Жаңа технологияларды өз сабақтарымда қолдану тәжірибемнен



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Эссе
Жаңа технологияларды өз сабақтарымда қолдану тәжірибемнен.

Қазіргі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану - оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан -- жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін -- өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу -- танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан -- жақты дамытуға жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс -- тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.
Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
ХХІ ғасыр - техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беруу процесі.
Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.
Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, аал сабақ сапасын арттыру- барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе.
Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз деп ойлаймын.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет.
Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалінің басты талабы.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Интербелсенді тақта оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда, сонымен бірге оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Оқушының қызығушылығы мен іскерлігін, белсенділігін мұғалім бір ғана сабақ арқылы жүзеге асыра алады. Міне ақпараттық технологияның басты тиімділігі оқушыны өзіне баурап алуында.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі таңда осы кезге дейін сақталып келген бірізділік , яғни мұғалімнің түсіндірріу мен сөзі, оқулықпен ғана жұмыстану барысы заман талабын қанағаттандыра алмайды.
Біз , әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдарында көрнекі құралдарды пайдалану арқылы ғана сабақтың тиімділігін артырамыз.
Біріншіден, материалды түсіндіруде мұғалім қатты қиналмайды.
Екіншіден, оқушыға жаңа материалды меңгеруде жеңілдік туғызады.
Үшіншіден, оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.
Төртіншіден, оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.
Мұны әсіресе, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асырып, мұғалім өз сөзі мен көрнекілікті ұштастыра білуі қазақ тілінің теориялық материалын оқушылардың сапалы да білгір меңгеруінің, өмірлік дағдыларды игерудің негізгі шарты екендігін компьютерлік көрнекілік арқылы ұғындырады.
Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтамасыз ете алмайды, сол себепті балалардың танымдық қызығуларын арттыру мақсатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асыруға болады.
Менің ойымша өзінің оқушысын ақпараттық технологиялар арқылы өз бетінше оқып үйренуге, білім алуға үйретпеген мұғалім қазіргі кезде түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Мұғалім тек қана күнделікті сабақ берумен ғана шектеліп қоймай, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, елдің тарихына, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілікті туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.
Оның ең тиімді жолы-сайыс, интеллектуалды-шоу ойындарын компьютердің көмегімен өткізу.
Бұл арқылы оқушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету арқылы естерінде мәңгі қалдыруға мүмкіндік туады.
Ал мұның барлығы да мұғалімдердің іскерлігі мен білімі, ой ұшқырлығы мен біліктілігі арқылы жүзеге асады.
Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу, білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа ақпараттық технология әдістерін пайдалана отырып, мемлекетіміздің ертеңі-бүгінгі ұрпақтың еңбексүйгіш, ақыл-ойы жан-жақты дамыған, өздігінен ізденгіш, өз ойын ашық айта алатын жеке тұлғаның қалыптасуына өз үлесімізді қосуымыз ұстаздық қабілетіміздің міндеті мен абыройы деп есептеймін. Ал саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.

Шетел мемлекеттеріндегі білім беру жүйесінің
даму тенденциялары.
Тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап дамыған елдерден үлгі алуға тырысқан ҚР-сы өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіліп келеді.
Америка Құрама Штаттары сондай елдердің ішінде ең маңызды орынға ие. Әрине, екі жақтың достық қарым-қатынастарын былай қойғанда, олардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірақ өз дамуына септігін тигізетін мұндай қарым-қатынастарды жасаспасқа болмайды.
Осындай жағдайларда өсіп-өрбіп келе жатқан еліміздің өз тәуелсіздігін сақтап қалуына, сонымен қатар АҚШ сияқты ірі державамен серіктестік деңгейінде қарым-қатынас жүргізуіне таңданбасқа болмайды.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін реформалау үрдісін зерттеу керек. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан елдер үшін білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылмайтындығын атап кету қажет. Мұндай реформалау білім жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым болып тұрады. ХХІ ғасырдың басындағы адамзат қоғамының түр сипаты және дамуының бағыттары төмендегідей ғаламдық масштабтағы құбылыстармен айқындалып отыр.
Ақпаратқа, білімге, көп мәдениеттілікке негізделген қоғамның құрылыуы. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетілген.
Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Білім беру экономикаға мамандар даярлау емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін қалыптастыру құралына айналуы тиіс.
Адамзат дамуының осындай кезеңінде әлемнің 100-ден аса елі өздерінің даму стратегиясы есебінде Тұрақты даму тұжырымдамасын қабылдап отыр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсіл түрлері туралы
Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың сөздік қорын дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі
Шетел тілін оқытудағы тәжірибелер
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері
Пәндер