Муниципалды құрылымдарда кластерлік жүйенің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
беттер
КІРІСПЕ . . .
I МУНИЦИПАЛДЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДА КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
II ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . .
IIІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АӨК-дегі КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ … . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда еліміздің муниципалдық құрылымдарында ауыл шаруашылығы саласын дамыта отырып, кластерлік жүйені қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, жобаның объектісі негізінде қарастырылып отырған ЖАМБЫЛ облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде ең ірі муниципалды құрылым. Мұнда өсімдік шаруашылықтар табысының негізгі көзі болып табылатын егістері шоғырланған.
Жобаның мақсаты муниципалдық құрыламдарда кластерлік жүйені дамыту және бюджеттік қаражаттарды бөлуде монополияға қарсы механизмдерді қолдану арқылы өнімдерді импорт-экспорттау мәселелерін қарастыру болып табылады.
Жоба міндеттері болып жергілікті өзін-өзі басқарудағы кластерлік жүйенің теориялық негіздерін, қарастырылып отырған жобаның объектісі - Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өнімдерін өндіру бойынша кластерлік жүйені дамыта отырып, монополияға қарсы механизмдерді қолдану арқылы мақта өнімдерін экспорттау мәселелеріне зор көңіл бөлінді.
Жобаның объектісі: Жамбыл облысында өсімдік шаруашылығын дамытудағы кластерлік жүйені дамыта отырып, аталмыш өндірістің өнімін экспорттау мәселелері.
I МУНИЦИПАЛДЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДА КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазігі таңда бәсекелестіктің артықшылығы және кластерлердің теориялық тұжырымдамасы практикалық маңызға ие болған. Мемлекеттің экономикалық саясатында жаңа бағыты - кластерлік саясат қалыптаса бастады.
Соңғы он жылдың ішінде дамыған және дамушы елдерде ұлттық және аймақтық бәсекелестікті көтеруде кластерлік саясат мемлекеттік саясатты жүргізудің ең басты бағытына айналды. Қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайда, отандық өндірушілердің ішкі өзара және шетелдік өндірушілермен арасындағы бәсекелестіктің шиелінісуі экономикалық субъектердің барлық күшін, қаражатын және мүмкіндіктерін біріктіре отырып жұмыс атқаруына қажеттілік тудырып отыр. Мемлекеттің қалыптасқан экономикалық күйзелістен шығуында басты ролді бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың жаңа талаптарға сәйкес қалыптасып дамуына беріледі. Сондықтан отандық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін көтеруде жаңа міндетердің ең бастысы бәсекелестікті көтеруде экономикалық әлеуеті (потенциал) бар салаларды және бәсекелестік қатынастардың даму дәрежесіне әсер ететін факторларды анықтау мен сыртқы экономикалық бәсекелестік механизмімен өлшенетін экономиканың бәсекелестік моделін таңдап алу.
Кластерлік саясаттың негізгі мағынасы экономиканың басты проблемаларын шешуге шоғырланады:
- Біріншіден, кластерлік саясаттың басты мақсат-міндеті бәсекелестік нарығын дамытуға және компанияның бәсекелестігін көтерудегі қозғаушы күш ретінде «бәсекелестікті» қолдауға бағытталады;
- Екіншіден, кластерлік саясат микроэкономикаға басты назар аударады. Ол компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін көтеріп дамытуды тездетуде жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып тиімді бағдарламалар жасайды;
- Үшіншіден, инновациялық әлеуетті көтеруге және дамытуға ынталандыруға (стмулирование) бағытталған. Әсіресе, дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда дамуы төмен көрсеткіштергие ие мемлекет экономикасындағы кіші және орта бизнесті көтеруде маңызды. Себебі, нақты кіші және орта кәсіпорындар кластердің негізгі массасын және кластрелік ұсыныстарды қалыптастыратын кластердік жүйенің басты нысандары.
Кесте 1 - Кластер жүйесінің дамуы мен құрылуына әсер ететін факторлар
Жоғарыдағы айтылған әлеуеті мен құрылымы жағынан кластерлік жүйе қазіргі экономикалық саясаттағы қалыптасқан басты проблемаларды шешуге арналған кешенді іс-шаралардың жиынтығы, олар: бәсекелестік нарығын дамыту арқылы Қазақстан экономикасының бәсекелстігін көтеру, экономиканың әртүрлі салаларын инновациялауды арттыруда, кіші және орта бизнесті дамытуды жеделдетуде, жергілікті жерлердің ұсыныстарын ынталандыру және мемлекеттің, ғылыми қауымдастықтар мен бизнестің арасындағы өзара қарым-қатынастың белсенділігін арттыру болып табылады.
Мемлекеттің ең алдымен ұлттық, содан кейін аймақтық бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемасын шет мемлекеттерде мемлекеттік саясатты жоспарлау мен іске асыруды ХХ ғасырдың 80 жылдарынан басталған. Осы ұлттық және аймақтық бәсекеге қабілеттілік проблемасының қалыптасуы үш түрлі тобтың теориясымен байланысты.
- халықаралық сауда теориясы, яғни бәсекеге қабілеттілігін
анықтауда әр мемлекет басқа мемлекеттермен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының тиімділігімен салыстырылады;
- өндіргіш күштердің кеңістік ұйымдастыру теориясы, яғни өнеркәсіп
бәсекелестік процестеріндегі эмпиризмдік зерттеудің басты объектісі болып табылады;
- адам капиталы теориясы, яғни адам капиталын тиімді пайдалану
және оны үнемі дамытып отыру бәсекеге қебілетті экономиканы құрудың негізі болып табылады.
II ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығындағы атқарылған игі жұмыстардың 2019 жылы 2015 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі ұлғайтылды: дәнді дақылдар барлығы дәндік жүгеріні қосқанда 44, 9 мың гектарға, оның ішінде бидай 38, 6 мың га, картоп 600 гектарға, көкөніс 500 гектарға ұлғайды.
Егіс алқаптарының құрылымын талдау нәтижесінде егістіктің жалпы алқабы 2010 жылғымен салыстырғанда 2019 жылы 174 мың гектарға қысқарғанын көрсетті. Бұл орайда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабындағы дәнді дақылдар алқабы 85 мың гектарға қысқарса, қант қызылшасының алқабы 6, 7 мың гектарға, майлы дақылдар - 13, 4 мың гектарға, жем-шөптік дақылдар 84, 5 мың гектарға қысқарған. Ал жеміс ағаштары мен жүзімдік екпелер алқабының азаю үрдісі сақталуда.
Кесте 9 - Жамбыл облысы бойынша 2010-2019 жылдардағы егіс алқаптарының құрылымы
Астық өндіруде облыстың өндірістік әлеуеті, табиғи-климаттық жағдайлары бидайдың тиімді сорттарын өндіруге жақсы мүмкіншіліктер береді. Астық өндіру 2025 жылға дейінгі кезеңде аграрлық саясаттың басты назарында болуда.
Осы тұрғыда күздік бидай өндіру егіншіліктің негізгі саласы болып
табылады. Егер осы саланың дамуына талдау жасап көретін болсақ, 2007 жылғы күздік бидайдың егіс көлемі 364, 7 мың гектардан, 2010 жылы 163, 3 мың
гектарға қысқартылып, 201, 4 мың гектарды құрады. Үстіміздегі жылы оның
егіс көлемі 52, 0 гектарға ұлғайтылып, 253, 4 мың гектарға дейін жеткізіледі. Егіс көлемінің қысқартылуы - құнарлылығы төмен және өнімі аз жерлердің ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылуының, ауыл шаруашылығы құрылымдарының энергия қуаттарымен қамтамасыз ету деңгейі төмен болуы салдарына байланысты болған. Бұл бекітілген жерлерді өңдеудің техникалық мүмкіншіліктерін шектеуге, тұқымдар мен жанар-жағармай дер кезінде сатып алуға қиыншылықтарды тудырған қаражат тапшылығына әкеліп соқты.
Бүгінгі күнде облыста күздік бидайдың 13 сорты өсіріледі. Оларға: «Безостая-1» (1963 ж. ), «Богарная-56» (1981 ж. ), «Южная-12» (1985 ж. ), «Жетісу» (1998 ж. ), «Стекловидная-24» (1998 ж. ) 2010 жылдан бастап, сынақтардың негізінде «Наз» сорты егілуде.
Жаздық жұмсақ бидайдың 6 сорты зерделенуде. Облыс бойынша «Эритросперум-841» сорты аудандастырылған, оның орнына қазір жаңа сорттар өсіріледі. «Мирас» сорты аудандастыруға 2005 жылдан басталды.
