Қазақ халқының қалыптасуы туралы мағлұматтар


№ 95 ЖОББМ 10-Сынып оқушысы
Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.
Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.
Алғаш Өзбек ұлысында тайпалар өздерінің этникалық тұтастықтарын сақтап, өздерінің руларын шашыратпай көшіп-қонып жүрген болса, жаңа халықтарға жіктелу барысында жоғарыдан билер мен сұлтандар қалыптастырған этносаяси жағдайға байланысты кейбір руларынан ажырап қалды. Мұны нақты мысалдармен түсіндірер болсақ, мысалы, Қыпшақ руларының Айталы-қыпшақ, Аталыұлы-қыпшақ, Борған-қыпшақ, Егілтай-қыпшақ, Қара-қыпшақ, Қарағаш-қыпшақ, Құлыбай-қыпшақ, Құртлу-қыпшақ, Сары-қыпшақ, Туде-қыпшақ деген рулары біртіндеп ноғайларға қосылды. Мұнда Қазақ құрамындағы Мүйізді сарыабыз атадан тарайтын Қытай-қыпшақ, Торы-қыпшақ, Құлан-қыпшақ тәрізді рулардың жоқ екендігін байқау қиын емес.
Қазақтың ноғайдан және «Көшпелі өзбектер» этноқауымдастығынан бөлініп шығуында ноғайлардың Едисан (Жетісан) және Алтыұл тайпалық этнобірлестіктеріне қарсы біріккен «Алты сан Алаш» (жалайыр, қоңырат, алшын, арғын, найман, қыпшақ) этноқауымдастығының маңызы аса зор болғанын ұмытпауымыз керек. «Алты сан Алаштың» қалыптасуы аса күрделі этносаяси ахуалдарды бастан өткізіп барып, үлкен қиыншылықпен қалыптасты. Оны құраған тайпалардың кейбір рулары ноғайлар құрамынан бәрібір қайтпай, соларға сіңісіп кетті. Десек те, алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейді Ноғайларға және өзбектерге қарсы күресте күшейтіп жіберген де осы «Алты сан Алаштың» біртіндеп олардың жағына шығулары еді. Бұл бірлестік ХV ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдың соңына қарай қалыптасып, қазақ халқының этникалық ядросын құрады.
ХV ғасырдың алғашқы жартысына дейін бұл этноқауымдастыққа кірген тайпалар бұрынғы Ақ Орда ұлысы аймағындағы Өзбек тайпалары ретінде белгілі еді. 1428 жылы Ақ Орданың соңғы билеушісі Барақтың қайтыс болуына байланысты атақты Едігенің ұлы Мансұр биді Барақтың өлтіруін маңғыттар (ноғайлар) кешіре алмады. Батыстағы Алтын Орданың ханы Кіші Мұхаммедке қашып барған Мансұрдың інілері Ғази мен Наурыз хан әскерінің қолдауымен Барақты жеңіп, шығыс Қыпшақ даласындағы тақ иесіз қалды. Билікке келген ноғай мырзалары өздерінің Жошы әулеті тағына отыруға ешқандай да құқығы жоқ екендігін түсініп, айтқанды тыңдап, айдағанға жүретін «қуыршақ хан» іздестірді. Ол, әрине, маңғыттардың (ноғайлардың) ата жауы Барақтың тұқымынан болмауы тиіс еді.
Оның үстіне әлсіреген Ақ Орда және Көк Орда мемлекетіне бағынудан қалып, өзара билікке таласқан және ұсақ ұлыстарға билік жүргізуге дағдыланып алған маңғыт мырзалары таққа отырғызу үшін қалыптасқан кәнігі саясаткерді емес, ел басқарудың айла әрекеттеріне әлі де қаныға қоймаған сарыауыз балаң жасты іздестірді. Мұндай таңдау Шайбан тұқымы, он жеті жастағы Әбілқайырға түсті. Осылайша, енді Дешті Қыпшақтағы таққа Әбілқайыр отырды. Оны хан сайлаған белсенді он сегіз тайпа негізінен татар-өзбек қауымдастығына жататын байырғы шайбандық тайпалар еді. Рас, олардың арасында, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейінірек қазақты құраған наймандардың кейбір рулары, өкіреш наймандар, қоңырат тайпасының үлкен бөлігі бар еді. Олар да мұндай әрекетке амалсыздан, өздерінің көшу жолдары Өзбекстан (шығыс деректерінде Қыпшақ даласы осылай аталды) аймағында жатқандықтан барды.
Ал арғын, қыпшақ, жалайыр, алшын тәрізді бұл тұста жекелеген рулары жаңа ханды қолдаушы маңғыттар құрамына қосылып кеткен тайпалық бірлестіктер Әбілқайырдың хан болып сайлануына ашық қарсылық білдіре алған жоқ, бірақ бұған іштей наразы болды. Оны Оқас би бастаған маңғыттардың қуатты бірлестігінің және байырғы шайбанилік тайпалардың қолдауы және қоңырат, өкіреш найман руларының солардың ықпалында болулары, сондай-ақ Ежен тұқымынан осы тұста Әбілқайырға қарсы тайпаларды ұйымдастырып, таққа отыра қоятындай тарихи тұлғаның табыла қоймауы «Алты сан Алаш» қауымдастығын құрай бастаған тайпалардың қолын байлады. Ол тұста мүлде жас болған Жәнібек пен Керей арада жиырма жыл өткен соң ғана Еженнен тараған сұлтандардың басын біріктіретін тұлғаларға айнала бастады.
Жас Әбілқайыр таққа отырған соң тез есейді және өзін қолдаған маңғыттардың өздеріне де өзінің үстемдігін таңа бастады. 1449 жылы Оқас би қайтыс болған соң, оның ұлдары Әбілқайырға бағынудан бәрібір бас тартты. Дегенмен де
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz