Мегаполистегі экологияны жақсарту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОБА ПАСПОРТЫ
1. Жобаның атауы: Мегаполистегі экологияны жақсарту
2. Жобаның өзектілігі: Мегаполистердегі экологияны жақсарту қазіргі таңда барлық әлем елдері үшін өзекті мәселелердің біріне айналуда, мегаполистердің қарқынды ұлғаюы, ондағы көптеген қажеттіліктер мен оларды шешу жолдарына қатысты жаңаша ізденістерді, жаңа үлгілерді үнемі талап ететіні сөзсіз. Бұл ғылым мен инновацияның жетістіктерін, озық, соңғы үлгідегі шешімдерді өз уақытында тұрмысқа енгізуді қажет етеді және мұны тиімді қолдана білген елдің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелері шешім табуда.
Қазіргі қоғамның қажеттілігі жедел түрде жоғарлаған сайын, ғылым мен білімі жоғары елдер мұның өте тиімді шешу жағын шапшаң анықтап, қолданысқа енгізуді әдетке айналдырған және соның негізінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріде қарқынды мультипликативті жағдайға ие болуда. Сондықтан, мегаполистегі экологияны жақсарту жолдарын үнемі зерттеу және өзімізді қоршаған ортамен үйлесімді тұрғыда шешу жолдарын ұсыну аса маңызды.
Экологиялық себеп: Мегаполистердегі экологияны жақсарту жолдарын іздестіруші және оны ұтымды пайдаланушы елдер тәжірибесі көрсеткендей, бұл аймақтардағы жаңашыл ұйымдастыру тұрғылықты халықтың жағымды көзқарасы мен келушілер санын арттырып қана қоймай, табиғатты сақтап қалуға тікелей себепші болуда. Сондықтан, өз ұсыныстарымыз арқылы экологиялық мәселелердің шешілуін жан-жақты негіздей отырып қарастырамыз.
Экономикалық себеп: Жобамыздың тиімді жақтары экологиялық қана емес, экономикалық тұрғыданда қарастырылады. Біріншіден - аймақта қозғалысты дамыту арқылы экономикалық жағдайды дамыта аламыз. Екіншіден - мобильді қоқыстарды жинақтауды енгізу, одан соң қалдықтардың өзін тиімді іріктеу, сату арқылы елге түсетін пайда болады. Үшіншіден - тұлғалар үшін айыппұл мен оның көлемдерін белгілеп, олардың көптеп жиналатын жерлерінде нақты, анық айыппұл мен оның салдарын көрсетуші белгілер қою, бейнекамералар арқылы оларды тұрақты бақылау экономикаға оң пайдасын тигізбек. Төртіншіден - кеме жолын дамуынан туристердің көптеп келуі экономиканы дамытады. Сонымен қоса, крахмал пакетінің көптеп елде тарауына байланысты, оның мүмкіндіктерін қарастыру қаржылық жағынан маңызды болары сөзсіз. Жоба экономикикалық тиімділікке ие және жобаның әрбір ұсынысын қолданысқа енгізу арқылы, коммерцияландыру мүмкіндігі қарастырылады.
Біздің жоба: Экологиялық мәселені қарастырады.
· Жоба қандай санатқа жатқызылады? Жоба әлеуметтік-экономикалық бағытта қарастырылады.
· Жоба атауы - Мегаполистегі экологияны жақсарту
· Жабаның жалпы көлемі - 17 бет.
·Жобаның қысқаша сипаттамасы: Біздің ұсыныстарымыз әлемдік деңгейде жан-жақты қарастырылып, үнемі жаңа шешімдерге ие болушы мәселе. Елімізге тиімді жаңа технологияларды зерттеу және де жаңа идеяны ұсыну барысында, өз қоғамыз үшін оң экономикалық, әлеуметтік әсерлер әкелеміз. Жобамыздағы ұсыныстар арқылы экологиялық зардаптарды азайтуды мақсат тұтамыз. Біз өз зерттеулеріміз арқылы өзекті мәселелер үшін ұтымды шешімдерді ойластырдық. Біз экологиясы таза елдер тәжірибесін зерттеуден, экологиялық маңызды әдістер үлгісін, сонымен қоса экологиялық экономикалық қозғаушыларын тереңірек зерттеуге тырыстық.
· Жобаның егжей-тегжейі: Біз топтық құрам жасақтағаннан кейін, біздің қызығушылығымызды ескеріп, тақырыптарға сай, мегаполистегі экологияны жақсарту деңгейін қолға алдық. Бұл жобаның бір деңгейден ғана емес жан - жақтан қарастырдық. Ұсынған бірінші ұсынысымыз - кеме қатынасын Ақтау қаласында дамыту. Ірі дамыған қалалар мен әлеуметі жоғары елдер бойынша қарастырсақ: Сингапур, Сочи, Жапония, Ресей, Дубай, Баку қалаларында су көлігі транспортымен тасымалдау сан түрлі бағытта қарастырған. Экологиялық жағынан алып қарастырсақ ауа тазалығы, бензиннің аз мөлшерде қолданылуы,сонымен қатар экономикалық тиімділігі, жол кептелістердің болмауы, уақыт үнемділігі, баға тиімділігі мен шығындардың салыстырмалы төмен болуы. Бұл жаңашыл ойды қазіргі таңда жүзеге асыру маңызды. Өйткені кеме қатынасы біздің елімізде әлі толық дами қоймаған. Кеме қатынасын Ақтау қаласында дамыту бұл тиімді әрі экономикалық, экологиялық пайдалы дүние. Мәселені жан - жақты қарасақ біз білетіндей шекаралас 5 елмен кеме жолымен қарым-қатынас жасау адамдардың да қызығушылығын арттырып, туристердің де көптеп келуіне себепкер болары сөзсіз. Алдымен ішінара кеме қатынасын мықтап қолға алған жөн, себебі, Ақтау қаласының өзінен кеме арқылы тез арада жетуге болатын жерлер бар. Мысалы, жазда адамдар демалысқа баратын Кендірлі демалыс орыны. Қарт Каспийдің жағасында орналасқандықтан, кеме жолы тиімді әрі пайдалы болмақ. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2015 жылы жүргізілген зерттеулерге сәйкес, атмосфераға ластаушы заттардың ең аз шығарындылары өзен мен теңіз көлігінде тіркелген. Мысалы автомобильден 9356 мың тонна көміртегі тотығы кетсе, темір жол көлігі 36,7 мың тонна көміртегі тотығы, ал өзен мен теңіз тиісінше 14,9 және 11,6 мың тонна шығарылды. Байқағанымыдай теңіз кемелері зиянды заттар шығарындылары бойынша төмен екенін көреміз. Жол апаты қазіргі таңда жиі болады, жалпылама жылдық санын көрсетпесекте даулы мәселе екенін жоққа шығармаймыз. Біз көрсеткен жол бұл мәселенің кішкенеде болсын шешімін тауып көрсетеді. Аталған дүниелерді ескерсек су көлігінің дамуы қаланың сәнін келтірмек. Қаламыздың имидж көтеріп , Инвесторлардың қызығушылығын арттырары да сөзсіз.
Дүние жүзі бойынша адамдар жылына 1,2 млрд тонна қоқысты лақтырады. Ал бұл пластмас өнімдерінің 85% теңізде жатқандығын ғалымдар дабыл қағуда. Осылардың кесірінен балықтар өлуде. Ендеше екінші ұсынатын ұсынысымыз - мегаполисте пластмас өнімдерін қабылдайтын және тапсырғаны үшін белгілі бір көлемде тиін беретін құрылғыларды елге әкелу. Біздің қоғамда әлі дұрыс жетіле қоймаған бұл құрылғылардың әр бір қалаға жиі орналасуы маңыздырақ, неге десеңіз бұл құрылғылар бар болғанымен олардың барлық жерде жоқ екенін ешкім жоқақа шығармайды. Бұл құрылғының пайдасы не? Оның жауабы анық. Алдымен пластмас өнімдерін лақтыру барысында адамдардың саналы ойланады және де әрбір жерде орналасқандықтан адамдардың жиі келу жағдайын қарастырады. Сонымен қоса берілген тиін мөлшері адамдарға сәлде болсын пайдасын тигізеді және жерде пластмас өнімдері азайады. Бұл жүйе көптеген елдерде бар. Жаңалықтарды ашып қарасаңыз Қытайда бұл жүйенің жүйелі дамығанын көреміз. Өйткені оларда мүлдем басқаша. Бұл жүйе біздің елімізгеде өте қажет.
Үшінші ұсынысымыз - мегаполистегі қоқыстарды бөліп салу идеясы және қоқыс салатын жәшіктердің жердің астында болуы. Бұл тәжірбиені Швецария мен Беларусь елінде қолдануда. Бұл өз кезегінде қоқыстарды алушы компанияларға және адамдарға пайдалы. Бұл тиімді құрал елімізде болса шашылып жатырған қоқысты көрмейтін едік. Бұл ережеге бағынбаған адамдарға белгілі бір көлемде айыппұл төлеуді заңға еңгізу шарт. Мұндай идея Сингапур елінде мықтап қолға алынған. Біз көшеде кетіп бара жатып шашылып жатырған қоқыстарды жиі көреміз. Қаланың сәнін кетіріп шашылып тұрған қоқыстарды қалай жинауға болатындығын ұзақ қарастырдық. Нәтижесінде қала ортасында қоқыс салатын жәшіктердің жердің астында болғандығын және бөліп салу идеясын біріктіріп ұсынысымызға еңгіздік. Сонымен қатар қоқыс лақтырғандар үшін заңға өзгертулер керек. Себебі кетіп бара жатып қолындағы дүниесін лақтырып кету әдетке айналған. Қысқаша айтқанда қазіргі қоғамда бұл көз үйренген дүние. Қоқыстарды бөліп салу идеясы дамыған қоғамдағы дұрыс жүйе деп білеміз.
Төртінші ұсынысымыз - Тұрмыстық қалдықтарды зерттеу мақсатында бізге келген ой, Үнді елдері секілді крахмалдан био пакет жасау және оны еліміздің барлық жерінде пайдалану. Бұл дегеніміз ІІ ғасыр сақталып табиғатқа зиянын тигізіп жатырған, жылына 4 триллион өндірілетін қолданыстағы полиэтилен пакет өнімдерін өз еліміз де азайтамыз деген сөз. Әлемдегі өзгерістерге назар аударсақ 40 мемлекет мұндай пакет өнімдерінен бас тартқан. 2002 жылы Бангладеш мемлекеті пакеттерді зерттеп, полиэтилен пакет өнімдерінен бас тартты. Бұл мемлекеттің мұндай сұранысқа ие пакет өнімдерін бас тартуына не түрткі болды деп ойлайсыз? Оның жауабы анық, себебі, 1980 жылы полиэтилен пакеттер кесірінен Бангладештегі канализация құбырларының бітеліп қалу нәтижесінде су тасқыны болды, осы жағдайдан кейін 1988 және 1998 осы жағдай қайталанып 2,3 мың және мың адам қаза тапты. Осының әсері бізге келмесіне кім кепіл?! Көршілес мемлекеттерде полиэтилен пакет өнімдерін қолданған тұрғындарға: Танзанияда 2000 доллар төлейді немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылса, Латвия мемлекетінде мұндай пакет өнімдерін қолданған адамдарға айыппұл төлетеді. Дания, Германия, Сингапур, Бангладеш, Тайвань мемлекеттері полиэтилен пакет өнімдерінен мүлдем бас тартқан. Осы орайда мұндай жүйе Қазақстанға да қажет екені байқаймыз. Алдымен крахмал пайдасын қарастырайық. Ол суға түскенде еріп кетеді және де табиғатта көп сақталып зиян келтірмейді. Қолдануға тиімді, сонымен қоса суды ластамайды. Полиэтилен пакеті шикі мұнайдан синтез арқылы өндіріледі. Мұндай өндіріс ауаға тарағанда зиянды, озон қабатын бүлдіреді және олардың қайта өндіріске бәрі бірдей түспейтінін ескерсек, топырақта сан мыңдаған ғасыр жататынын байқаймыз. Соның нәтижесінде мыңдаған құстар мен жануарлардың өлімінің күрт көбейуіне әкеліп отыр. Біз салыстырған жан-жақты мәліметтерге көз жүгіртсек полиэтилен паке өнімдерінің зиянының көптігін байқаймыз, ендеше бізгеде қимылдайтын кез келді.
Бесінші ұсынысымыз - қоршаған ортаны көкалдандыру. Дубай тәжірбиесіне сүйенсек, бос жерлерге қала салмас бұрын және зиянды нәрселер шығаратын заводттар жанынан ағаш егу арқылы елді көкалдандырады. Деректерге сүйенсек Ақтау қаласынанда 45 шағын аудан салынбақшы. Осы тәжірбиені өз мегаполисімізде қолдануымыз керек. Толығырақ көгалдандыру мәселесіне келсек, оның пайдасы жетіп жатыр. Ғылыми деректерге сүйенсек бір аймақтың 15% -ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20% -ға кемиді, ал 35% -ға өсімдік өсірілсе, шаң 50% -ға азаяды, 65% -ға өсірілсе, шаң 95% -ға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауданы 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Көгалдандыру мәселесін жан-жақты маңызы бар, біріншіден - экзотикалық әсері, екіншіден - қалаларды көркейту, үшіншіден - қаланы қорғау, төртіншіден - санитарлық - гигеналық әсері бар. Көгалдандыру арқылы біз ағаштардың мол отырғызуын жүзеге асырып қана қоймай адам денсаулығына оң нәтиже береміз. Жасыл желектер қала ішіндегі шудың 60 % -ды ұстап тұрады екен. Қалаларды көгалдандыру кездерінде пайдаланылатын көшеттердің фитонцидтік қасиеттеріне көңіл аударған жөн. Өсімдіктерден ауаға тарайтын фитонцидтер ауаны зиянды микроорганизімдерден тазартып, иондық құрамының тұрақты болуына ықпал етеді, атап айтқанда, адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады.
Алтыншы ұсынысымыз-Мегаполисте мобильдік қоқыс қалдықтарын жинау және өңдеуден қалған жағдайларын шет елге сату үшін мобильді қондырғылармен жабдықтауды ұсынамыз. Бұл ұсынысты әр - бір аймақта қолдану маңызды. Швецария шет елден қоқысты сатып алып жатырғанын білеміз. Ендеше бұл жүйені еңгізу керек. Бұл құрылғылар біздің елімізге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғасын зауыты қоршаған ортаны бүлдірмеу үшін барлық шараны қолдануда
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Экология қазақтың қорымы болып шықпасын
Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттыру
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Экологиялық құқық қатынастардың субьектілері және обьектілері..
Экологиялық дағдарыс. Рим клубы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Пәндер