Облыста жаздық арпаның мына сорттары аудандастырылған: «Байшешек» (2000 ж. ) - жемге арналған, «Арна» (2005 ж. ) - сыра қайнатуға арналған.
Жүгері гибридтерінен облыста: «Казахстанский-43 ТВ» (2006 ж. ), «Казахстанский-700 СВ» (2000 ж. ) - Қазақстанның селекциясынан, сондай-ақ шетел селекциясынан - «ДК-636» (АҚШ), «Призма» (Швейцария) . 2006 жылдан бастап Қазақстан-Югославия бірлескен селекциясының «Қаз ЗП 77» гибриді аудандастырылған.
Дәнді дақылдардың, аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына және нарық коньюктурасынының ерекшеліктері ескерілмей орналастырылуы астық шаруашылығына байланысты қалыптасқан негізгі проблемалар қатарын қалыптастырады:
- ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты және бәсекеге шыдамды жүргізуді қамтамасыз етпейді;
- ұсынылған ауыспалы егістіктер тәртібі сақталмайды;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығы жекелеген аймақтарда төмендеп барады;
- мал азықтарды өндіру мәселелелерге назар аудару жеткіліксіз болып отыр.
Облыста бүгінгі нарық талаптарына сай ауыл шаруашылығы дақылдардың тиімді түрлерінің: бұршақтұқымдас, жармалық дақылдар, жемдік дәнді дақылдардың егіс көлемін ұлғайту; тиімді, болашақта үлкен сұранысқа ие болатын дақылдардың тұқымдарын өндіруді қолдау; дәнді дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын арттыру; мал және құс шаруашылығы бағыттарындағы арнаулы өндірістерді құру; 2008 жылы, 2005 жылмен салыстырғанда, күздік бидайдың егіс көлемін 4, 1 мың гектарға ұлғайтып, бидайдың жалпы көлемін 303, 7 мың гектарға дейін жеткізу болып отыр.
Осы ұсыныстардың болашақтағы іске асырылуы төмендегідей нәтижелерді қалыптастырады:
1) Бәсекеге қабілетті өсімдік шаруашылығы өнімдерін арттыру;
2) халықтың еңбекпен қамтылуы мен әл-ауқатын жоғарлату;
3) астық өткізу проблемасын шешу, астық рыногын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
4) 2020 жылға астық экспортын 50 мың тоннаға дейін жеткізу;
5) ғылыми-негізделген ауыспалы егістерді игеру;
6) мал шаруашылығының азықтық базасын күшейту.
IIІ Жамбыл облысының АӨК-дегі кластерлік жүйенің экономикалық тиімділігінің нарық жағдайындағы ерекшеліктері
Облыстың аграрлық секторында соңғы жылдары, жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің ұлғаю үрдісі сақталып келеді. Өткен 2018 жылы облыста өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алдын ала есептеулер бойынша 48 млрд теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 104, 8 пайызға артып отыр. Аграрлық саладағы басты мақсат - облыс халқын нарықтың сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес, тиісті стандарттарға сай сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету . Бұл тұрғыда, шаруашылық субъектілерінің ішкі резервтері мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, аймақтық мамандану мен ауыл шаруашылығы өндірісін диверсификациялау жоспары негізінде жоғары сұраныстағы өнімдер: дәндік жүгері, майлы дақылдар, көкөніс пен бақша өнімдері, мал азығы дақылдары сияқты өнімдерді өсіру басым бағытта белгіленген.
2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 513, 5 мың гектар алқапты алса, ал бұл 2018 жылмен салыстырғанда 600 гектарға артық.
Облыс бойынша қазіргі кезде тұқым өндірумен айналысатын 2 оригинатор-шаруашылық, 8 элиталық тұқым шаруашылығы, 21 тұқым қалыптастырғыш (репродуктор) шаруашылықтар жұмыс атқарады. Осы тұқым шаруашылықтары 2018 жылы сорт жаңарту мен алмастыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті тауар өндірушілерге 1149 тонна дәнді дақылдардың элиталық тұқымын, 195 тонна картоп тұқымын, 6 тонна көпжылдық шөп тұқымын дайындап, сатып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жоғары сапалы тұқымдарға деген сұраныстары мен қажеттілігін толық қамтамасыз етті.
Облыста ауыл шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы озық әдіс-тәсілдері мен қазіргі заманғы аса тиімді жаңа технологияларды пайдаланып, оны өндіріске ендіру жұмыстары: Байзақ, Жамбыл, Меркі аудандарының бірқатар шарушылықтары Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен бірлесе отырып, егіншілік жұмыстарына ылғал сақтау технологиясын енгізіп, оның ішінде, атап айтқанда күздік бидайды жалдап өсіріп, суару әдісін пайдаланып келеді. Осы технологияны тиімді меңгеру нәтижесінде бидайдың гектарынан 35-47 центнер өнім алынған. Биылғы жылдан бастап, осы су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының аса тиімді жаңашылдықтары көкөніс пен бақша өнімдерін тамшылап суару әдісін өндіріске енгізу қолға алынбақ. Көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көкөніс пен бақша өнімдерін ашық алқапқа қара пленканы пайдалана отырып, өсіруді тәжірибеге ендіре бастады. Бұл ағын суды пайдалануда, егілген дақылдардың жылдам көктеп, жетілуін қамтамасыз етуде және өсімдік зиянкестерімен күресуде өте тиімді тәсіл болып табылады.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған концепциясын жүзеге асырудың 2017-2018 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде облысқа республикалық бюджеттен 742, 3 млн теңге трансферттер бөлінді және ол түгелдей игерілген.
Оның 395 млн теңгесі - көктемгі егіс-дала және егін жинау жұмыстарына қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялауға, 23 млн теңгесі - ағын су жеткізіп беру құнын субсидиялауға, 233, 9 млн теңгесі - мал шаруашылығын дамытуды қолдауға, 38, 5 млн теңгесі - тұқым шаруашылығын дамытуға, 51, 9 млн теңгесі басқа да ауыл шаруашылығын дамыту мақсаттарына жұмсалды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2009-2013 жылдарға арналған концепциясын жүзеге асырудың 2009-2011 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Іс жүзінде облысқа 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен 6 млрд 217, 5 млн теңге бөлініп игерілді, оның 3 млрд 296, 4 млн теңгесі 2018 жылға тиесілі.
Ауыл шаруашылығы саласында бүгінгі күн талаптарына сай жаңа техникаларды қолдануда үлкен көңіл аударылуда. Қазіргі кезде облыстың аграрлық секторында 7 машина-технологиялық станса тиімді жұмыс атқаруда. Олар 2018 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне барлығы 60 млн теңгенің қызметін көрсетті, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7, 1 млн теңгеге артық. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар алдында тұрған басты міндеттердің бірі - ауыл шаруашылығы техникаларын кезең-кезеңімен жаңалау ісі. Бұл орайда, өткен жылы лизинг негізінде 427 млн теңгеге 122 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникалары алынды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда қаржы жүзінде - 49 млн теңгеге, техника жүзінде - 30 бірлік артық алынған.
Аграрлық сектордың маңызды бір саласы - мал шаруашылығы. Бұл саладағы жағдай да оң көрсеткіштерімен тұрақталған, мал түрлерінің барлық көрсеткіштерінен өсімі жоғары және одан алынатын өнімдердің көлемі жыл сайын өсуде. Мұның барлығы малды бұрынғыдай әркім өз бетінше жеке-жеке өсірудің нәтижесінде емес, оларды ірілендірілген орта және ірі тауар өндіруші шаруашылықтарда өсірудің нәтижесінде.
Жамбыл облысының статистика демпартаментінің берген сараптамасы бойынша облысының барлық аудандарында 2017 жылдың қаңтар - наурыз айындағы мал шаруашылығының көрсеткіштерін 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырсақ, бұл салада оңды өзгерістердің барлығын байқатады 2018 жылдың қаңтар - наурыз айында облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында 16, 5 мың тонна ет өндірілді, бұл 2017 жылдың осы кезеңіндегі деңгейге 102, 4 %-ды құрайды. Сауылған сүттің жалпы көлемі 0, 8 мың тоннаға (1, 6 %-ға) артып, 50, 2 мың тоннаны құрады. Жұмыртқа өндіру 2134 мың данаға (11, 2 %-ға) артты.
2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2018 жылда облыстағы ірі мүйізді мал саны 7, 5 мың басқа (2, 2 %-ға), қой мен ешкі 57, 2 мың басқа (2, 3%-ға), жылқы 2, 3 мың басқа (2, 8 %-ға), түйе 92 басқа (1, 8 %-ға) артты (кесте 17) .
Кесте 17 - Жамбыл облысының мал шаруашылығының барлық түрінен 2012 жылғы көрсеткіштері (мың бас) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz