Азық-түлік қауіпсіздігі түсінігі, мәні және қауіпсіздікке жету жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

АЗЫҚ-ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

КІРІСПЕ

Қауіпсіздік түсінігі көп қырлы болып табылады жəне бірнеше құбылыстарды қамтиды. Олар ядролық, радиациялық қауіпсіздік, сəулелену қауіпсіздігі, өнеркəсіптік, механикалық, химиялық, электрлі, жылу жəне өрт қауіпсіздіктері, сонымен қатар жарылыс қауіпсіздігі жəне биологиялық қауіпсіздік түрлері болып бөлінеді.

Өз кезегінде биологиялық қауіпсіздік түсінігі көрнекті Ресей ғалымы Владимир Иванович Вернадскийдің (1863-1945) еңбектерінде тұжырымдалған биосфера концепциясымен тығыз байланысты, онда тірі жəне өлі табиғат бір-біріне өзара əсер ете отырып, тығыз бірлікте тіршілік етеді. Сондықтан адам биосфераның табиғи бөлігі бола отырып, өзінің шаруашылық əрекетінің нəтижесінде қоршаған ортаны өзгертеді жəне бір уақытта əрқашан қолайлы бола бермейтін осы өзгерістерді өз басынан кешіреді. Кейде, адам əрекеті экожүйенің қатаң бұзылысын тудырады, сондықтан биологиялық қауіпсіздік түсінігін барлық тірі ағзаға қатысты қарастыру қажет, мұның астарында экожүйенің өзін-өзі реттейтін тепе-теңдігі жəне мүмкіндігі, сонымен қатар онда өмір сүретін тірі ағзалардың өміріне жəне денсаулығына келетін зиянның болмауын түсіндіру қажет.

Адам үшін азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы əрқашан болған. Азық-түлік, ауа жəне климат адамзат тіршілік əрекетінің базисті жинағын құрайды. Азық-түлік қауіпсіздігі жеке адам, адамдардың кез келген тобы жəне толығымен алғанда қоғамның қажетті материалды жағдайы болып саналады, демографиялық, экономикалық, саяси, мəдени, ақыл-ой жəне т. б. дамуының қызметін жəне мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сондықтан тұрғылықты халықты тұрақты жəне қауіпсіз азық- түлікпен қамтамасыз ету мəселесі аса маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады, ұлт денсаулығы едəуір деңгейде соның шешіміне тəуелді болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ: ТҮСІНІГІ, МƏНІ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

1. 1 Сапаның құрамдас бөліктерінің бірі ретіндегі азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің қауіпсіздігі

Азық-түлік шикізаты жəне олардан өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мəселесін шешу проблемасы - Қазақстан халқының салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепци- ясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Азық-түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың негізгі ұстанымдарының ішінде олардың қауіпсіздігін, адамға тағайындалатын тағамға сəйкес өнімнің тағамдық құндылығын атап кеткен жөн. Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа жəне өнімнің қолданылу бағытына үлкен мəн беріледі.

Экономикасы дамыған елдерде өнім сапасы:

- өнеркəсіп кəсіпорындарының ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін жеделдетіп қолдануға қабілеттілігі;

- ішкі жəне халықаралық нарықтың талаптарын, тұтынушылардың түрлі категорияларының қажеттілігін мұқият зерттеу;

- «адам факторын» пайдалану: жұмысшылар жəне жетекшілерді оқыту, тəрбиелеу, біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату, материалды жəне моральды ынталандыруды қолдану сияқты негізге алынатын факторлардың əсерімен қалыптасады.

АҚШ-та фирма жұмысшылары мен қызметкерлерін қайта даярлау үшін жыл сайын 25 млрд. доллар жұмсалады: кəсіби біліктілік құны өте қымбат. Өнім сапасына жауапты арнайы қызметкерлерді даярлауға үлкен көңіл бөлінеді. Ереже бойынша, олар ұйымда тиісті сапа жүйесін əзірлеу, енгізу жəне қызметін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналы- сады жəне ішкі аудитті (сапа жүйесін тексеру) жүргізеді.

Тауар нарығында ұсынылатын үлкен алуан түрлілік, ақаулы өнімді сатуға қатысты құқықтық жауапкершіліктің жоғарылауы, одаққа, қоғамға жəне ассоциацияға біріккен тұтынушылардың қысымы жəне қатаң бəсекелестік жағдайында «өмір сүруге» талпынысы - шетел компаниялары жəне фирмаларының жоғары деңгейлі өнім өндіруіне итермелейтін негізгі факторлар болып табылады. Отандық тағам кəсіпорындарында өнім сапасына байланысты сұрақтарға, жекелеп алғанда сапа жүйесін əзірлеуге қажетінше назар аударылмауда.

Қазіргі уақытта сапасыз тауар өндіретін кəсіпорындар шы- ғындарының əсерінен өнім сапасына жаңа қатынас қалыптасуда жəне кəсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне сапаның əсері өсуде. Сырттан əкелінген сапалы тауарлар отандық өнімдерге бəсекелестік тудыруда. Халықаралық стандарттардың талаптарына бағытталған сапаны қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелерін əзірлеген жəне қолданатын кəсіпорындар құрылуда.

Жоғары сапалы тағам өнімдеріне қажеттілікті қанағаттандыру қазіргі күннің негізгі əлеуметтік-экономикалық проблемалардың бірі. Осы өнімдердің қауіпсіздігі бойынша түзілген сұрақтарды жылдамдатып шешу қажеттілігі бойынша туындаған проблема- лар бірнеше ондаған жылдар бойы бақылаусыз қолданылған ми- нералды тыңайтқыштар, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар, жануарларға арналған жемдік қоспаларға байланысты ушығуда. Экологиялық ахуал, бақылаушы органдар мен ұйымдардың жұмысы, стандарттау жəне сертификаттауға қатысты кейбір сұрақтар шешімдерінің жетілмеуі, отандық нормативтік құжаттардың халықаралық жəне еуропалық стандарттарға сəйкес келмеуі тағам өнімдерінің сапасына ерекше əсер етеді. Болашақ тұтынушы нарығынан тыс қалмас үшін сапа жүйесін құру жəне оны жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізу қажет. Осындай бағыттардың біріне əлемнің экономикасы дамыған мемлекеттеріндегі тағам өнімдерінің сапасын бақылау жүйесінде кеңінен мақұлданған «сапа ілмегі» бойынша қызмет жатқызылады.

Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасын жəне қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары өндірістік, мекемелік, мемлекеттік жəне қоғамдық деңгейлерде жүзеге асырылады. Сапаны бақылауды қамтамасыз етудің маңызды құралына өнімді таңбалау жатады, бұл тұрғыда оны Еуропа жəне халықаралық стандарттар талаптарына сəйкес өзгерту қажеттілігін атап кеткен жөн. Толығымен алғанда жоғарыда көрсетілген іс-шаралар - олардың орындалу жəне бақылау тиімділігін қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жəне жобаларға біріктірілуі тиіс. Мемлекеттік жобалар шеңберінде жекелеген аймақтардың ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті бағдарламаларды əзірлеу қажет.

1. 2. Халықаралық деңгейдегі азық-түлік қауіпсіздігінің проблемасы

Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бірнеше онжылдықтар- мен өлшенетін тарихы бар. Əлемдік қауымдастық бұл сұрақпен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдерді азық- түлікпен қамтамасыз ету проблемасының өткірлігі өскен кезде саналы түрде айналыса бастады. Осы кезеңде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өз Жарғысында басқа да кезек күттірмейтін міндеттердің арасында адам тамағының тапшылығын жеңуді қадап көрсетті.

БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі ең біріншіден ғаламдық деңгейде қарастырылады. Басты мақсат 2015 жылға дейін ашыққандардың санын қазіргі деңгеймен салыстырғанда екі есеге төмендету бо- лып отыр. Қазіргі уақытта бүкіл əлем бойынша 800 млн адам тағам өнімдерінің тапшылығын бастан кешіруде. Мұның негізгі себебі төмен кіріс, сұрапылды жəне антропогенді апаттар болып табылады. Бұдан басқа да қарама-қайшы əсерлер қоршаған ортаны нашарла- тып, халықтың өсуіне кері əсерін тигізуде.

Бүкілəлемдік кездесуге қатысушылар азық-түлік жағдайын жақ- сарту мақсатында əлемдік қауымдастық қабылдаған міндеттермен іс-шараларды біріктіретін əрекет Жоспарын мақұлдады (1. 1-кесте) . Бұл азық-түлік қауіпсіздігі кешенді міндеттерді құрайтынын куəландырады, жəне оның жүзеге асырылуына барлық мемлекеттер өз үлестерін қосуы тиіс.

Міндет-мақсаттар:

1. Кедейшілікті түп-тамырымен жою үшін орнықты жағдай құруға мүмкіндік туғызатын саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайды қамтамасыз ету. 1. 1. Дау-жанжалдардың алдыналу жəне оларды бейбіт жолмен шешу, азық-түлік қауіпсіздігін қозғайтын іс-шараларда жəне шешім қабылдауда барлық ұлттардың тең құқықта қатысуын қамтамасыз ету;

1. 2. Тұрақты экономикалық жағдайды қамтамасыз ету;

1. 3. Халықтарға қоғамдық, экономикалық жəне саяси өмірде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу.

2. Толық құнды

азық-түлік, сонымен қатар оны қолдануға қол жеткізу үшін кедейшілікпен теңсіздікті түп- тамырымен жоюға бағытталған саясат жүргізу

2. 1. Парасатты ұлттық саясат арқылы қоғамның кедей бөлігінің табысын барынша көбейту мақсатында халықтың сенімді жəне төленетін жұмыс басты болуына жəрдемдесу;

2. 2. Азық-түліктен таршылық көретін отбасылармен азаматтардың азық-түлік қажеттіліктерін қанағаттандыру;

3. Азық-түлік, ауыл-шаруашылық, балық жəне орман шаруашылығы саласында біріккен саясат жүргізу

3. 1. Тұрақты күшейтілген жəне көптүрлі азық-түлік өндірісіне жету, өнімділік, тиімділік жəне қауіпсіздігін жоғарылату

3. 2. Дамушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қажетті технологиялар мен бағдарламаларды қолдануға жəне алмасуға көмектесу

Жалпықоғамдық азық-түлік қауіпсіздігіне жету қызметі-бейбіт, тұрақты жəне қолайлы саяси, əлеуметтік жəне экономикалық ахуалға байланысты. Азық-түлік қауіпсіздігі мəселелері жəне оларды шешу жолдары белгілі иерархияға, бағынушылыққа ие. Иерархиялық қағида бойынша азық-түлік қауіпсіздігі проблема- ларын бөлу жəне топтастыру жұмысы халықты сапалы жəне қауіпсіз тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін, негізгі мақсаттарды белгілеп, оларға қол жеткізу əрекетінің жоспарын анықтауға мүмкіндік береді Көрсетілген мақсаттарға жету үшін азық-түлік қауіпсіздігі мəселелерін шешумен айналыса- тын ұйым деңгейіне байланысты, жекелеген аймақтардың жағдайына барынша жақындастырылған жəне бейімделген бағдарламалар əзірленуде. Түрлі деңгейдегі ұйымдардың біріккен жұмыстарының нəтижесінде адамзатқа арналған азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламаларын іске асыру туралы жалпы саясат əзірленуде. Осылайша, азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын ғаламдық деңгейде шешу үшін ашыққандарға азық-түлікпен көмек беру не- месе ашаршылықпен күресудің ұзақ мерзімді бағдарламасын іске асыра отырып, əлемдік қауымдастық белгілі аймақтармен елдерде азық-түлік проблемасын шешуге мүмкіндік туғызады.

Əр мемлекет өзінің ауылшаруашылық өндірісін ынталандыра отырып, ғаламшар тұрғындарының өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін жоғарылатуға жағдай жасайды. Басқаша айтқанда, нақты бір мемлекет өзінің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін азық-түлік өндірісін ұлғайту есебінен жоғарылатуы иерархияның төменгі жəне жоғарғы құрылымдарының азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне оң ықпал етеді.

1. 3. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің көпдеңгейлі жүйесін құру қағидалары

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарының көп- шілігі субъектінің бір деңгейіне емес, бірнеше немесе көпшілігіне бағытталған. Осылармен бірге азық-түлік қауіпсіздігін түзетін мақсаттар жинағына жауапты құрылымдар бар, олар үкімет жəне мемлекеттің заң шығару органдары.

Қазіргі уақытта мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін қалыптастыру жəне дамыту міндеті өзекті болып отыр. Жүйелі қадамның мəнін түсіну үшін экономикалық аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің теориялық құрылымын алға қойылған мақсатқа сəйкес қарастыру қажет.

Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі үшін жүйе құраушы фактор ретінде оның агроөнеркəсіптік кешені қабылданады (АӨК) . Агроөнеркəсіп кешенімен жүйелі түрде:

- өткізу жəне тарату;

- азық-түлік қоры;

- азық-түлікті тұтыну;

- басқару;

- қызметкерлермен қамтамасыз ету;

- ақпараттық қамтамасыз етілуі;

- қаржымен қамтамасыз ету;

- материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

- технологиялық қамтамасыз етілуі, зерттеулер сияқты кіші жүйелер байланысты болады.

Ашаршылық жəне тағамды тойып жемеу қауіптілігін болдырмауға кепілдік беретін жəне халықты тағам өнімдерімен сенімді (үздіксіз) жəне жеткілікті (медициналық нормалар бойынша) қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қоятын азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесі - бұл функционалдық, ұйымдастыру жəне технологиялық қағидалар бойынша құрылған кіші жүйелердің бір-бірімен өзара байланысқан жүйесі болып табылады.

Агроөнеркəсіп кешенін тұтыну, азық-түлікті сату жəне тарату, азық-түлік қоры сияқты кіші жүйелер азық-түлік қауіпсіздігінің ба- сты мақсатын іске асырады, осылайша кіші жүйелер функционалдық- мақсатты жəне қамтамасыз етуші болып бөлінеді. Басқа кіші жүйелер осы мақсаттың іске асырылуына мүмкіндік туғызады.

Азық-түлік қауіпсіздігін жүйе түрінде ұсыну - оның əрбір кіші жүйесінің жағдайын бағалауға, мүмкіндік береді, осының негізінде берілген жүйенің көпдеңгейлі мінезін анықтауға мүмкіндік береді. Азық-түлік қауіпсіздігінің жүйелері:

А1 - аймақтың азық-түлік тапшылығынан толығымен қауіпсіз болуы (аймақ азық-түлікпен өзін-өзі 100 %-ға қамтамасыз етеді, оның үстіне азық-түлікті аймақаралық жəне əлемдік нарыққа шығаруға өндірістік қуаты жəне қоры болады) ;

А2 - аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты болуы (аймақ негізгі азық-түлікпен өзін-өзі 100 %-ға қамтамасыз етеді) ;

А3 - аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі (аймақ өзін-өзі азық-түлікпен рұқсат етілетін шегіне дейін қамтамасыз етеді, оның үстіне азық-түлік ҚР-ның басқа аймақтарынан тасымалданады жəне сырттан əкелінеді, яғни аймақ дағдарыс алдындағы жағдайда болады) ;

А4 - азық-түлік қауіптілігі (қатер) (азық-түлік қауіпсіздігі жоқ аймақ дағдарыс жағдайында болады) ;

А5 - азық-түлік тапшылығынан пайда болған апаттың алды (халық толығымен сыртқы экономикалық жəне əкімшілік реттеп жеткізетін азық-түлікке тəуелді болады) ;

А6 - азық-түлік апаты (аймақта ашаршылық орын алады,

Халықтың табиғи жəне эмиграциялық депопуляциясы жүреді) сияқты деңгейлерге бөлінеді.

Азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейлерге бөлінуі тəжірибелік мəнге ие. Мұндай қадам аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуінің шын мəнісіндегі деңгейін жəне нормативтік көрсеткіштерге қаншалықты сəйкес келуін нақты анықтауға жəне бағалауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін келесі міндеттерді шешуге кірісуге, яғни азық-түлік саласында осындай жағдай туғызған себептермен факторлардың (ішкі жəне сыртқы) жиынтығын анықтауға; азық- түлік қауіпсіздігі деңгейлерін бағалау критерилерін жəне олардың қажетті нормаларын анықтауға; мəселені шешуге қажетті əдістер жəне тəсілдерді таңдауға болады:

Азық-түлік қауіпсіздігінің кешенді сипаты ең алдымен, əр мем- лекет үкіметінің белсенді қызметін талап етеді. Осылармен бірге үкіметтер əрекетінің келісімі қажет жəне жекелеген мемлекеттердің əрекетін толықтыратын жəне күшейтетін халықаралық қауымдастық та күш салуы тиіс.

1. 4. Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы

Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат- тың мақсаты - халық денсаулығын сақтау жəне нығайту, бала- лармен ересектердің дұрыс тамақтанбауынан туындайтын ауру- ларды алдын алу.

Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясаттың жəне биліктің атқарушы органдарының негізгі міндеті орталықтар мен аймақтарда экономикалық, құқықтық жəне материалдық базаны құру болып табылады, ол:

- қажет көлемде азық-түлік шикізатын жəне тағам өнімдерін өндіруді;

- халықтың барлық топтарына тағам өнімдерінің қолжетімді болуын;

- тағам өнімдерінің сапасы жоғары жəне қауіпсіз болуын;

- халықты салауатты, тиімді тамақтану қағидаларына үйретуді;

- халықтың денсаулығына жəне тамақтануына, сонымен қатар азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдеріне тұрақты бақылау орнату- ды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік саясатты іске асырудың бірінші кезеңінде отандық тағам өнімдері, дəрумендер жəне микроэлементтердің өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті ғылыми, экономикалық, нормативтік- құқықтық жəне ұйымдастыру жағдайлары құрылады, сондай- ақ азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасына егіс алқабынан немесе фермадан тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдерде мемлекеттік бақылау жүйесі қалыптасады.

Заң шығарушы жəне нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру үшін:

- шикізат жəне тағам өнімдерін өндірушімен сатушы арасындағы қатынасты реттейтін;

- өндірушінің жоғары сапалы өнім өндіруге материалды қызығушылығын жоғарылататын;

- салауатты тамақтануға қатысты негізгі іс-шараларды қаржы- ландыруды қамтамасыз ететін, (оның ішіне салауатты өмір салтының маңызды компоненті ретінде халықты салауатты тамақтану қағидаларына жəне дағдысына үйрету қызметтері кіреді) ;

- орталықпен аймақ арасында белгіленген жұмыстарды жүргізуге уəкілеттік жəне жауапкершілікті ажырататын заңдарды қабылдауы қажет.

Біруақытта тағам өнімдерінің сапасы жəне қауіпсіздігінің көрсеткіштерін БДСҰ жəне ААҰ халықаралық ұйымдарының жəне əлемдегі тағам өнімдері мен азық-түлік шикізатын өндірушілердің нұсқауларына сəйкес үйлестіру іс-шаралары жүргізілуде, бұл Қазақстанның Бүкілəлемдік Сауда Ұйымына кіруіне (БСҰ) мүмкіндік жасайды.

Бұдан басқа, тағамтану ғылымы саласында жəне аралас салаларда терең зерттеулер жүргізілуде, жекелеп айтқанда адамның тағамдық заттармен энергияға қажеттілігі нақтылануда, тағамның қорғаныс қасиеттері зерттелуде, тағам өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау жəне тасымалдаудың жаңа түрлері анықталуда, адам аман-саулығы жəне тұтынушылардың құқығын қорғау саласында мемлекеттік қадағалау жүйесінің нормативтік жəне əдістемелік базасы жетілдірілуде, сала- уатты тамақтану қағидаларымен дағдыларын үгіттеудің қолжетімді формалары əзірленуде. Мемлекеттің қарастырып отырған концепциясы шеңберінде дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын ұлт денсаулығындағы теріс тенденцияларды жеңу бойынша іс-шаралар мен бағдарламалар жоспарланған. Ел экономикасының дамуына сəйкес негізгі тағам өнімдері, дəрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар өндіруді тұрақтандыру, сатып алу қабілетін жəне халықтың тамақтану мəдениетін жоғарылату, Қазақстанның түрлі əлеуметтік жəне жас топтарына арналған жаңа, ғылыми негізделген өнімдер рецепту- расын құру міндеті қойылған. Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат негізіне келесі қағидалар қойылған:

- тағам өнімдері адам денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс.

Салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының объектісі Қазақстан Республикасының азаматы, яғни тағам өнімдерін тұтынушы, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерін өндіруші, азық-түлік шикізатын жəне (немесе) тағам өнімдерін сатушы болып табылады, ал олардың арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Тағам өнімдерін өндіруге арналған шикізат жəне компонент- тер адам денсаулығына зиян келтіретін заттарды түзбейтін жəне жинамайтын жағдайда өсірілуі, өндірілуі жəне өңделуі тиіс. Ауылшаруашылық шикізаты немесе тағам өнімдерін технологиялық өңдеу, тасымалдау, сақтау жəне сату барысындағы кез келген əрекеттер адам денсаулығы жəне өміріне қауіпті болатын өнімнің ластану жəне бұзылу мүмкіндіктерін болдырмауы тиіс.

Тамақ адам ағзасының тағамдық заттармен энергияға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, ауруды алдын алу жəне емдік қасиеттерді орындауы тиіс. Мемлекет балалардың тиімді тамақтануына жəне денсаулығына ерекше көңіл бөлуі тиіс.

Адам жəне қоршаған ортаның өзара байланысын орнататын қоршаған орта ұзақ кезең бойы ауа, су жəне топырақтың, тамақтану процесінің ластану көзі болғандықтан, адам ағзасының қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік туғызуы тиіс. Осыған байланысты мемлекет денсаулыққа зиян келтіретін тағам өнімдерін тұтынудан қорғайтын заң шығарушы актілер қабылдауда.

Азық-түлік шикізаты, тағам өнімдерінің сапасын жəне халықтың тамақтану жағдайын, сонымен қатар адам ағзасына олардың кері əсер етуін жан-жақты зерттеу жұмыстары халық денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Фундаментальды жəне қолданбалы ғылым түрлері болашағы бар бағыттарда дамиды, олар салауатты тамақтану түсінігі туралы біздің санамызды кеңейтіп, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдері өндірісінің процестерін жетілдіруге технологиялық негіз құрайды жəне мемлекеттік саясаттың маңызды факторы болып табылады.

Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат - азық-түлік шикізаты, тағам өнімдері, минералды тыңайтқыштар, ветеринарлық препараттар, дəрумендер жəне биологиялық белсенді қоспалар өндірісі жəне тамақтану гигиенасы саласындағы ғылым жəне техни- ка дамуының болжамдарын ескере отырып, адам денсаулығын жəне тамақтану жағдайын тұрақты бақылау негізінде құрылады.

Мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын іске асыратын жобалар конкурстық негізде, объективті сараптамадан өтіп, кең жариялық жағдайында, ғылыми-техникалық қоғамдастықпен тығыз байланыс орната отырып таңдалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономиканың ашықтығы жағдайындағы экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселелері және перспективасы
Экономика салаларындағы қауіпсіздік мәселелері
Өнімдердің сапасы және қасиеттері
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ШЫҢЖАҢНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНІ
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Экономикалық қауіпсіздік элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz