Құрылыс машинасы және жабдықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Құрылыс машинасы және жабдықтары
1. Құрылыс машиналарының классификациясы.
2. Құрылыс машиналарына қойылатын талаптар.
3. Құрылыс машиналардың индексациясы.
Құрылыста құрылыс машиналарының мыңдаған типоразмерлері тағайындалуына, жұмыс істеу принципіне, өлшемдеріне, күштілігіне, өнімділігіне байланысты пайдаланылады.Құрылыс машиналары классификацияланады: тағайындалуына (технологиялық түріне) байланысты; жұмыс істеу режиміне; қондырғының күш алу түріне; жүру дәрежесіне және әмбебаптылығына.Құрылыс машиналарының тағайындалуына байланысты келесі топтарға бөлінеді: тасымалдау, тасымалдаушылар және арту-түсіру; жүк көтеру; жер жұмыстарына арналған; қада қағу жұмыстарына арналған; әрлеу жұмыстарына арналған; бетон және темірбетон жұмыстарына арналған; қол машиналары (механизацияланған құрал-саймандар).Машиналардың әр тобы топшаларға бөлінеді (мысалы, жүк көтеру машиналары төрт топшадан тұрады - домкраттар, тебедкалар, подъемниктер және крандар). Әр топша машиналардың бөлек-бөлек типтерін құрайды. Олар бөлек түйіндерінің конструкцияларының айырмашылығы немесе бүтін машиналардың айырмашылығы (мысалы, подъемниктер, мачталы, шахталы, скипті және ішекті (струнные) болып бөлінеді). Машиналардың әр типі бірқатар типтік өлшемдерден (модельдерден), конструкциялары ұқсас, бірақ өзарапараметрлерінің айырмашылығынан тұрады (мысалы, ковштың сыйымдылығы, жүккөтергіштігі, өлшемі және массасы, өнімділігі, қуаттылығы және с.т.б.).Жұмыс істеу принципіне байланысты машиналарды периодтық іске асыруы (циклдық), бір жұмысты бірнеше периодта қайталау жолымен және өнімді циклды беру түрі (құрылыс крандары, бір шөмішті эксковаторлар және погрузчиктер, бульдозерлер, скрекерлер және т.б.), және үзіліссіз іске асыру машиналары (конвейерлер, көп шөмішті эксковаторлар және артқыштар, ерітінді тасымалдайтын насостар және т.б.) болып айырылады.Қондырғының күш алу түрі бойынша машиналар іштен жанатын двигательдер, электрлік, гидравликалық және пневматикалық двигательдер болып айырады. Көп құрылыс машиналары аралас тарту түріне жатады, мысалы дизель-электрлік және дизель-гидравликалық (көп тарағандар), дизель-пневматикалық, электрлігидравликалық, электрліпневматикалық және с.т.б.Жүру дәрежесіне байланысты машиналар стационарлы, көшіп-қондырылатын және жылжымалы болып бөлінеді. Ең соңғылар жұмыс уақытында немесе тасымалданғанда жүреді және олар өздігінен жүретін, прицепті және жартылай прицепті болуы мүмкін.Әмбебаптық дәрежесіне байланысты машиналар көп мақсатқа пайдаланылатын әмбебап,әртүрлі ауыстырылатын қондырғылар жабдықталған және арнайландырылған, жұмыс қондырғысының бірақ түрімен жабдықталған және бір технологиялық жұмысты орындауға арналған (қада қағу балғалары, бетонды насостар) болып айырылады.
Құрылыс машиналары өзінің тағайындалуына сәйкес болуы керек және өнімділік мүмкіншілігін максималды қамтамасыз етіп және сол өндіріс жағдайларында жұмыс өнім бірлігінің құнын минимумға келтіру, сонымен қатар ауыспалы пайдалану жағдайына көндігуі. машина минимальді массасы, қарапайым, берік, құрыстырылған жатқан және тасымалдау уақытында ыңғайлы, сыртқы күштер әсеріненаударылып кетпеуіне орнықты талаптарына жауап беру керек. Машина үлкен сенімділік және шыдамды, оңай техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалы уақытында тиімді, жұмыс істеу жағдайын қауіпсіз қамтамасыз ету, жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек. Машинаның сыртқы түрі соңғы техникалық эстетикаларға талаптарға жауап беру керек. Машиналар қоршаған ортаны ластамау керек.
Өздігінен жүретін машиналар үлкен маневрылығымен және өту мүмкіншілігі (проходимость) жоғары болуы керек. Маневрылығы - машинаның жүру мүмкіншілігі және тар кіші минимальды радиустарда бұрылуы. Өту мүмкіншілігі - машинаның әртүрлі қыр-ой жерлерден және кіші су бөгеттерінен өту, әлсіз көтергіш қабілетті топырақтардан жылжыуы.
1. Барлық шығарылған ққрылыс машиналарына бірыңғай индексация жүйесі бекітіліп таралған, сол себепке байланысты әр машинаға шығарылған орыннан индексация (марка) беріледі. Бұл индексацияда әріптік және сандық белгілеулерден тұрды. Сандардың алдында орналасқан индекстің негізгі әріптері машинаның түрін белгілейді. Мысалы, ЭО - бір шөмішті эксковатор (эксковатор одноковшовый), ЭТР - роторлы траншейлі эксковатор (эксковатор траншейных роторных), ЭТЦ - роторлы шынжырлы эксковатор (эксковатор траншейно-цепных), ДЗ - жер қазу тасымалдау машиналары (землеройно-траншейных машин), ДП - дайындау жұмыстарына арналған және тоңған топырақтарды өңдейтін машиналар (машины для подготовительных работ и разработки мерзлых грунтов), ДУ - топырақтарды және жол жабындарын тығыздайтын машиналар (машины для уплотнения грунтов и дорожных покрытий), КС - өздігінен жүретін жебелі крандар (кранов стреловых самоходных), КБ - мұнаралы құрылыс крандары (строительных башенных кранов), СП - қадаларды ендіруге арналған қондырғылар (оборудования для погружения сваи), БМ - бұрғылау және бұрғылау-кранды машиналар (бурильных бурильно-крановых машин), СО- әрлеу жұмыстарына арналған машиналар (машины для отделочных работ), ТЛ - лебедкалар (лебедок), ТМ - көп шөмішті артқыштар (погрузчиков многоковшовых), ТО - бір шөмішті артқыштар (погрузчиков одноковшовых), ТП - подъемниктер (подъемников), ТК - конвейерлер және (конвейеры и питожели), ИЭ - электрлі қол машиналары (ручных машин электрических), ИП - пневматикалық қол машиналары (ручных пневматических машин), ИВ - вибраторлар (вибраторов) және т.б. Индекстің сандық бөлігі негізгі машинаның техникалық сипаттамасы келтіріледі. Индекстің сандық бөлігінен кейін қосымша әріп қосылуы мүмкін, ол машинаның реттік модернизациясы, оның арнайы климаттық орындалу түрін белгілейді.
Жер қазу - тасымалдау машиналары
1. Жер қазу - тасымалдау машиналарының жалпы сипаттамасы
2. Бульдозер
3. Скреперлер
4. Өздігінен жүретін грейдерлер
1. Жер қазу - тасымалдау машиналары деп жұмыс органдары пышақ, екіі жұмысшы бірдей атқаратын - массивтерден қабаттар айырып және сол екпінімен төсеу орнына топырақты тасымалдайды. Бұл группаларға келесі машиналар жатады: бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер және грейдерлер. Бұл машиналардың бульдозерлержәне скреперлер өнеркәсіптік және азаматтың құрылыста кңінен қолданылады.Жер қазу - тасымалдау машиналарының әр моделінің индексі болады, онда әріптік және сандық белгілеулер ендірілген. Индекстің бастапқы екі әріпі машинаның группасын белгілейді, қалған сандық - модельдің тіркелген реттік номері, индекстің сандық бөлімінен кейін әріптер - реттік модернизациясын (А,Б,В, ... ) және машинаның климаттық атқаруы. Жоғарыда көрсетілген әріптерден басқа өздігінен жүретін скреперлердің модернизацияланған индексіне М және П әріптері мүмкін. Автоматтандырылған басқару жүйесі бар бульдозерлер және скреперлер индексіне соңғысына 1 деген сан қойылады, келесі индекстің үш негізгі санынан кейін, ал модернизацияланған машиналарда әріптен кейін қойылады. Автогрейдерлердің индексіне жоғарыда көрсетілген саннан және әріптенкейін тере арқылы үш сан қойылады. 1,2,4,6, олардың модернификациясын белгілейді.
Бульдозерлерді 1-4 категориялық қабат топырақ торын өңдеу және тасымалдауға, сонымен қатар жортасты және тоңған топырақтарды босатуға қолданылады. Олардың көмегімен құрылыс алаңын жоспарлауға, үйінді жасауға, ойпандарды және қазан шұңқырларды өңдеуге, топырақтарды тегістеу, басқа машиналар төккен, фундаменттер және коммуникациялар астына траншейлер қазу, шұңқырларды, траншейлерді, қазан шұңқырларды және ғимарат іргетасының айналасын көму, алңды қардан, тастардан, өсімдік қабаттарынан, түбірлерден, майда талдардан және құрылыс қоқыстарынан тазалайды. Бульдозерлердің құрылыс өндірісінде кеңінен қолданылуы олардың конструкциялардың қарапайымдылығын, беріктілігін және пайдаланылуда тиімділігі, жоғарғы өнімділігі, қозғалмалығы және әмбебаптылығымен анықталады.Бульдозер тағайндалуы бойынша, тарту класы бойынша және базалық машинаның жүру қондырғыларының типі бойынша жұмыс органының конструкциясы және отвалды басқару жүйесінің типі бойынша класификациланады.Тағайындалуы бойынша бульдозерлер жер қазу - тасымалдаудың негізгі түрлерін атқаруға қолданылатын жалпы және әртүрлі топырақтарда жұмыс жасайтын қосалқы тағайындалулары және арнайы қаситтері ерекше топырақтар немесе технологиялық жағдайларда арнайы жұмыстарды орындауға арналған болып бөлінеді. Соңғылары (арнайы) итергіш бульдозерлер, жер асты және су асты бульдозерлер жатады.Тарту класына байланысты базалық машиналар кіші габарит (класс 0,9 дейін), жеңіл (класс 1,4...4), орташа (класс 6 ... 15), ауыр (класс 25...35), және өте ауыр (класс 35-тен жоғары) болып бөлінеді.Жүру қондырғылардың типі бойынша шынжыр табанды және доңғалақты болып бөлінеді.Жұмыс органдарының конструкциясы бойынша бульдозерлер жоспар отвалының бұрылмайтын және бұрылатын отвалымен ол тракторға перпендикулярлы немесе 53 градусқа дейін екі жаққа продольді оске бұрышпен орналасуы мүмкін.Басқару жүйесінің типі бойынша бульдозерлер гидравликалық және механикалық басқару болып бөлінеді.
3. Скреперлер өздігінен жүретін немесе принципті жер қазу тасымалдау машиналары болып келеді. Олардын жұмыс органы доңғалаққа бекітілген ковш, оның астынғы жағына топырақ қабатын кесуге арналған пышақ орнатылған. Скреперлер қабаттарды кесуге, тасымалдауға, тегістеуге және 1-4 патегариялық топырақтарды алаңды құрылысқа инженерлік дайындауда, топырақты аздап нығыздауға , кварталдарды жоспарлауға, үйінді жасауға, енді трагшейлерді өңдеуге және ойпандарды әртүрлі ғимараттарды дайындауға және т.б. арналады. Көбінесе скреперлерді суланбаған орташа топырақтарда (құмайт, саздақ, топырақтар) , ірі тасты құрылымдар болмаған жағдайда жұмыс істейді. Скреперлермен ауыр топырақтарды өңдегенде оларды алдын кесу қабаты қалындығыша босатып алады. Скреперлердің бастапқы бірқатар машиналардың негізгі параметрі ковштың геометриялық сиымдылығы болып табылады.Скреперлер классификацияланады: ковштың сиымдылығы бойынша - кіші ( дейін), орташа () және ауыр сиымдылықты ( жоғары) машиналар; ковшқа енгізу әдісі бойынша - топырақ қабатын жылжу күшімен кесіп пассивті енгізу, қырғыш көмегімен күштеп енгізу; ковштан төгу әдісі бойынша - ковш қабырғасын алдыға жылжитын күштен төгу, машинаның жүруі бойынша ковшты алдыға аударып еркін төгу; тарту қондырғылардың агрегаттау әдісі бойынша - принцепті; шынжыр табанды тракторларға және екі ості доңғалақты тягачтарға, өздігінен жүретін, бір ості және екі ості доңғалақты тягачтарға агрегатталған; жұмыс қондырғыларын басқару әдісі бойынша - арқанды блокты, гидравликалық және электрогидравликалық басқару.Қазіргі уақытша шығарылатын скреперлер гидравликалық және электрогидравликалық жұмыс органын басқару жүйесі болады, ол ковшты күштеп түсіруін, көтеруін және төгуін, кесу қабатын өзгертуін, ковштын алдын көтеруін және түсіруін қамтамасыз етеді. Ковш пышағын топыраққа күштеп енгізуді кесу қабатының қалындығын тура туралауға, топырақ жию уақытын азайтуға және нығыз топырақтарды толық өңдеуге мүмкіндік береді.
4.Автогрейдерлер өздігінен жүретін жоспарлау профилдау машиналары болып келеді, олардын негізгі жұмыс органдары толық бұрылатын грейдерлердің пышағы бар отвал қызмет етеді. Отвал автогрейдерлердің продольді осіне бұрышпен алдынығы және артқы пневмодоңғалақты жүру қондырғылары мосттар арасында орналасады. Автогрейдерлер жүру барысын пышақтар топырақтарды кеседі және отвал оны шетке ысырады.Автогрейдерлерді жол ұүрылысында, үлкен емес үйінділер және профилді ойпандар ғимараттарында, котлован түптерін тазалау, аландарды жоспарлау, траншейлерді, оларды, шұңқырларды, каналдарды көмуге жоспарлау және профилдеу жұмыстары үшін, сонымен қатар жолдарды, құрылыс алаңын, қала жолдарын және алаңдарды қысқы уақытта қардан тазалауға қолданылады.Автогрейдерлерді 1...3 категориялық топырақтарда қолданылады. Автогрейдерлердің жұмыс істеу процесі реттік жүрістерден тұрады, онда топырақтарды кесу, оны тасымалдау, тегістеу және ғимарат бетін жоспарлау болып іске асырылады.Автогрейдерлер констуктивтік салмағы бойынша, трансмиссия түрі бойынша, доңғалақтардың схемасы және борттың берілу түрі бойынша классификацияланады. Конструктивтік салмағы бойынша автогрейдер жеңіл (12 т. дейін), орташа (15 т. дейін) және ауыр (15 т. жоғары) болып бөлінеді. Автогрейдерлердің доңғалақты схемасы АхБхВ формуласымен анықталады, мұнда А - басқарылатын доңғалақ остерінің саны; Б - тартатын доңғалақтар осінің саны және В - остердің жалпы саны. Автогрейдерлердің доңғалақты схемасы жеңіл және орташа типті 1х2х3, ауыр типі 1х3х3.Трансмиссия түрі бойынша автогрейдерлерді механикалық және гидромеханикалық трансмиссиясымен бөлінеді. Гидромеханикалық трагсмиссия автогрейдер жүріс жылдамдығының автоматты және бірқалыпты ауысуын қамтамасыз етеді.Борттың берілу түрі екі түрлі болады - борттық редукторлар түріне (жеңіл және орташа автогрейдерлерді) және бөлек тартатын мосттар (ауыр автогрейдерлерде).
Жер қазу машиналары

1. Эксковаторлар туралы жалпы мәліметтер
2. Бір шөмішті құрылыс эксковаторлары.
3. Траншейлі эксковаторлар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экскаватор лат
Экскаватор машинисті
Автокөлік кәсіпорыны қызмет орындары
Зауыт бойынша берілген электр жүктемелері
Электр машиналар
Көлік объектілері. Автомобиль көліктері. Жалпы талаптар
Бөлшектеу бөлімшесі
Мерзімді басылым - журнал өнімін шығаратын баспахана
Қамыр жаймалау машиналары
Газ ұнғымаларының жабдықтары
Пәндер