Жобадан күтілетін нәтижелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Биология кафедрасы
(Кафедра атауы)
_.___
(Кафедра меңгерушісінің аты-жөні)
__________________
____ ___________2022 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су
режиміндегі ерекшеліктері

5В060700 - Биология
Орындағандар: 1)-----------------------
2) ----------------------
Ғылыми жетекші -------------------------

Алматы, 2022 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ РЕЖИМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРҒА БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Өсімдіктердің су режимінің маңызы мен оның ерекшеліктері ... ... .. 6
1.2 Өсімдіктердің су режиміне байланысты экологиялық топтардың
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
1.3 Өсімдіктердегі су алмасу ерекшеліктеріне қатысатын биологиялық
процестер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
ІІ ӘРТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ
РЕЖИМІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОҒАН
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАЛДАУ
2.1 Зерттеу әдістері мен обьектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелеріне талдау ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ
Жобаның өзектілігі. Қазіргі уақытта антропогендік стресстің (ағаш кесу, өрт, жерді шаруашылық игеру) әсерінен табиғатты қорғау, оның ішінде өсімдіктерді қорғау мақсатында түрлі зерттеулер жүргізілуде. Соның бірі, өсімдіктердегі топырақ ылғалының жылдан - жылға жетіспеушілігін зерттеу болып отыр. Ал топырақ ылғалдылығы өсімдіктердің су режимімен тікелей байланысты.
Өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттеу отандық геоботаниканың, ботаникалық географияның, экологияның және топырақтанудың дәстүрлі және маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе әртүрлі бағыттарда зерттелді, олардың негізін қалаушылар ретінде А.А. Докучаев, С.И. Коржинский, Г.Ф. Морозов, В.Н. Сукачев, В.В. Алехин, А.П. Шенников,Н.А. Максимов,Л.А. Иванов, В.Б. Сочава, Л.Г. Раменекий, Е.М. Лавренко, А.А. Роде және т.б. ғалымдарды атасақ болады.
Көптеген өсімдіктер бірлестіктері мен олардың тіршілік ету ортасы үшін температура, жарық, су, топырақтың қоректенуі, аэрация және т.б. маңызды орта режимдерінің өзгеру диапазоны туралы білу маңызды. Өкінішке орай, белгілі себептермен мұндай ақпараттар туралы зерттеулер өз өзектілігін жоғалтқан емес, себебі аталған факторлардың өсімдік өміріндегі маңызы туралы зерттеулер өте аз. Дегенмен де, өсімдіктер экологиясына ылғалдың негізгі экологиялық факторы ретінде өте маңызды рөлін дәлелдеудің қажеті жоқ.
Кез-келген аумақтың су режимі екі компонент түрінде кездеседі: кіріс бөлігі (жауын-шашын) және шығыс бөлігі (жалпы булану және ағын). Өсімдіктер қауымдастығында жалпы булану негізінен транспирациямен анықталады, оның динамикасы мен қарқындылығы бүкіл экожүйенің ылғалдылығына байланысты (Чернышев, 1984).
Қазіргі уақытта әртүрлі физико-географиялық аймақтарда өсімдіктердің су режимі бойынша көптеген зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулердің аспектілері мен бағыттары әртүрлі. Көптеген жұмыстардың маңызы өсімдіктердің ылғалдану режимдеріне қатысты нақты бір түрдің ерекшелігіне қатысты тактикалық мәліметтерді жинақтау және жалпылау, олардың әртүрлі экологиялық топтар мен түрлерге жататындығы, әр түрлі қауымдастықтардың түрлерін анықтайтын және басым түрлеріндегі су режиміндегі маусымдық және тәуліктік өзгерістердің географиялық заңдылықтарын анықтау және т.б. зерттеулер болды. Осы сияқты мәліметтерді көрсетілген авторлардың жарияланымдарынан табуға болады (Максимов, 1916, 1952; Стокер, 1929 а, в, 1970; Иванов, 1946; Алексеев, 1948,1951; КраФтс және басқалар, 1951; Арвидсон, 1951 Walter, 1951, 1964, 1968; Поплавская, 1953, 1956; Свешникова, Заленский, 1956; 1956; Алпатьев, 1958; Бейдеман, I960, 1975, 1963; Генкед, Баданов А, 1961; Петинов, 1961; Цветкова, 1962, 1964, 1966;
Дегенмен де зерттеулердің көпшілігінде түрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің су режимі анықталғанымен, оларға салыстырмалы талдаулар өте аз.
Жобаның мақсаты. Алматы қаласының Бас ботаникалық бағындағы әртүрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің су режиміндегі ерекшеліктерін анықтау.
Жобаның міндеттері.
Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су режиміндегі ерекшеліктерінің теориялық негіздемесін айқындау;
Өсімдіктерді су режиміне байланысты экологиялық топтарға бөліп, өсімдіктердің су режимін Л.А. Иванов әдісімен анықтау;
Зерттеу жұмысының тәжірибесіне қорытынды жасап, салыстырмалы талдау жасау.
Жобаның жаңа лығы: Бас ботаникалық бақтағы әртүрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің су режимін транспирация қарқындылығы арқылы анықтап, ерекшеліктерін көрсету.
Жобадан күтілетін нәтижелер. Өсімдіктер экологиясына су режимінің әсер етуіне ықпал тигізетін әдістерді анықтау және оларды іс жүзінде қолдану жолдары ұсынылып нәтижесі т алданады.
Жобаның мазмұны.
Жобаның кіріспе бөлімінде өсімдіктердің су режимін зерттеудің өзектілігі нақты көрсетіледі.
Дипломдық жобаның 1 бөлімінде өсімдіктердің өсуіне қажетті факторлар мен олардың экологиялық топтарының классификациясы айқындалады. Сонымен қатар, өсімдіктер ылғалдылығына байланысты түрлері ажыратылады. Жалпы, әдеби шолу жасалады.
Жобаның 2 бөлімі бойынша зерттеу тақырыбына сәйкес зерттеу әдістері мен обьектілер айқындалып, жүргізілген тәжірибенің жұмыс барысы түсіндіріліп, тәжірибе нәтижесі көрсетіледі.
Қорытынды бөлімінде қойылған міндеттерге сәйкес жобаның жүзеге асырылу нәтижесі туралы баяндалады.
Жобаның зерттеу әдістері: Әр түрлі ылғалдылығы бар өсімдіктердің су режиміндегі ерекшеліктерін таразыда өлшеу әдісімен анықтау.
Жобаның нақты бөлімдері үшін әр топ мүшесінің жауапкершілігін көрсете отырып, жоба мүшелерінің сипаттамасы.
5В060700 - Биология мамандығы 4 курс, 1 топ студенттері Елмаш Арайлым Сәкенқызы, Жавлиева Айзира Түгелқызы өз белсенділіктерін айқын көрсете отырып, келесі бөлімдер бойынша жұмыс атқарды:
Дипломдық жоба тақырыбына сай әдебиеттерге шолу жасау - Жавлиева Айзира Түгелқызы;
Дипломдық жобаның тәжірибесін жасау - Елмаш Арайлым Сәкенқызы, Жавлиева Айзира Түгелқызы;
Жасалған тәжірибенің қорытындылау - Елмаш Арайлым Сәкенқызы.
Жобаны іске асыру кезеңдері:
Дипломдық жоба тақырыбын таңдау;
Әдебиеттермен танысу;
Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердегі су режиміне жалпы шолу жасау.
Өсімдіктердің ылғалдылығына байланысты су режимін анықтайтын әдісті қолдана отырып, эксперимент жасау.
Жобаны дамыту перспективалары:
Дипломдық жобада қамтылған өсімдіктердің экологиялық топтарына байланысты су режимі туралы ақпараттар ЖОО - да Өсімдіктер физиологиясы пәнін жүргізуде оқытушылар мен студенттерге ақпарат көзі ретінде пайдасы зор.
Дипломдық жобаның құрылымы: бет, кесте, сурет, пайдаланылған әдебиеттер.

1 ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ РЕЖИМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Өсімдіктердің су режимінің маңызы мен оның ерекшеліктері

Су - барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су еріткіш және метоболит ретінде қажет. Су өсімдіктерде фотосинтез реакцияларында түзіледі, ал минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді.
Су - өсімдік денесінің негізгі құрамдас бөлігі (30-95% дейін). Анабиоз (тұқымның ұзақ тыныштығы) кезінде де өсімдікте су болады. Жер бетіндегі өсімдік үшін судың булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне байланысты. Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру ортасы болып табылады.
Жер бетіндегі өсімдіктер үшін судың негізгі көзі - атмосфералық жауын-шашын. Өсімдік жабындығының ылғалмен қамтамасыз етілуі бірінші кезекте жергілікті жердің жалпы климаттық сипатымен байланысты. Жер бетінде жыл ішінде бірнеше мың мм жауын-шашын (экваторлық және муссонды тропикалық климатты аудандарда), орта жыл ішіндегі жауын-шашын 100 мм-ден аз болатын, жауын жылда жаумайтын (тропикалық шөл климат) аудандар бар [1].
Өсімдіктердің сумен қамтамасыз етілуі үшін жыл ішіндегі жауын-шашын көлемін ғана біліп қоймау керек. Өйткені сол бір көлемді құрғақ климат (субтропикада да), өте ылғалды (арктикада да) көрсетуі мүмкін. Жер шарындағы әртүрлі аудандардағы әркелкі жауын-шашын мен судың булану қатынасы да көптеген маңызды орын алады.
Жыл ішіндегі жауын-шашын көлемінен ол көлем артық болса, аридтік (құрғақ, шөл облысқа) - мұнда өсімдік вегетациялық кезеңінің көп бөлігінде ылғалдылыққа тапшы болады. Өсімдік ылғалмен қамтамасыз етілген облыстарды - гумидтік (ылғалды) деп атайды. Аридтік және гумидтік тіршілік ету ортасының арасындағы шекара шартты түрде. Кейде өтпелі семиаридтік (жартылай аридтік) өмір сүру орта деп бөледі. Өте құрғақ аудандарда экстрааридтік жағдайларды айтады.
Жауын-шашын көлемімен қатар өсімдік тіршілігі үшін олардың уақыт бойынша бөлінуі де маңызды. Ең бірінші кезекте вегетациялық дәуірдің ылғалмен қамтамасыз етілу қажеттілігі және жауын-шашынның жылдық температурамен қатынасы өте маңызды. Жалпы климаттық қордан басқа өсімдіктің сумен қамтамасыз етілу сипаты үшін олардың белгілі жерлердегі ылғалдану жағдайларын білу қажет. Жер бетіндегі өсімдіктерге судың түсуі - топырақтан тамырлары арқылы сіңіріледі (ризоидтары арқылы).
Топырақта су бөлшектенген қалыпта болып, құрамында көптеген катиондар мен аниондар болады. Осыған байланысты топырақтағы ылғал химиялық, физикалық қасиеті жағынан біркелкі емес. Топырақтағы судың үш категориясын ажыратады: гравитациялық, капиллярлық және байланысқан.
Гравитациялық су - қозғалмалы су, топырақ аралығындағы ірі бөліктерді толтырып және тартылу күші арқылы төменге, грунттың (жер асты) суларға жеткенге дейін тартылып тұрады[2].
Капиллярлық су - топырақ арасындағы ұсақ аралықтарды толтырып тұрады және капиллярлық тартылу күшімен байланысып тұрады.
Байланысқан су - топырақ бөліктерінің бетінде адсорбциялық күштермен байланысып тұрады.
Аталған су формаларынан басқа топырақта бу тәрізді ылғалды түрде болады, ал ол судан бос орындарда кездеседі. Бұл ылғалда қаныққан су болады. Температура нөл градустан төмендесе, топырақ ылғалдығы мұзға айналады. (Алғашында бос су, ары қарай суығанда - байланысқан суға айналады).
Әртүрлі формадағы топырақтағы ылғалдылық өсімдік тамыр жүйесіне әртүрлі беріледі. Ең жеңіл гравитациялық су, көптеген кедергілермен - капиллярлық сіңіріледі. Алынбайтын ылғалдылық (недоступная влага) немесе өлі қор шамамен мықты байланысқан судың қатынас мөлшерімен сәйкес.
Топырақтағы ылғалдылықты сіңіруден басқа өсімдіктерге ылғалды тамшылы-сұйықтық ауадағы бу түріндегі ылғалдылық пен жаңбыр түрінде өсімдіктердің жер үсті бөлімдері арқылы өтеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде бұл құбылыс көбінесе тропикалық ормандардағы эпифиттерде кездеседі. Олар суды бүкіл жапырақ беті және ауа тамырлары арқылы сіңіреді. Эпифитті орхидеялардың ауа тамырлары көп қабатты эпидермис - веламенмен қапталған, ол жаңбыр жауған кезде губка сияқты суды сіңіреді, құрғақ кезде жасушасы ауамен толады. Көптеген эпифиттерде су жинайтын маманданған ұлпалар дамыған. Кейбір кактустардың тікенектері де су сіңіреді. Тамшылы-сұйықтықты сіңіруге мүмкіндігі бар екендігі анықталған. Белгіленген сұйықтықтың кактус тікеніне өткенін көруге болады. Бу тәрізді ылғалды ауадан шөлде өсетін кейбір жапырақсыз бұта және ағаш өсімдіктерінің бұтақтары сіңіреді. Сексеуіл - саксаул, канымдар т.б. терескен, жусан.
Жоғары споралы өсімдіктердің және төменгі сатыдағы өсімдіктердің сумен қоректену тәсілі, мүктер, қыналар, кейбір балдырлар су мен ылғалдылық жетіспеген кезде анабиоз кезеңіне өтіп, ұзақ уақыт құрғақ-ауалы жағдайға өтеді. Ауадағы су буының (ауаның ылғалдылығы) өте үлкен экологиялық маңызды фактор болып табылады, көптеген жағдайда өсімдіктердің суды жоғалту дәрежесінің көрсеткіші болып табылады.
Көпшілігінде өте құрғақ және қатты қызатын жерлерде ауа ылғалдылығы күндізгі уақытта төмендейді.
Қар өсiмдiк өмiрiнде екi рөл атқарады. Бiр жағынан қатты жауған қар өсімдіктерге механикалық зардап шектіреді. Екiншi жағынан, қыстап шығатын өсiмдiк бөлiктерiн суықтан, ал топырақты терең және қатты тоңазудан сақтайды. Өсiмдiктердiң алғашқы вегетациялық кезеңiнде ылғалмен қамтамасыз етуде қардың жауғаны мен қар бетiнiң үлкен маңызы бар[3].
Мұз өсiмдiкке негiзiнен қолайсыз әсер етедi. Топырақ бетiнде мұз қабатының пайда болуынан топыраққа ауа өтуі тоқтап, қыстайтын өсімдік тұншығып, қысылады да өледi.
Бұршақ - ылғал көзi болып табылғанымен, өсiмдiкке зияны тиедi, себебi фотосинтез аппараттары - жапырақ және өсiмдiктiң жер үстi бөлiктерiне әсер етедi [3].
Шық - суық бетте бу тәрiздi ылғалдың конденсаты - өсiмдiк өмiрiндегi күнделiктi құбылыс. Шық түсуiне таңертеңгi және кешкi уақыттағы өсiмдiк бiрлестiгiндегi үлкен жапырақ бетi ықпал етедi.
Өсiмдiкке судың өту жолдарын қарастырсақ, өсiмдiкке тамыры арқылы ылғалдың өту мөлшерiн анықтау өте сирек болады. Көпшiлiгiнде өсiмдiктiң суды алу немесе сору күшiмен - жасуша шырынындағы осмотикалық қысым Па -- паскальда анықтайды, әртүрлi жағдайларға байланысты 500-700 ден 7000-9000 кПа [4].

1.2 Өсімдіктердің су режиміне байланысты экологиялық топтарының классификациясы

Су өсімдіктерінің маңызды қасиеттерінің бірі адаптация болып табылады. Адаптация - организмдердің қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделу процесі. Морфологиялық-анатомиялық адаптациялар барлық құрылымдық деңгейлерде, жасушалық пен ұлпалықтан бастап тұтас организм, популяция нeмесе қоғамдастық деңгейіне дейін жеткілікті анық байқалған. Бұл туралы жасушалардың пішіні мен көлемі бойынша, олардың әртүрлі ұлпалар мен мүшeлерде құрылысы мен орналасу ерекшеліктері, арнайы ұлпалар мен органдардың дамуы, өсу формасы, өсімдіктердің көлемінің өзгеруі және т.б. қасиеттерін айтуға болады[5].
Су - жағалаулық өсімдіктердің белгілі бір мекен ететін орта жағдайларының экологиялық адаптациясы туралы объективті көрініс алу үшін
әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің жапырақтарының анатомо- морфологиялық ерекшеліктерін ғана eмес, басқа да мүшелерін зерттеу қажет.
Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылымды өсімдіктер экологиясы дейді. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар әртүрлі, олар - ауа, топырақ ылғалдылығы, жарық т.с.с. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөледі [6].
Жерүсті өсімдіктерінің сәйкесінше бейімделушіліктері мен су режиміндегі әртүрлі шарттары бар мекендейтін жерлеріне ұштасқандықтары бойынша мынадай негізгі экологиялық топтарға бөледі: гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер және ксерофиттер (1-2 кесте).

Кесте 1

Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары

Гидатофиттер
Гидрофиттер
Гигрофиттер
Мезофиттер
Ксерофиттер
гидос- су
гидро - су
гигро - ылғал
мезо - орташа
ксерос - құрғақ
Гидатофиттер - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Элодея

Гидрофиттер - су табанындағы топыраққа бекітілген және суға тек төменгі бөлігімен батқан су өсімдіктері (мысалы, қамыс, күріш, қоға).
Тұңғиық

Ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер (мыс., ылғалды шабындық өсімдіктері, суқоймалар жағасындағы өсімдіктер және т.б). Мұндай өсімдіктердің жапырақтары үлкен, сабағы ұзын, тамыр жүйесі әлсіз болады.
Қияқ

Қамыс

Кербезгүл
Ылғалды қажет етуі жөнінен ксерофиттер мен гигрофиттердің арасында орналасқан аралық өсімдіктер бірлестігі.
Сирень

Орамжапырақ

Шамшат

Топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады.
Алоэ

Түйетікен

Кесте 2

Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің тіршілік етуі

Экологиялық топ
Құрылыс ерекшеліктері
Тіршілік етуі
Өсімдіктер

Гидатофиттер
Тұтастай суда тіршілік ететін өсімдіктер. Сабақтарында механикалқ ұлпа болмайды, судың көмегімен денесін ұстап тұрады.
Толықтай су астында
Элодея, балдырлар
Гидрофиттер
Түтіктері нашар жетілген немесе мүлдем жоқ;
Тірек ұлпасы жетілмеген; жапырақ жүйкелерінде ауа қуыстары бар
Жартылай суда өсетін өсімдіктер
Лотос, тұңғиық

Гигрофиттер
Суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.
Ылғалды ормандарда, батпақта, су тоғандарының жағалауында, тропикалық ылғалды ормандарда

Қияқ, қамыс, кербезгүл.
Мезофиттер
Тамыр жүйесі өте жақсы дамыған, және ұзын тегіс жасыл жапырақты болып келеді.
Ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Түймедақ, беде, меруертгүл, жоңышқабасшамшат, сирень, орманжаңғақ жүгері, бидай.
Ксерофиттер
Кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, лептесік аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ жасушалы болып келуі, жасуша қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы .

Ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Алоэ, кактус, (Түйетікен,
Калифорниялық эшшольция

Ксерофиттер - топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады. Олардың тамыры өте тереңге бойлап, жер асты суларына жетеді. Жапырақтары ұсақ балауыз қабатпен қапталған немесе олар тікенге айналған күйде болады. Оларды үш топқа бөледі:
1) гемиксерофиттер - ұзақ құрғақшылыққа шыдай алмайтын болғандықтан тамырларын өте тереңге, жер асты суларына дейін жеткізетін өсімдіктер (мыс., сәлбен, жантақ);
2) эвксерофиттер - ыстыққа төзімді және бойындағы суды едәуір жоғалтса да, тіршілігін жоймайтын өсімдіктер (мыс., жусандар);
3) пойкилоксерофиттер - су тапшылығына байланысты тіршілігін уақытша тежей тұратын өсімдіктер (мүктер).
Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Мезофиттер топырақта ылғал орташа , жеткілікті жағдайда өседі. Бүларға жапырақтарын түсіретін ағаштар мен бұталар, шөптесінжәне мәдени өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.
Гидрофиттер - деп жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формаларының лианалар қалыптасады.
Гигрофиттер - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ олар салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде жатады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Гигрофиттер екіге бөледі: жарық сүйгіш және көлеңке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қашықтан оқыту
Компанияның құнын бағалау әдітері
Инвестициялық жобаларды таңдау
Қаржы тәуекелдерін басқару
Химияны оқыту үрдісі
Инвестициялық жоба
Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары
Инвестициялық жоба тиімділігін басқару
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялықаспектілері
Жобаның мақсаты
Пәндер