Сиырларға қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

СӨЖ
" 5В120200-Ветеринарная санитария " мамандығы бойынша

Тақырыбы:

"Сиырларға қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру"

Орындаған:

Тексерген:

Ұрықтандыру, қолдан - күйлеген аналық малдың қынабына аталықтың ұрығын қолдан жіберу, яғни қолдан ұрықтандыру. Ұрықтандыру мал шаруашылығы саласындағы ірі жетістік болып табылады. Ұрықтандыру арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды аталық ұрығымен бір кезеңде көптеген аналық малды ұрықтандырып, бір жылда оған тартқан мыңдаған төл алып, нəтижелі тұқымдық асылдаңдыру жұмысын жолға қоюға болады. Ұрықтандыруда аталық мал ұрығының сапасын алдын ала тексеріп, түрлі жыныс ауруларына жол бермеуге жол ашылады. Ұрықтандыруды жүргізу үшін қажетті құрал- жабдықтар мен ол істі жете менгерген білікті маманы болуы керек. Ол əр мал түлігінен ұрық алып, сақтап, бөліп, онымен күйлеген малды шебер ұрықтандырура білуі керек. Мал түліктерімен қоса құс мекиендері де ұрықтандырады. Малдың қысыр қалуымен пəрменді күресу үшін əрбəр маман малдың қысыр қалу жəне малдың бедеулігі деген ұғымдарды дұрыс түсіне білуі керек. Малдың бедеулігі дегеніміз оның төл беру қабілетінің əртүрлі себептерге байланысты уақытша немесе біржола бұзылуы болып табылады.
рі қара мал шаруашылығында сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандырудың тиімді аспектілері болып саналады:
1. Сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру кезінде өнімділіктері жоғары, өте құнды өндіруші бұқалардың ұрықтарын неғұрлым кең көлемде пайдалануға мүмкіндік туады, осыған байланысты сиырлардың асыл тұқымдық және өнімділік көрсеткіштерін өте тиімді және аз уақыт аралығында жақсартып алуға болады: сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру арқылы селекциялық жұмыстын қарқының, басқа әдістермен салыстырғанда 2-3 есеге жоғарлатуға болады;
2. Қолдан ұрықтандыру, белгілі бір мал табынының генетикалық көрсеткіштерін есепке ала отырып, соған сай келетін өндіруші бұқаны таңдап алуға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
3. Қолдан ұрықтандыру әдісі, малдарды ерікті қашыру кезінде таралатын жыныс жолдарының жұқпалы ауруларынын алдын алады;
4. Экономикалық жағынан да қолдан ұрықтандыру әдісі өте тиімді болып саналады, себебі бұл әдіс бұқаларды күтіп бағуға жұмсалатын шығындардың көлемін бірнеше есеге дейін төмендетеді;
5. Қолдан ұрықтандыруды пайдалану, табындағы малдарды алғашқы зоотехникалық есепке алу және асыл тұқымдық есеп жүргізу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.
Осы себептерге байланысты, Қазақстан Республикасында, болашақта ірі қара малдың асыл тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту бағыттары бойынша іске асырылатын, етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту тақырыбындағы селекциялық стратегия
- ол сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру арқылы, өндіруші бұқаларды неғұрлым кеңірек пайдалануға бағытталуы қажет.
Бірақ, бұл жұмысты ойдағыдай жүзеге асыруға бірнеше кедергілер бар, ол: сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыратын білікті мамандардың аздығы және қолдан ұрықтандыру бекеттерінде, малдарды қолдан ұрықтандыруға қажетті құрал-жабдықтардың, құрал-саймандардың жетіспеуі.
Сондықтан, осы оқу құралында, малдарды қолдан ұрықтандыру әдісін пайдаланған кезінде осы жұмыстың тиімділігін айтарлықтай жоғарлататын, негізгі ұйымдастыру-техникалық және технологиялық шараларға түсініктемелер берілген.

1. СИЫРЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ

Қолдан ұрықтандырудың жемісті өтуі ауылшаруашылық малдарының жыныс жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын жетік түсініп білуге байланысты. Сиырды ұрықтандырмастан бұрын аналық малдың жыныстық органдарының анатомиялық бөліктерін және олардың орналасқан жерлерін жақсы білген жөн (сурет 1).
Аналық малдың жыныстық жүйесі сыртқы және ішкі жыныстық органдар болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жыныс органдарына жататыны: жыныс еріндері, клитор, қынаптын кіреберіс бөлігі.
Ішкі жыныс органдарына жататыны: қынап, жатыр,жұмыртқа жолдары және аналық без.
Ішкі жыныс органдары тоқ ішек бөлімінің астында орналасады.
Репродуктивті жолдардың астында қуық орналасады. Ол қуықтың каналы арқылы қынаптың төменгі қабырғасымен байланысады.
Жыныс еріндері - репродуктивтік (жыныстық) жүйеге сырттан кіретін жол болып табылып, келесідей қызметтерді атқарады: зәр өту жолы, ұрықтандыру жолы және төлдеу каналының бөлігі. Малдың күйіті келгенде жыныс еріндері ісініп, ылғалданып, қызарғаны байқалады.
Қынап - қуықтан жатыр мойнына дейін ұзына бойы шамамен 20 см-дей орын алады. Жамбас қуысында орналасқан қынап төлдеу кезінде төлдеу каналының бір бөлігі болып қызмет атқарады.
Жатыр 3 бөлімнен тұрады: жатырдың мойыны, жатырдың денесі және жатырдың мүйіздері. Жас малдардың жатыры жамбас қуысында орналасса, сақа малдардың жатыры құрсақ қуысына қарай түсінкі орналасады.
Жатырдың мойыны - қынап пен жатырды байланыстыратын, тығыз дәнекер ұлпа мен бұлшық еттен тұратын, ұзындығы 8-12 см қалың бүйірлі орган. Жатыр мойыны 3-4 сақинадан немесе қатпардан тұрады.
Жатыр мойынының негізгі міндеті - жатырды сыртқы ортадан қорғау.
Жұмысын енді бастап жүрген ұрықтандырушы-техниктер үшін катетермен жатыр мойынында және оның қыртыстарында жұмыс істей білу негізгі қиындық туғызатын жағдай болып саналады.
Жатырдың мойыны жатырдың денесіне ашылады.
Жатырдың денесі - 2-4 см ұзындықты жатыр денесі жатыр мойыны мен жатыр мүйіздерін біріктіруші болып саналады. Жатырдың денесі қолдан ұрықтандыру кезінде ұрықтын таралатын орыны болып саналады.
Жатырдын денесі бөлініп, ары қарай жатырдың екі мүйізіне ұласады.
Жатырдың мүйіздері - ұзындығы 20-30 см жатыр мүйіздері қабатталған бұлшық еттен және көптеген қан тамырларынан тұрады.
Жатырдың басты міндеті - ұрықтандыруға және төлдің дұрыс дамуына қажетті ортамен қамтамасыз ету болып саналады. Жатырдың жиырылуы ұрықтын қозғалысына көмектеседі. Сиыр ұрықтанғаннан соң жатырдың бұлшық еттері окситоцин гормонының әсерімен ұрықты жұмыртқа жолдарына қарай бағыттап ырғақпен, бір қалыпты жиырылады.

Сурет 1 - Сиырдың жыныс органдары
1 - аналық без; 2 - сары денешік; 3 - жұмыртқа жолының қуысы (воронка); 4 - жұмыртқа жолы; 5 - жатырдың денесі; 6 - жатырдың денесі; 7 - жатырдың мойыны; 8 - қынаптың қуысы; 9 - аналық бездің қосымшасының созылмалы каналы; 10 - уретраның сыртқы саңылауы; 11 - клитор; 12 - жыныс еріндері; 13 - қынаптың кіреберісі.

Жұмыртқа жолдары - үш айқын байқалатын бөліктерден, атап айтқанда, истмус, ампулалар мен воронкалардан тұратын, қатты иреленген каналдар.
Жатырға жақын бөлік - истмус деп аталады. Жатыр мен истмустың арасындағы бірігу жатырлық-түтіктік бірігу деп аталады. Ол толық жетілмеген шәуіттерді сүзгіден өткізетін фильтр болып саналады, ал истмустың өзі жақсы жетілген шәуіттердің жиналатын орны болып табылады.
Жұмыртқа жолдарының аналық безге жақын орналасқан үстіңгі бөлігі ампула деп аталады. Ампуланың ішкі диаметрі истмустың ішкі диаметрінен үлкенірек болып келеді, ол аналық клетканың өтуін жеңілдетеді. Жұмыртқа жолдарының осы бөлігінде толық жетілген аналық клетка шәуітшемен қосылады, яғни ұрықтану.
Жұмыртқа жолының шеті аналық безді қоршайтын орнында кеңейіп, жұмыртқа жолының воронкасы деп аталады, ол аналық клетканың малдың денесіне түсіп кетуден сақтайды. Оның түкке ұқсайтын құрылымы аналық жасушаға және оны қоршаған жасушаларға жұмыртқа жолдары бойынша қозғалуға көмектеседі.
Аналық бездер - диаметрі 2-5 см, сиырдың жыныстық жүйесінің негізгі органы болып саналады.
Аналық бездері жыныстық бездің рөлін атқарады. Онда жыныс жасушалары пайда болып, дамып, жетіледі. Сондай-ақ олар жынстық циклдың әр түрлі сатысында жыныстық гормондарды, яғни эстроген мен прогестеронды өңдіріп шығарады.
Жыныстық циклдың әр түрлі сатыларында, тік ішек арқылы қолмен басып көргенде аналық бездердің үстінен екі түрлі өсінділерді анықтауға болады:
Фолликулалар - аналық бездің бетінде орналасқан, дамып келе жатырған аналық жасушалардан тұратын, іші сұйықтыққа толы көпіршікті зат.
Әдетте, тік ішек арқылы қолмен ұстап қарағанда әр аналық бездің бетінен пішіндері әр түрлі көптеген фолликулаларды ұстап байқауға болады (сәл ғана байқалатын, диаметрлері 18-20 мм-ге дейінгілерден бастап).
Осы фолликулалардың ішіндегі ең үлкені, сиыр күйге келгенде овуляцияға қажеттісі деп саналады. Уақыт өте келе фолликулдардың 95%-ы кішірейіп, овуляциясыз жоғалып кетіп, олардың орны өсіп келе жатырған фолликулалардың жаңа ұрпақтарымен толықтырылады
Сары денешік - алғашқы жыныстық цикл кезінде овуляция болған орын. Сары денешіктің басы аналық бездің үстінде орналасып, тік ішек арқылы тексергенде анық байқалады. Сондай-ақ, сары денешікте іші сұйықтыққа толы, жіңішке, бірақ тығыз қабырғалы қуыс болады. Аналық бездің бұл бөлігінің түсі айқын, сары түстен, қызғылт сары түске дейін.

2. СИЫРЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЦИКЛДАРЫ

Жыныстық цикл - күйлеудің бір стадиясынан келесі стадиясына дейінгі аралықта аналық малдың барлық ағзасында және жыныс органдарында болатын физиологиялық және морфологиялық өзгерістер.
Аналық малдардың жыныстық циклы орташа 18-23 тәулік сайын қайталанып тұрады.
Сиырлар мен қашарларды ұрықтандырудың тиімді уақытын таңдау үшін міндетті түрде жыныстық циклдың стадияларын - шырыштын ағуын (течка), жалпы қозуын,жыныстық күйітін және овуляцияны ескеру қажет.
Шырыштын ағуы - қынап кіреберісі мен жатыр мойыны қабықтарының ісініп қызаруымен сипатталады. Жатыр мойынының қуысы ашылып, жыныс органдарынан шырыш ағады. Күйіті енді ғана басталғанда шырыш мөп-мөлдір, ортасында ол созылмалы болады, ал күйіттін соңында шырыш қоюланып, түсі бұлдырланады. Шырыштың ағуы 2-6 тәулікке созылады
Жалпы қозу - шырыштың ағуы басталғаннан кейін 24-36 сағаттан соң басталады. Жалпы қозу кезінде малдың мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданады, тәбеті төмендеп, сауылатын сүттің көлемі төмендейді, сиырлар немесе қашарлар басқа аналықтарға секіреді, өзіне де басқа малдарды секіртуге бой береді.
Жыныстық күйіт - сиырлардың ұрықтануға дайын екендігін сипаттайды. Сиырлар тынышталып, өзіне басқа сиырлар мен қашарлар секіргенде қозғалмай тыныш тұрады. Көп жағдайда сиырлардың жыныстық күйіті танертен басталып, 12-18 сағатқа созылады.
Овуляция - аналық жасушаның фолликуладан шығуы. Ол күйге келу аяқталғаннан кейін 10-15 сағаттан соң немесе күйіттін басталғанынан 24-30 сағат өткеннен кейін байқалады.

3. КҮЙІТІ КЕЛГЕН СИЫРЛАРДЫ ЖӘНЕ ҰРЫҚТАНДЫРУ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ

Сиырлар әдетте 21-ші күні (18-23 ауытқумен) күйге келеді. Күйіті келген сиырларды тәулігіне үш рет, 30 минут аралығында қарап, таңдайды: таңертен және түскі уақытта - сиырлар серуендеп немесе жайылымда жүргенде, кешкі уақытта - сиырларды сауып жатырғанда немесе азықтандыру, суару жұмыстарын жүргізіп жатырғанда анықтау қажет, себебі осы уақыттарда ғана күйіті келген сиырлардың 80-90%-ын анықтап алуға болады.
Тәулік уақытының ерекшеліктеріне байланысты күйіті келген сиырлардың белсенділігі әр түрлі болады.
Күйіті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Қойды қолдан ұрықтандыру
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Қолдан ұрықтандыру
Жасанды бедеулік
Нышанды бедеулік
Мал азықтандыру
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Алиментарлық бедеулік
Эмбрионды реципиентке қондыру
Пәндер