Ақмола облысы жағдайындағы Герефорд тұқымды ірі қара малының қанының көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ақмола облысы жағдайындағы Герефорд тұқымды ірі қара малының қанының көрсеткіштері.

М. А. Хасенов, С. А. Әшімов, К. К. Әшімова, Ж. Е. Титанов

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

Аннотация

Мақалада Ақмола облысындағы Атбасар ауданына қарасты, жыл мезгіліне байланысты герефорд тұқымы малының қан құрамының гематологиялық көрсеткіштері мен дене салмағының зерттеу нәтижелері көрсетілген.

Түйінді сөздер: бейімделу (акклиматизация), физиологиялық және морфологиялық көрсеткіштер, қанның гемтологиялық құрамы.

Бейімделу дегеніміз - (лат. adaptare - бейімделу) ағзаның, ағза функциялар құрылымының, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына бейімделу үрдісі. Сонымен қатар кез-келген бейімделу, белгілі бір нәтиже болып табылады, өйткені ағза даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды.

Мал өнімділігін арттыру және оларды шаруашылық мақсатта генетикалық дәрежесі пайдалануын, жануарлар денесінің кез-келген физиологиялық үрдістерінің сыртқы ортаға, бейімделу жағдайларына тікелей байланысты [1, 2] .

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша шетелден әкелінген малдарды қоршаған орта жағдайларына қарқынды пайдалануы нашар бейімделу мүмкін. Малды өрісте жаю, қыс мезгілдерінде жасыл шөптің болмауы, ірі қара малдардың бір жерде көптеп шоғырлануы, азықтандыру алаңының жеткіліксіздігі, осы себептердің барлығы ірі қара малдарының ағзасы жаңа технологиялық азықтандыруға және көптеген физиологиялық өзгерістерге ұшырайды [3] .

Ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде, әр түрлі тұқымды ірі қара малдар метерорологиялық факторларға бірдей бейімделе алмайы. Сол уақытта, бір климаттық аймақта орналасқан елдерде ірі қара малдардың тіршілік ету жағдайы әртүрлі деңгейде өтеді [9] .

Қан ағзадағы физиологиялық өзгерістердің көрсеткіші болып табылады. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін зат алмасу үрдістерінің қарқындылығына қарай бағалауға болады. Өйткені қанның белсенділігі, зат алмасу деңгейі, биохимиялық бейімделуі гендермен байланысы зор болғандықтан, кейбір ірі қара малдардың қанның биохимиялық құрамы өнімділікпен тұқымдық қасиеттеріне байланысты [1, 4, 8] .

Қанның морфологиялық және физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша ағзаның физиологиялық жай-күйі туралы ғана емес, олар ағзаның сыртқы ортаның қолайсыз факторларының төзімділігіне жанама көрсеткіштері болып табылады.

Қанның формалық элементтері бірнеше табиғи маңызды рөл атқарады, атап айтқанда эритроциттер транспорттық, реттегіш функцияларды орындайды, ағзалардың жасушаларына қоректік заттарды, оттегіні тасымалдап, көмірқышқыл газды алып тастап отырады [2, 3, 9] .

Лейкоциттер бір-бірінен морфологиялық және ағзадағы биологиялық рөлдермен ерекшеленеді. Ағзаға патогенді микробтар кірген жағдайда, бөтен тірі нысандар (бактериялар, вирустар т. б. ) қатты бөлшектерді жұтып алып, немесе қорытып жіберіп, қорғаныштық (фагацитоз) қызметін атқарады. Бұл қабілет ағзаның инфекциямен күресуінің маңызды құралы болып табылады [10] .

Баяндалғанды ескере отырып, біздің зерттеулеріміздің мақсаты Қазақстанның Ақмола облысы өңірі жағдайында герефорд тұқымды етті бағыттағы қан құрамының гематологиялық көрсеткіштерін, тірілей салмағын және ағзасының өнімділігін зерттеу болып табылды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары "Қазақстанның Ақмола облысы өңірі жағдайында импортталған етті бағыттағы тұқымды ірі қара малдардың үшінші генерациясының бейімделуі мен өнімділік сапасы"атты зерттеу тақырыбының жоспарына сәйкес жүргізілді.

Зерттеу материалдары мен әдістері: зерттеу жұмыстары Ақмола облысының "Алтын дән" ЖШС-де 2018 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың мамыр айына дейін 9 айдың ішінде жүргізілді.

Зерттеу объектісі ретінде герефорд тұқымының (III генерация) етті бағытындағы 30 бас бұқашықтар мен қашарлар болды. Қанның құрамының көрсеткіштері мен тірілей салмағы зерттелді.

Қан алу және дене салмағын өлшеу таңертең жүргізілді. Дене салмағын өлшеу электрондық таразыларды пайдалану арқылы зерттелді. Қан күзде жайылым, қыста қора және көктемгі-жайылым кезеңдерінде асептика және антисептика талаптарын сақтай отырып, мойын асты тамырынан алынды. Қан алу үшін бір рет қолданылатын аспап вакутейнер (Vacutainer) - веналық қан сынамасы қолданылды [1, 2] .

Гематологиялық зерттеулер ҚАТУ ветеринариялық клиникасының клиникалық-диагностикалық зертханасы жағдайында жүргізілді. Қанның нысанды элементтерінің сандық көрсеткіштері - эритроциттер, лимфоциттер және лейкоциттер Micro CC-18 фирмасының гематологиялық талдауышында (АҚШ) анықталды.

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Жылдың қыс мезгілінде бұқашықтар мен қашарлар қора-жайларда ұсталынды, күндізгі уақытта терең сабан төсенішінде байлаусыз кәудаға шығарылды. Азықтандыру рационына шөп, сабан, құнарландырылған азық кірді. Жылдың басқа кезеңдерінде ерте көктемнен бастап терең күзге дейін тәулік бойы жайылымда байлаусыз жайылды.

Жылдың әртүрлі кезеңдерінде бұқашыктармен қашарлардың тірілей дене салмағының көрсеткіштері №1 кестеде көрсетілген.

Кесте -1 дененің тірілей салмағы

Половозрастные группы n=30
Тірілей дене салмағының, кг,
Күз M±m
Қыс M±m
Күз M±m
Половозрастные группы n=30: Бұқашықтар
Тірілей дене салмағының, кг,: 416, 9±0, 60
438, 7±0, 70
432, 7±0, 40
Половозрастные группы n=30: Қашарлар
Тірілей дене салмағының, кг,: 348, 2±1, 01
357, 9±0, 32
349, 3±0, 56

18 айлық жастағы герефорд тұқымының әр түрлі жыныстағы ірі малдардың орташа дене салмағының көрсеткіші қорада ұстау алдында, яғни күзде бұқашықтар - 416, 9±0, 60 кг-ды құрады, ал қашарлар тиісінше бұл көрсеткіш-348, 2±1, 01 кг-ға жетті. Герефорд тұқымының бұқашықтары мен қашарларының тірі салмағы бойынша 18 айлық жасында 1-класты стандарттың талаптарына сәйкес келді. Салмақ кезеңінде жоғарыда аталған екі топтағы жануарлардың салмағының төмендеуі байқалады. Тірі массаның ең үлкен абсолюттік өсуімен бұқашықтар ерекшеленді.

Ірі қара малдардың қанының гематологиялық қан көрсеткіштері № 2 кестеде көрсетілген.

Кесте-2 ірі қара малдардың гематологиялық қан көрсеткіштері

Көрсеткіштер

n =30

Өлшем бірліктері
Жыл мезгілдері

Күз

n =10, M±m

Қыс

n =10, M±m

Көктем

n =10, M±m

№: 1
Көрсеткіштерn =30: Эритроцитер
Өлшем бірліктері: 10 12
Жыл мезгілдері: 7, 62±0, 39
6, 65±0, 38
6, 58±0, 46
№: 2
Көрсеткіштерn =30: Лейкоциттер
Өлшем бірліктері: 10 9
Жыл мезгілдері: 7, 97±0, 19
10, 13±0, 66
7, 80±0, 69
№: 3
Көрсеткіштерn =30: Лимфоциттер
Өлшем бірліктері: 10 9
Жыл мезгілдері: 10, 01±0, 58
6, 01±0, 56
15, 18±0, 25
№: 4
Көрсеткіштерn =30: Эритроциттердің тұну жылдамдығв (ЭТЖ)
Өлшем бірліктері: мм
Жыл мезгілдері: 3, 35±0, 60
5, 48±0, 98
4, 56±047

Кестенің деректері бойынша эритроциттер санының азаю үрдісі байқалды, күзде-7, 62±0, 39 10 12 /л, қыста-6, 65±0, 38 10 12 /л және көктемде 6, 58±0, 46 10 12 /л құрады, бұл қора жағдайында ұстау кезеңінде зат алмасу процестерінің төмендеуін көрсетеді.

Зерттеу мәліметтері бойынша лимфоциттер деңгейі әртүрлі генотиптегі малдардың ұстау бойынша белгілі бір айырмашылықтар анықталды. Қанның құрамындағы лимфоциттерінің концентрациясы күзгі кезеңде 10, 01±0, 58, көктемде15, 18±0, 25-ді құраса, қыс мезгілінен қарағанда 6, 01±0, 56 жоғары болды.

Қан лейкоциттерін күзде зерттеген кезде 7, 97±0, 19 және көктемде 7, 80±0, 69 құрады, ал лейкоциттердің жоғары мөлшері қыста 10, 13±0, 66 өсу ширегіне жетті. Лейкоциттер санының артуы ағзаның қорғаныс күштерінің тыс жұмсауымен байланысты.

Біздің зерттеулерде эритроциттердің шөгу жылдамдығы жылдың қыс мезгілінде 5, 48±0, 98-ді құрады, ал күзбен көктемде тиісінше бұл көрсеткіштер 3, 35±0, 60 және 4, 56±047 жетті. Жылдың қыс мезгілінде ірі қара малдарда жоғарыда көрсетілген көрсеткіштің ұлғаюы шектеулі кеңістікте ұстау, белсенділігінің аз болуы, жеткіліксіз азықтандыру моционы салдарынан, эритроциттердің әлсіреуін көрсетеді.

Осылайша, герефорд тұқымының бұқашықтар мен қашарлардың ағзасы жағдайының көрсеткіштері физиологиялық норма шегінде болды. Алайда, гематологиялық көрсеткіштері бойынша норманың шегі күзгі кезеңінде жоғары болды. Бұл жазғы жайылымнан кейінгі жануарлардың жағдайына байланысты. Қыста малдардың дене салмағы мамыр айының соңына қарай төмендегенін көрсетті.

Әдеби тізім

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Ірі қара малдың өнімділігі
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Қайрақ ЖШС шарттарындағы абердин ангус тұқымды малдардың сипаттамасы
Абердин - ангус тұқымы төлдерінің өсуі мен дамуы
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz