Кәсіпорыннын пайдасы, пайданы оңтайландыру


Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университеті
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Кәсіпорыннын пайдасы,
пайданы оңтайландыру
Қарағанды 2019
Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады. Бірақта бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару шін түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою қажет. Кәсіпорын пайда табады: егер түсім өзіндік құннан жоғары болса; егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындарды өтесе; ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротқа әкелетін жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті көрсетті.
Экономикалық категория ретіндегі пайда кәсіпкерлік қызметі процесіндегі материалды өндіріс аясында құрылған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейіндегі таза табысты пайда формасында болады. Кәсіпкерлік қызметтің басты нәтижесі ретіндегі пайда кәсіпорынның, жұмыскерлерінің және толықтай мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Пайда нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде бірқатар маңызды функцияларды атқарады:
- Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.
Пайда ынталандырушы қызмет атқарады, ол меншік капиталдың өсуінің басты көзі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы капитал иелері мен менеджлерлер пайда көлеміне бағыттала отырып, кәсіпорынның болашақ дамуына жүргізілетін дивиденттік және инвестициялық саясаты жөніндегі шешімдер қабылдай алады. Нарықтық экономикадағы пайда - шығарылатын өнім мен өндірістік қорлардың жаңару көзі мен қозғаушы күші болып табылады.
- Ұжым мүшелері үшін пайда әлеуметтік игіліктің көзі болып табылады. Дивиденттерге төленетін төлемдер, салықтар, сонымен қатар, басқада төлемдерден кейінгі кәсіпорындарда қалдық ретінде қалатын пайданың есебінен материалды сыйақылау жүргізіледі, жұмыскерлерге әлеуметтік жеңілдіктер және т. с. с. беріледі.
- Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының көзі. Ол бюджетке салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін және бюджеттен шығатын нақты түрлі мақсаттарға қолданылады.
Осындай сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтанда кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау аса маңызды.
Жалпы пайда - сатылған өнімінң толық өндірістік өзіндік құны және тауарларды (қызметтер мен жұмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбеген пайда) - кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.
Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады. Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға, тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап тұруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жағдайында өндірістік тұрақты дамуды қамтамасыз етуі керек.
Шетелдік тәжірибеде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады: «Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі»
Табыстар (кірістер) - қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық қатегория. Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аральщ сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің жаңа стадиясына - айырбасқа көше отырып, (түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті табыстар деп корланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады) қызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары баска субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кэсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе элеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылатындығына көрініп білінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz