АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
М.ӘУЕЗОВТЫҢ АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ



Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Нұр-Султан қалалық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының баспасына ұсынылды

Рецензенттер:
Құсаинова А.Т. Өрлеу БАҰО АҚ Инновациялық дамуды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы
Нәлибаева Г. Р. - Өрлеу БАҰО АҚ бас маманы, филология ғылымдарының магистрі

Құрастырған: Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Батурин жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ержанова Гульмира Темиргалиевна

УДК 371.3
ББК 74.202.5
ISBN 978-601-7905-69-9
(C) Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы, 2019ж.

Түсінік хат

М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясы - өткен ғасырдың шоқтығы биік, әлемге әйгілі шығармалардың бірі екендігі мәлім. Абай жолы - қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Ұлы жазушы өзінің шығармасында қазақ халқын, оның барлық ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, санасын, бүтін болмысын жан-жақты көрсете білді. Әйгілі туынды қазақ халқын, бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Төрт томнан тұратын Абай жолында қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясы кеңістігінде орын алған қазақ халқының ұлттық салтдәстүрлері арқылы халық болмысын, ұлттық психологияны, ұлттық менталитеті, ұлттық құндылықтарды құрайтын ерекшеліктерді лингвомәдени бірліктер ретінде қарастырып, оларды тіл мен мәдениет, яғни лингвомәдениет танымдық қырларын оқу сауаттылығы тұрғысынан айқындау - бүгінгі еңбегіміздің басты мақсаты болмақ.
М.Әуезов шығармасында ұлттық дүниетанымды көрсететін тілдік құралдар мол қолданылған. Солардың бірі - ұлттық салт-дәстүрлердің жазушы туындысындағы тілдік көрінісі болып табылады. Қазақ халқының қуанышты жағдайда бір-бірінен сүйінші, байғазы сұрауы - ежелден келе жатқан салт. Осы көрініс те Абай жолы романында шеберлікпен қолданыс тапқан.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясында кездесетін лингвомәдени бірліктер - қазақ халқының ұлттық бейнесін, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық психологиясын, т.б. танытатын лингвомәдениеттанымдық аспектінің өзегін құрайды.

Тақырыптық - күнтізбелік жоспары

Тақырыбы
Сағат саны
Өткізілетін күні
Ескерту
І кітап
1.
Қайтқанда: 13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып Барлас пен Байкөкше келеді.
1

2.
Қат-қабатта - Елде көш-қон. Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылады.
1

3.
Жолда - Бөжейлер Құнанбай үстінен арыз жазды. Абай да бірге Қарқаралыға жол алады. Ол жерде Абай Шөже ақынды көреді. Алшынбай Құнанбай мен Бөжейді татуластырады. Бөжей Кәмшатты алып кетеді.
1

4.
Шытырманда - Жер, қыстау мәселелеріне Абай араласады. Түйеөркеш деген жерде Тоғжанды кездестіреді. Кәмшат қайтыс болады. Соңынан Бөжей кетеді.
1

5.
Бел-белесте - Жігітек, Көтібақ, Бөкенші мен Ырғызбай араларында үш күндік шайқас өтеді. Арыз түсіп, Чернов деген шенеунік Құнанбайды алып кетеді. Құнанбай Майырды конякқа тойғызып, іс-қағаздарды жандырып жібереді. Тоғжан мен Абай кездеседі.
1

6.
Өрде - Ұлжан Ділдәнің ауылына құдалыққа барады. Абай Бөжей асына ат салысады. Абайдың Тоғжанмен соңғы кездесуі.
1

7.
Қияда - Абай 17 жаста әке атанады (Ақылбай мен Күлбадан). Жұт болады. Абай халыққа қамқорлық көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлаумен айналысады. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке айдалады.
1

8.
Пікір алмасу сабағы
1

9.
Эссе
1

ІІ кітап
10.
Тайғақта - Құнанбай қажылыққа жол тартады. Абай мен Ербол Байшораның Бекей ауылында Әйгерімді (Шүкіманды) кездестіреді. Әйгерімге құда түседі.
1

11.
Жайлауда - Абай ауылына Біржан қонаққа келеді. Оралбай мен Керімбала бір-бірін ұнатып қалады. Бұл сезім Жігітек пен Бөкенші арасында шайқас тұдырады.
1

12.
Еңісте - Абай Ақшоқыға отау тігеді. Тәкежанның Мақұлбайы қайтыс болады. Оспан мен Нұрғанымның тартысы. Ералыда болыстық сайлау өтеді. Керімбаладан айырылған Оралбай ел бүлдіруді бастайды. Абай каталашкаға түседі. Салтанат оны мың сом төлеп шығарып алады. Лосовский ояз болады.
1

13.
Оқапта - Дүтбай мен Үмітей тойында Әмір бастауында сал-серілер өнер көрсетеді. Құнанбай Әмірді өлтіре жаздайды. Абай достарымен аңға шығып, жолдан адасып кетеді. Найман ауылында ғашығы Тоғжанды көреді.
1

14.
Асуда - Патша өлтіріледі. Орнына Александр ІІІ отырады. Дәркембайдың дақылдарын Тәкежанның малдары жеп кетеді және жеті жылқысын ұрлап кетеді.
1

15.
Тарауда - Балқыбекте сияз болады. Семейдің оязы Лосовский келіп, Абай екеуі Көкбайдың арызын көреді. Абай Дәркембайдың отыз малын алдыртады. Салиқа мен Байгөбектің мәселесін шешеді. Абай балаларын орысша оқуға береді. Өзі өлең жаза бастайды.
1

16.
Биікте - Татьянаның сахарадағы әні жырланады. Эпилог - Татьянаның әні ел сыртына да тарап, есіткендердің бәрі Абайды мақтаныш тұтады.
1

17.
Пікір алмасу сабағы
1

18.
Эссе
1

ІІІ кітап
19.
Абай аға - Еңлік-Кебекті жазуға Шұбар мен Дәрмен таласады. Жігітектің қыстық шөптерін Әзімбай ордырады. Ырғызбай қарашығын жинайды. Базаралы айдаудан қашып келеді.
1

20.
Кек жолында - Әзімбай Жігітектің шөбін ақыр бермейді. Базаралы орыс досы Кераланы еске алып, қырық жігіт жинайды. Тәкежанның сегіз жүз жылқысын елге соғым деп таратып жібереді. Иса жұт кезінде төрт қасқырды өлтіріп, қайтыс болады. Жігітек руы сегіз жүз жылқыны екі еселеп қайтаратын болады.
1

21.
Қарашығын - Әбіш оқудан қайтады. Далбай мен Дүйсен қарашығын жинай бастайды.
1

22.
Өкініште - Әбіш Мағрипамен кездеседі. Жастар қауымы Қоңырәулиеге барады. Оразбай көп мал ұрлатып, бай болып шыға келеді. Оспан екеуінің арасында қақтығыс боп, Оразбай арыз жазады.
1

23.
Қақтығыста - Оспан қайтыс болады. Ресейден орыстар келе бастайды. Әзімбай жылқылары жатақтың бидайына түседі. Үлкен шайқасқа ауыса бастайды. Сосын Ырғызбай елі Оспанның жылын береді.
1

24.
Қоршауда - Оспанның малы бөліске салынады.
1

25.
Пікір алмасу сабағы
1

26.
Эссе
1

IV кітап
27.
Түн-түнекте - Қалада оба тарай бастайды. Сармолла халфе өлтіріледі.

1

28.
Құз-қияда - Дәрмен мен Мәкен қашады. Тарамда шайқас өтеді. Соңында Мәкен Дайырдан құтылады.
1

29.
Қапада - Дәркембай өмірден озады. Әбіш қайтыс болады. Қастықта - Тобықты мен Уақтан шыққан Серке арасында жер дауы. Тұщыкөл шайқасы. Әзімқан төре санақ өткізеді. Сәмен Абайға қастандық жасайды.
1

30.
Шайқаста - Сейіт үшін Оразбай ауылы талқандалады. Павлов Абайға оптимистік жол көрсетеді. Бас муфтиді сайлау басталады.
1

31.
Жұтта - Алтыбай мен Байтұяқ мал артында өліп кетеді. Мағаш, Базаралы мен Ерболдар өмірден озады. Артынан Абай кетеді.
1

32.
Эпилог - Абайға жоқтау айтылады
1

33.
Пікір алмасу сабағы
1

34.
Эссе
1

Абай жолыроман эпопеясын оқытуда қолданатын әдістер
Абай жолы-дархан дала тарихының қайталанбас полотносын жасаған әлем әдебиетіндегі шоқтығы биік туынды. Оны меңгерту-әрбір мұғалімді мазалайтын қиын іс. Қазіргі ақпараттық технологияның шарықтап тұрған кезеңінде мұғалім қауымының алдында үлкен бір ділгірлік мәселе туындап отыр. Бұл - оқушылардың кітап оқуға деген ниетінің төмендеп кетуі. Ал 4 кітаптан тұратын Абай жолын шәкірттерге оқыту-үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан көркем шығарманы оқушы бойына сіңірту үшін оқушы қызығушылығын арттыратындай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану керек және сыныптан тыс оқуды өз беттерімен оқытуды дұрыс жолға қою қажет деп ойлаймын. Қанипа Омарғалиқызы: Әр балаға эпопеяның уыз дәмін төменгі сыныптарда үзінділер арқылы татқызып, алдымен олардың ұлы туындыға деген махаббатын, ынтасын оятып барып оқытқан тиімді деп, эпопеяны төменгі сыныптардан бастап оқытудың технологиясы мен бағдарламасын ұсынған. Көркем мәтінді оқытудың барлық түрін төменгі сыныптан кіргізіп, оқушыны оқырман етіп жетелеу де мектеп мұғалімінің ең басты борышы, - деп Қ.Бітібаева талап қояды . Ұстаздың әдісі негізінде мен өз іс-тәжірибемде Абай жолы эпопеясын 5-сыныптан бастап меңгертемін. Сократ: Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту-мұғалімнің жұмысы,-деп ұстаздың негізгі бақылаушылық рөлін белгілеп берді. Сондықтан шығарманы түсіндіріп беруден аулақ болып, оқушылардың әңгімелерді өз бетімен меңгеруіне бағыт бағдар беріп отырамын. 5,6-сыныпта жас ерекшеліктеріне сай Аналармен қауышу, Қонақтар, Ұрылар асуы сияқты тек жекеленген оқиғаларды меңгерттіремін.
Оқушының шығарманы оқығанын білу үшін, көркем шығарманы қызығушылығын арттыру үшін Алтын сақа, Ол кім? Не туралы? сияқты танымдық ойындарды ұйымдастырудың маңызы зор екенін тәжірибеде көз жеткіздім .
Ал 7-сыныптан 11-сыныпқа дейін Абай жолы эпопеясын бірінші бөлімнен бастап оқушы бойына сіңірте беремін. Оқушының әр бөлім бойынша оқиға толық есте қалу үшін арнайы оқушыларға дәптер бастатып, төмендегі Шығарманы талдау кестесін қолданамын:
бөлімі
оқиғалар
Кейіпкерлер

Абай іс-әрекеті
Қайтқанда
Ұрылар асуы
Абай,
Абай ұрыларша қасындағыларды қорқытады.

Қамқа мен Қодар өлімі
Құнанбай
Әке өктемдігінен Қодар мен Қамқаның қазасын көріп, Абай ауырып қалады
Бұл кесте жоғарғы сыныпқа барғанда ,есін қайта жаңғыртуға өз септігін тигізеді. Жоғарғы сыныптарда дебат, пікірталас, интервью әдістерін қолдану өте тиімді. Оқушының өз ойын еркін айтуына, тілдік қорының баюына септігін тигізеді.
Абайды ұлылыққа бастаған бұлақтар
Мәтіннен мысал
Өз ой-дәлелдемең
Абай дос тапты
Онысы-әсіресе, әжесі, шешесі
Үлкенді тыңдауы, әр сөзіне құлақ салуы
Абайдың сөз өнеріне деген қызығушылығының оянуы
Әжесінің әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті, көш бойы да Абай айтқыза, тыңдай беретін болды
Сөз тыңдау әдебі қалыптасты, сөздің сұлу да сырлы болатынын түсінді
Дарынды оқушыларды шығармашылыққа жетелеу мақсатында шығарма тіліне жан-жақты талдау жасатамын.
Қайтқандабөлімі
Теңеу
Эпитет
Метафора
Мақал-мәтел
Портрет
Сонымен қатар Абай жолы эпопеясын басшылыққа ала отырып, оқушыларды ғылыми, ізденушілік жұмыстарға баулимын. Мысал: бір бөлімнен әр оқушыға әр түрлі Абай-жолыроманындағы мақал-мәтелдер, Эпопеядағы тұрақты сөз тіркестер, Романдағы салт-дәстүрдің көрінісіт.б. тақырып төңірегінде ғылыми жоба жазуға тақырыптар беремін.
1-кесте. Абай жолыроманындағы тұрақты сөз тіркесі

Тұрақты сөз тіркесі
Мәтіннен үзінді
мағынасы
синонимі
антонимі
Ішіне бүгу
Білгенін ішіне бүгіп

жасыру
Айтпау, бүкпелеу,тығу
Жария қылу
Салмақ салу
Осы жолы Абай шешесі арқылы салмақ салып
Сұрау
өтініш айту, бұйымтайы болу
Көңіл бөлмеу

2-кесте. Абай жолыроманындағы теңеулер
бөлім
теңеу
Мәтіннен үзінді
Өз ойың
Тайғақта
Мүридтер бейнесіндей
Ишан, пірдің алдындағы мүридтер бейнесіндей. 7-бет
Өздерінше дағдылы, тәрбиелі,кішілік отырыс

Кәрі арқардың келте соқпағындай
Тұнық судай тазасын
Қуыс шатты ең соңғы мекені еткен кәрі арқардың келте соқпағындай аз тірлігім қалды .
Байырғы өзінің қол малынан , ата мүлкінен әдейі іріктеп алып,тұнық судай тазасын сатқызды
Қысқа өмір
Малынын жақсысын, асылын ,атақты жүйріктері

3-кесте. Абай жолыроманындағы салт-дәстүрлер

Салт-дәстүр
Романнан үзінді
Қазіргі кезде
Сенің ойың
Ас
Бөжейге ас берді
Қайтыс болған кісіге құран бағышталады. Ұлттық ойын, ойын сауық болмайды
Өлі разы болмай, тірі разы болмайды деп айтқандай ас беру дәстүрін ұрпақтар жалғастыру ұрпақ міндеті
Оқушы шығармадан 10 сөз тапса да бұл мен үшін үлкен жетістік. Себебі оқушы ізденді, зерттеу жасады, көркем туындыны оқыды.
Оқушыға көркем шығарманы танытуда өте тиімді технология- Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту.
Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамытубағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты, тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Оқу мен ойлауды, оқу мен жазуды дамыту мақсатында Рөлдегі оқушылар әдісін пайдаланамын. Бұл оқушының теориялық білімін жетілдіруге жәрдемдесетін әрекет түрі.
бөлім
Әдебиет теориясы
мысал
дәлелдеме
Түн-түнекте
52-бет
теңеу
Ақ торғындай уыз етті мойыны
-дай жұрнағы арқылы Мағыштың мойнын ақ торғынға теңеп тұр

эпитет
Уыз жастық шақ
Жастық шақтың ерекшелігін суреттеп отыр
Оқушылар топтастыру, болжау, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері арқылы көркем шығарманы толықтай меңгереді.
Эпопеяны оқытудағы сәтті әдісі - проблемалық оқыту. Мұғалімнің проблемалық сұрақ қоюы арқылы оқушыларға ой салу және ойлану тәсілі әр оқытушыға үлгі болары анық. Әр жасөспірімнің өзіндік көзқарасының нығаюы мен жеке тұлға қалыптастыруда өзіндік пікірінің жетілуіне көп көмегін тигізері сөзсіз. Автор Абай жолы эпопеясын оқытудың тиімді жолдарына мәтінмен жұмыс, диалогтық әңгіме, әдеби пікірталас сияқты әдістерді алады. Жазушы шеберлігіне, оның көркем тіліне, тақырып пен идеяға, сюжет пен композицияға, портреттер мен характерлерге әдеби-теориялық тұрғыдан талдау жасатады. Оқушылар мәтіннің мазмұнын ғана біліп қоймай, әдеби-теориялық ұғымдардан жан-жақты білім алады.

Жұмыс дәптері

Тақырыбы: Қайтқанда: 13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып Барлас пен Байкөкше келеді

1 тапсырма:
ПОПС формуласы арқылы мәтін мазмұны туралы ойларыңмен бөлісіңдер:
Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады.

Менің ойымша ...
_
Себебі, мен оны былай түсіндіремін...
Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...
Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім...​

2 тапсырма:
Абай Құнанбайұлы өмірінен қызықты деректердің дұрыс немесе бұрыс екенің белгілендер (V)
Деректер
дұрыс
бұрыс
Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере Абай деп еркелеткендіктен, Абай атанып кеткен

Абай Құнанбайұлы - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы

Абай Құнанбайұлы көптеген өлеңдеріне өзі ән жазған. Олардың ішіндегі танымалы - Көзімнің қарасы әні

Абай Құнанбайұлы ел ісіне араласпай тек ақындық өнерімен айналысқан

Абай Құнанбайұлы алғашқы уақыттарда өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген

Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты - Айгүл

Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Бұл кезде Абай 15 жаста болған

Абайдың екінші әйелі Тоғжанға 1875 жылы үйленген

Абайдың 3 әйелі, 10 баласы болған

Абайдың Ділдәдан туған балалары: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан

Абайдың Әйгерімнен туған балалары болмаған

3 тапсырма:
Пікірді өз ойынмен жалғастыр
Абай жолындағы көшпелілердің тіршілік коллизиясы Қодар-Қамқа қасіретінен басталады. Ол өзі өмірде шын болған күнәһарлардың қазасы ма? Жоқ, Мұхтардың қиялдан тудырған хикаясы ма?
___________________________________ ___________________________________ _____
___________________________________ ___________________________________ _____
___________________________________ ___________________________________ _____
___________________________________ ___________________________________ _____
___________________________________ ___________________________________ _____
___________________________________ ___________________________________ _____
___________________________________ ___________________________________ _____

4 тапсырма:
* Ауылға келген қандай қонақтар еді ? Олар кімдер?
а) Ақан сері
ә) Біржан сал
б) Барлас пен Байкөкше
* Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?
а) Барлас
ә) Байкөкше
б) Мұхтар
* Абайдың аурудан айығуына кімдер себепші болды?
а) Барлас пен Байкөкше
ә) Мамыр мен Еңлік
б) Ақан мен Біржан

Тақырыбы: Қат-қабатта - Елде көш-қон. Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылады
1 тапсырма
Мәтіннен тірек сөздерді тауып мағынасын түсіндіріндер
Қат-қабатта
Құнанбай елі бұрын күздеуден бір қар жаудырмай, көшпейтін еді. Бұл жыл ол маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған аталас елдерге көші-қонның жөн-жосығын айтпай, күземді елден ерекше ерте алды. Күздеуден жіті көшіп отырып, Құнанбай ауылдары Қызылшоқы, Қыдыр мен Көлқайнарға жетеді. Құнанбай қасына Майбасарды ертіп алып, Шыңғысқа бет алды. Кешке қарай ол үлкен бәйбішесі Күнкенің ауылына кеп түседі. Мұнда бүгін сыбаға алып келген әйел қонақтар көп екен. Үй ішінде Құнанбайдың тоқал шешесі Таңшолпан, Ақбердінің шешесі, кәрі жеңгесі Бөпей, Жұман, Жортар және Ырсайдың шешелері бар екен. Бұлардың көпшілігі Ырғызбайдың және Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар еді. Ертеңіне Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті. Беттегені - Шыңғыстың жуан ортасы.

2 тапсырма
Анықтама беріндер
Дүре дегеніміз не?
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
Мысал келтір:
1.
2.
3.

Тақырыбы: Жолда - Бөжейлер Құнанбай үстінен арыз жазды. Абай да бірге Қарқаралыға жол алады. Ол жерде Абай Шөже ақынды көреді. Алшынбай Құнанбай мен Бөжейді татуластырады. Бөжей Кәмшатты алып кетеді.
1 тапсырма
Мәтінді оқып жоспар құрыңдар
Абай күнде терезенің түбіне келіп, Шыңғыс тауын тамашалаудан жалыққан емес. Әр кеш әжесі Зере Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Кәмшатты тербетіп отырады. Сол күндердің бірінде ішке Оспан мен Смағұл келіп қалады. Смағұл да Абайдың інісі. Айғыздан туған. Оспан екеуі түйдей құрдас. Бұл екеуі бір шелек қымызға лас қолдарын салып еді, оны Абай көріп екеуін де жеркіп, салып тастады. Сосын үй ішіне Абайдан екі жас үлкен ағасы Тәкежан мен Құнанбайға жақын болып қалған татар жігіті Ғабитхан кіріп қалады. Ғабитхан Мың бір түнді жырлап жатқан кезде, Жұмағұл келеді. Ол кешегі болған жайтты айтып береді. Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы Қарқаралыға бет алыпты. Ертең Құнанбай да жүрмек. Абай да қосылып баратын болыпты. Сосын, Абай жолға лезде қамданып, барлығымен бір мезгілде қош айтысты да, Жұмағұлмен бірге жолға шығады. Абай Қарқарылаға жетіп, әкесімен тұрғалы көп күндер болды. Бүгін Абайдың қайын атасы Алшынбай (Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызына Абайды айттырысқан болатын) Құнанбайды көргелі қонаққа келе жатыр. Ашекең келіп, қонақ асын ішіп болғасын, Бөжейдің арызданғанын айтады. Сосын Майыр дейтін ірілі кісі кіріп келеді. Осы өлкенің аға сұлтаны Құнанбай болса, Майыр оның көмекшісі. Бүгін ол Бөжейді жақтап келгендей сөз бастайды. Сосын олар біраз айтысып та қалады. Алшынбай араға түсіп, оларды тоқтатты да, Майырды үйіне жөнелтіп жібереді. Кейін Құнанбайға бет бұрып: Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. Одан да қырс мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді, - деді де өз жолына түсіп кетті.

Блум түймедағы әдісі бойынша мәтінге сұрақтар құрастыр

Тақырыбы: Шытырманда - Жер, қыстау мәселелеріне Абай араласады. Түйеөркеш деген жерде Тоғжанды кездестіреді. Кәмшат қайтыс болады. Соңынан Бөжей кетеді.
1 тапсырма
Мәтінді Түртіп алу әдісі арқылы бөлімдерге бөліңдер

Шытырманда

Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады. Медреседегі оқуын еске ала отырып, парсы және араб тілдерінде жазылған кітаптарды күні-түні оқиды. Ол өз кітаптарын тауыса салып, Ғабитханның кітаптарына тиіседі. Ол осы оқығандарын қыс бойы бәрін жинап, әңгімелеп отыруды әдетке айналдыра бастаған. Көктемнің бір шуақты күнінде Абайға шақырту келіп, Қарашоқыға жүріп кетеді. Күнке ауылына келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ ауылына айтатын сөздерін ұғындырып, Қарабасты қоса жібереді. Құлыншақ ауылы алыс емес. Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар кыстауының арғы жапсары. Ол жерлер Торғай руына тиесілі. Құлыншақ - сол Торғай руының басты кісілерінің бірі. Құлыншақ ауылы әлі қыстаудан шығып үлгермепті. Құлыншақ екі салт аттыны жылы жүзбен қарсы алады. Ішке кірген соң, біраздан кейі Абай айтады: Бұл сіз былтыр қоныстанған Бетқұдық жері бұрын Барсаққа тиісті болған екен. Ақберді Барсақ қыстауын алған соң ол әкеме кеп осыны айтыпты. Сонда Құлыншақ: Уай, балам, Бетқұдықта Барсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші едім ғой. Қақ бөлісуші едік қой. Осыны әкең білді ме? - деді. Оны білген көрінеді. Бірақ тегінде, меншік бар да, ақсақал. Даусыз жердің иесі Барсақ еді, - дейді Абай. Құлыншақ үндемеді. Ол қарсылығы жоқтығын білдіріп, мұңайып Абайға қарап қалады. Бір-ақ отырып екі салт атты Қарашоқыға бет алады. Құнанбайға жауабын айтқан соң ол екеуін тағы Түйеөркеш баурайындағы Сүйіндік ауылына жібереді. Ол жақта да асыл қонақ болып, Күнке ауылына бет алады.

Тақырыбы: Бел-белесте - Жігітек, Көтібақ, Бөкенші мен Ырғызбай араларында үш күндік шайқас өтеді. Арыз түсіп, Чернов деген шенеунік Құнанбайды алып кетеді. Құнанбай Майырды конякқа тойғызып, іс-қағаздарды жандырып жібереді. Тоғжан мен Абай кездеседі.
1 тапсырма
Мәтін

Бел - белесте

Күн түске жетпей - ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кететін. Абай, Оспан, Смағұл және басқа балалар Бақанас суына шомылып жатыр. Қастарына Тәкежан келіп: "Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген пісіпті. Жүріңдер барып теріп келеміз", - деді. Сосын бәрі де ат ерттеп, мініп кетісті. Шынында да ол жерде бүлдірген мол екен. Бір кез бір көштің дүбірі естіледі. Қараса Бөжей ауылының көші екен. Көш басында бір топ қыз ат үстінде келеді. Қарсы алдынан бір ауыл немесе көпшілік шығатын болса, ол қыздар дауыстап жоқтау айтатын.
Сол кез олар Абайларды көріп, айта кетті. Абай қыздардың арасында Сүйіндіктің Қантжаннан туған Тоғжанды көреді. Көктемде бір шаруамен Сүйіндік ауылына барғанда Абай ерекше бір сезіммен қайтқан болатын. Содан кейін Тоғжанды көргені осы. Бірақ қазір Абайдың ойы қарасы дыбыста еді. Ол өзі білмей жылап жібереді. Соңыра кеш түсе олар үйге қайтады. Құнанбай Бөжей ауылы жақын маңда екенін есітіп, ертеңінде ел ірілерімен бірге жоқтап қайтады. Барғандары елу қаралы еркек, отыз - қырықтай қатын. Араларында Абай, Тәкежан, Оспан секілді бір топ балалар да бар.

2 тапсырма
Тоғжан мен Абайдың кездескендегі көңіл-күйлері туралы өз ой-пікірінді жаз

Тақырыбы: Өрде - Ұлжан Ділдәнің ауылына құдалыққа барады. Абай Бөжей асына ат салысады. Абайдың Тоғжанмен соңғы кездесуі.
1 тапсырма
Мәтінде қандай салт - дәстүр туралы мәлімет бар? Толық әңгімелеп беріндер

Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кiсiмен келген. Алшынбай бұлар келер қарсаңға мол сулы, кең бiр жазыққа кеп қонған екен. Қазыбектiң өзiнен тараған ауылдар, көршi туысқандары бар, барлығы қырық шамалы ауыл осы жерге сiресе қоныпты.
Қонақ келетiн болғандықтан, бұл өлке биелерiн де жылдағыдан ерте байлапты.
Дағды бойынша Ұлжан бастаған үлкендер құданың аулына күйеулерден бiр түстiк бұрын келiп түстi. Ұлжан қасына әйелден Қалиқаны, күтушi келiншек Қатшаны алған едi. Еркектердiң үлкенi - қазiргi бас құда - Ызғұтты. Содан басқа, әлденеше ақсақал, әншi жiгiттер, атшылар бар.
Абайдың қасындағы жас жiгiттер саны он екi. Мұның көпшiлiгi Ырғызбайдың жастары және күлдiргi Мырзахан, атшабар Жұмағұл. Жақын туысқаннан Тәкежан бар. Осы топқа Абай өзi шақырып Ерболды қосып алған. Жетi-сегiз күндiк жол бойында Абай мен Ербол үнемi жұбы жазылмай, бiрге болған.
Ұлжан Алшынбайдiкiне көп қазына әкелдi. Келген жылқы, түйеден басқа, жыртыстың бұл-матасының өзi екi үлкен атанға артылып келiп едi. Оның iшiнде келiнге жасау тiгiлетiн батсайы, мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған. Бiрер сандық осы қымбаттарға толы болса, өзге теңдерi құда-құдағилар сыбағасы. Шапан, кемзал, көйлек, шаршы. Және толып жатқан ырымдар бойынша төленетiн сый-сипат.
Қалыңмал басы Алшынбайдың өзiне арналған кесек күмiс бесiк жамбы. Бұл iлу деп аталып едi. Екi жаққа да мәлiм iлу киiтке орай.

2 тапсырма
М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясында Бөжей асын Абайға неліктен жүктеді?

Тақырыбы: Қияда - Абай 17 жаста әке атанады (Ақылбай мен Күлбадан). Жұт болады. Абай халыққа қамқорлық көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлаумен айналысады. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке айдалады.
1 тапсырма
Қазақ халқының балаға байланысты салт-дәстүрлер туралы әңгімелендер
Мәтін
Абай үйленгелi бiрнеше жыл болды. Дiлдә түскен жылдың келесi көктемiнде бұлардың үлкен баласы Ақылбай туды. Екi жыл өткенде Күлбадан деген қыз туды. Ол бүгiнде бiрден асты. Қазiр үшiншi баланың әкесi болғалы жүр.
Дiлдә екiқабат уақытында бiрнеше айдай ауру адам сияқты болатын. Ас батырмау, басы айнала беру, ағарып, жүдеп, төсекке жантая беру мұның салты боп алған.
Аз жылдың iшiнде бiрнеше баланың әкесi болса да, Абай әлi өзiнiң осы халiне үйренiп болған жоқ. Оған үйлерiндегi үлкен шешелер де себеп болды. Ақылбайды Ұлжан өзi бауырына салып, өз баласы қып алды. Тiлi шығып қалған Ақылбай бұл күнде Абайды әкем екен деп бiлмейдi. Жай, анда-санда ас басында көрiнiп кететiн көп үлкеннiң бiрi, бөгде таныстай көредi. Абай да оны ыстық көрiп бой тартқан емес. Өйткенi, ол бала мұның жастығына зорлық еткендей боп, тiптi ерте туды.
Ең алғаш, 17 жаста Абай әке болды. Үйленудiң өзi бiр тәңiр құдiретiндей амалсыздық күнi едi. Соның артынан ес жиғызбай, iлесе келген әкелiк, тiптi бiр мазақтай, қатал зорлықтай көрiнген.
Алғаш Ақылбай туған күнi Қалқадай жеңгелер:
- Балалы болдың!
- Ендi, мiне, сен әкесiң!
- Қайырлы болсын!- десiп, күлiп қамалаған болатын. Сонда Абай бiр ұялып, бiр қиналып, не қыларын бiлмей, атына мiнiп, кетiп қалған. Аулына үш-төрт күн өткенде бiр-ақ оралып едi.

Пікір алмасу сабағы
1 тапсырма

Эссе
Эссенің негізгі белгілері:
1. Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.
2. Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе - онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.
3. Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды. Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің қажеті жоқ. Мәтінге - әртүрлі интонация қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.
4. Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.
5. Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.
6. Құрылысы еркін болады. Эссе - қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.
7. Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.

Тақырыбы: Тайғақта - Құнанбай қажылыққа жол тартады. Абай мен Ербол Байшораның Бекей ауылында Әйгерімді (Шүкіманды) кездестіреді. Әйгерімге құда түседі.
1 тапсырма
Ашық терезеден оқыс соққан салқын жел келдi. Үлкен, жеңiл ақ перденi жел үйiрдi. Шалқыта толқытып кеп, жақын тұрған биiк үстелдiң үстiндегi кiтаптарға төндiрдi. Перде бiресе ойнаған баладай боп, Абай оқып отырған кiтап бетiн жасыра бүркеп қалады, бiресе желпи қағып, кiтаптың, жазуларын сыпырып ұшыруға тырысқандай болады.
Абай жаңа байқады, артындағы үлкен есiк кең ашылып, ар жағында келе жатқан бiр сый адамды күткендей екен. Таң атқалы бұл бөлменiң есiгi ашылып, кiсi кiргенi осы едi. Абай бұрылып қарай бере, келе жатқандардың кiм екенiн бiлдi. Жай басып, ауыр тыныс алып, демiгiп келе жатқан өзiнiң шешесi. Бұл күнде денесi ауырлап, жүрiс қозғалысы үлкен қиындыққа айналған Ұлжан есiктен кеп көрiнгенде, оның екi жағынан екi әйел қолтықтап, сүйеп келедi екен. Абай орнынан шапшаң тұрып шешесiне көрпе салды. Түсi Абайға ұқсаған, сәнмен киiнген ақсұр сұлу келiншек жастықтар әкеп қойды. Барлық тұлғасы Құнанбай тектес бұл жас әйел - осы үйдiң келiнi, Абайдың апасы - Мәкiш. Екiншi әйел - Ұлжанның ауылдан ере жүрген жолдасы - Қалиқа. Ол бәйбiшенiң алдына жалтыраған жез шылапшын мен қашқардың әсем, сопақ құманын әкеп, су құйды. Мәкiш кең бөлменiң ортасындағы топсалы үстелдi қайырып жазды да, ашық есiкке қарай дыбыс берiп:
- Ал, әкел жасай бер! - дедi.
Үйге Мәкiштiң өзi құрбылас ақ қызыл жүздi, сұңғақ бойлы келiншек кiрдi. Оқа жақ салған, қара мақпал кемзалы бар, самай шашы майланып, жылтырай таралған, келiстi келiншек дастарқан жайып, қонақтарға арналған таңертеңгi асты жасауға кiрiстi.

Тақырыбы: Жайлауда - Абай ауылына Біржан қонаққа келеді. Оралбай мен Керімбала бір-бірін ұнатып қалады. Бұл сезім Жігітек пен Бөкенші арасында шайқас тұдырады.
1 тапсырма: Суретке қарап Абайды өз сөзінмен суретте

Қастеев Ә. Абай жайлауда.
Кескіндеме, 1971 жыл

2 тапсырма
Мәтін
Ауылда ерекше ән шырқалып жатқан еді. Қазағымның асыл ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық қазынасы бар ма?, - деп Абай арнайы қонақтарды күтуге тіктірген төрт киіз үйінің бірінде көпшілік жас қауымды ішке отырғызып жатты. Абайдың Әйгерімді алып келгеніне екі-үш ай шамасы болған болатын. Іште Абай, Әйгерім, Ербол, Жиренше, Базаралы, Әнет қызы Балбала, Базаралының інісі Оралбай және Сүгір ауылынан Керімбала , Құдайберді баласы Әмір, Сүгір баласы Әкімқожа және аты бүкіл Арқаға (Сарығарқаға) таралған Біржан сал отыр. Біржанның бұл жақтарға келгеніне екі айдай болып қалған. Ол үкілі домбырасымен ел аралап, өнерін арттырып жүрген. Жиналғанның бәрі бір-бірінен асқан өнерпаз, ақын, әнші, сазгер. Әсіресе Әйгерім шырқағанда Абай тырп етпейді. Біржан да ұйытқығандай болады. Сол бір сәтте ас дайын болып, қонақтар сыртқа сермеп қайтуға шығады. Осы кез Қалиқа кеп Абайды шешесі шақырып жатқанын айтып, ертіп кетеді.
Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділдә отыр. Абай кіріп келіп, Ділдәнің ызаланып отырғанын байқайды. Абай Әйгерімнің отауында ойын-сауық өткізіп жатқанда, мына жақта Түсіптің бәйбішесі (Ділдәнің шешесі) қонаққа келген екен. Өз енеңмен неге саулық сұраспайсың?, - деп Ұлжан Абайды ұрысады. Оны Ділдә да қостай жылап, шығып кетеді. Бірақ Абай осынша жағдайлардан кейін де айтқанынан қайтпай, енесіне жолықпайды. Тек Біржанды шығарып салумен болады. Біржанға Абай, Ербол, Әйгерімдер қосылып, Күнке ауылына Әмірдің отауына барады. Қонақтар сол жерде бір түн болып, сосын қоштасады.

Тақырыбы: Еңісте - Абай Ақшоқыға отау тігеді. Тәкежанның Мақұлбайы қайтыс болады. Оспан мен Нұрғанымның тартысы. Ералыда болыстық сайлау өтеді. Керімбаладан айырылған Оралбай ел бүлдіруді бастайды. Абай каталашкаға түседі. Салтанат оны мың сом төлеп шығарып алады. Лосовский ояз болады.
1 тапсырма
Мәтін
Көктемнің шапағаты соншалық, табиғат күрт жаңара түсті. Абай кітап оқудан еш шаршамаған. Ол орыс тілін жетік меңгергендей Пушкиннің Дубровский деген әңгімесін оқып жатты. Абай бұл жылы Ділдәні Жидебайда қалдырып, өзі жеке қыстауға Ербол, Әйгерім, кішкене молда және Ділдәдан туған балалары Ақылбай, Әбіш, Күлбадан, Мағаштармен көшіп, қора салып жатты. Бұлардың жаңа қонысы Ақшоқы деп аталады. Көп мезгіл өтпей Ақшоқыға Оспан мен Дархан асыға келіп түседі. Олар қаралы хабар алып келіпті. Тәкежан мен Қаражаннан туған Құнанбайдың сүйікті немересі 12 жасар Мақұлбай науқастанып, кеше қайтыс болыпты. Қаралы көштің жылаумен жүргенін айтады. Оспандарға Абай мен кішкене молда қосылып, қаралы көшке бет алады. Ішке кірсе, бәрі жылау үстінде. Өткен жылы қыста Құнанбай төрт жыл сапар шеккен қажылықтан келген болатын. Ол да іште отыр екен. Құнанбай өзі келгелі ел ісіне араласуды қойған. Бес уақыт намазын оқып, өзімен-өзі жүреді. Абай мен Оспан біраз отырып, тысқа шығады. Аттарына мініп жүре бергенде арттарынан қаршыға ұстаған Шәке келіп қалады. Сосын үшеуі өзен жағасына, саятшылыққа бет алады. Бірінші салымда-ақ көк құс екі қазды алып үлгереді. Шәке қаздарды екі ағасының қоржындарына салып қояды (Шәке деп отырғанымыз Абайдың үлкен ағасы Құдайбердінің ұлы Шәкәрім болатын). Бұл кез өте оңтайлы кез болып, талай түрлі құстар қоржындарға түсе береді. Осы сәтте алыстан Ақылбай шауып келеді. Жәй сәлемдесіп: Алынған құстарды Әни апам берсін деп жатыр, - дейді (Әни апасы - Нұрғаным). Ақылбай Абайды әкесі деп танымайтын. Абай да сондай. Содан Ақылбай Нұрғаным мен Құнанбайдың ұлындай болып кеткен. Ақылбайлар енді құстарды алмақшы бола бергенде Оспан құстарды бергізбей қайтарады. Ақылбай ренжігендей болады. Ал Шәке құс салуын жалғастыра береді. Сонда Оспан ішіндегі дертін Абайға айтады. Нұрғанымның үйінде үш күннен бері Базаралы қонақ болып жүрген екен. Құнанбайдың ақ төсегін арамдатып жатыр дейді. Абай жағдайды есітіп, дірілдеп, ызаланып, намыстанып Оспанға жекіп тастайды. Абай атын шаптырып, Ақшоқыға қас түсе қайтады. Үйіне түскен сәтте Біржан айтып кеткен Қаракөз әнін Әйгерім айтып жатқан екен. Абай соны бұзбауға бел буып, тыста тұрып ән тыңдайды. Сол түні Абай Мақұлбайға арнап қаралы жоқтау Қаракөз сөзін жазып, Әйгерімге ұсынады. Таңертең екеуі де Тәкежандікіне барып, Әйгерім қаралы әнін (жоқтауын) айтады. Содан кейін Әйгерім Ақшоқыға қайтпай, Мақұлбайдың қырқы өткенше сол жерде жоқтайды.

Тақырыбы: Оқапта - Дүтбай мен Үмітей тойында Әмір бастауында сал-серілер өнер көрсетеді. Құнанбай Әмірді өлтіре жаздайды. Абай достарымен аңға шығып, жолдан адасып кетеді. Найман ауылында ғашығы Тоғжанды көреді.
1 тапсырма
Мәтін
Қыстауға көшетін күндер жақын. Көп өтпей бірінші қар жауады. Сөйтіп, аңға, бүркіт салуға нағыз ыңғайлы маусым басталады. Абай, Смағұл, Шәке, Баймағанбет, Ербол, Тұрғанбайлар бірігіп, қансонарда бүркіт салуға шығады. Шыңғыс бөктерін аралап, талай түлкі алады. Әсіресе Торғанбайдың Қарашолақ деген қаршығасы бір күнде жиырмаға жуық түлкі алады. Осылай аңшылықпен жігіттердің көп күні өтеді. Осындай күндердің бірінде, Қарашолақ алған түлкіге серіктікке бөтен қаршыға таласқандай тіресе кетеді. Бұл Қарашегір болатын. Бөжей ұлы Жабайдың қаршығасы. Көп өтпей бір асудан үш-төрт атты көрінеді. Олар Жабай, Жиренше және Абылғазы екен. Көріскен соң олжаларға қарасты. Абайлардың қоржынында толы олжа. Ал Жабайларда бірен-саран ғана. Абай Жабайдың қоржынына қарап, күліп кетеді. Сосын Жиренше Абылғазыға айтып, Абайдың күлгені үшін оны ұялтуға бел буады. Ол бір-екі күн Абайларға қосылып, аңда жүреді. Қасақана сол күндері Қарашолақ бірде-бір түлкі ала алмай қояды. Осыдан жүріп Жиренше алдында Абай ұялып қалғандай қысылады. Содан кейін топ екіге бөлініп,Абай тобы Машаннан асып, Есболат Қарасуымен Жидебайға қайтуды жөн көреді. Смағұл, Тұрғанбай, Абылғазы және Жиренше бір жолмен, ал Абай, Ербол, Шәке, Баймағанбеттер төте жолмен жүріп кетеді. Абайлар жолға шыққанда қатты боран соғып, жолдан адасып кетеді. Теріскей жолдарға түсіп, Машандағы қоныстарға жете алмай қалады. Еш жерден ық таба алмай, әбден жүдеп кетеді. Әсіресе Абай көп қиналады. Осы кезде айқайлаған кісі дауысы естіледі. Абай оған лезде жауап қатады. Бұл Абылғазы болатын. Олар қосқа кешеден алдын күні жеткен екен. Абылғазы жол бастап, әрең дегенде қонысқа жетеді. Бұл Найман дейтін байдың ауылы екен. Қонақтарды жақсы лебізбен қарсы алады. Абай аяғын әрең басып, үйге кіргенде бір келіншек оның мойнына асыла кетеді. Сөйтсе бұл Тоғжан екен. Осы ауылдың Аққозы деген семізіне тұрмысқа шығыпты. Қос ғашықтың баяғыдан көріскені осы болатын. Абайдың суық бораннан ыстығы шығып, ахуалы қиындай түседі. Түнді түн демей Тоғжан Абайдың қасында жылаумен отырады. Он шақты күннен кейін Абай дұрыстала түседі. Тоғжанның мына жағдайын көрген Аққозы ағайындары Абайдың кеткенін жөн көріп, сыбырмен жеткізеді. Содан көп іркілмей Абайлар Ақшоқыға қайтып кетеді. Абай мен Тоғжанның кездескенін Әйгерім біліп қалып, одан да қатты ренжиді. Ербол да өз қонысына қайтып кетеді. Абай тағы жалғыз сырлас досы, айнымас серігі кітаппен қалады.
Кестені толтырындар:
Ерекше әсер еткен тұстары
Сол туралы өз пікірін

Тақырыбы: Асуда - Патша өлтіріледі. Орнына Александр ІІІ отырады. Дәркембайдың дақылдарын Тәкежанның малдары жеп кетеді және жеті жылқысын ұрлап кетеді.
1 тапсырма
Мәтін
Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған. Құнанбай ауылдарында жоқшылықтан қиналған Байторы, Байқадам, Дарқан деген кісілер Абай ауылына көшіп, біраз оңалып қалған. Ал Баймағанбет бір төбешікте Абай және оның балалары Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Мағаш, жаңағы кісілер және кішкене молдаларға қызық оқиғаларды айтып отыратын. Осындай бір кештің салқынында ауылға бір атты шауып келе жатты. Ол Асылбай екен. Асылбай патшаны біреулер өлтіріп кеткені жайлы хабар айтады. Ал өлтіргендерді ұстап дарға асыпты. Таққа үшінші Александр отырыпты. Бұл сұм хабарды естігендер тынышталып қалды. Осыдан кейін Абай Баймағанбетті Семейге жіберіп, досы Михайловтан хат алдырады. Сосын Абай, Ербол және Асылбек үшеуі Семейге жол алады. Екі дос кездесіп, көздері жадырая түсті. Абай Михайловтан патша өлімі туралы көп деректер алады. Желябов деген кісінің бастауымен болған адамдар өлтірген екен. Михайлов жұмыстан босатылып кетіпті. Себебі жиырма жыл бұрынғы Мәскеудегі көтерілісшілердің ішінде болып, ұсталып, Семипалатқа айдалғандықтан, ол үнемі полицияның надзорындағы (бақылауындағы) адам болған. Осындай әңгіменің қызуында ортаға Андреев те келіп қалады. Ол бірнеше жыл бұрын Абайдың айтуымен сайланған болыстардың үстінен піргауар арыздар мен шағымдар түсіп жатқанын айтады. Абай ол жерде біраз қысылып, ұялып қалады.

2 тапсырма
Мәтін
Қаладан қайтқанда Абай мен Баймағанбет көп үйлі кедей ауылға қонады. Қонақтар соның ішіндегі Дәркембайдың үйіне қонады. Дәркембай оларды ашық шыраймен қарсы алып күтеді. Абай жолға шығарда үйге Дәндібай, Еренай, Қареке деген ауыл ақсақалдары жиналып, Абайға Қызылмола болысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиетті ізгілендіру жолдары
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Әуезов тағылымы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Эпикалық шығармаларды оқыту
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері
Пәндер