Ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдаушы шекшектер мен шілделіктердің басты түрлері
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдаушы шекшектер мен шілделіктердің басты түрлері.
Шекшектер. Шекшектер (Tetligonidac) тура қанаттылар отрядының бір тар- мағы. Шегірткелерден айырмашылығы олардың мұртшалары өте ұзын (денесінің жарты бөлігінен асады), табаны 4 буынды және ұрғашы шекшектің қылыш немесс орақ тәрізді ұзын жұмыртқа салғыш қынабы болады. Қазакстанда шекшектердің ен көп тараған түрлері : жасыл шекшек (Тettigonia viridissima L.) пен кәдімгі сұр шекшек (Decticus verrucivorus L.) Олар көбінесе оңтүстік-шығыс жактарындағы тау етектерінде орналасқан аудандарда көп кездеседі. Жоңышқа, бұршақ, лобия, картоп, жүзім, көкөніс дақылдарының жапырағын жеп, ал дәңді дакылдардың жапырақтарымен қоса масағын кеміріп, зиян келтіреді. Шекшектер де шегірткелер сияқты жылына бір генерация беріп көбейеді. Жұмыртқа фазасында жердің үстіңгі қабатындағы топырақ арасында қыстайды. Личинкалары көктемде шығады. Олардың дамуы 50-70 күнге созылып, осы мерзім ішінде 5-7 рет түлейді. Ересек шекшектер біраз күн қоректенеді де жұмырқалауға кіріседі. Ол үшін ұрғашы насеком жұмыртқа салғыш қынабымен жерді шұкып теседі де сол тесікке бір-бірлеп немесе бірнешеден жұмыртқаларын орналастырады. Әрбіp ұрғашы шекшек араларын жақын етіп, күніне 20-шақты жұмыртқа салады. Одан соң қайта шағылысып, ұрықтанады да тағы жұмыртқалауға кіріседі. Шекшектер әдетте егістіктен тыс, қурай немесе бұта өсімдіктері өсетін тау беткейлерін, болмаса сай, жыра, анғарлардың беткейлерін ұялап, өcімдіктері сарғайып қурай бастаған кезде маңайдағы егістіктерге көшеді.
Күрес шаралары. Шекшектермен күресу үшін егістіктің айналасына метафостың 40% э. к. (1 кгга) бүрку керек.
1-сурет. Жасыл шекшек-tettigoniidae viridissima 2-сурет. Сұр шекшек-tettigoniidae verrucivorus
Шілделіктер
Шілделіктерді (Gryllidae ) қара шегіртке немесе шырылдауық шегiртке деп те атайды. Түсі қара, мұртшалары ұзын, көп буынды, ұpғaшыларының жұмыртқа салғыш қынабы сүңгіге ұқсас жіңішке және ұзын, үстіңгі қанаттарына қарағанда астыңғы қанаттары ұзынырақ болады. Шілделіктер жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Соңғы жастағы личинкалары жердің жарықтарында және топырақ кесектерінің астында қыстайды. Көктемде жер бстіне шыққан соң олар көп кешікпей-ақ ересек насеком фазасына айналады да, жұмыртқалауға кіріседі. Қазақстанда негізінен шілделіктердің екі түрі егіске зиян келтіреді немесе шырылдауық сон олар көп -- дала шілделігі және бордосс шілделігі.
3-сурет Дала шілделік-Gryllus desertus Pall

Дала шілделігі- Gryllus desertus. Қазақстанның барлық жерлерінде таралған, әсіресе оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда көп кездеседі.Түсі біркелкі қара. Қанаттары жақсы жетілген . Денесінің ұзындығы 12-19 мм. Дала шілделігі жұмыртқаларын 3-5 данадан топтап, жердің жарықтарына салады. Оның ересектері мен личинкалары алуан түрлі өсімдіктерді (көкөніс, техникалық , дақылдарын) зақымдайды. Олар өсімдіктердің жапырағын түгелдей жеп қояды және сабақтың төменгі бөлімін кеміріп тастайды.4-сурет Бордосс шілделігі-Gryllus burdigalensis Lart
4-сурет Бордосс шілделігі-Gryllus burdigalensis Lart
Бордосс шілделігі - Gryllus burdigalensis Latr. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында таралған. Дала шілделігіне қарағанда денесі ұсақ , ұзындығы 10-15 мм. Маңдайында көлденең орналасқан ақшыл жолақтары болады. Бордосс шілделігі жұмыртқаларын өсімдік сабақтарының жер үстіндегі бөліміне салады. Тіршілік ету жағдайлары мен ауыл шаруашылық дақылдарына келтіретін зиянкестік әрекеті жағынан дала шілделігіне ұқсас. Күрес шаралары. Терен етіп жырту және шілделіктер жұмыртқалаған кезде отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту. Химиялық тәсілден метафостың 40% э. к. (0,5 кгга) гектарға кететін сұйықтың шығыны 100 л.
Бұзаубастар.
Жетілген түрі
Жетілген түрі
2 жасар личинка
2 жасар личинка
Жұмыртқа
Жұмыртқа
Қазақстанда бұзаубастардың екі түрі кездеседі: кәдімгі бұзаубас (Gryllotalpa gryllotalpa L.) және бір тікенекті бұзаубас ( Unispina Sauss.) Бұзаубастардың алдыңғы аяқтары жерді қазуға бейімделген. Yстіңгі қанаттары артқы қанаттарына қарағанда едәуір қысқа. Олар жер астында тіршілік етеді.Жаздың жылы кездернде індерін топырақтың үстіңгі қабатына таяу, ал қыста 1 м тереңдікке дейін қ азады. Олар тереңдігін 10-20 см е тіп ін қазып,жұмыртқаларын сонда салады. Эмбрионалдық даму 10-15 күнге созылады. Ал жұмыртқадан шыққан личинкалардың дамуы келесі жылы аяқталады. Сөйтіп, бұзаубастың барлық даму циклы бір жылға созылады. Бұзаубастар дымқыл топырақты ойпаң учаскелерді мекендейді. Олар көптеген дақылдарды зақымдайды, әсіресе картоп, көкөніс, жидек т. б. өсімдіктерді. Бір тікенекті бұзаубас кейбір жылдары республиканың оңтүстік жане оңтүстік-шығысында құмдауыт зонада дәнді дақылдардың егісіне зиян келтірген.
4-сурет Бұзаубас тұқымдасы - Gryllotalpidae

Күрес шаралары. Отамалы дақылдар егіcінде терең жырту және топырақтың қатар аралықтарын баптау өте жақсы нәтиже береді. Бұл шара бұзаубастардың жолдары мен ұ яларын бұзады. Куздің бас кезінде бұзаубастар мекендеген учаскеде олардың қыстауы ретінде тереңдігін 70 см етіп ұстағыш ор (70х70 см) қ азып, оны көңмен толтыру керек. Одан соң температура 0°С дейін төмендеген кезде көңді одан шығарып, жиналған бұзаубастарды құртады. Бұл зиянкестерге қарсы уландырылған еліктіргіштерді де қолдануға болады.
2. Агротехникалық және химиялық күрес шаралары.
Агротехникалық күресу шаралары
Агротехикалық күресу шаралары өсімдіктер мен зиянкестердің және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға негізделген. Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады.
Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, егінді егу мен өнімді жинаудың тәсілі мен мерзімі жатады. Селекцияның көмегімен өсімдіктердің зақымдануға төзімді немесе зақымданбайтын сорттары (формалары) шығарылады. Сөйтіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың қырылуына әкеліп соқтырады.
Химиялық күрес шаралары
Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шараларының комплексінде басты орынды химиялық тәсіл алады. Оны қолдануда әртүрлі химиялық заттар - пестицидтер енгізген зиянкестер үшін у ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz