Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті алдыңғы елдердің қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуы жағдайында ұлттық мәдениетті қайта өркендетуге аса назар аударылып отыр. Мұны Үкімет пен Білім министрлігінің осы сала бойынша қабылданған Заңдары, қаулы-қарарлары, тұжырымдамалары мен мемлекеттік бағдарламалары дәлелдейді.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген ой-тұжырымдары да жас ұрпақты рухани-мәдени мұралар негізінде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды.

Сондай-ақ, қазіргі өндірістік-технологиялық және ақпараттық-қарым-қатынас салаларының қарқынды дамуы жағдайында адам болмысы жүйесіндегі эстетикалық құрамның маңыздылығы арта түседі. Өйткені эстетикалық мәдениет сұлулық заңдары негізінде адамның эмоционалдық, ой-өрістік, парасаттылық өмірін сипаттай отырып, оның әлеуметтік және жеке құндылықтар жүйесінде көрініс табады. Жеке тұлғаның жалпыадамзаттық идеалдарға ұмтылысының, мәдени-тарихи жетістіктерге қатыстырылуының, эстетикалық қалыптасуының маңызды факторы болып халық өнері, соның ішінде сәндік-қолданбалы өнері табылады. Олай дейтініміз сәндік-қолданбалы өнер эстетикалық және практикалық мәнге ие.

Бүгінгі күн практикасы жеткіншектер арасында адамгершілік-рухани деңгейі төмен, еңбекте шығармашылық белсенділігі жоқ, әлеуметтік ортаға бейімсіз, мінез-құлықтың халықтық эстетикасын сақтай алмайтындар қатарының аз еместігін көрсетіп отыр. Осыған сәйкес жеткіншектерді практикалық, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан маңызды жұмыстарға баулудың, олардың халықтың дәстүрлі шығармашылығы негізінде эстетикалық тәрбиесін жетілдірудің қажеттілігі артады.

Бұл мәселеге көрнекті классик педагогтар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко және т. б. аса мән беріп, баланың көркемдік білімі мен эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі өнердің орны мен рөлін анықтаған.

Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру проблемасы философтардың (Платон, Г. Гегель, И. Кант, Л. Н. Коган, Ю. А. Лукин, А. А. Оганов және т. б. ) ; педагогтардың (М. А. Верб, В. Н. Липский, В. А. Сластенин, Н. Д. Хмель, Г. И. Калиева және т. б. ) ; психологтардың (Л. С. Выготский, Е. В. Найзайкинский, Б. М. Теплов, Д. Б. Эльконин және т. б. ), өнертанушы ғалымдардың (А. В. Бакушинский, И. Я. Богусловская, В. М. Василенко, В. С. Воронов, М. А. Некрасова, П. Г. Богатырев, Б. А. Рыбаков, А. Б. Салтыков, А. С. Канцедикас, М. С. Каган және т. б. ) еңбектерінде қарастырылған.

Сәндік-қолданбалы өнердің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері және оларды оқу-тәрбие процесіне ендіру мәселесі ғылыми-педагогикалық еңбектерде жан-жақты зерттелді. М. М. Робу, Т. А. Давидова, Л. В. Ершова, Г. А. Поровская, Н. Б. Смирнова М. С. Подольская, Н. Р. Казанская, В. Ф. Максимович және т. б. ғалымдар сәндік-қолданбалы өнерді жоғары оқу орындарында оқытуды теориялық тұрғыда негіздеп, оқу-тәрбие әрекетінде қолдану мүмкіндіктері мен әдіс-амалдарын ұсынса, Н. А. Горяева, Т. Я. Шпикалова, А. С. Хворостов және т. б. жалпы білім беретін мектептің бейнелеу өнері мен көркем еңбек сабақтарында пайдалану жолдарын көрсетеді.

Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің адам өміріндегі рөліне Орта Азия халықтарының этнографиясын, тарихын зерттеген ғалымдар (И. Г. Андреев, А. А. Бобринский, А. А. Боголюбов, А. Фелькерзам және т. б. ) қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин аса мән берген.

Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің әсемдігі мен көркемдігі, мазмұны мен маңызы, қазақ шеберлерiнiң эстетикалық талғамы С. М. Дудин, В. Чепелев, Б. Веймарн, В. Мошкова, А. И. Тереножкин, Е. Р. Шнейдер, Т. К. Бәсенов және т. б. ғалымдар еңбектерінде мазмұндалады.

Қазақ сәндік-қолданбалы өнермәселелері өз алдына зерттеу объектісі тұрғысынан:

этнографтар -(Ә. Тәжімұратов, Х. Арғынбаев, Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, Ө. Жәнiбеков, М. С. Мұқанов, Қ. Ақышев, М. Қадырбаев, А. Оразбаев және т. б),

өнертанушылар- (Қ. Ибраева, Г. Абдрахманова, С. Садырбаева және т. б. ),

философтар- (Ж. Әлiбеков, Б. Байжiгiтов, К. Ж. Каракузова, К. Нұрланова, Б. Р. Қазыханова және т. б. ),

филологтар - (М. Өмiрбекова, Р. Шойбеков және т. б. ),

технологтар- (С. Ж. Асанова, М. А. Нұржасарова және т. б. ),

суретшілер- (Р. Д. Ходжаева, И. В. Захарова, Г. Тәкішева, А. Құралов, Қ. Саматұлы),

қолөнер шеберлері -(Д. Шоқпарұлы, Ә. Ш. Әбдуәлиева және т. б) еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері мәселелерін зерттеуге педагог ғалымдар да аса ден қойған. Оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері этнопедагогика саласынан орындалған бірқатар іргелі еңбектерде (Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Қ. Бөлеев, Ж. Асанов, А. Қалыбекова, Н. Көшеров және т. б. ) қарастырылған. Ұ. Әбдіғапбарованың докторлық зерттеуінде халық педагогикасында балалар мен жастарды сәндік-қолданбалы өнерге үйретудің ғылыми негіздері жасалып, жүйесі негізделген.

Педагог ғалымдар қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушыларды еңбекке баулу (О. Сатқанов, Қ. Әмірғазин, М. Мырзақанов және т. б. ), олардың шығармашылығы мен қабілетін дамыту (Ж. Балкенов), оларға эстетикалық тәрбие беру (Б. Әлмұхамбетов, А. Қамақов, , С. Жолдасбекова, Л. Котенко Т. Левченко, Ф. Жұмабекова) болашақ көркемөнер, технология мұғалімдерінің кәсіби біліктерін қалыптастыру (Е. Асылханов, Қ. Болатбаев, Б. Ижанов, Қ. Ералин, Ұ. Әбдіғапбарова, А. Манабаева, Р. Х. Канапьянова, Б. Ортаев және т. б. ) мәселелерін зерттеген.

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы білім алушылардың мәдениетін қалыптастыру мәселесі де ғалымдар зерттеуінен тыс қалмаған. Л. В. Котенко сәндік-қолданбалы іс-әрекеттер негізінде мектеп-интернат оқушыларының эстетикалық мәдениетінің элементтерін қалыптастыруды зерделеген. Д. Үркінбаева халықтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды (кәсіптік оқыту материалдары негізінде), Г. Қ. Шырынбаева жоғары сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды қарастырса, А. Д. Райымқұлова 5-9 сынып оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасын зерттеп, негіздеген.

Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстары бүгінгі оқу орны практикасының сұранысынан шығып отырған ғылыми-педагогикалық маңызы зор еңбектер болып табылады. Дейтұрғанмен қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру проблемасы орта мектеп педагогикасының теориясы мен практикасында өз деңгейінде зерттелмеген.

Демек, жеткіншектерді қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; оқу-тәрбие процесінде жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында; қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбиедегі мүмкіндіктерінің кеңдігі мен оларды жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында меңгерту жүйесінің жасалмағандығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері», - деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің объектісі - жалпы білім беретін мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениеті.

Зерттеудің пәні- қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы 5-9 сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің мақсаты- қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері айқындалып, моделі жасалса және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие процесіне жүйелі бірізділікпен ендірілсе, онда жеткіншектердің қазақ сәндік-қолданбалы өнері саласынан білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда негіз болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.
  2. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері түрлерін педагогикалық жіктемеге келтіру және олардың жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау.
  3. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасау және оны практикада жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
  4. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің мазмұнын жасау және оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру.

Жетекші идея: Қазақ сәндік-қолданбалы өнерін мектептің оқу-тәрбие процесінде мақсаттылықпен кешенді пайдалану оқушылардың танымдық көзқарасын байытып, көркемдік-эстетикалық тұрғыда дамуын арттырады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып диалектикалық білім және тұлғаны дамытудың таным саласындағы бүгінгі тұжырымдамалары, тұлғаны зерттеу процесіндегі және педагогикалық процесті ұйымдастырудағы жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік қатынастар, ұлттық мәдениет пен сәндік-қолданбалы өнердің білімдегі рөлі туралы қағидалар; оқушы жастардың эстетикалық тәрбиесі тұжырымдамасындағы қағидалар, халық педагогикасы мен халық шығармашылығының тәрбиелік әлеуеті туралы теориялық тұжырымдар саналады.

Зерттеудің көздері болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары (Заңдары, қаулы-қарарлары), Білім және ғылым министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіруге байланысты тұжырымдамалары мен бағдарламалары, оқу құжаттары, ғалымдардың (тарихшылар, этнографтар, философтар, өнертанушылар, психологтар, педагогтар) еңбектері, ұлттық мәдени мұралар, мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі саналады.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептің оқу құжаттарына (оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), мұғалімдердің озық тәжірибелеріне талдау; бақылау, тест, сауалнама жүргізу, әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеудің практикалық мәні: а) «Бейнелеу өнері», «Технология», «Әдебиет», «Қазақстан тарихы» пәндері бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; ә) «Қазақ сәндік-қолданбалы өнері» атты факультатив, б) шеберлік студиясының бағдарламасы және мұғалімдерге арналған «Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мүмкіндіктері» атты арнайы курс бағдарламасы мен оларды жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, мектептен тыс оқу-тәрбие мекемелерінде, мұғалімдер білімін жетілдіру жүйесінде пайдаланылуы және жоғары оқу орны студенттерінің өзіндік жұмыстарының негізін құрауы мүмкін.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. «Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті» - бұл оның эстетикалық іс-әрекетке қажетті эстетикалық қабілеттерінің, көркемдік-эстетикалық білімі мен практикалық іскерлігінің кіріктірілген тұлғалық сапасын білдіреді.

2. Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің мазмұнын жіктемеге келтіру, талдау және сұрыптау оның жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

3. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың моделі қазақ сәндік-қолданбалы өнері мазмұнын, аталған қалыптастырудың мотивациялық, ақпараттық, эмоционалдық-бағалаушылық, іс-әрекеттік-нәтижелілік құрамдас бөліктерінің бірлігін, оған сәйкес өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін қарастырады. Оны жүзеге асыру ұйымдастырушылық, мазмұндық, дидактикалық шарттармен қамтамасыздандырылады.

4. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері саласынан жүйеленген білімдер негізінде жасалған «Бейнелеу өнері», «Әдебиет», «Қазақстан тарихы», «Технология» пәндері бағдарламаларына қосымшалар, факультатив, студия, арнайы курс бағдарламалары және оларды жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік нұсқаулар мазмұнын жасау және практикаға ендіру, әр түрлі дәстүрлі, инновациялық әдістерді, жеке, топтық, ұжымдық формаларды пайдалану жеткіншектердің эстетикалық мәдениетінің тиімді қалыптасуына ықпал етеді.

Зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері жинақталып, қорытыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.

Оқу-тәрбие процесіне ендірілетін қазақ сәндік-қолданбалы өнері материалдары сұрыпталды. Факультатив, үйірме жұмысының бағдарламалары, мектептің кейбір оқу бағдарламаларына қосымшалардың мазмұны әзірленді және мұғалімдерге арналған арнайы курс бағдарламасының мазмұны айқындалды Оларды оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың әдістемесі жасалды, тәрбие-жұмыстарының іс-шаралары жоспарланды. Тәжірибелі-эксперимент жұмыстары жүргізілді, аралық кесінділер алынды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі оныңәдіснамалық-теориялық негіздерімен, ғылыми аппараттың логикалық бірлігімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының мақсатына, міндеттеріне, мазмұнына барабар кешенді әдістердің пайдаланылуымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу базасы. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде өткізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми- практикалық конференцияларда профессор-оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында мерзімді басылымдарда, жарық көрген.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖЕТКЕНШЕКТЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1Сәндік-қолданбалы өнер көмегімен көркемдік-эстетикалық тәрбие мәселесін білу деңгейі

Біздің заманымызда көркемдік-эстетикалық тәрбие, жеке тұлғаны дамыту, оның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі білім беру жүйесінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл проблема отандық педагогтар мен психологтардың еңбектерінде жиі кездеседі. Олардың ішінде Д. Н. Жола, Б. Т. Лихачев, Б. М. Неменский, В. А. Сухомлинский, В. Н. Шацкая және басқалар

Осы проблема бойынша жұмыс жасай отырып, Д. Н. Жола көркемдік-эстетикалық білім қабылдауды қабылдауға көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге адамның шындыққа эстетикалық қатынасын қалыптастыратынын, оның мазмұны жалпыға ортақ, дәуірлік, аймақтық, ұлттық, таптық, кәсіптік және жеке ерекшеліктерін біріктіріп, адамзаттың тарихи анықталған деңгейін жүзеге асыратындығын айтады [20 ] .

Өз кезегінде Б. Т. Лихачев шынайы көркемдік және эстетикалық тәрбиенің белгілері болып табылады:

Әдемі адамдармен қарым-қатынастан жоғары сезім мен терең ләззат гаммасы пайда болады;

• ұнамсыз адаммен кездескен кезде өзімшілдік сезімі;

• әзіл-оспақ сезімі, күлкілі сәттерді қарау кезінде;

• эмоционалды көтерілу, ашу, қорқыныш, жанашырлық, қайғылы жағдайдан туындаған эмоционалды және рухани тазартуға әкеледі [68] .

Ал Б. М. Неменский осы белгілердің дамуын қарастырды - өнердің бірінші міндеті. Неменскийдің айтуы бойынша, өнер және эстетикалық тәрбие көру өнеріне негізделген (өнерді өмірде көру, сұлулықтың байлығы мен алуан түрлілігін көру) ; түсіну өнері (суреттелген, безендірілген және салынған) ; көрінетінді бейнелеу өнері.

Неменский пластикалық өнердің қоғам өмірімен ішкі байланысын іздеуге негізделген. Ол пластикалық өнердің үш түрін байланыстырады: құрылыс, кескіндеме, безендіру - көркем ойлаудың үш саласын дамытумен: конструктивті, бейнелеу, сәндік. Көркем ойлаудың бұл формалары қоғамның рухани өмірімен қатар жүреді, оны күнделікті өмірде моральдық-эстетикалық идеалды қалыптастыруға және бекітуге көмектеседі [66] .

Ал Б. М. Неменский көркемдік және эстетикалық тәрбие мәселесін өнер призмасы арқылы қарастырды, кеңес мұғалімі В. А. Сухомлинский бұл мәселені сұлулық тұжырымдамасы арқылы қарастырды. Ол сұлулық адамгершілік тазалықтың, рухани байлық пен тәндік жетілудің қуатты көзі екенін жазды. Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - адамды айналасындағы әлемнің сұлулығынан, адами қатынастардың сұлулығынан, рухани ізгіліктен, мейірімділіктен, жылулықтан көруге үйрету және осы негізде сұлулықты өздігінен растауға үйрету. Сондықтан бұл мәселені шешудің маңызды шарттарының бірі адамның терең интеллектуалды дамуы болып табылады. Үстеме білім және ой мен қиялдың оссификациясы эстетикалық тәрбиенің алғашқы жауы болып табылады.

Сұлулықты қабылдау, түсіну В. А. Сухомлинский эстетикалық тәрбиенің негізін, өзегі, эстетикалық мәдениеттің өзегі деп санады, онсыз сезімдер әдемі барлық нәрселерге керең болып қалады [48] . В. А. Сухомлинский бұл мәселені тек өз еңбектерінде қарастырған эстетикалық тәрбие, көркемдік-эстетикалық тәрбие мәселесі оның назарын аударған жоқ.

Сухомлинский В. Н. Шацкая өзінің оқуында эстетикалық тәрбие мен өнерге мән берген. В. Н. Шацкая былай деп жазды: «Эстетикалық тәрбие . . . студенттердің өнер туындыларына эстетикалық қатынасын белсенді түрде қалыптастыру қабілеттілігін қалыптастырады, сонымен қатар сұлулық заңдарына сәйкес өнерде, жұмыста, шығармашылықта сұлулықты қалыптастыруға мүмкінді қатысуды ынталандырады». Анықтамадан автор эстетикалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде өнерге эстетикалық тәрбие беруде маңызды орын беретіні, ал көркемдік білім эстетикалық бөлігі, маңызды, маңызды, бірақ адам әрекетінің бір саласын ғана қамтитындығы айқын. Міне, В. Н. Шацкая көркемдік білім беру туралы: «Көркемдік білім беру - адамға өнер арқылы мақсатты әсер ету процесі, оның арқасында пәндер көркемдік сезімдер мен талғамдарды, өнерге деген сүйіспеншілікті, оны түсіну, ләззат алу және мүмкін болса, өнерде жасау қабілеттерін қалыптастырады». Эстетикалық тәрбие әлдеқайда кең, ол көркем шығармашылыққа да, күнделікті өмірдің эстетикасына, мінез-құлқына, еңбегіне, қатынастарына да әсер етеді. Эстетикалық тәрбие барлық эстетикалық маңызы бар нысандар мен құбылыстарды, соның ішінде өнерді оның ең күшті құралы ретінде қалыптастырады. Эстетикалық тәрбие, көркемдік білім беруді өзінің мақсатына қолдана отырып, адамды негізінен өнер үшін емес, оның белсенді эстетикалық өмірі үшін дамытады [68] .

Осы екі тұжырымға талдау жасай отырып, көркемдік және эстетикалық тәрбие көркемдік талғамды қалыптастырып, адам бойындағы өнердегі және өмірдегі сұлулықты эстетикалық тану, оны дұрыс түсіну және бағалау қабілеті дамып, жетілуі керек деген қорытынды жасауға болады.

Көркемдік және эстетикалық тәрбие мәселесі бойынша жұмыс істей отырып, бұл зерттеушілер зерттеу мәселесінде өнердің маңызды рөлін атап өтті. Бейнелеу өнері мәселелері, сонымен қатар студенттерді DPI үлгілерімен таныстыру және оларды оқу процесінде пайдалану, В. С. Кузин, В. В. Корешков, О. С. Молотобарова, А. С. Қылқалам, В. С. Кузиннің айтуы бойынша, ДПИ саласындағы жұмыс ерекшеліктерімен танысу бейнелеу өнерін зерттеуде, адамның бейнелеу қабілеттерін, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, кеңістіктік ойлауын, эстетикалық сезімін және әсемдікті түсінуге, өнерге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамытуда жетекші орын алады [ 28] .

Ал В. С. Кузин сәндік өнердің балаларға ғана әсерін қарастырды, В. В. Корешков бұл мәселеге ғаламдық тұрғыдан қарады, бұл ДСИ-дің балаларға ғана емес, жасөспірімдерге де әсерін ескере отырып. В. В. Корешков өз зерттеулерінде өнер мен қолөнердің қосымша білім беру жүйесінде шығармашылық белсенділікті дамыту құралы ретінде әсерін зерттеді. В. В. Корешков өнер мен қолөнердегі сабақтар қиял мен ақыл-ойды дамытады, белгілі бір дағдыларды қалыптастырады, қоғамда қабылданған ережелерге сәйкес іс-әрекеттерді игеруге көмектеседі, тәртіпті, жауапкершілік пен тәртіпті сақтауға дағдыланады деп санайды. Ол сәндік-қолданбалы өнерді зерттеудің тиімді шарты қолайлы, достық атмосфера, студент пен оқытушы арасындағы бірлесіп құру сезімі деп түсіндірді [22] . Сол сияқты, ол O. S-ны қарастырды. Молотобарова өзінің «Кәдесый ойыншықтарын жасау шеңбері» атты еңбегінде DPI рөліне үлкен мән береді. Осы нұсқаулықтың мақсаты: DPI-ге қызығушылықты ояту, қызмет барысында дамитын базалық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Кәдесый жасау процесін үйрету, шығармашылық түсіну, өнім шығару бағытын таңдаудағы тәуелсіздік [34] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен мағынасы
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz