Зар заман ақындарының ахлақтық мәселелер
ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АХЛАҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Н.Т. Даркулов
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің 1 курс магистранты
Зар заман ақындарының кезеңі қазақ даласында жаңа құбылыстардың өріс алып жатқан шағы еді. Бұл ел-жұрттың тек әлеуметтік-тұрмыстық тіршілігіне ғана емес, адамдардың мінез-құлқының өзгеруне, рухани құлдырауына да әсер етті. Патшалық билік отарлау саясатын күшету үшін қазақтың сонау ғасырлардан жалғасып келе жатқан рухани дүниесіне шабуыл жасауды басты міндетіне айналдырды. Осының салдарынан халық ішінде парақорлық, әділетсіздік, екіжүзділік, өзара алауыздық, үлкенді сыйламау, кісі ақысын жеу, қыз тәрбиесінің бұзылуы және мұсылмандық сипаттан айырылу секілді озбырлықтар кең етек ала бастады. Осы кезеңде зар-заман ақындары халықтың әлеуметтік теңсіздіктерімен қатар өздерінің дидактикалық өлең-жырларымен ұрпақ тәрбиесіне қызмет етуді перзенттік парызы санады. Осылайша тәрбиелік маңызы зор көзқарастары арқылы замана кемшіліктерін сөздеріне арқау етіп отырды.
Шортанбай ақын да қоғамды тура жолға бастауда, тәрбиелік тәлімі зор жыр шумақтарын артына мұра етті. Ең әуелі ел түзелу үшін, сөз түзелу керктігін түсінген Шортанбай ақын Шөжемен айтысында:
Әй, Шөже, ғибрат қып сөз айтайық,
Бос мақтан, пәни сөзін аз айтайық.
Сен жеңдің, мен жеңдімнен еш пайда жоқ,
Тілейік мұсылманның амандығын,
Халыққа ой түсетін наз айтайық. (1.119)
Мұсылман Алланы зікір етуден, әсіресе дүниелік бос сөздерді сарп етуден аулақ болуы қажет. Өйткені мұндай жағымсыз әрекет жүректің қатігездікке бой алдыруына себеп болуы мүмкін. Ал қатігез жүректер Алланың мейірімінен ұзақ қалады. (4.412) Мұсылман шырын сөзді болып, оның тілінен өзгелер тек жақсылықты естиді. Бос сөзділік мұсылманға жат.
Қасиететті Құран кәрімде Алла тағала: Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер. Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды деген. (Ахзаб сүресі 70-71 аят)
Шортанбай ақында Алланың осы рахымынан үміт етіп, қияметтік пайдасы үшін артына жақсы сөз қалдыруды мақсат етеді.
Бұл бәйітті шығарған
Адамға болғай саламат.
Мұны көріп оқыған,
Молдаға болғай рахмет.
Сөзім қалсын артымда,
Бір күні болар қиямет.
Дұға қылып қол жайғай,
Мұны есіткен әлеумет.(1.72)
Адамның өзіне жеңіл болғанмен өзгеге ауыр зіл болған сөз. Сөйлеу мәдениетін асыл дініміз Исламда кеңінен түсіндіріп береді. Әбу Хурайрадан келген риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін... дейді. Бұл хадис арқылы пайғамбарымыз (с.ғ.с) адамдарды нағыз игілікке, тақуалық істердің ең пайдалынысына үндейді. Мұсылмнның, оған ақіретте пайда келтіретін, сонымен қатар бүкіл қоғамға бақыт, игілік әкелетін нәрселер туралы айтуы иман кемелдігінің белгілерінен, екенін түсіндіреді. Анастың сөзінен алыған риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Пенденің иманы оның жүрегінде туралық болмайынша тура болмайды, және оның жүрегі, оның тілі туралықта болмайынша, тура болмайды деген. Мұсылман бір нәрсе туралы сөйлегенде әдеп нормаларын сақтауы тиіс. Алла тағала құранда: Олар бос сөздерден аулақ болады делінген. (муминун сүресі 3 аят). (1. 120-121)
Алла тағала: Адамдарға жақсы сөз сөйлеңдер, басқа аятта (бақара 83) Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, дұрыс сөз сөйлеңдер (ахзаб сүресі 70 аят) дейді. Пайғамбар хадисінде: Жақсы сөз садақа деген.
Өзін мұсылман санаған адамның белгісі ең бірінші тілінен бақалатынын айтақан Шортанбай ақын,
Құдай деген момынның
Ауыздан кетпес тобасы.
Иманы бардың белгісі -
Тілінен тамар шырасы.(1.64)
Қажетсіз сөздерден аулақ болып, тек пайдалы сөздерді әңгімеге арқау етуді Шортанбай Алладан қорқумен байланыстырып түсіндіреді.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қарауыл қояр сөзіне. (1.68)
Ия, сөйлей алмаған адамның үндемегені олжа. Сөз мәдениетінің бұзылуы, нәпсінің жүгенсіз кетуімен байланыстыруға болады. Ал, нәпсісін тәрбиелеген адам, сөзден қате кетпеуі үшін үндемеуді артық санайды. Яхия ибн Муғаз әр-Рәзи: Нәпсіге қарсы жыттығу қылышымен күрес. Жаттығу төрт нәрсе арқылы жүзеге асады: аз тағам, аз ұйқы, аз сөйлеу мен қиындықтарға сабыр ету. Тағамды аз жеу - құмарлықты өлтіреді, аз ұйқы - шексіз қалауды басады, аз сөйлеу - сау-саламаттыққа (дүниеде де, ахиретте де) апарады, қиындықтарға төзу - мақсаттарға жеткізеді, - деген. (10.45)
Дулат Бабатайұлы ауыздан шыққан сөзге қарауыл қойған адамды, иманын сақтап қалған адам деп, оны әулиеге теңеген. Ал иманын сақтап, Алла разылығына қауышып жаннатқа кірген адам, Ұлы жеңіске жеткен адам - Ол қалай мақтанса да лайық дейді.
Бейішке кірген мақтансын,
Иманды болып өлген соң,
Күнәдан аузын сақтаса,
Әулие демей, не дейміз? (3.115)
Алланың адам баласына береген нығметтерінің ең Ұлысы - Иман. Мұсылман иманын көзінің қарашығындай сақтайды. Иманына сызат түсіріп алмай, әлсіретіп алмай, Алланың хақ сөздерін естумен, оқумен, тыңдаумен қуаттап отырады. Пенде тілін орынсыз пайдаланумен Алланың береген иман нығметін бағаламайтынын Дулат ақын назарынан тыс қалдырмайды.
Өтірік, жалған сөйлейді
Иманына қас кісі. (3.142)
Адам баласының тозақтық болуына да, жаннаттық болуына да себеп тілі. Тілдің кесапаттары адам баласына болатын зияндардың ең қауіптісі. Тіл түзелсе ой мен ниет түзеледі. Ата-бабамыз Басқа пәле тілден деген тәмсілі де шариғат заңдылығынан басқа емес. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) Әбу Сағидтен (р.а) жеткен хадисінде: Адам баласы таңертең ұйқыдан тұрғанда, бүкіл дене мүшелері тілдің алдында бас иіп: Біз үшін Алладан қорық. Шын мәнінде біз саған тәуелдіміз. Егер сен туралықты ұстансаң, біз де тура жолда боламыз. Ал егер тура жолдан тайсаң, бізде таямыз, - деп айтады, - деген. (5.548) Зар заман ақындары адам ағзасындағы маңызды мүше, тіл тазалығын, туралығын айта келе, тілден болатын кемшіліктердің бірі, өзгені ғайбаттау, өсектеу екенін қынжыла жырлаған.
Дулат Бабатайұлы өсек пен ғайбатты жанына серік еткен адамды, Алланың дұшпаны деп сынайды.
Өсек болды баққаным
Момынға құрған қақпаным.
Өсекші - Тәңірі дұшпаны,
Күнәмді қалай ақтадым?! (3.62)
Алла тағала Құран кәрімде: Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш дейді. (һумаза сүресі 1аят) Осы аят арқылы тілді сақтауды еткерткен.
Ал Шортанбай ақын, тілін сақтаған мұсылманның түрлі залалдардан аман болатынын айтады.
Өтірік, ғайбат, зорлықтан
Бойыңды тартып тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды. (1.63)
Осы шумағында өтірік, өсек, кісіге зорлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz