Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Қоршаған ортаның физикалық ластануы
  2. Қоршаған ортаның биологиялық - химиялық ластануы
  3. Атмосфераның ластануы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоршаған ортаның ластануы деп - әдетте оған тән емес, теріс салдарға алып келетін жаңа физикалық, химиялық, биологиялық немесе ақпараттық агенттердің келіп түсуін немесе пайда болуын айтады. Табиғи ортаның ластануы табиғи факторлардың әсері нәтижесімен қатар, адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде де болады.

Табиғи ластанулар табиғат апаттарының нәтижесінде пайда болады (жанартаудың атқылауы, жер сілкінісі, сел, дауыл және т. б. ) . Антропогендік ластанудың мысалы ретінде радиоактивтік, химиялық, биологиялық заттардың таралуы себеп болатын өнеркәсіптік объектілерде орын алатын апаттар жатады. Алайда күнделікті шаруашылық қызметпен, кәсіпорындардың жұмысымен, көлік, қалалардың құрылысымен, территориялардың урбанизациясымен және т. б. Байланысты ластанулар да өте қауіпті.

Ластанулар қоршаған ортаға әсер ету қасиеттеріне байланысты келесі топтарға жіктелінеді: физикалық, химиялық, физикалық-химиялық және биологиялық.

Ағза деңгейінде жеке ағзалардың физиологиялық қызметтерінің бұзылуы, олардың іс-әрекеттерінің өзгеруі, даму және өсуінің төмендеуі, сыртқы ортаның басқа да жағымсыз факторларының әсеріне тұрақтылығының төмендеуі мүмкін. Таралым деңгейінде ластану олардың саны мен биомассасының өзгеруіне, туылуы, өлімі, құрылымындағы өзгерістер, жылдық миграция циклдері және т. б. Қызметтік қасиеттеріндегі өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Биоценотикалық деңгейде ластану бірлестіктердің құрылымы мен қызметтеріне әсер етеді. Бір түрлі ластаушы заттар бірлестіктің әр компонетіне әр түрлі әсер етеді. Соған сәйкес биоценозда сандық қатынастар өзгереді, бір түрдің мүлдем жоғалып, басқа түрлердің пайда болуы мүмкін. Бірлестіктердің кеңістіктегі құрылымы өзгере бастайды, өнімділіктен өлім басым бола бастайды. Соңынан экожүйенің дағдарысы болып, биосфераның қалыптасуындағы жағымды рөлі азайып, шаруашылық қатынаста құндылығын жоғалтады.

Қоршаған ортаның ластануы

Жоғарыда айтылып өткендей, ластанудың екі түрі бар - табиғи және антропогендік. Қазіргі кезде антропогендік ластану көздерінің күші көп жағдайда табиғи ластанудың күшінен асып түсуде. Осылайша, азот қышқылының табиғи көздері жылына 30 млн т азот шығарса, антропогендік - 35-50 млн күкірт қышқылы тиісінше 30 млн т жэне 150 млн т шығарады. Адам қызметінің нәтижесінде биосфераға қорғасын табиғи ластанумен салыстырғанда он есе көп түседі.

Адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болатын ластаушы заттар және олардың қоршаған ортаға әсері әр түрлі болып келеді. Оларға келесілер жатады: көміртегі, азот, күкірт қосылыстары, ауыр металдар, әр түрлі органикалық қосылыстар, жасанды материалдар, радиоактивтік элементтер және т. б.

Осылайша, сарапшылардың бағалауынша, мұхитқа жыл сайын 10 млн т дейін мүнай түседі екен. Суда мүнай су мен ауа арасында болатын газ айналымына кедергі келтіретін жұқа пленка қабатын түзеді. Мұхиттың түбіне шөккен мұнай мұхит түбінде өмір сүретін жануарлар мен микроағзалардың табиғи өмір сүру жағдайын бұзады. Мұнайдан басқа, мүхитқа қүрамында өте күшті улы әсері бар қорғасын, сынап, мышьяк сияқты өте қауіпті ластаушылардан тұратын түрмыстық және өнеркәсіптік қалдық сулар төгіледі. Мұндай заттардың жинақталуы көптеген жерлерде қалыпты деңгейінен он еседен асып кеткен.

Әрбір ластаушы табиғатқа белгілі бір теріс әсерін тигізеді, сондықтан олардың қоршаған ортаға келіп түсуі қатаң қадағалануы керек.

Биосфера күннен-күнге антропогендік фактордың әсерінен пайда болған тірі ағзаларға, зиянды заттарға толып бара жатыр. Бұл заттардың миллиардтаған тонналары атмосфераға шығарылады, су қоймаларына тасталынып, қоқыстар күйінде жинақталуда. Ауа, өзен, теңіз ағындары арқылы зиянды заттар мемлекеттер шекараларынан өтіп, үлкен қашықтықтарға таралып, ғаламдық ластану мәселесін тудыруда, адамдардың денсаулығына, табиғатқа, материалдық құндылықтарға зиянын тигізуде.

Қоршаған ортаның физикалық ластануы

Физикалық ластанулар деп қоршаған ортаның физикалық параметрлерінің: жылулық, жарықтық, акустикалық, электромагниттік, радиациялық өзгеруінен пайда болатын ластануларды айтамыз.

Мысал ретінде өнеркәсіптегі жылы қалдық сулардың төгілуі, жылы ауа ағындары, газ, түтінмен байланысты пайда болатын, қоршаған орта температурасының жоғарылауынан болатын жылулық ластануды келтіруге болады. Екіншіден, жылулық ластану антропогендік әсермен ауаның көмір қышқыл газымен, метан, фтор, хлорлы көміртекпен ластануының нәтижесінде пайда болатын қоршаған ортаның химиялық құрамының өзгеруінен болуы мүмкін. Олар Күн сәулесін өткізеді, бірақ жер бетінде жылуды ұстап қалады, сондықтан атмосфераның температурасын жоғарылатады.

Су қоймаларының жылулық ластануы балдырлар бірлестігінің қалыптасуы мен құрылымына өзгерістер алып келеді. Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаның акустикалық ластануына алып келеді, ол шуылдың табиғи деңгейінен жоғары болуы және дыбыс сипатыньщ қалыпты жағдайынан ауытқуы (дыбыстың күші, ырғақтылығы) . Эволюция барысында тірі ағзалар бейімделмеген табиғи дыбыс көздерінен шықпайтын кез келген дыбыс антропогендік шуыл ластануы деп қарастырылады. Шуыл әр түрлі жиілік және қуаттағы дыбыстардың ретсіз байлынысы секілді кез келген тірі ағзаға, әсіресе адамдарға теріс әсер береді, шаршатады, ақыл-ойдың белсенділігін, еңбек өнімділігін төмендетеді, соматикалық және психикалық ауруларға алып келеді.

Қоршаған ортаның ластануын радиациялық және радиоактивтік деп бөлуге болады. Радиациялық иондаушы сәуле шығарудың нәтижесінде болады, ал радиоактивтік - қоршаған ортада радиоактивтік заттардың қалыпты деңгейінен жоғарылауынаң пайда болады. Радиациялық және радиоактивтік ластану - эволюция барысында барлық тірі ағзалар бейімделген Жер шарының табиғи радиациялық фонын жоғарылатады. Радиоактивтік және радиациялық ластанулар қатаң қадағаланады. Олардың нормативтен асуы қоршаған ортаға және адам ағзасына күрделі өзгерістер алып келуі мүмкін. Радиациядан болатын мутагендік әсер (генетикалық өзгерістер) ластанудың бұл түрінен болатын ең қауіпті салдар. Мутация тұқым қуалап, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп биосферадағы тұрақты өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Ғылыми-техникалық прогресе кезеңінде ластанудың жаңа түрлері пайда болуда, айта кетсек - электромагниттік. Радио, теледидар, электр тасымалдаушылардың қызметі, өнеркәсіптік құралдардың белгілі бір түрі жұмысының нәтижесінде пайда болатын ластанудың бұл түрі жасушалық мембрананы өзгертеді және молекулярлық деңгейде әсер етіп, жалпы тірі ағзалардың тіршілігін өзгертеді.

Ластанудың «жергілікті» көздеріне қазіргі кезде иесіз тұрған нысандар: мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішінде радиоактивтік қалдықты), елдің экологиялық қауіпсіздігіне нақты қатер болып табылатын қалдық сақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады.

Жер маңы және ғарыштық кеңістікке кездейсоқ орбиталы объектілерді шығару және осы кеңістікті ғарыштық объектілермен ластау ғарыштың ластануына алып келеді. Орбитадағы ядролық реакторлардың бұзылуынан ғарыштың радиоактивтік ластану жағдайлары байқалған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери сынақ полигоны және «Байқоңыр» кешені жұмыс істейді. Зымырандардың жерге түскен және құлайтын бөліктері, аса улы отынның төгілуі және қоршаған орта мен тікелей жақын жерде тұратын халыққа қолайсыз әсер ететін басқа да факторлар нақты экологиялық қауіп төндіреді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру бөлінетін бөлшектер құлайтын жалпы ауданы 12, 24 млн га аудандармен қамтамасыз етілген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жай-күйін бағалау ғарыш қүралдарын, әскери техниканы және әскери объектілерді шығару, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсіп ұйымдары орналасқан, зымыран ғарыш қызметін жүзеге асыратын әскери бөлімшелер мен қүрылымдар түрған орындарда техногендік ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын шешуде маңызды орын алады.

Қоршаған ортаның биологиялық - химиялық ластануы

Химиялық ластану - қоршаған ортада қандай да бір химиялық элементтің немесе заттың мөлшері көпжылдық орташа өзгерісінен асып, оның химиялық қасиеттерінің өзгеруінен болады. Әсіресе өнеркәсіптік кәсіпорындардан құрамында қышқылы бар қалдықтарының тасталынуы және олардың азот қышқылы ретінде өзгерісі өте қауіпті болып келеді, ол қышқыл жаңбырдың түсуіне алып келеді; қоршаған ортаға күкірт, ауыр металдардың, әсіресе сынаптың, жанып бітпеген жанармай қалдықтары бар күлдің ұшқыны, азот оксидтері, фторлы қосылыстардың қоршаған ортаға түсуі елеулі мөлшерге жетеді. Сараптаушылардың бағалауынша, қоршаған ортаның химиялық ластануына қалдықтардың ішінде ең қауіпті саналатын қорғасын қосылыстары, көмір қышқыл газын бөлетін автокөлік елеулі әсерін тигізеді.

Адамзат қызметінің нәтижесінде болатын қоршаған ортаны ластайтын 7000 химиялық қосылыстың ішінен жалпы токсикологиялық, аллергендік, эмбриогонадотроптық, мутагендік және канцерогендік заттарды бөліп көрсетуге болады. Олардың ішінен ең қауіпті жетеуін атап көрсетеді: ауадағы азот тотығы, ауадағы бензол, судағы пестицидтер, судағы нитраттар, топырақ пен тамақ өнімдеріндегі диоксиндер, тамақ өнімдеріндегі полихлорлы дифенилдар, топырақтағы тұз қышқылы.

Зиянды заттар мен олардың қосылыстарының саны күнненкүнге өсуде. Өндірістің қоршаған ортаға тастайтын қалдықтары ауа, су, топырақ, тағам өнімдерін ластайды. Мұнайды тасымалдаудағы апаттан болатын жұқа мұнай қабаты су бетін жауып, планктондардың қырылуына алып келеді, биогеоценозды ластайды, атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу үдерісін бұзады.

Қоршаған ортаның биологиялық ластануы биотикалық және микробиологиялық деп бөлінеді.

Биотикалық ластануларға қоршаған ортада биогендік заттардың таралуы жатады, оларға фермалар мен шаруа қожалықтарындағы жануарлардың қалдықтары, азық-түліктің белгілі бір түрін өндіретін (ет комбинаттары, сүт, сыра зауыттары), антибиотик өндіретін кәсіпорындар қалдықтары, сонымен қатар жануарлардың өлі денелері мысал бола алады. Биотикалық ластанулар топырақ пен судың өзін-өзі жаңарту үдерісіне кедергі келтіріп, табиғи зат айналымның бұзылуына алып келеді.

Микробтық ластану адам шаруашылығының көбеюі нәтижесінде қалыптасады. Субстраттың өзгеруі нәтижесінде бұрын қауіпсіз болған микроағзалар патогенді қасиеттерге немесе бірлестіктегі басқа ағзаларды жою қабілетіне ие болуы мүмкін.

Атмосфераның ластануы

Биосфера қабаттарының - атмосфера, гидросфера, әлемдік мұхит, жерасты сулары, топырақтың ластануы болып келеді.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары. Атмофера - бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т. б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.

Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т. б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары
Құбырларды жіктеу
Ауаны ластаушы көздер туралы
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер
Бейорганикалық элементтердің экологияға тигізер әсері
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Атмосфераның экологиялық мәселелері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz