ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын анықтау болып табылып, бұл процестерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы, аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жер беті метеорологиялық бақылаулары келесі жағдайлар үшін мәліметтер жинау мақсатында жүргізіледі:
* Қызмет көрсететін ұйымдарды бақылау пунктіндегі метеорологиялық жағдай туралы мәліметтермен қамтамасыздандыру;
* Қызмет көрсететін ұйымдарға қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстар (АГҚ) туралы хабарлау;
* Метеорологиялық болжаулар жасайтын және болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасайтын гидрометеорологиялық қызметтің болжау бөлімдерін қажетті мәліметтермен қамтамасыздандыру;
* Аудан, облыс, жалпы республика территориясының метеорологиялық режимі және климаты жайлы объективті мәліметтерді жинау және қорыту.
Жер беті метеорологиялық бақылаулары Қазгидромет станцияларында бір мезгілде (синхронды) орташа гринвич уақыты бойынша (ОГУ) 18; 21; 0; 3; 6; 9; 12; 15 сағаттарда жүргізіледі. Атмосфералық процестер мен құбылысткардың қарқындылығы және дамуы үздіксіз бақыланады. Қауіпті және апатты атмосфералық құбылыстарды бақылау арнайы бекітілген нұсқаулвар бойынша жүргізіледі.
Бақылау нәтижелері біртекті және сенімді болуы үшін Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан барлық станцияланрда бақылаулар осы гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерге нұсқама талаптары бойынша жүргізілуі тиіс. Бақылаулар жүргізу үшін, станциялар торабы жүйесіне қазгидромет ұсынған құрал-аспаптар қолданылуы тиіс. Барлық аспаптардың бақылауға жарамдылығын көрсететін тексеру сертификаты болуы керек.
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
Мекемелерді барлық метеорологиялық мәліметтер түрімен қамтамасыздандыру үшін қажетті мағлұматтар метеорологиялық бақыфлау станциялары (станциялар мен бекеттер) торабынан алынады. Ол станциялар, тораптың минимальді тығыздығы жағдайында, территорияның барлық нүктесінен негізгі метеорологиялық көрсеткіштерді қажетті дәлдікпен алуға болатындай етіліп орналастырылады.
Ұтымды орналастырылған станциялар торабы, жалпы климат құраушы факторлар фонына қарасты үлкен территорияға репрезентативті негізгі станциялардан және жергілікті жердің метеорологиялық ерекшеліктерін зерттейтін қосымша станциялардан және бекеттерден тұрады.
Негізгі станциялар метеорологиялық көрсеткіштердің мәндерін территорияның кез-келген нүктесі үшін станциялар арасында қажетті дәлдікпен интерполяция жасауға болатындай етіліп орналастырады.
Негізгі станциялар ішінен реперлік станциялар таңдалады. Олар - метеорологиялық бақылауларфы ұзын қатарлы, басқа бақылаулар түрлерімен компексте үлкен көлемді, репрезентативті станциялар.
Қосымша станциялар мен бекеттер негізгі станциялар арасында орналасады және климатқұраушы факторлардың жергілікті ерекшеліктерін анықтайды.
Қазгидрометтің және станциялардың бақылау нәтижелерінің дұрыстығын және олардың қатарларының біртектілігін арттыру жұмысының негізі болып репрезентативтік талаптарына станцияның орналасуының сәйкестігін қамтамасыздау болып табылады.
Бұл жұмысты атқаруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылдың 10 қаңтарында бекітілген Табиғи орта күйін бақылайтын станциялар статусы туралы қағида жоғары маңызлы болып табылады. Қаулы бойынша, метеорологиялық бақылаулар жасау үшін станцияларға олардың техникалық талаптарына сәйкес жер учаскелері беріледі және олар басқа жерге ауыстырылмайды. Дүниежүзілік Метерологиялық Ұйым (ДМҰ) нұсқауларына сәйкес метеорологиялық станцияның жер учаскесі 1 га құрайды. Бақылау станциясының айналасында ені 200 метрлік тұйықталған сызықпен шектелген қорғаныш аймағы белгіенеді. Ол аймақ станциясының репрезентативтігін сақтау үшін қажет. Станцияның орнын ауыстыруға ұтымды торап құрау үшін қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Гидрометеорологиялық станциялардың бақылау нәтижелерінің сенімділігінің қамтамасыздандырылуы барлық өлшеулер Қазгидрометтің арнайы бөлімдерінде тексерістен өткен аспаптар мен қондырғылардың қолданылуымен, ал бақылаулар осы нұсқамаға Гидрометеорлогиялық станциялар мен посттарға нұсқама, сәйкес қатаң тәртіпте жүргізілуі, станциялар репрезентативті жағдайда орналастырылуы арқылы жүргізіледі.
Бақылау нәтижелерінің біртектілігі (салыстырмашылдығы), гидрометеорологиялық станцияларда қолдануға рұқсат етілген аспаптар мен қондырғыларды пайдалунымен, бақылаулар мен өлшеулерді бүкіл торапта бірдей ортақ әдістемемен жүргізумен, метеорологиялық станцияның айналасының физико-географиялық және ландшафттық ерекшеліктерінің тұрақтылығымен қамтамасыздандырылады.
1.3 Cтанцияларда бақылауларды ұйымдастыру және жүргізуге қойылатын негізгі талаптар
Метеорологиялық бақылаулар жүргізгенде бақылаушы келесі ережелерді орындауы қажет:
* бақылау жүргізу мерзімдері мен қабылданған тәртіпті қатаң сақтау;
* тек өзі көргенді ғана жазу. Бақылау нәтижелеріне жорамалданып жасалған басқа мәліметтерді жазуға қатаң тыйым салынады. Тек, апатты гидрометеорологиялық құбылыстар туралы мәліметтерді басқа көрген адамдардың айтуы бойынша жазуға болады. Ондай жағдайда мәліметтің қайдан алынғаны көрсетілуі тиіс;
* әр бақылау мерзімі алдында аспаптар мен қондырғылардың дұрыс қойылуы мен жұмыс істейтіндігін тексеру қажет. Сол кезде анықталған қателіктер бақылау басталғанға дейін жойылу керек, себебі аспаптардың көрсетуі өлшенетін көрсеткіштің нағыз мәніне сәйкес болуы тиіс. Аспаптың ауыстырылғаны немесе олардағы қателіктердің жойылғаны туралы мәліметтер метеорологиялық бақылаулар жазылатын КМ-1 кітапшасына жазылады;
* егер бақылау мерзіміне дейін анықталған кемістіктер жойылмаса немесе аспапты ауыстыру мүмкін болмаса метеорологиялық көрсеткіш басқа дәлдігі төмендеу құралмен анықталады да бұл жағдай бақылау кітапшасына жазылады;
* станциядағы аспаптар мен қондырғылар сақтықпен қолдану, оларды таза және жұмыс күйінде ұстау қажет;
* бақылау нәтижелерін жазу және өңдеу 4-17 тарауларында келтірілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі;
* бақылау нәтижелерін автоматты түрде өңдеуге дайындық, телеграмма құрастыру әдістемелік нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Бақылау нәтижелерін дөңгелектегенде келесі ережелер сақталады: дөңгелектенетін сан 5-ке дейін болса оның алдындағы сан алынады, ал дөңгелектенетін сан 5 және одан үлкен болса оның алдындағы санға 1 қосылады (мысалы, 18,5⁰С - 19⁰С болып; 0,5 см - 1 см болып; 18,4⁰С - 18⁰С болып дөңгелектенеді).
Кезекшілік уақытында бақылаушы алдыңғы кезекшінің жұмысын тексеру керек: бақылау нәтиежелерін өңдеу және кодировка жасауды, оперативтік және штормдық телеграммаларды жасау дұрыстығын және оларды жіберу мерзімін.
Станцияда келесі техникалық журналдар жүргізілуі қажет.
Станция тарихи журналы. Журналдың алғашқы бетінде станция жайлы негізгі мәліметтер беріледі (аты, биіктігі, почталық адресі, журналдың сол кітабының басталу және аяқталу мерзімі). Журналдың бір кітабы біткен соң келесісі басталады. Оған келесі сан беріліп, алғашқы беті толтырылады.
Журналға жыл сайын жазу жаңа беттен басталады, бес жылда бір рет қызметкерлердің құрамы көрсетіліп, олардың бірігіп түскен суреті жапсырылады.
Станция тарихы журналында барлық бақылау түрлері мен бағдарламасы көрсетіледі, метеорологиялық алаңның схемасы келтіріліп орналасқан жері сипатталады, станцияның айналасында болған барлық өзгерістер жазылады, кадрлық және жалақылық өзгерістер, инспекция нәтижесі мен Қазгидромет және гидрометеоролгиялық орталық (ГМО) басшыларының келуі туралы, станцияның қайта құрылуы мен жаңа аспаптармен жабдықталуы туралы, бақылау түрлерінің өзгеруі мен жаңа бақылаулардың және әдістердің енгізлуі туралы, бақылау нәтижелерін алғашқы өңдеуден өткізу және тексеру туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тарихи журналға сонымен қатар ғажайып табиғи құбылыстар және станцияға, ауылға, қалаға материалдық шығын келтірген апатты табиғи құбылыстар туралы мәліметтер жазылады.
Станция жұмысына ескерту журналы. Бұл журналға бақылаушылардың және станция бастығының бақылаулардың тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және ГМО-тан келіп түскен бақылау сапасына ескертулер жазылады.
Сонымен қатар Кезекшілікті қабылдау және өткізу журналы да жүргізіледі.
Журналдар түрлері мен оларды толтыру мысалдары А-қосымшасында берілген.
Басқа оперативтік журналдар мен административтік құжаттар ГМО нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Станциядағы күнделікті жұмыста бақылаушы келесі нұсқау құралдарын қолдануға тиіс:
* Гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерге нұсқама, 1-бөлім, Алматы, 2002 ж.;
* Атлас облаков, Ленинград, Гидрометеоиздат, 1978 г.;
* Психрометрические таблицы, Ленинград, Гидрометеоиздат, 1981 г.;
* Методические указания по приведению атмосферного давления к уровню моря и вычислению высот изобарических поверхностей на метерологических станциях, 1979 г.;
* Методические указания по автоматизированной обработке и контролью на ПЭВМ данных метеорологических наблюдений, часть 1, Алматы, 1998 г.;
* Положение о порядке составления и передачи предупреждений о возникновении стихийных гидрометеорологических явлений, Алматы, 1997 г.;
* Сборник вспомагательных таблиц, Ленинград, Гидрометеоиздат, 1981 г.;
* Коды по оперативной передачи данных приземных гидрометеорологических наблюдений с сени станций Госкомгидромета СССР, расположенных на суше (включая береговые станции) КН-01, КН-19, Ленинград, Гидрометеоиздат, 1989 г.
Гидрометеорологиялық станция бақылау жүргізу үшін Гидрометеорологиялық станциялардың бақылау бағдарламасы және құрал жабдықтар тізіміне сәйкес метеорологиялық және басқа да көмекші аспаптармен жабдықталуы тиіс. Метеорологиялық өлшеулер жүргізу үшін тек осы нұсқамада өлшеу құралдары ретінде көрсетілген метеорологиялық құрал жабдықтарды қолдану қажет. Ол аспаптардың орнына қолданылатын техникалық өлшеу құралдары Қазгидрометте бекітіліп, арнайы бөлімдерде тексерістен өтуі тиіс. Жаңа техникалық аспаптарға осы нұсқама талабына сәйкес жазылған және Қазгидрометте бекітілген Әдістемелік түсініктемелер қоса берілуі тиіс:
* мәліметтерді тұтынушылардың адрестері және телеграмманы жіберу тәртібі көрсетілген қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар туралы мәліметтер жоспары;
* қолданыста жүрген Қазгидромет нұсқаулары негізінде жасалған қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар туралы мәліметтер жоспары;
* қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар болғанда бақылаулар жүргізу тәртібі.
Бақылаулар нәтижелерін жазу үшін станциялар келесі арнайы бақылау кітапшаларымен қамтамасыз етіледі:
* бақылау мерзімдерінде жүргізілетін метеорологиялық бақылау нәтижелерін жазатын кітапша (КМ-1);
* қосымша бақылауларды жазатын кітапша (КМ-2);
* топырақ температурасын бақылау нәтижесін жазатын кітапша (КМ-3);
* сымдардағы мұз қабаттануларын бақылау нәтижесін жазатын кітапша (КМ-4);
* қар жамылғысына бақылауды жазатын кітапша (КМ-5).
Кезекші бақылаушы әр айдың бірінші күні барлық кітапшалардың сыртқы және бірінші беттеріне станцияның атын, координаттық нөмірін, аспаптардың нөмірлерін (заводтық және тексеру нөмірлері) жыл және айды жазады. КМ-3 кітапшасында сонымен қатар топырақ температурасын өлшейтін тереңдіктерін көрсетіледі.
Бақылаулардың мәліметтерін жазу осы нұсқама тарауларында көрсетілген кестелердегі қатарлар мен жолдар атауларына сәйкес толтырылуы тиіс.
Бақылау кітапшаларында мәліметтерді жазу үлгілері Б қосымшасында берілген.
Станция бастығы төмендегілерге қатаң тексеріс жүргізуі тиіс:
* станциядағы барлық өлшеу құралдарының дер кезінде тексерістен өтуін;
* бақылаудың дұрыс жүргізілуін және оның нәтижелерінің дұрыс өңделуін;
* метеорологиялық алаңның, станция құрал жабдықтары мен қондырғыларының жұмыстары дұрыс қалпында болуын; олардың дұрыс қолданылуын, бұзылған құралдардың дер кезінде жөнделуін;
* станцияның техникалық журналдарның дұрыс және дер кезінде толтырылуын.
Құралдар мен қондырғылардың бұзылғаны анықталса станцияның бастығы оны дереу жөндеуге шара қолданылуы тиіс. Егер оны жөндеу мүмкін болмаса ГМО-ға хабарлауы керек.
Станция бастығы гидрометеорологиялық станцияның репрезентативтілігін және бақылау нәтижелерін сенімділігін сақтау үшін станция айналасындағы қорғаныш аймағы жер учаскелерінің дұрыс пайдаланылуын жіті қадағалауы тиіс.
Реперлік станциялардың (Қазгидромет бекіткен тізімдегі) қорғаныш аймағында бақылау нәтижелерінің сенімділігін төмендететін жұмыстар жүргізуге тиым салынады. Осы жұмыстар тізімі 1996 жылдың 10 қаңтарында шыққан Табиғи орта күйін бақылайтын станциялар статусы туралы қағидада берілген. Басқа станциялардың қорғаныш аймағында жұмыс жүргізу үшін Қазгидрометтің келісімін алу қажет.
Кезекшілік ауысқанда бақылаушы метеорологиялық алаңдағы және бөлмедегі барлық аспаптарды жұмыс қалпында өткізуі тиіс. Кезекшілікке түскен бақылаушы метеорологиялық алаңды аралап байқап, барлық аспаптар мен қондырғыларды қарап шығуы тиіс. Кезекшілікті қабылдау және өткізу журналында станциядағы аспаптар мен қондырғылардың жағдайы туралы және болған оқиғалар туралы мәліметтер жазуы қажет. Ол жазудың астына екі бақылаушыда қол қоюы тиіс.
Метеорологиялық алаң
Жалпы нұсқаулар
Метеорологиялық алаң атмосфераның жерге жақын қабатында метеорологиялық бақылау жасау үшін қажетті құралдар мен қондырғылар орналастыру үшін қажет.
Метеорологиялық алаң қоршаған ортаға сипатты көне төселме беткей мен атмосфера арасындағы жылу айналым және су айналым жағынан одан ешқандай айырмашылығы жоқ жерден таңдалады.
Метеорологиялық алаңнаң сипаттылығы, оның орналасқан жері сол ауданда басым кездесетін рельеф түріндей болуымен және су көзі жағасынан (теніз, көл, өзен, су қоймасы) максимальді жоғары су деңгейі кезінде 100 метрден артық қашықтықта орналасуымен қамтамасыздандырылады.
Метеорологиялық алаң онша биік емес кедергілерден (бір қабатты үйлер, жеке ағаштар, т.б.), олардың он есе биіктігіндей қашықтықта орналасуы тиіс. Алаң ұзындығы біршама кедергілерден (орман, үйлер, қала көшелері, т.б.) олардың жиырма есе биіктігіндей қашықтықта орналасуы тиіс.
Терең арық, ор және т.б. рельеф жырықтарына метеорологиялық алаңды жақын орналастыруға болмайды.
Метеорологиялық алаңның құрылысы
Стандартты метеорологиялық алаң 26x26 метрлік квадрат пішінді және оның бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет.
Топырақтың терең қабаттарының температурасын өлшемейтін станцияларда және алаңды стандартты мөлшерде орналастыруға мүмкін болмағанда алаңды 20x16 метрлік мөлшерге дейін кішірейтуге болады. Жалпы метеорологиялық бақылау бағдарламасында ескерілмеген аспаптар мен қондырғыларды қосымша орнату қажет болған жағдайда негізгі метеорологиялық өлшемдерді өлшеу нәтижесіне сол қондырғылардың әсері болмайтын етіп метеорологиялық алаңды үлкейтуге болады.
Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтарды арнайы жобаға (сурет 1) сәйкес орналастыру керек. Анеморумбометр немесе флюгер орнатылатын баған және мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде, будкалар мен жауын-шашын өлшегіш, плювиограф пен М-53 аспабы - ортаңғы бөлігінде, гелиограф пен топырақ термометрлері - оңтүстік бөлігінде көрші аспаптармен көлеңкеленбейтін етіліп орналастырылады. Актинометриялық жіне жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң оңтүстікке қарай ұзкртылады. Актинометриялық және градиенттік қондырғыларды топырақ күйін өлшейтін құралдардың солтүстігінде орналастыру қажет. Басқа бақылауларға (атмосфераның ластануы және т.б.) арналған қондырғыларды алаңның шығысына немесе батысына орналастыруға болады.
Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи түрінде сақтау үшін метеорологиялық аспаптар мен қондырғыларға баратын арнайы жіңішке жолдар жасалады.Жол психрометрлік будкаға, термограф пен гигрограф тұратын будкаға және топырақтық термометрлерге солтүстіктен, гелиографқа - оңтүстіктен түсуі тиіс. Жауын өлшегішке барлық бағыттан келуге болады.
Жолдардың ені 0,4 метрден аспауы тиіс. Ол жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады, асфальтпен немесе бетонмен жабуға болмайды.
Жер беті құмды немесе тасты болса арнайы жол жасаудың қажеті жоқ. Көпжылдық тоң қабаты бар аймақтарда метеорологиялық аспаптарға бару үшін соқпақ жолдарды немесе ағаш төсеуіштерді қолдануға болады.
Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін алаң қоршалуы тиіс. Қоршау алаңның барлық жерінің ауа алмасуына кедергі жасамауы керек және онда күртік қар болмауы тиіс.
Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2 - 1,5 м құрайтын метал труба, бетон немесе ағаш бағандарға керіп жасауға болады.
Ауаның қозғалысына кедергі жасайтын және қарды жинап қалатын тұтас қоршаулар (тақтайлар), топырақ немесе өсімдіктен жасалған қоршаулар қолдануға рұқсат етілмейді.
Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстігінен жасалады. Ондай мүмкіндік болмаса есікті шығыс немесе батыс жағынан да жасауға болады. Қоршаудың есігі берік жабылуы тиіс.
Егер метеорологиялық алаңға қоршаудың қажеті болмаса (биік таулық немесе ормандық станцияларда), алаңның контуры ақ түске боялған қазықтармен немесе тастармен белгіленуі тиіс.
Сурет 1. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы (арақашықтар метрмен көрсетілген)
а) Толық бақылау бағдарламасы: 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл тақтайшалы флюгер; 3 - анеморумбометр (анеморумбограф); 4 - ауыр тақтайшалы флюгер; 5 - мұзөрнек станогы; 6 - жалюзді қорғаушы бутка (БП); 7, 14, 20 - қар өлшегіш рейкалар; 8 - жалюзді қорғаушы будка (қосымша); 9 - термограф пен гигрограф қойылатын жалюзді қорғаушы будка (БС); 10 - метеорологиялық көріну қашықтығын (МКҚ) өлшейтін аспап; 11 - жауын өлшегіші; 12 - плювиограф; 13 - жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 15 - гелиограы; 16 - ледоскоп; 17 - топырақтық термометрлер (18) және Савиновтың иінді термометрлерін (19) орнататын өсімдіксіз ашық участок; 21 - топырақтық суырмалы термометрлерді (22) және мерзлотомер аспабын (23) орнататын табиғи өсімдік жамылғысы бар учаске; 24 - ауа температурасы мен ылғалдылығы градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы; 25 - желдің биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы; 26 - актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған);
б) қысқартылған бақылау бағдарламасы: 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер;3 - анеморубометр; 4 - мұзөрнек станогі; 5 - жалюзді қорғаушы будка (БП); 6,11,13 - қар өлшегіш рейкалар; 7 - жалюзді қорғаушы будка (қосымша); 8 - жауын өлшегіш; 9 - плювиограф;10 - жауын өлшегіштің қосымша бағаны; 12 - топырақтық термометрлер орнататын өсімдіксіз ашық учаске; 14 - топырақтық термометрлер.
Метеорологиялық алаң электрлік торап немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты жарықпен қамтамасыздандырылуы керек. Тұрақты электрлік жарық көзі болмаған жағдайда тасымалданатын электрлік қол шамын қолдану керек.
Метеорологиялық алаң мүмкіндігі болғанша станцияның қызметтік үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) жерде орналасуы және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмауы тиіс.
Метеорологиялық алаңға қойылатын талаптар
Метеорологиялық алаңда оны қоршаған ортаға оны қоршаған ортаға сәйкес табиғи төселме беткей сақталуы керек. Ол үшін:
* Метеорологиялық алаңдағы шөпті биіктігі 20 смден аспайтындай етіп үнемі шауып отыру қажет;
* Шабылған шөп алаңнан сол заматта тазартылуы керек;
* Пайда болғаннан бастап ерігенге дейін қар жамылғысын табиғи күйінде тиіспей қалдыру керек. Егер аспаптардың қасында қоршаған ортадан айырмашылығы бар қар күртігі орнықса, оны кесіп алып алаңнан тазарту керек. Ондай жағдайда қалған қар қабытының құрылысы бұзылмауы тиіс (араластырмай, таптамай). Қар күртігінен тазартылғаны туралы мәліметті КМ-1 кітапшасына жазу керек.
Метеорологиялық алаңда қар жамылғысы бірқалыпты орнықса жүретін жолдарды қардан тазартуға болмайды. Бақылауға дейін алаңды қарауға шыққан кезде будкалардың төбесі мен қабырғаларында, жауын өлшегіштің қорғаушы планкаларында тұрып қалған қар тазартылады.
Метеорологиялық алаңдағы аспаптар мен қондырғылар әрқашан ақаусыз жұмыс қалпында сақталуы қажет. Бұзылған және қолданылмайтын аспаптар алаңнан алынуы қажет.
Метеорологиялық алаңдағы аспаптар мен қондырғылар әрқашан ақаусыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz