Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері


Пән: Қоғамтану және өзін-өзі тану оқыту әдістемесі
Мамандық: Бастауыш білім беру
Біліктілік: Бастауыш білім беру мұғалімі
Топ: Б-17
Күні: 26. 03. 2020ж.
Оқытушы аты-жөні: Исатаев Д. К. Қатысқандар:
Қатыспағандар:
22-ші дәріс.
8. 3 Тақырып.
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері
Негізгі мақсаты: Білім алушыларға жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері, өзара қарым-қатынастағы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру. Бір-біріне деген сыйластық сезімін құрметтеуге шақыру, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, педагогикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Негізгі түсініктер: Тәрбиелей отырып оқыту, білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, өзін-өзі дамыту, көрнекі-бейнелілік.
Құндылықтар: Дұрыс әрекет, қиянат жасамау, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, ақиқат.
Нақыл сөз: Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі кері кетуі тезірек. (У. Джеймс)
Оқыту-екі жақты процесс. Онда оқытушы мен білім алушы өзара ынтымақтастық іс-әрекеті жүзеге асады. Осы процесте білім алушының ақыл-ойы, танымы, білігі мен дағдысы қалыптаса отырып, әр білім алушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы жүзеге асырылады.
Оқытудың білім беру функциясы білім алушыны біліммен қамтамасыз етеді, оны өз бетімен білім алуға, білік пен дағдыны игеруге даярлайды. Қазіргі педагог ғалымдардың пікірінше, білімді толық игеру үшін мынадай талаптар ескерілуі керек.
Олар:
- білімнің толықтығы;
- білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі;
- білімнің ұғымдылығы;
- білімнің тәрбиелік сипаты.
Бұл талаптардың ішінде біз жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда білімнің тәрбиелік сипатын басты нысанаға аламыз. Демек, оқытудың білім беру функциясы ғылым негіздерін, білім мен дағдыны игерту үшін бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды жинақтаған ақыл-ойы жетік адам дайындауға бағытталуы тиіс.
Өйткені жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып оқытуда оның тәрбиелік функциясы негізгі рөл атқарады.
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып оқытуға К. Маслоудың мына қағидасы негіз бола алады: «тәрбиелей отырып оқыту-дамытып оқыту, яғни тұлғаның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау».
Әл-Фараби философиялық трактаттарында «жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ».
Атақты чек ғалымы Я. А. Каменский өзінің атақты «Ұлы дидактика» деген еңбегінде тұңғыш рет білім беру мен тәрбие ісін біртұтас процес с деп қарау идеясын ұсынды.
Ал Перлз «Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек. Онсыз жан семіп қалады, енжарлықтың ми батпағына батады», - деп адамгершілік қасиеттерді қалыптастырумен қатар, оқушының сезіміне әсер ету арқылы жан дүниесіндегі құндылықтарды дамытып отырудың маңызын ашып көрсетеді. Ендеше, педагог ғалымдардың тәрбиелей отырып оқыту жөнінде пікірлеріне сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: Тәрбиелей отырып оқыту ғылыми білімнің оқушы сеніміне айналуын сипаттайды және олардың сезімдерін оятып, мінез-құлықтарына ықпал етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, өзгемен санаса білуіне ықпал етеді. Сөйтіп жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттердің саны арта түседі. Мысалы, бастауыш сынып жасындағы бала өзінің бойындағы қасиеттеріне, мінез-құлқындағы ерекшеліктеріне сын көзбен қарап, олардың жағымсыз жағын болдырмауға тырысады. Жақсыға құмар, өзгеге еліктегіш, тілалғыш, сезімтал және батыл болғысы келеді.
Бастауыш сынып оқушысының мұндай әрекетін ғалым Р. Қоянбаев «олардың өзін өзі өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы», деп түсіндірді.
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда неғұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі жылдам көрінетін процесс. Сондықтан да соңғы уақыттарда оқытудың білімдік жағына көп көңіл бөлініп, оқушыны білім қорымен ғана қамтамасыз етуге баса назар аударылып келеді.
Екіншіден, сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттің іс-әрекетіне сыртқы фактор әсер етпейді. Яғни белгіленген білім көлемінің толық игерілуіне мүмкіндік болады. Ал тәрбие процесінде алға қойған мақсаттарды, тәрбиелеу шараларын тез іске асыру, тексеру мен нәтижесін анықтау, өлшеу мүмкін емес. Әрі тәрбие процесіне сыртқы факторлардың елеулі әсері де бар.
Сондықтан да оқыту процесінің тәрбиелік ықпалын анықтау, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерінің дамуы мен қалыптасуына бақылау жасау жан-жақты зерттеумен қатар, ұзақ мерзімді бақылауды қажет етеді.
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда көрнекілік ұстанымы ерекше рөл атқарады. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен тәжірибе өзара байланыста болатыны бәрімізге мәлім. Ал бастауыш сыныпта оқушылардың ойлау әрекетінің көрнекі-бейнелілік, көрнекі-амалдық сипатта болатынын ескерсек, әрбір сабақтың көрнекіліксіз өтуі мүмкін емес. Жеке тұлға бойындағы адамгершілік қасиеттерінің қатынасқа түсуіне көрнекіліктің ықпалы зор.
Олар былай топталады:
- түрлі тақырыптардағы картиналар, мазмұнды суреттер;
- оқушыларды өздері салған суреттер бойынша сөйлету;
- түрлі персонаждарға енгізу;
- сазбалшықтан мүсін жасату.
Сонымен, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастырудың көрнекілік ұстанымымен тығыз байланыстылығын анықтай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады.
Біріншіден, түрлі персонаждардың көмегімен оқушының өзін ситуацияға толық енгізу арқылы оның тілін, ойын дамытып, ой-өрісін кеңейтуге, қоршаған ортасына ізгілік қатынасын орнатуға болады.
Екіншіден, оқушылардың өз шығармаларын талдату арқылы өзін-өзі тануына, өзіндік қабілетін ашуына мүмкіндік туғызып, сондай-ақ, өзгелердің еңбегін бағалауға үйретуге болады.
Үшіншіден, пайдаланылатын көрнекіліктің педагогикалық, психологиялық және әдістемелік талаптарға сай болуымен қатар, оқушының қызығушылығын төмендетіп, жалықтырмас үшін түрлендіріп отырылуы тиіс.
Аталған ұстанымдар мен қатар, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда білімді өмірмен байланыстыру ұстанымы маңызды орын алады. Өйткені өз бетімен өмір сүруге икемді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, жан-жақты жетілген азаматты тәрбиелеп өсіру бүгінгі қоғам талабы.
Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту дегеніміз-тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушының бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды қарым-қатынасқа түсіру арқылы дамыту және оларды білім дағдылары негізінде қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz