінің шыңына айналған, қазақ халқының ғасыр перзенті. Мұхтар Әуезов - сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын,өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс, - деп Рымғали Нұрғалиев айтқан. Сондықтан да, уақыт өткен сайын қаламгердің ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсейік. Халқымыз таланты, болмысы бөлек дарындыларға қашан да кенде емес. Әр заманда да ел көшін алға сүйреген әр тұлғалы азаматтар болған. Сондай ерен тұлғаның бірі - есімін ерекше ілтипатпен айтуға болатын белгілі жазушы - М.Әуезов. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармашылық қызметінің барлық қырлары туралы егжей-тегжейлі айту қиын. М. Әуезов - қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. М. Әуезовтың қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытудағы орны ерекше. Жазушының шығармашылығы - қазақ өнерінің кемелденуінің айғағы. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі - Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әуезов - ғасырлар бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Темірбек Жүргенов және қазақ мәдениеті
Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Сәрсен аманжолов өмірі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Қазақ зиялыларының мұраларын оқу – тәрбие процесінде жүргізудің әдіс – тәсілдері
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Пәндер