Экономикалық дамудың кластерлік принципі - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

№8 СӨЖ. "Экономикалық дамудың кластерлік принципі" - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру"

Кейс тапсырма

Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай репрессиялау шараларын зерттеу және ұлттық интеллигенцияның әдеби мұраларын қалпына келтіру

Қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысына 1937 және 1938 жылдардағы жаппай саяси репрессияның тигізген зардабы өте ауыр болды. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясына қарсы бұрын-соңды болмаған көлемде қызыл большевиктік шабуыл жасалды. Тарихи зерттеулерге қарағанда, осы жылдары ﴾1937-1938﴿ қызыл қырғында ең көп қаза тапқандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлері болды. Ал осы азаматтардан соң, біздіңше, ең көп саяси репрессияға ұшыратылғандар - ұлттық ой еңбегінің интеллигенция өкілдері, ал олардың ішінен ең алдымен, ақын-жазушылар болды.
1937 жылы 11-ші тамыз күні Ілияс Жансүгіров тұтқынға алынды, 24-ші қыркүйекте Сәкен Сейфуллин тұтқындалды, Бейімбет Майлин 6-шы қазан күні темір торға түссе, ал 8-ші қазанда Ахмет Байтұрсыновтың ұсталғанына байланысты деректер бар. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғаббас Тоғжанов, Санжар Аспандияров, Темірбек Жүргенов, Абат Әлібаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Мұстафа Қайыпназаров, Райымжан Мәрсеков, Орынбек Беков сынды сөз зергерлері мен қаламгерлерінен, олардың шығармашылық мұрасынан көз жазып қалған қазақ кеңес әдебиеті бір сәтте ортайып, жүдеп шыға келді. Сөйтіп жеке басқа табынудың құрбаны болып кеткендердің қаншама шығармалары, мәдениетке қосар үлестері өздерімен бірге мәңгі жоғалды. Демек, қазақ халқының тұлғалы ұлдары 1937 жылы «халық жауы» деген айып тағылып, қасіретті қудалаудың құрбаны болды. Алайда «халық жауларының" негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғары сот әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді. Бұл жылдары Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: Абдолла Асылбеков, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов, Нәзір Төреқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сабыр Шәріпов, Тұрар Рысқұлов халық жауы деп жарияланды.

Саяси репрессияның 1937-1938 жылдардағы толқынында қаза тапқан, ақын жазушылардың басым бөлігі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдарда қызмет еткен интеллигенция өкілдері еді. Олардың құрамында: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Молдағали Жолдыбаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Жұмат Шанин, Халел Досмұхамедов, Елжас Бекенов, Біләл Сүлеев, Телжан Шонановтардың халық жаулары болып дүниеден өтуі - төңкеріске дейінгі ескі ой еңбегі интеллигенциясының түгелдей дерлік саяси репрессияның құрбаны болып, қаламгерлердің осы ұрпағынан аман қалғандардың некенсаяқ екендігін көрсетті. Ескі оқығандар бір басқа, ал Хамза Жүсіпбеков, Әбдірахман Айсарин, Қошке Кемеңгеров, Әуелбек Қоңыратбаев, Шәймерден Тоқжігітов, Ілияс Қабылов сынды және тағы басқа қаламгерлердің әдебиетке әкелген-де, саяси жау деп өмірлерін қиған да социализм болды.
Саяси репрессия жылдарының зобалаңы қазақ интеллигенциясының құрамындағы маңдай алды ер азаматтарының өмірлерін қиып жіберсе, ал қазақтың әйел интеллигенциясына өте ауыр соққы болып тиді. Бұл оқиға олардың сан жағынан өсуін тежеді. Олар өздері үшін-де, «халық жаулары» болып кеткен күйеулері үшін-де, жауапкершілікке тартылды. АЛЖИР-де қапаста ән айтып «Қалың қазақтың әйелдерінің тас болған жүрегін жылытып, көңілдеріне күн сәулесін ұялатқан» Жанбике Шанина, қамауда жүріп өлең жазған Күләндам Қожанова, Мағжан өлеңдерін тұтқын әйелдердің көңіліне медеу еткен Мәриям Есенберлина, 8 жыл бойы АЛЖИР мен Нижний Тагил лагерінде тұтқында жүріп дәрігерлік қызметпен айналысқан Дәмеш Жүргенова, бес баласынан айырылса да, өзгелерге сүйеніш бола білген Күнжамал Майлиналардың ерліктеріне кейінгі ұрпақ тағзым етеді. Қазақ әйелдеріне тән ең жақсы қасиеттерімен көрінген Гүлбахрам Сейфуллина, Мәриям Тоғжанова, Рәзия Мендешева, Әзиза Рысқұлова, Рабиға Аспандиярова, Бибіжамал Сырғабекова, Айша Қабылова және тағы басқа рухы қайсар қазақ әйелдері болды. Сонымен бірге қандықол сталинистердің қолынан Телжан Шонановтың жұбайы Шахзада Шонанова қаза тапты. Сондай-ақ түркі халық партиясы дегенді құрдыңдар деп айыпталғандардың қатарында Ғанижамал Қабдалиева 1937-1947 жылдары Сібірге айдауда болды.

Прагма-кәсіби проблемалық тапсырмалар

- Қазақстанда сталиндік лагерьлер - Степлаг, Карлаг, Алжир т. б. құрылды. Террор жаппай сипат алды. Саяси репрессиялар үш кезеңде өтті: 1928 - 1931 жж., 1937 -1938 жж., 1949 - 1950 жж. Осы уақытта репрессияға 110 мың адам тартылды. Осыған байланысты тоталитарлық режим неліктен қоғамның сауатты бөлігін жойды деген сұраққа жауап беріңіздер?

Кеңестік биліктің қуғын-сургін саясаты 1937-1938 жылдары өзінің шарықтау шегіне жетті. Толық анықталмаған кәрсетулер бойынша қазақстанда 103 мың адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы өлім жазасына кесіліп, атылды. Сөйтіп, өз азаматтарың жою ісінде кеңестік билік фашистік жүйелерден асып түспесе, кем түскен жоқ. 30-жылдары «отанына опасыздық жасады» деген желеумен сотталған кісілердің жарларын қамауда ұстайтын лагерьлер ашылды. Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. Балқаш түбіндегі әскерилерге арналған лагерьдегі жерлеу орындары Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмек-тескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО ішкі істер комиссариатының ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарыңа қазақстандағы далалық лагерь жатқызылды. Далалық лагерь тұтқындары «Қазмысқұрылыс» тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді. Ресми құжаттарда «Қарлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» деген атпен белгілі болған лагерьлер осы. Гулаг жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады. Ал Гулагтың құрамына әр түрлі салалық өнерқәсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД жазалау-куштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын орынға айналды. Қазақстанда 1939 жылы 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары орналасты. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гулаг жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары орналасты. 1953 жылы 1 қаңтарда қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңга жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6, 5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.

Дегенмен-де бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі сол, жаңадан қалыптаса бастаған республика интеллигенцияларының арасындағы қазақ интеллигенциясы қауымының мүшелері зерттеу аралығының жылдарында жүргізілген саяси қуғындау салдары мен репрессиялардың зобалаңдары мен зардаптарын басынан өткізіп, сапалық жағынан бұрынғыдан да күйзеліске ұшырады. Сол бір қайғылы кезеңнен бері араға біраз жылдар түсті. Осы мерзімде бірнеше ұрпақ алмасып, өмір шындығы да өзгеріске ұшырады. Алайда, сол үресілі жылдардың қайғы-қасіреті қазақ халқының бүгінгі таңдағы санындағы кемшіліктеріне байланысты тарихи демографиялық жағынан қарағанда әлі сезіліп, біздің қазақ халқымыздың жадында мәңгілік сақталды, өйткені Голощекиндік геноцид пен Сталиндік террордың жазықсыз құрбандарының балалары мен туыстары ол күнді өмірде ұмытпайды. Қорыта айтқанда 1926 - 1959 жылдар аралығында республика халқының арасында қазақтардың саны 27, 1 пайызға кеміп, азайғандығы байқалады. Осылайша қазақ халқы өзінің ата жұртында отырып өз ана тілінен, ұлттық ерекшелігінен, өз мемлекеттігін сезінуден айырмақшы болған қауіпті қара сызықты алғаш рет аттаған еді. Демек, зерттеу аралығында Қазақстан интеллигенцияларының арасында қазақ интеллигенциясының саны мен құрамындағы өзгерістер байқалды. Яғни, бұдан қазақ мамандарының қызмет түрлерінің әр түрлі салалары бойынша қалыптасып, саны мен үлесі артып, қазақ интеллигенциясы қатарының өсіп келе жатқанын байқаймыз.

Біз өмір сүрген қоғам ком­му­нистік-тоталитарлық жүйе деп аталды.
Бұл қоғамда коммунистік партиядан басқа партиялар, демокра­тия­лық құрылым болған жоқ. То­тали­тарлық жүйе үстемдік жасады. Тоталитарлық жүйе фашис­тік жүйеге жақын тұрған құрылым. Онда тек бір ғана партия билейді. Сондықтан мұндай қоғамда билік әрқашан қуғын-сүргінге бейім­деледі. Өйткені, билікте отырған тарихи тұлға сол биліктен кеткісі келмей, мәңгілік отыруды қалай­ды. Ал коммунистік партия қоғам­дағы жалғыз партия болғандықтан ол да билікті мәңгілік өзінің қо­лын­да ұстағысы келеді. Мұндай жүйеде тіпті коммунистік партия­ның билігін қамтамасыз етіп отыр­ған тарихи тұлға (мәселен, Сталин) өлгеннен кейін де оның орнына отыратын адам сол ком­му­нистік партияның тұлғасы болуы керек. Сталиннен кейін би­лікке келген Хрущев, Брежнев, т. б. осындай адамдар еді. Тотали­тар­лық жүйе әрқашан күдікке, се­німсіздікке негізделді. Дегенмен, социализмнің әр түрлі нұсқалары бар. Мысалы, Қытай коммунистік идеяларды пайдалана отырып, оны демократияның құн­ды­лықтарына бейімдеп, батыстық демократия мен коммунистік идеяны ұштастыра алды. Бұл, әрине, әрбір елдің өзіндік ерек­ше­лі­гіне байланысты болатын жағдай. Біздің елімізде коммунис­тік жүйе әу бастан қуғын-сүргіннің негізінде өмірге келген еді. Сон­дық­тан да 1917 жылғы Қазан төң­ке­рісі большевиктердің демокра­тия­лық қоғамды талқандау, оны тоталитарлық жүйемен ауыстыру сипатында болды. Коммунистер азамат соғысын ұйымдастырып, қауымды «ақ» және «қызылға», бай мен кедейге бөлді. Әлеуметтік топтарды өзара қарсы қойып, жауластырды. Осындай жолмен коммунистер өзінің билігін қам­та­масыз етті. Билікте отырған Ста­лин осы әдісті бүкіл қоғамға қол­данды. Нәтижесінде өмір сүру әдісі дәстүрлі мал шаруашылығы­мен айқындалатын халықтың қыр­ғынға ұшырамауы мүмкін
ем­ес еді. «Батыстық капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озамыз» деген ұран көтерген Кеңестер Одағы индустрияландыру саясатын жүргізді. Индустрияландыру саясаты жабық елде жүргізілген­діктен, капиталистік елдермен қарым-қатынасымыз өте шектеулі және жаулық сипатта болғандық­тан индустрияландыруды азық-түлікпен қамтамасыз ету керек болды. Қоғамды етпен қамтамасыз ету жұмысын большевиктер қазақ халқының мойнына жүктеп қойды. Мәскеу, Ленинград секілді үлкен қалалар және индус­трия­лық орталықтар қолға алын­ған кезде большевиктер ірі қала­ларды, Қызыл армияны, өнеркәсіп орта­лықтарын етпен қамтамасыз ету міндетін қазақ халқының есе­бі­нен шешті. Мұндай жағдайда, әрине, қазақ халқының басында тұрған, осыған наразылық білдіре алатын қазақ зиялыларының көзін жою керек болды. Қазақ хал­қы­ның зиялылары деп отырға­ны­мыз, негізінен, оқыған алаш азаматтары. Алашорда деген, шын мә­нінде, кеңестік билікке қарсы қозғалыс болды. Алашорда Кеңес­тер үкіметін мойында­ғанның өзінде де большевиктік-то­тали­тар­лық жүйе Алаш қозғалысының басшыларына сенген жоқ. Сон­дық­тан кеңес заманынан бұрын Ресейде білім алған қазақтың оқы­ғандарының барлығы ұлт­шыл­­дар ретінде қуғындалды.

1925 жылы мамыр айында Ста­лин­нің «Ақ жол» газеті туралы ха­ты ұлт­тық интеллигенцияны сая­си-пар­тиялық жұмыстардан алас­татып, қуғын-сүргінге ұшы­ратуға жол ашты. 1925 жылдан бастап ұлттық интеллигенция саяси партиялық жұмыстардан ау­лақтатылды. Әрине, больше­вик­тердің сеніміне кірген, ком­му­нистік идеяны мойындайтын бірен-саран адамдар уақытша болса да билікте қал­ды­рыл­ды. Мәселен, С. Қожанов, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, Ж. Мың­­баев. Кейін­нен коммунистік жүйе біраз пай­да­ланған О. Исаев, Ұ. Құ­лым­бетов сияқты тұлғалар да бол­ды. Бұлар­дың бәрін 1937-38 жыл­дардағы қуғын-сүргін кезінде атып тастады. Адамдарға, ұлттық кадрларға сенімсіздік әрқашан коммунистік жүйенің басты назарында болды. Орыс ұлтының өкілдерінен басқа­ларға, әсіресе, ұлттық интелли­ген­цияға сенім­сіздік танытылды.

Эссе

«Қазақстандағы ГУЛАГ жүйесі»

ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы - КСРО-да 1934 - 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудың кластерлік принципі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру тетіктері
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КЛАСТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Кластер және бәсекелестік
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz