Рухани жаңғыру бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру жобасын дайындау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

logo.png

БОӨЖ

Тақырыбы: «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру жобасын дайындау

.

Тексерген: Алдакен Айнұр

Орындаған: Аманова Мархаббат

Тобы: ТОП-18 -11

Алматы 2019

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деген болатын. Мақала қазақстандықтарға Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігінің жаңа бастауына айқын бағытты көрсетті. Президент рухани жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, жаңғырудың маңыздылығын «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп, рухани жаңғырудың ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы аясында Атырау өңірінің 7 нысаны республикалық деңгейдегі киелі жерлер санатына кірді: Сарайшық ортағасырлық қалашығы, М. Өтемісұлы кесенесі, Құлшан ата қорымы, Ақмешіт некрополі, Ұшқан ата кешені, Аралтөбе тарихи-археологиялық кешені, Иманқара кешені. Күні бүгіннің өзінде ерекше қызығушылық туғызып отырған киелі орындардың республикалық деңгейге ие болуы атыраулықтар үшін үлкен мақтаныш. Демек бұл орындар сонау Түркістандағы қасиетті орындар тәрізді еліміздің ғана емес, алыс, жақын шетелдер халқының қызығушылығын туғызатыны сөзсіз. Ең бастысы оларға жол салынып, халықтың рухани сусындауына көп мүмкіндік берілгелі отырғандығы қуантады. Бүгінгі күннің өзінде аталған нысандарға деген қызығушылық өте жоғары. Туризм - ел мен жерді таныстыру, Отаныңды ұлықтау дейтін болсақ «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы облысымыздағы туризмнің дамуына кең мүмкіндік беріп отыр.

2017 жылы Атырау облысы әкімдігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен көне Сарайшық қаласын сақтап қалу, зерттеу және өзен жағасын бекіту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылды.

Бағдарлама аясында бірқатар басылымдар жарық көрді. Облыстың өлкетанушылары РФ-нің Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Орынбор қалалары мен Татарстан, Башқұртстан республикаларының мемлекеттік архивтерінен тың деректерге қол жеткізді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы фото-құжаттардағы «Каспий қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы» атты кітап-альбомы. Кітап-альбомда ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Ресей Федерациясының Ғылыми мұрағат академиясының Санкт-Петербург филиалында Каспий қазақтары этнографиясына қатысты 200-ден астам бірегей мұрағаттық фотоматериалдар алынып жарияланған. Құнды кітаптың дүниеге келуінде Атырау облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекциясының басшысы М. Кипиевтің еңбегі зор.

«Атырау қазақтарының эпиграфиялық ескерткіштері» кітап-альбомының екінші томы басып шығарылды. Кітапта Ақмешіт, Алтын, Дәрі және Ұшқан ата қорымдарының араб жазулардың мәтіндері аударылған.

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы 3 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:

1. Киелі орындарға зерттеулер жүргізу және оларды реставрациялау, сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;

2. Киелі орындарға саяхаттар ұйымдастыру;

3. Киелі орындар туралы ғылыми-көпшілік, ақпараттық-танымдық монографиялар, кітаптар, зерттеулер, оқу құралдары, мақалалар, видео материалдар дайындау.

Аудандарда «Құлшан ата-Ақмешіт, Аралтобе», «Ұшқан - Қарашүңгіл - Ақінген», «Иманқара - Жұбан Тамы - Ақкегершін», «Тас кешу», «Сарайшық» саяхат маршруттары өтті.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Сарайшық-Арыстанбаб-Қожа Ахмет Яссауи-Әйтеке би» бағыты бойынша халықаралық экспедициясы өтті.

Құрманғазы ауданында «Қоғамдық келісім» мекемесі Астрахань облысы, Володар ауданы, Алтынжар селосындағы күй атасы Құрманғазы бабамыз мәңгі тыныстап жатқан мекенге саяхат ұйымдастырды.

«Saltanat Media Group» ЖШС Түркмения, Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан мемлекеттерінің қатысуымен туристік кластерді дамытуға арналған «Өз көзіңмен» халықаралық тележобасын ұйымдастырды.

Өлкенің тарихи-мәдени мұрасы мен киелі жерлерін насихаттау мақсатындағы ақпараттар тұрақты түрде «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде, «Ruh kz», «Atyraueli» сайттарында тұрақты жарияланып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани жаңғыру бағдарламасы
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы
Арнайы жобаны іске асыру тетіктері
Құқықтық мәдениет арнайы жобасы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Қазақстанның ауыл туризмін дамытуға мүмкіндіктері
Мәдени саясаттың модельдері
Қостанай облысының мәдени жерлері
Рухани жаңғыру бағдарламаның үлгісінде елімізде мәдениет саласындағы бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz